Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді есепке алу журналы
20__ жылғы ____________
(ай)
Үйде қызмет көрсету ұйымының атауы____________________________
Қызмет алушының Т.А.Ә.________________________________________
Есепке алу күні «____» ___________________ 20___ жыл
Күні
|
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеткен мамандардың Т.А.Ә. және лауазымын көрсете отырып, қызметтердің орындалуы туралы белгі
|
Қызметтерді көрсету туралы белгі (ескертулер мен ұсыныстарды қызмет алушылар мен заңды өкілдері толтырады)
|
1
|
2
|
3
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген болуға тиіс. Әрбір қызмет алушыға, әр күнтізбелік айға толтырылатын жеке журнал басталады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1222 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.10 № 214 (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарын, Алматы, Астана қалаларын қоспағанда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында
уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарт белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың (бұдан әрі – қызмет алушылар) тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған, меншік нысаны мемлекеттік және мемлекеттік емес уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда (бұдан әрі – уақытша болу ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, уақытша болу ұйымдары қызметінің тәртібін, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.
3. Уақытша болу ұйымдары қызмет алушылар үшін әлеуметтік бейімдеу орталықтары, түнде болу үйлері түрінде құрылады.
Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет алушылар үшін құрылымдық бөлімшелер – түнде болу бөлімшесі мен ұтқыр әлеуметтік патруль қызметі құрылуы мүмкін.
4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілер сақтайды.
5. Уақытша болу ұйымдары адам саны жүз мыңнан асатын қалаларда заңнамада белгіленген тәртіппен құрылады.
Жергілікті атқарушы органдар өз шешімімен халық саны отыз мың және одан астам адам елді мекендерде уақытша болу ұйымдарын құруға құқылы.
6. Уақытша болу ұйымдарына кәмелетке толған қызмет алушылар, оның ішінде түрлі себептер бойынша жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, баспанасы жоқ немесе одан айырылған адамдар қабылданады.
7. Қызмет алушылардың уақытша болу ұйымдарында болуына:
1) науқастың өзіне және айналасындағылар үшін қауіпті мінез-құлқының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;
2) белсенді процесс сатысындағы туберкулез, инфекциялық аурулардың, карантиндік инфекциялардың;
3) алкогольге, есірткіге мас күйде болу;
4) паллиативтік көмек қызметі мен мейірбикенің күтімі қажет аурулардың терминалды (соңғы) сатысы;
5) мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың және/немесе жарақаттардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.
Жоғарыда аталған медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамдар денсаулық сақтаудың тиісті мекемелеріне жіберілуге жатады.
8. Уақытша болу ұйымы заңды тұлға болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметін құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Уақытша болу ұйымының міндеттері мен функциялары
9. Уақытша болу ұйымының негізгі міндеттері:
1) қызмет алушыларға жедел әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету;
2) уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді осы стандартта белгіленген көлемге сәйкес көрсету;
3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтік-еңбек бейімделу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады.
10. Уақытша болу ұйымының негізгі функциялары:
1) қызмет алушыларды қабылдау және орналастыру, оларды әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар жүргізу;
2) койка орын беру, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттарымен, іш киіммен қамтамасыз ету;
3) қызмет алушылардың жеке басының қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) уақытша болу ұйымында қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;
5) осы стандартқа сәйкес жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету, қызмет алушыларды қалыпты өмірге қайта алып келетін өзге де іс-шараларды жүргізу;
6) қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, уақытша болу ұйымдарындағы ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
7) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
8) уақытша болу ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
9) арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау және оларды уақытша болу ұйымына жеткізуді ұтқыр әлеуметтік патруль қызметі жүзеге асырады;
10) уақытша болу ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.
3. Уақытша болу ұйымына қабылдау шарттары
11. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қызмет алушыларды уақытша болу ұйымына қабылдауды уақытша болу ұйымдары қызмет алушылардың жеке өзі барғанда (осы стандартқа 1-қосымша) немесе қызмет алушының нақты тұрған жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары, денсаулық сақтау, ішкі істер салаларындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы бойынша жүзеге асырады.
