«Халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет төлқұжаты



жүктеу 41,03 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі41,03 Kb.
#17162

«Халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет төлқұжаты



1

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттiк қызметтi Порттың теңiз әкiмшiлiгi көрсетеді.

2

Ақылы/ақысыз көрсетілетін мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 540-бабына сәйкес ТЖК бергенi үшiн мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 (бес жүз) пайызын құрайды.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күн;

2) қажетті құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекті күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.


4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде)

қағаз түрінде.

5

Қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді қамтитын ТЖК-ні беру туралы өтiнiш-сауалнама (бұдан әрi – өтiнiш-сауалнама);

2) жеке басын куәландыратын құжат:

Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат;

шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде консулдық есепке қойылуы туралы таңбасы бар Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматы үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхат және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыру ретінде танылатын азаматтығы мемлекеті берген өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат;

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3) тұрғылықты жері немесе уақытша тұратын орны бойынша тiркеу туралы анықтама;

4) өтiнiш берушi кеме бортында оның экипажы құрамында кез келген ретте жұмыс iстейтiнiн растайтын құжат (жоқ болған жағдайда дипломдар, маманның біліктілік дайындық деңгейiне сәйкестігін растайтын бiлiктiлiк және арнайы куәлiктер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама қабылданады);

5) оның еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек кiтапшасы, одан үзiндi, жұмыс орнынан анықтама, теңізде жүзу кiтапшасы) не оқу орнынан анықтама.

Көрсетілетін қызметті алушының кемеде жұмыс істейтінін растайтын құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар ұсынады:

1) Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес капитанды және экипаж мүшелерiн жалдауға құқығы бар кеме иесiнiң ұсынысы;

2) кемеде өтiнiш берушiнiң айналысатын қызметi туралы жазу бар теңiзде жүзу кiтапшасы;

3) Қазақстан Республикасының портынан шығатын кеменiң кемелiк рөлi (ерекше жағдайларда, рейске шығатын кеме экипажының мүшесiн ауыстыру қажет болған кезде).

Көрсетілген құжаттармен бiрге көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге олардың көшiрмелерiн ұсынады. Салыстырып тексеруден кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Портында кеме тұрған мемлекетке немесе транзитпен өту мемлекетiне шығу (кiру) мәселесiн шешу үшiн үйлестіру орталығына шет мемлекеттердiң иммиграциялық билiк органдарының және басқа да құзыреттi органдарының сұрау салуы бойынша ТЖК иесінің биометрикалық деректерiн жiберуге құқық беру үшін көрсетілетін қызметті алушы ТЖК ресiмдеу барысында алынған биометрикалық деректердiң шаблонын оның мүддесiнде пайдалануға арналған өтiнiш-сауалнамада қамтылатын рұқсатқа қол қояды.

Өтiнiш-сауалнамаға көрсетілетін қызметті алушы өтiнiш-сауалнаманы қабылдайтын көрсетілетін қызметті берушінің қатысуымен қол қояды.



Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау аяқталған соң цифрлық камераны пайдалану арқылы оны суретке түсiру және арнайы сканердi пайдаланып, қол саусақтарының таңбасын алу жүргiзiледi.

6

Министрдің бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының атауы

«Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 223 бұйрығы.


7

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

жүктеу 41,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау