мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активті
қоспаларды, профилактика құралдарын жарнамалауға;
2) дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік препараттардың үлгілерін
жарнама мақсатында таратуға;
3) балаларға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардан
басқа, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарнамасына балаларды,
олардың бейнесі мен дауысын пайдалануға;
4) қоғамдық көлікте, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың мақсатына,
пайдаланылуына және босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда олардың жарнамасын таратуға
және орналастыруға;
5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың плакаттар, стендтер, жарықты табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар
және жарнаманы тұрақты орналастырудың өзге де объектілері түрінде ұсынылған сыртқы
(көзге көрінетін) жарнамасын орналастыруға;
6) дәрілік заттар туралы және медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы
ақпаратты ғылыми немесе білім беру мақсатында, сондай-ақ пациенттерді хабардар ету
мақсатында тарату жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттарды және медициналық
мақсаттағы бұйымдарды тағайындауға уәкілетті медицина қызметкерлерін жарнама
таратушылар ретінде пайдалануға;
7) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы және жарнамаға уәкілетті
орган айқындайтын тәртіппен берілетін рұқсаты болмаған кезде дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға;
7-1) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензия болмаған кезде
көрсетілетін қызметтерді жарнамалауға;
8) медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ тұлғалардың көрсететін
қызметтерін жарнамалауға тыйым салынады.
4. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың жарнамасы уәкілетті орган айқындаған сарапшы органның жарнама
материалына алдын ала сараптамасынан кейін уәкілетті органның рұқсаты негізінде
жүргізіледі.
5. Көрсетілетін қызметтердің, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын мамандандырылған медициналық
басылымдарда, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында және денсаулық сақтау
ұйымдарында таратуға және орналастыруға жол беріледі.
Рецепт бойынша босатылатын, оның ішінде есірткі, психотроптық заттар мен
прекурсорларды қамтитын дәрілік заттардың жарнамасы тек медицина және фармацевтика
қызметкерлеріне арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге
асырылуы мүмкін.
6. Жарнаманы шығаруды, тарату мен орналастыруды бақылауды уәкілетті орган мен
мемлекеттік органдар өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15
N 461-IV
(2012.01.30
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ
19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау
мен қадағалау
1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан
Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы мен орындалуын тексеруге, сондай-ақ
денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және
оларды жоюға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау:
1) медициналық қызметтер көрсету;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналысы саласында жүзеге асырылады.
3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және
өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге
асырылады.
4. Тиісті саладағы жоғары тұрған бас мемлекеттік инспектор немесе бас
мемлекеттік санитариялық дәрігер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың іс-
әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе актілерге берген арызы (шағымы) бойынша
шешімдер шығарылғанға дейін төмен тұрған бас мемлекеттік инспектордың немесе бас
мемлекеттік санитариялық дәрігердің актісінің орындалуын тоқтата тұруға, күшін
жоюға не оны кері қайтарып алуға құқылы.
5. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге
асыратын мемлекеттік органдар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және
қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық
есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын
әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.19
№ 258-IV
, 2011.01.06
N
378-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі), 2012.07.10
N 36-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан
Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын
бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ денсаулық
сақтау субъектілерінің медициналық қызметтер көрсету саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді сақтауын бақылауға бағытталған.
2. Жеке және заңды тұлғалар көрсететін медициналық қызметтер медициналық
қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.
3. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру
нысанында және өзге де бақылау нысандарында жүзеге асырылады.
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге
асырылады.
4. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының Медициналық қызметтер көрсету саласындағы
бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасарлары;
2) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік
инспекторлар;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың медициналық
қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары,
олардың орынбасарлары;
Достарыңызбен бөлісу: |