12. Бұрын Қазақстан Республикасының басқа өңірлері аумағында тұрған және өз баспанасынан айырылған адамдар, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар уақытша болу ұйымына күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге қабылданады, одан кейін олар жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе бюджеттен тыс тартылған қаражат есебінен бұрынғы тұрған жері бойынша уақытша болу ұйымдарына жіберіледі.
13. Жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін қызмет алушылардың уақытша болу ұйымында тәулік бойы тұру ұзақтығы бір жылдан аспайды.
14. Уақытша болу ұйымына жүгінген, бірақ қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтін адамдарға тәуліктің түнгі уақытында (жылдың жазғы уақытында сағат 21-ден 9-ға дейін, қысқы уақытта сағат 18-ден 10-ға дейін) ыстық тамақпен қамтамасыз етілмей койка орын беріледі.
15. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға олардың көшеде өмір сүру орындарында ұтқыр әлеуметтік патруль қызметі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді (тәуліктің күндізгі уақытында).
16. Уақытша болу ұйымына келіп түскен адам медициналық тексеруден және санитарлық өңдеуден, киімдері мен жеке заттары дезинфекциялаудан өткізіледі және тіркеуге жатады.
Уақытша болу ұйымының мамандары уақытша болу ұйымында қызмет алушылардың тіркеу карточкасын толтырады (осы стандартқа 2-қосымша).
4. Уақытша болу ұйымында тұру жағдайлары
17. Уақытша болу ұйымында тұру жағдайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздігі, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуға тиіс.
18. Құрылтайшы уақытша болу ұйымын заманауи техникалық жарақтандыруды қамтамасыз етеді.
19. Уақытша болу ұйымының ғимараты құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес онда тұру ыңғайлылығы мақсатында, оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимаратқа іргелес жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.
20. Қызмет алушылар бөлмелерге денсаулық жағдайына, жынысы және психологиялық үйлесімділігі ескеріліп орналастырылады.
21. Уақытша болу ұйымында тұру тәртібі уақытша болу ұйымының басшысы бекітетін ішкі тұру тәртібі қағидасында айқындалады.
5. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке сұранысын
айқындау және ресоциализация туралы шарт әзірлеу
22. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті (түрлері мен көлемін) әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, психологтар және уақытша болу ұйымының басқа мамандары (бұдан әрі – уақытша болу ұйымының мамандары) айқындайды.
23. Қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде уақытша болу ұйымының мамандары жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін әрбір қызмет алушыға ресоцилизация туралы шарт (бұдан әрі – шарт) әзірлейді (осы стандартқа 3-қосымша).
24. Шартты қызмет алушыларды уақытша болу ұйымының мамандары бақылағаннан кейін уақытша болу ұйымына түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде әзірлейді және оған уақытша болу ұйымының басшысы мен қызмет алушы қол қояды.
25. Шартта:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтің көрсетілетін көлемі мен түрлері;
2) уақытша болу ұйымы мен қызмет алушының құқықтары мен міндеттемелері;
3) уақытша болу мерзімі көрсетіледі, ол аяқталғаннан кейін қызмет алушы уақытша болу ұйымынан шығарылады.
26. Шартта көрсетілген оңалту іс-шараларын уақытша болу ұйымының мамандары шартта белгіленген мерзімде жүргізеді.
27. Шартта көрсетілген уақытша болу ұйымының міндеттемелері белгіленген мерзімде орындалмаса, болу мерзімі оларды орындау күніне дейін, бірақ алты айдан асырмай ұзартылады.
28. Уақытша болу ұйымы мамандарының жұмыс сапасын уақытша болу ұйымының басшысы және аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) оңалтылған және қалыпты өмір сүру салтына қайтып оралған қызмет алушылар санының алдыңғы жылғымен салыстырғанда көбеюі бойынша бағалайды.
29. Уақытша болу ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда шарт негізінде басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға болады.
30. Уақытша болу ұйымының әрбір маманы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады және оңалту іс-шараларының нәтижелерін тоқсан сайын журналға/электронды картотекаға белгілеп отырады.
31. Уақытша болу ұйымының әкімшілігі уақытша болу ұйымының барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттемелердің сапалы орындалуына ұдайы бақылауды жүзеге асырады.
6. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары
32. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
1) қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
2) төсектік орын, жићаз беру, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттары және іш киіммен қамтамасыз ету (осы стандартқа 4-қосымша). Бір жыл ішінде уақытша болу ұйымына қайта түскен кезде қызмет алушылар қажеттігіне қарай іш киіммен қамтамасыз етіледі;
3) жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесу;
4) жүріп-тұруы қиын және өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарттар мен мүгедектердің болуы үшін жағдай жасау;
5) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер көрсету;
6) іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
7) тұрмыстық өз-өзіне қызмет көрсету үшін жағдай жасау (жеке киімдері мен киімдерін жуу, кептіру, үтіктеу);
8) санитарлық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитарлық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
9) жол жүру құжаттарын сатып алу және баратын жеріне дейін азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы бұрынғы тұрған жеріне жөнелтуге жәрдемдесу.
Жүріп-тұруы қиын адамдарға уақытша болу ұйымы баратын жеріне дейін ілесіп барумен қамтамасыз етеді;
10) тұратын жері бойынша тіркелу үшін құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдесу;
11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1354 қаулысымен бекітілген интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес тамақ ұсыну;
12) емдеу, оқу үшін қызмет алушыларды тасымалдауға көлік қызметін ұсыну;
13) хат жазуға және оқуға көмек көрсету жатады.
Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде) көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
1) қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
2) койка орын беру, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз ету;
3) іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
4) санитарлық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитарлық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау жатады.
33. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) берілетін тұрғын үй орынжайлары көлемі мен басқа да көрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен орынжайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
Тұрғын орынжайларға (бөлмелерге) қызмет алушыларды орналастыру кезінде олардың денсаулық жағдайы, физикалық және психикалық хал-жайы, әдеттері, психологиялық үйлесімділігі, жеке даму және әлеуметтену деңгейі ескеріледі.
Санитарлық-эпидемиялық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға сай келетін барлық тұрғын, қызметтік және өндірістік орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әртүрлі факторлардың әсерінен (ауаның жоғары (төмен) температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дірілден және тағы да басқа қолайсыз жағдайлардан) қорғалған болады.
Әлеуметтік-еңбек қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылатын орынжайлар көлемі, орналасуы мен конфигурациясы бойынша қызмет көрсетілетін қызмет алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
2) уақытша болу ұйымы мамандарының кабинеттері қажетті жићазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
Әрбір мамандандырылған кабинетке еркін нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
3) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жићаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес болады;
4) қызмет алушыларға берілетін киім киюге ыңғайлы, қызмет алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдеріне сәйкес келеді, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;
5) ыстық тамақ сапалы тағамдардан әзірленуге, теңгерімділік және калориялық талаптарға жауап береді, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады.
Уақытша болу ұйымдарының басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді және екінші аптаға перспективалық мәзірді бекітеді;
6) бақылаудағы, төсек режиміндегі және денсаулығының жағдайы бойынша өзін-өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалады (мұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылық танытуы қажет);
7) қызмет алушыларды емдеу, оқыту үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен ережелері, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады;
8) тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету (іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау) сапа талаптары мен оның уақтылығына жауап береді.
34. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтерге:
1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
2) дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету, емделуге мұқтаж қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу;
3) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, сурдо-, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге, санаторлық-курорттық емделуді алуға жәрдемдесу;
7) арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
8) емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық айла-шарғылар жасауды жүргізу жатады.
Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде), сондай-ақ ұтқыр әлеуметтік патруль қызметтері мынадай әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетеді:
1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
2) дәрігерге дейін көмек көрсету.
35. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерде көзделген шеңберде жүзеге асырылады;
2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық айла-шарғылар жасауды жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтіріп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
3) дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады;
4) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу жедел және уақтылы жүргізіледі;
5) медициналық ұйымдарда профилактикалық тексеруден, диспансерлеуден, иммундаудан өтуге жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес көрсетіледі;
6) салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізу.
Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан арылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
7) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу уақтылы және толық көлемде көрсетілуі тиіс;
8) ОЖБ-ға сәйкес протездік-ортопедиялық көмек, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары, сурдо-, тифлотехникалық құралдар, санаториялық-курорттық емделуді, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
9) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жоюға мүмкіндік береді;
10) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларының, жарақаттарының уақтылы алдын алуға және емдеуге ықпал етеді;
11) денсаулық сақтау ұйымдарының білікті мамандарынан консультация алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларын уақтылы анықтауды және емдеуді қамтамасыз етеді.
36. Уақытша болу ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;
2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
4) психологиялық консультация беру;
5) шұғыл психологиялық көмек;
6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде сөйлесу, әңгімелесу, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
7) психологиялық тренингтер;
8) қызмет алушыларды психологиялық түзету;
9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу жатады.
37. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) психологиялық консультация беру қызмет алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау негізінде ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
2) қызмет алушылардың психологиялық диагностикасы уақытша болу ұйымының психологы әзірлеген психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
Тұлғаны психодиагностикалау және тексеру қызмет алушылардың мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін олардың психикалық жай-күйін және жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді;
3) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қызмет алушылардың мінез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
4) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарды әлеуметтік құнды нормаларға дағдыландырудағы, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;
5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі тексеру негізінде психикалық жайсыздық, тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжал және қызмет алушылардың қиын өмірлік жағдайын одан әрі қиындата түсетін басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
6) қызмет алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізуге тарту қызмет алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтау және нығайтуды, стреске төзімділігін, ең алдымен тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
7) шұғыл психологиялық көмек қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруды, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
8) психологиялық алдын алу жұмысы қызмет алушыларда психологиялық білімге және оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасайды, тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алуға жәрдемдеседі;
9) сөйлесу, әңгімелесу, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын қамтамасыз етеді.
38. Уақытша болу ұйымдарында қызмет алушыларға көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
1) қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
2) қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу;
3) кәсіби бағдарлау;
4) бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
5) қызмет алушыларды қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жәрдемдесу жатады.
39. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында қызмет алушыларға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызмет алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;
2) қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізу уақытша болу ұйымының аумағында, арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескеріп, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
3) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
4) кәсіптік білімі жоқ қызмет алушыларды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмек көрсететін іс-шаралармен бірге жүргізіледі;
5) қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызмет алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.
40. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени-патриоттық іс-шараларға қатысуға тарту жатады.
Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде), ұтқыр әлеуметтік патруль қызметі қызмет алушылардың арасында ресоциализацияның орындылығы мен маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.
41. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) мәдени-патриоттық және тынығу іс-шараларын өткізу уақытша болу ұйымының басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;
2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады;
3) қызмет алушыларды концерт бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің жобасын әзірлеуге тарту қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына ықпал етеді;
4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру уақытша болу ұйымы ұжымының қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарын жөнге салуға жәрдемдеседі.
42. Уақытша болу ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.
43. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар:
қызмет алушыларға жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу олар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
44. Уақытша болу ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
3) қарт адамдар мен мүгедектерді халықты әлеуметтік қорғаудың стационарлық мекемелеріне орналастыруға қажетті құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
5) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу жатады.
45. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өздерінің мүддесін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал заң бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық түсінік береді;
2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама және басқа мәселелер) бойынша консультация беру оларды қызықтыратын заңнамалық актілер мен көтерілген мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік беруге, осы мәселелерді іс жүзінде шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініш, шағым, анықтама және тағы да басқа құжаттар) дайындау және тиісті адресатқа жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін лауазымды тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарында шағымданатын әрекеттің мәнін, жол берілген заң бұзушылықты жою талабын заң тұрғысынан сауатты жазуға және шағымды адресатқа жіберуге көмек көрсетеді;
4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша алуға тиесілі жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналастыруға) ресімдеуде заңгерлік көмек көрсету қызмет алушыларға қажетті құжаттардың мақсатына қарай мазмұнын, құжаттар мәтінінің баяндалуын және жазылуын (қажет болғанда) немесе нысанды бланкілердің толтырылуын, ілеспе хаттардың жазылуын түсіндіруді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |