Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым


«1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары»



жүктеу 0,52 Mb.
бет2/3
Дата31.01.2018
өлшемі0,52 Mb.
#8249
түріДиссертация
1   2   3

«1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары» деп аталатын екінші тарауда 1917 жылғы Ақпан революциясы кезеңінде қазақ қоғамында қалыптасқан демократиялық жаңғырулардың жастар қозғалысымен үндестігі, Қазан революциясы және азамат соғысы жылдарындағы жастар ұйымдары жұмыстарының негізгі бағыттары, 1919-1920 жылдардағы жастар ұйымдары қызметтерінде бірыңғай Кеңестік саяси басқарудың орныға бастауы, Кеңес өкіметі кезеңіндегі демократияшыл бағыттағы жастар ұйымдары қызметтерінің XX ғасырдың басындағы жастар қозғалысымен өзара тарихи сабақтастықтары тың деректер негізінде жаңаша талданады.

Патшалық биліктің жойылып елде қос өкіметтік тәртіптің орнатылуы бүкіл елдегі, оның ішінде Қазақстандағы қоғамдық–саяси жағдайды түбірімен өзгертті. Отарлық езгіде болып келген қазақ халқы патшаның тақтан құлауы, жаңа тәртіптің орнауы туралы хабарды зор қуанышпен қарсы алады. Ақпан революциясының жеңісі қоғамға көптеген демократиялық бостандықтарды бергендігін түсінген қазақ зиялылары оның мұраттарын іске асыруға үлкен құлшыныспен кіріседі. Сонымен қатар Ақпан революциясынан кейін қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы үлкен қарқынға ие болды. Ал бұл кезеңде қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының өрлеуі болды дейтін себебіміз қазақ қоғамында бұрын-соңды болып көрмеген қазақ жастарының идеялық тұрғыда ұйымдасуы және қоғамдық–саяси істерге белсене араласуы биік деңгейге көтерілді.

Жүсіпбек Аймауытовтың «Сарыарқа» газетінде жарияланған «Тұр, Бұқара! Жиыл кедей! Ұмтыл жастар!» деген мақаласында: «Біздің қара халық бұ теңдік, бұ бостандық кімге келген теңдік, бостандық неменеге болған бостандық екенін әлі білген жоқ сияқты. Әуелі сөзге бостандық берілді. Не сөйлесек ауызға қағатын кісі жоқ... Бостандық бас қосып, науқан қылып, ұйым жасап, бірлесіп іс қылуға берілген бостандық... Жиырмасыншы ғасырдың жастары, жаңа заманның адамдары барсыңдар ма? Қайдасыңдар? Мұндай заманда атқа мініп іс қылмағанда қайда істейсіңдер? ... Ал, жастар! жігерленбей, сілкінбей, қара бұқарамыздың есі кірмей, ақыл да, білім де күштіде, жуанда деп бағына берсек іс бітіре алмаймыз. Іс бітіре алмасақ табанды, іргелі халық болуымыз кәдік. Ұйым ашқандар областной комитетке білдірсін. Сұрайтын сөзі болса «Сарыарқа» газетінің басқармасына жазып тұрсын», - деп жастарды бостандық, теңдік алу жолында бірлесіп ұйым құруға, ортақ іске жабыла қызмет етуге шақырды [66].

Алаш қозғалысының тарихын зерттеуші К.Нұрпейісов өзінің еңбегінде: «Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанның 20-ға жуық қалалары мен елді мекендерінде оқушылардың, ауыл мұғалімдерінің бастарын біріктірген қазақ жастарының ұйымдары пайда болды. Олардың көпшілігі 1917 жылғы көктем және жаз айларында құрылды. Олардың қатарында Омбы қаласында құрылған «Демократиялық оқушы жастар кеңесі» мен «Бірлік» ұйымы, Ақмолада ұйымдасқан «Жас қазақ», Спасскі заводының қазақ жастарын біріктірген «Жас жүрек», Әулиеата уезінің Мерке қыстағында Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революциялық одағы» т.с.с. болды. Сондай-ақ Семейде «Жанар», Қызылжарда «Талап» атты қазақ жастарының ұйымдары құрылды» - деп атап көрсетіп, бұл ұйымдардың көпшілігінің алғашқы кезде өздерінің алдына негізінен ағартушылық мақсаттарын қойғандығын, олардың қазақ еңбекшілерінің арасында газет пен журналдар таратуды, халықтың сауатын ашуға көмектесуді, әйел теңдігі үшін үгіт жүргізуді өздерінің басты міндеттері деп түсінгендігін нақтылай түседі.

Сонымен бірге автор Қазақстандағы саяси күштердің, ең алдымен, ұлттық-либералдық интеллигенцияның жетекшілері мен Ресей социал-демократиясының жергілікті ұйымдарының өлке жастарының жоғарыда айтылған бұқаралық ұйымдарына ықпал ету үшін күрес жүргізгендігі жөнінде деректер келтіреді [40, 111 б.].

Жастар қозғалысының жетекшісі С.Сәдуақасовтың баяндауы бойынша 1917 жылғы қос революция тұсында құрылған тек қана Алашшыл жастар ұйымдарының ұзын саны 21-ге жеткен. Мысалы, «Еркін дала» (Орынборда), «Жанар» (Семейде), «Оқытушылар ұйымы» (Семейде), «Талап» (Семей облысы, Шыңғыс болысында), «Игілік» (Орынборда), «Қамқор» (Торғайда), «Жас қазақ» (Оралда), «Үміт» (Тройцкіде), «Талап» (Қызылжарда), «Оқығандар» (Көкшетауда), «Ұйым» (Екібастұз заводында), «Ғылым ұйымы» (Керекуде), «Ынтымақ» (Атбасарда), «Жас жүрек» (Спасск заводында), «Жастар ұйымшасы» (Бөкей Ордасында), «Жас қазақ» (Ақмолада), «Қазақ жәрдемі» (Зайсанда), «Ерік» (Баянауылда), «Қызмет» (Керекуде), «Жас тілек» (Ақтөбеде), «Ғылым» (Керекуде) сияқты ұйымдар құрылған [19, 38 б.].

Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатында сақталған «Үш жүз» партиясының жетекшілерінің бірі Көлбай Тоғысовтың қылмыстық ісіне қатысты құжаттардағы қазақ жастарының «Бірлік» ұйымына қатысты деректерде 1918 жылдың басында барлық өңірлердегі қазақ жастарының мәдени-ағартушылық ұйымдарының саны 51-ге жеткендігі көрсетілген [67, 99 п.]. Міне, Ақпан революциясынан кейінгі қазақ өлкесіндегі демократиялық жаңғырулар қазақ жастарының қоғамдық-саяси белсенділіктерін арттырып, барлық өңірлерде жастар ұйымдарының жаппай құрылуына алып келген. Мұның өзі қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының жаңа сапалық деңгейге көтерілгендігінің айқын белгісі еді.

Бұл ұйымдардың жетекшілеріне келер болсақ, Орынбордағы «Еркін даланы» Ж.Жәнібеков, Семейдегі «Жанарды» Манан Тұрғанбаев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Шыңғыстағы «Талап» ұйымын атақты ақын Абай Құнанбаевтың ұлдары, Көкшетаудағы «Оқығандарды» Айтхожин, Атбасардағы «Ынтымақты» Бермұхамед Айбасов, Шермұхамед Темірбеков, Ақтөбедегі «Жас тілекті» О.Нұрмұхамедов, Әлімгерей Ершиндер басқарған [68, 7 п.]. Міне, осы жетекшілердің жастар ұйымдарының қызметтерін үйлестіріп отырғандығы айқын. Осылайша, бұл кезеңде қазақ жастары туған халқының тәуелсіздігі жолындағы күресте ұлт зиялыларына тірек болар әлеуметтік және саяси күшке айналған. Бұл тұрғыда жастар қазақ халқының арасында өркениет үлгілерін дамытумен қатар елді басқару ісінде Қазақ комитеттерін құруға, Земстволық басқаруды енгізуге, Құрылтай жиналысының сайлауын ұйымдастыруға бағытталған іс-шараларға қатынасып отырған. Осылайша қазақ ұлтының болашағы үшін күресте жастардың саяси белсенділігіне қозғау салынып, қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы кең етек алған.

1917 жылғы қос революция тұсындағы саяси өзгерістер Алашшыл бағыттағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының өрістеуіне ықпал етіп қана қоймай, социал-демократиялық бағыттағы жастар қозғалысының да қалыптасуына негіз жасады. Елдегі революциялық қозғалыстың және Ақпан революциясынан кейін орын алған әлеуметтік-саяси өзгерістердің ықпалымен кейбір жастар ұйымдары («Қазақ жастарының революциялық одағы», «Жас қазақ», «Демократиялық оқушы жастар кеңесі, т.б.) біртіндеп өз программаларына ағартушылық мақсаттармен қатар ауылдағы үстем таптарға, Уақытша үкіметке қарсы күрес талаптарын кіргізіп, түбірлі әлеуметтік, таптық мәселелерді көтере бастады. [40, 111б.].

Саясат ісінде тәжірибелері тым аз жастардың қателесулері, біріншіден, сол кездегі саяси ағымдардың әр алуандығынан болса, екіншіден, жастар ұйымдарының басын біріктіретін ортақ ұйымның болмауынан еді. Бұдан жер-жерлердегі жастар ұйымдарының жұмыстарын, іс-әрекеттерін бір тәртіпке түсірудің, жүйеге келтірудің, олардың қызметтерінде басшылыққа алатын ортақ жоба жасаудың қажеттігі туындады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру жолында Омбыдағы «Бірлік» ұйымы I жалпы қазақ жастарының съезін шақыруды қолға алады. Бұл съезд 1918 жылы 5-13 мамыр аралығында Омбы қаласында болып өтеді [69].

«Бірлік» қауымы Кіндік Кеңесінің съезд шақырушы комиссия мүшелері: Б.Серкебаев, А.Сейдалин, Х.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов, А.Байділдин, М.Сейітов, Ж.Бабатаев еді. Бұл съезде саясат, кооперация, жастар ісін ұйымдастыру, жәрдем үйін ашу, ауыл шаруасы, дәрігерлік, оқу, әйел, жұмыскерлер мәселелері қаралған [70].

Осы съезде жастар сол кезеңдегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-ағартушылық салаларындағы ең өткір, ең зәру мәселелерін қарастырып,

1)Қазақ-қырғыз жастарының бар ұйымдары біріксін; 2)Бар ұйымдар ортасынан бір Кіндік Комитет сайлансын; 3) Кіндік Комитетке әрбір ұйым өзінің барлық қазынасынан 15 процентін берсін; 4) Бар ұйымдарда бір-ақ программа, бір-ақ ат болсын. Бұған съездің қойған аты «Жас азамат»; 5) «Жас азамат» атынан газет шықсын; 6) Баспахана пайдасына Кіндік Комитетке ұйым басы 300 сомнан ақша берсін деген қаулы қабылдаған.

Съезд 5 кісілік Кіндік Комитетін сайлайды. Оның құрамына Ғ.Мурзин, Г.Досумбекова, Ә.Байділдин, М.Сейітов, С.Сәдуақасов кіреді [69]. Осындай жағдайда барлық қазақ жастар ұйымдарының басын қосып іс қылуды, ұлт мүддесі үшін күресте күш біріктіруді көздеген «Жас азамат» ұйымы саясат сахнасына көтерілді. Бұл ұйымының дүниеге келуі Алаш партиясының, Алаш Орда үкіметінің мақсат-мұраттарын жүзеге асыруға жәрдем беретін, саяси қайраткерлердің орнын басатын жастарды баулып, тәрбиелеу міндетінен туындаған еді. Сөйтіп, өзге ұйымдарға қарағанда тәжірибесі молдау Омбыдағы «Бірлік» ұйымы жастарының І жалпы қазақ жастар съезінің ұйымдастырылуына мұрындық болып, онда қазақ қоғамындағы ең маңызды мәселелердің талқыға түсуін, барлық қазақ жастар ұйымына басшы болар «Жас азамат» ұйымының құрылуын қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының шырқау кезеңі ретінде қарастыруға болады.

