Ұжым шығармашылық ізденіс режимінде жұмыс жасайды.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің қалыптасуы, жоғары шегіне жетуі оқу әрекеті барысында:
біріншіден, пәнаралық, пәнішілік байланыстың болуы;
екіншіден, өз бетімен жұмыс мұғалім нұсқауынан соң, оқушының өзіндік әрекетіне көшуі;
үшіншіден, алға қойған мақсатқа жетуге қажеттілік туындауы керек;
төртіншіден, оқушы ойы, әрекеті дайын үлгіден өзіндік әрекет арқылы шығармашылық қабілетін дамытуға көшуі;
бесіншіден, оқу әрекетінің құрылымын еркін меңгеруі;
алтыншыдан, шығармашылық қабілеті, пәнге қызығушылығының артуы арқылы сипатталады.
Оқу әрекетінде өз бетінше жұмыс дегеніміз – оның барлық компоненттерін меңгеру деген сөз. Оқу әрекетінде өз бетінше жұмыс жасау көрсеткішін анықтау үшін бір жағынан осы көрсеткішердің оқу әрекеті компоненттерімен байланысын, екінші жағынан өз бетінше жұмыс жасаудың құрылымы мен ара қатынасын қарау керек.
Қазіргі сабақтарда ол ерекше маңызға ие болып отыр. Себебі, өз бетінше жұмыс істеу әрекеті үрдісінде ғана оқушы білімді меңгеруде жетістікке қол жеткізеді. Сабақ үстінде оқушылар өз мүмкіндіктерінше өздігінен еңбектенуі қажет, ал мұғалім оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу барысын жетекшілікке алып, оны орындауға бағытталған тапсырма беруі қажет.
Оқу үрдісіндегі өз бетінше жұмыс деп – белгілі уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған білімді іздеу, оны ұғыну, бекіту, білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуды айтамыз. Енді танымдық жаттығулардың түрлері туралы айисақ, бұлардың өзіндік жасалу жолдары мен тәсілдері бар.
Мысалы, Баланың зейінін қалыптастыратын төмендегі жаттығуға зер салайық.
1.
Оқушыларға 1 минут уақыт таныстырылады.Ақ қағазбен қарындаш беріп, дәл осылай суретті қайталап салу тапсырылады.
2. Оқушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа 1 суреттен бердім.Сол суретке қарап, математикалық сөз(термин)құрастырауды тапсырдым.
1топ- Алма - Амал
2 топ- Сырға - Ғасыр
3 топ- Тауық – Уақыт
4 топ –Шырша – Шаршы деген сөздер құрап шығарады.
«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» деп орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский айтқан екен.
Оқушыларға жеңіл-желпі бірыңғай тапсырмалар бере бермей, оның орнына баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын танымдық тапсырмалар орындату үлкен нәтиже береді.
Ағылшын философы Б.Шоу адамды қызған сайын кірпішке салыстырады. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шыңдайды.
Сондай бір тапсырма:
«Бағалы заттар салынған үлкен қойманы күзету үшін 4 қабырғасына(жағына) 2 күзетшіден қойылған. Сұрақ қою:- Басқа күзетшіні алмай, осы 8 күзетшіні әр қабырғасына үш-үштен қалай орналастыруға болады. ( Слайдта)
Оқушылардың ойлауын, ойын, дәлелдеуін қажет ететін тапсырманың түрімен таныстыру.( Слайдта) 2-сынып оқушылары кестедегі жазуды өз ойларымен дәлелдейді.
1-ден тура емес. Өйткені екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда бір таңбалы сан шығуы мүмкін емес.
2-ден тура.Өйткені, екі үлкен бір таңбалы сандардың қосындысы екі таңбалы сан болуы әбден мүмкін. Мысалы: 8+7=15 т.с.с.
3-ден мүмкін емес. Қандай болмасын бір таңбалы сандардың қосындысы бес ондық болмайды.
Қызық есептер:
1. Мына суретте көрсетілген пішінде қанша үшбұрыш бар?
2. Сіріңке талын ғана қозғап, көрсетілген пішіннен бірдей бес шаршы құрастыр.
3. Мына суреттерде көрсетілген пішінде қанша шаршы бар?
Достарыңызбен бөлісу: |