Оқытудың әртүрлі түрлері мен нысандарын
ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері мен
ерекшеліктері "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасы
Заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық кесімдердің шеңберінде айқындалады.
Ескерту. 2-тармаққа ӛзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.19
N 189
; 2009.07.03
N 1026
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулыларымен.
2. Кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру мен жүргізу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
2009.07.03 N 1026 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. Жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) табысы
аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-
күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға кәсіби бағдар беруде ақысыз
қызметтер кӛрсетеді және табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті
жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды
кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберуді жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2013
N 1188
қаулысымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды
кәсiби даярлау,
қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне
құқығы бар кәсiпорындарда (бұдан әрi - ұйымдар) жүргiзiледi.
5. Уәкiлеттi орган табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті
жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды
кәсiби даярлаудан, қайта даярлаудан және олардың біліктілігін арттыруды жүргiзу үшiн
ұйымдарды iрiктеудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
Уәкiлеттi орган табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа
дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби
даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру үшiн ұйымдарды iрiктеу
кезiнде:
1) ұйымдардың бiлiм беру қызметiн мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттардың
талаптарына сәйкес жүзеге асыруын;
2) жұмыс берушiнiң жұмыс күшiнiң сапасына, сондай-ақ табысы аз адамдар қатарындағы
жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын
адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауға, қайта даярлауға және олардың
біліктілігін арттыруға қоятын талаптарына сәйкестiгiн;
3) ӛндiрiстiк практиканы ұйымдастыруға қатысуын;
4) бiлiм беру қызметiне лицензиясының болуын ескередi.
6. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау,
қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру уәкiлеттi органдар жiберетiн табысы аз адамдар
қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен
айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды даярлау жағдайларын қоспағанда, шарт
негiзiнде мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде жүзеге асырылады. Табысы аз адамдар
қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен
айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру жӛнiндегi қызметтер кӛрсетуге арналған Yлгi шарттың нысанын жұмыспен
қамту мәселелерi жӛнiндегi орталық атқарушы орган бекiтедi.
7. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлауға,
қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жiберу, егер ӛздерiнде қажеттi кәсiби
бiлiктiлiгi болмауынан лайықты жұмыс табуы мүмкiн болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
Уәкiлеттi органның кәсiби даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберiлген
табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандармен және жеті жасқа дейінгі балаларды
бағып-күтумен айналысатын адаммен, сондай-ақ жұмыссызбен Үлгi шартының нысанын
жұмыспен қамту мәселелерi жӛнiндегi орталық атқарушы орган бекiтедi.
Ескерту. 7-тармаққа ӛзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.19.
N 189
Қаулысымен.
8. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мақсатты
топтарға енетін табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа
дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың кәсiби
даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан және қайта даярлаудан басым тәртiппен ӛтуге құқығы бар.
9. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби
даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың ұзақтығы, тараптардың
құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес оқу бағдарламасына қарай белгіленеді және ол:
1) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды бастапқы
даярлауды және қайта даярлауды жүргізу кезінде - алты айдан;