Алайда Қазақстанның барлық өңірлерінде Кеңестік биліктің орнап, коммунистік партияның идеологиясының үстемдік құруы қазақ ұлттық-демократиялық жастар ұйымдарының қызметтерінің әлсіреуіне, кейін олардың толықтай жабылуларына алып келді. Қазақстандағы коммунистік жастар ұйымдарының құрылуы елдегі азаматтық қарсыласу кезеңімен тұспа-тұс келді. 1919-1920 жылдары Қазақстанның барлық аймақтарында коммунистік жастар одағы ұйымдық жағынан құрыла бастаған. 1921 жылы 13 шілдеде Орынборда Қазақстанның коммунистік жастар одағының І-ші съезі ашылған. Съезд комсомолдықтарды халық шаруашылығын қалпына келтіруде, жастарды коммунистік рухта тәрбиелеуде партияның сенімді көмекшісіне айналуға шақырған. Сондай-ақ онда комсомолдың қатарына қазақ жастарын көптеп тартудың қажеттілігіне ерекше мән берілген [71, 265 б.]. Осы кезеңде Ғ.Мұратбаев, А.Оразбаева, С.Есова сынды жастар Қазақстандағы коммунистік жастар одағының ұйымдастырушылары ретінде танылып, олардың есімдері бүгінгі таңға дейін халықтың жадында мәңгі сақталған.

XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы дағдарысқа ұшырағанымен Кеңестік билік тұсында да өзінің идеялық жалғасын тапқандығы, тоталитарлық саяси жүйеге қарсы қазақ жастарының іштей наразылықтарының болғандығы, қоғамдық ұйымдарға бірігіп күрес жүргізуге тырысқандықтары байқалады.

Өткен ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялыларының бір тобы Ташкент қаласына шоғырланып, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, К.Жәленов және т.б. 1922 жылы қазақ халқының арасында мәдени-ағартушылық жұмыстарын ілгерілету мақсатында «Талап» қауымын құрған [72, 114 б.].

Қазақ жастарының арасында Кеңестік билікке қарсы наразылықтың болғандығын, комсомол ұйымының өзінде жікшілдіктіктің орын алғандығын 1928 жылы Ордада оппозициялық бағыттағы «Лениншіл жастар одағы» ұйымының құрылғандығы дәлдей түседі. Бұл ұйымның құрамына М.Бекқалиев, Г.Қайыржанов, Ғ.Бейсенов, Ә.Ілиясов, М.Шынтайбеков, Черников, Юсубалиев сияқты жастар кірген [73, 3-5 пп.].

Сонымен қатар Кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің қыспағына қарамастан Орал облысының Жалпақтал ауданының жастары 1941 жылдың қыркүйек айына қарай «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» атты ұйым құрған. Бұл ұйымның құрылуына Ғ.Әнесов жетекшілік жасап, өзімен тілеулес жастар С.Бажекенов, Ғ.Тұрымов, С.Молдағалиев, С.Шорабаев, М.Нұралин, И.Мұхамбетқалиев, М.Әлиев, М.Ахметов, И.Насыров, К.Мақұлбаев, Ө.Аманов, С.Қаражанов, Қ.Сапаралиндерді ұйым мүшелігіне тартқан [74, 8 б.].

Зерттеуші Ж.Қыдыралинаның деректері бойынша 1951 жылы Б.Ысқақов, А.Нарешов, Темировтердің бастамасымен құрылған «ЕСЕП» (Елін сүйген ерлердің партиясы), 1960 жылдардың басында З.Игіліков пен Қ.Жүнісовтың ұйытқысымен құрылған «Жас қазақ» ұйымдары өз қызметтерін ұлттық бағытта жүргізуге тырысқан [75, с. 109-110].

1963 жылы Мәскеудің жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген қазақ жастарының бір тобы «Жас тұлпар» атты шығармашылық бірлестігін құрған. Мұндай жерлес қазақ жастарының ұйымдары кейінірек Ленинградта, Украинада, Прибалтикада құрылған [76, 1 п.].

«Жас тұлпар» үлгісі бойынша қазақ жастарының жерлестер бірлестіктері мен топтары Қазақстанда және оның шет аймақтарында да құрыла бастаған. Мәселен, осы кезеңде Қарағандыда мединституттың бір топ студенттерінің ұйымы, Павлодарда Қаниев пен Р.Нұрбасаровтың ықпалымен «Жас ұлан» жасырын жастар ұйымы, Қостанай облысында Әжібаев пен Мырзабековтің басшылығымен «Жас түлек» ұйымы, ҚазМУ-дың студенттері Б.К.Төлеубаев пен Т.Т.Әлиевтің бастамасымен «Сарыарқа» ұйымы құрылған [75, с. 114-116].

