объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды,
химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануға тыйым салуға
немесе қолдануды тоқтата тұруға;
3) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке тұлғаларды,
заңды тұлғалардың лауазымды адамдарын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет
органдарына шақыртуға;
4) халықтың декреттелген топтарына жататын, инфекциялық және паразиттік
аурулардың көздері болып табылатын, сондай-ақ міндетті медициналық тексеріп-
қараудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар
шығаруға;
5) жекелеген объектілерде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін
тәртіппен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілеуге;
6) инфекциялық және паразиттік аурулардың ықтимал таратушы көздері болып
табылатын, сондай-ақ инфекциялық науқастармен араласып жүрген адамдарды зертханалық
зерттеп-қарау нәтижелері алынғанға дейін жұмыстан шеттете отырып, медициналық
зерттеп-қарауға жіберуге;
7) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды
айғақтар бойынша ауруханаға жатқызуға жіберуге;
8) халыққа міндетті түрде вакцина егуді, үй-жайларда және көлік құралдарында,
аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және
ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізуді талап етуге;
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің бұзылуы жойылғанға
дейін жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе
реконструкцияланып жатқан объектілерді пайдалануды Қазақстан Республикасының
әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тоқтата тұруға;
10) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда
шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің,
процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге
тыйым салуға;
11)
алып тасталды - ҚР 2012.07.10
N 36-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
12) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама
объектісінің қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерін бағалауды зерделеуге
қажетті материалдарды сұратуға, сондай-ақ осы өнімнің құнын өтеместен, сараптама
жүргізуге жеткілікті және оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде өнімнің сынамасын
алуға және үлгілерін іріктеуді жүргізуге;
13) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін
қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру
туралы талап қоюға;
14) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;
15) санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеуге және олардың көлемдерін
өзгертуге;
16)
алып тасталды - ҚР 2011.07.15
N 461-IV
(2012.01.30 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен;
17) дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының және тағамға
биологиялық активті қоспалардың енгізілуі мен практикада қолданылуын бақылауға;
18) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе санитариялық-
эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды
орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;
19) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына
сәйкес санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметке берiлген
лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
20) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жағдайларды қоспағанда,
йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салуға құқығы бар.
8. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау үшін
Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай, Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген актілерден
бөлек, мынадай актілер шығарады:
1) санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісі - мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам объектінің
Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша беретін
құжат;
2) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі
нұсқама;
3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының
басшыларына тәртіптік жаза қолдану туралы қаулысы;
4) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің:
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу;
жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету;
халықтың пайдалануы мен қолдануына, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де
қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және
өткізуге тыйым салу;
адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың,
өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің,
құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес
дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген
түрлерін тоқтата тұру туралы қаулылары.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06
N 378-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15
N 461-IV
(2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10
N 36-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
22-бап. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың айналымы саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының
дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың
айналымы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға,
жолын кесуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымын регламенттейтін
Достарыңызбен бөлісу: |