XX ғасырдың басындағы қазақ жастарының қазақ елінің азаттығы, халқының теңдігі, саяси бостандығы турасында көтерген идеяларының 1986 жылғы желтоқсандағы жастар қозғалысымен астасып жатқандығы тарихи шындық. Бұл тұрғыда тарихшы М.Қойгелдиев 1986 жылғы 17-18 желтоқсан күндері Алматы қаласында, сондай-ақ облыс орталықтары мен ірі елді-мекендерде болып өткен оқиғаларды қазақ тарихында бұдан да бұрын орын алған тамырлы, өзара сабақтас оқиғалардың логикалық жалғасы, кезекті табиғи көрінісі. Анығырақ айтқанда, оны қазақ халқының империялық, отарлық езгіге қарсы азаттық үшін күресінің, мемлекеттік тәуелсіздікке деген тынымсыз ұмтылысының табиғи жалғасы ретінде айқындап көрсеткен [77, 147 б.].

Осылайша XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының өзінің идеялық, тарихи жалғасын тапқандығын көреміз. Кеңестік биліктің қазақ халқына бағытталған өктем саясатының, тоталитарлық жүйенің қыспағының салдарынан қазақ жастары билік орындарына қарсы өз наразылықтарын білдіріп, ерліктің, қайсар рухтың үлгісін көрсете білген. Мұның өзі XX ғасырдың басындағы қазақ халқының азаттығын, елінің тәуелсіздігін аңсаған Алашшыл қазақ жастарының идеяларының өз күшін жоймағандығының, теңдікке, бостандыққа, егемендікке ұмтылған қазақ жастарының рухының өшпегендігінің айғағы еді. XX ғасырдың басындағы қазақ даласындағы демократиялық жаңғырулар, ұлт зиялыларының және қазақ жастарының ұлттық мемлекеттік тәуелсіздікке жету жолындағы саяси күресі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің рухани бастаулары, тарихи бастамалары іспетті.

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында жастардың қоғамдық-саяси белсенділіктерін арттыруда 2004 жылы 7 шілдеде ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы заңының [78], 2006 жылы 10 қазанда ҚР-ның азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының [79] қабылдануы үлкен мәнге ие.

Қорытындыда диссертацияның мазмұнына байланысты ой-түйіндер, тұжырымдар нақтыланды.

Жалпы, ғылыми ізденіс жұмысының нәтижесінде XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысын осы кезеңдегі қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бір бөлігі болды деп түйіндеуге негіз бар.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

1 Бейсембиев К. Прогрессивно-демократическая и марксистская мысль в Казахстане начала XX века. – Алма-Ата: Наука, 1965. – 304 с.

2 Кабдиев Д.К. Развитие экономической мысли в Казахстане (конец XIX – начало XX века). – Алма-Ата: Казахстан, 1978. – 192 с.

3 Атишев А.А. Политическая мысль Казахстана второй половины XIX – начала XX века. – Алма-Ата: Наука, 1979. – 161 с.

4 Бурабаев М., Сегизбаев О. Идейные связи общественно-философской мысли Казахстана и России (вторая половина XYIII – начало XX века). – Алма-Ата: Наука, 1986. – 232 с; Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 гг. – Алма-Ата: Ғылым, 1991. – 256 с.

5 Асылбеков М.Х. Железнодорожники Казахстана в первой русской революции (1905-1907 гг.). – Алма-Ата: Наука, 1965. – 182 с.

6 Пахмурный П.М., Григорьев В.К. Большевики Казахстана в революции 1905-1907 годов. – Алма-Ата: Казахстан, 1976. – 232 с.

7 Сулейменов Б.С. Революционное движение в Казахстане в 1905-1907 годах. – Алма-Ата: Наука, 1977. – 256 с.

8 Турсунбаев А.Б. Казахстан в революции 1905-1907 годов. – Алма-Ата: Мектеп, 1987. – 84 с.

9 Асфендияров С. Восстание 1916 года в Казахстане. – Алма-Ата, 1936.

10 Рыскулов Т.Р. Избранные труды. – Алма-Ата: Казахстан, 1984. – 259 с.

11 Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане (причины, характер, движущие силы). – Алма-Ата, Наука: 1977. – 165 с.

12 Турсунов Х. Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане. – Москва: Знание, 1966. – 48 с.

13 Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап.-Алматы:Қазақстан,1994.- 192б.

14 Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: тарихи оқиғаға жаңа көзқарас: көтерілістің 90 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Алматы, 2006. – 148 б.

15 Байтұрсынов А. Революция и киргизы // Жизнь национальностей. – 1919. – №27 (39). – 3 августа.

16 Асфендияров С. История Казахстана ( с древнейших времен ) – Алматы: Санат, 1998. – 304 с.

17 Кемеңгерұлы Қ. Таңдамалы. – Алматы: Өлке, 2002. – 240 б.

18 Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу. Тарихи-мемуарлық роман. – Алматы: Жазушы, 1977. – 392 б.

19 Сәдуақасов С. Жастарға жаңа жол.Таңдамалы. – Алматы: 2003. – 2 том. – 360 б.

20 Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. – Алма-Ата: Изд.АН КазССР, 1961. – 527 с.

21 Карагусов Ж. Казахская советская интеллигенция, рожденная Октябрем. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1960. – 142 с.

22 Нурпейісов К. Советы Казахстана в борьбе за упрочение власти рабочих и крестьян. – Алма-Ата: Наука, 1968. – 172 с.

23 Кенжебаев С. Советы в борьбе за построение социализма (История Советского строительства в Казахстане 1917-1937гг). – Алма-Ата: Казахстан, 1969. – 359 с.

24 Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы гражданской войны (1918-1920 гг.). – Алма-Ата: Наука, 1966. – 308 с.

25 Қазақстан азамат соғысының от жалынында // Ұлы Октябрь революциясына және Қазақстанда азамат соғысына қатысқандардың естеліктері (орысша ред. Басқарғандар: Бейсембиев С., Пахмурный П.) – Алматы Қаз.Мемл.баспасы, 1960. – 411 с; Установление Советской власти в областях Казахстана (1917-1918гг) // Сборник статьей (ред.кол Елеуов Т.Е., Покровский С.Н., Русаков И.В.). – Алма-Ата: Каз.гос.изд-во, 1957. – 237 с.; Великая Октябрская социалистическая революция в Казахстане. – Алма-Ата: Наука, 1967. – 455 с.

26 Зиманов С.З. В.И.Ленин и Советская национальная государственность в Казахстане. – Алма-Ата: Наука, 1971. – 303 с.

27 Нұрпейісов К.Н. Қазақстанның шаруалар Советтері (1917-1929 жж). – Алматы: Ғылым, 1972. – 346 б.

28 Маликов Ф. Февральская буржуазно-демократическая революция в Казахстане. – Алма-Ата, Наука: 1972. – 239 с.

29 Асылбеков М.Х. Формирование и развитие кадров железнодорожников в Казахстане (1917-1970 гг). – Алма-Ата: Наука, 1973. – 327 с.

30 Тастанов Ш.Ю. Советский опыт формирования и развития интеллигенции ранее отсталых народов (на примере Казахстана). – Алма-Ата: Наука, 1975. – 186 с.

31 Алдамжаров З.А. Победа Великой Октябрьской социалистической революции в Казахстане (Историография проблемы). – Алма-Ата: Казахстан, 1983. – 252 с.

32 Пахмурный П., Григорьев В. Октябрь в Казахстане. – Алма-Ата: Казахстан, 1978. – 223 с.

33 Григорьев В. Противостояние (большевики и непролетарские партии в Казахстане). – Алма-Ата: Казахстан, 1989. – 252 с.

34 Дахшлейгер Г.Ф. Маршрутом социального прогресса. – Алма-Ата: Наука, 1982.

35 Дулатова Д.И. Историография дореволюционного Казахстана (1861-1917 гг). – Алма-Ата, Наука. 1984. – 272 с.

36 Кәкішев Т. Қағидаға айналған қателер түзелсе // Жұлдыз. – 1988. – № 11. – 140-158 бб.

37 Алаштың ақиқатын кім айтады? Григорьев В. Кадеттер жолын ұстанған партия; Нұрпейісов К. Саяси партия болып санала ма?; Кәкішев Т. Шындықты бұрмаламай, жұлмаламай айтайықшы // Қазақстан коммунисі. – 1990. – №5. – 62-82 бб.

38 Сармурзин А. Крушение Алаш-Орды // Опрошлом для будущего. – Алма-Ата: Казахстан, 1990. – 254 с.

39 Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы, Қазақ университеті, 1992. – 231 б.

40 Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 256 б.

41 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. –Алматы: «Санат», 1995. – 368 б.

42 Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. – Москва: Издательский центр Россия молодая, 1994. – 216 с.

43 Ахмедов Г. Алаш Алаш болғанда. – Алматы: «Жалын», 1996. – 224 б.

44 Әбжанов Х., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы. – Алматы, 1992. – 126 б; Назарбаева Г., Әбжанов Х. Қазақстан: тарих пен тағдыр. Мақалалар. – Алматы: «Кітап баспасы», 2003. – 296 б.; Назарбаева Г., Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тұлға, теория. – Алматы, 2004. – 344 б.

45 Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы: Ана тілі, 1993. – 208 б; Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 б; Омарбеков Т. Қазақстан тарихының XX ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: «Өнер», 2003. – 552 б.

46 Қамзабекұлы Д. Смағұл Садуақасұлы.-Алматы: Қазақстан, 1996.-256 б; Қамзабекұлы Д. Руханият. – Алматы: Білім, 1997. – 272 б.

47 Өзбекұлы С. Арыстары алаштың: тарихи очерктер. – Алматы: «Жеті жарғы», 1998. – 192 б.

48 Рысбеков Т.З. Советы Казахстана (1938-1986). – Алма-Ата: Наука, 1988. – 151 с.; Рысбеков Т.З. Өскен өлке тарихы. – Орал, 1997. – 180 б.; Рысбеков Т.З. Этюды истории родного края. – Уральск, 2002. – 190 с; Рысбеков Т.З. Жаһанша жөнінде қосымша деректер // Ақиқат. – 1995. – №2; Рысбеков Т.З., Рысбекова С.Т. Батыс Қазақстандағы алаш зиялылары // Ақиқат. – 1998. – №6; Рысбеков Т.З. Батыс Алаш төрағасы жайында // Орал өңірі. – 1995. – 20 сәуір.

49 Бірімжаров Б.Қ. Батыс Қазақстан тарихынан. XVIII-XIX ғғ. – Орал: БҚМУ, 2002. – 155 б; Бірімжаров Б.Қ. Қазақ халқының жоқшысы // Ұлт тағылымы. – 2000. – №4-5; Бірімжаров Б.Қ., Хайдаров Е.Е. 1917-1920 жылдардағы Қазақстандағы жастар ұйымдарының тарихынан // Отан тарихы. – 2006. – №4; Бірімжаров Б.Қ. Ғұмар Қараш – қоғам қайраткері, педагог // Ғ.Қараштың 130 жылдығына арналған «Тылсымында тіршіліктің талай сыр бар» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Орал, 2006; Бірімжаров Б.Қ. Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және зиялы қауым өкілдері // 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс көтерілістің 90 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Орал, 2006. – 148 б.; Бірімжаров Б.Қ. Бөкейлік тарихи тұлғалардың түркі өркениетіне қосқан үлесі (Ғ.Мұсағалиевтің қоғамдық-тарихи қызметі мысалында) // Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті: саясат, экономика және мәдениет атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. I-бөлім. – Орал, 2007. – 170 б.

50 Кенжалиев И. Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары (1916-1920 жж). Тарихи очерк. – Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2000. –144 б; Кенжалиев И. Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары (1917-1920 жж). II-бөлім. Бөкей облысы. – Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2001. – 169 б; Кенжалиев И. Ғұмар Қараш. – Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2004. – 136 б.

51 Ауанасова А.М. Национальная интеллигенция Казахстана в первые годы Советской власти (1917-1923 гг) // Диссертация... к.и.н. – Алматы, 1993.– 206 с.; Исмагулов У.Ш. Земельный вопрос в Западном Казахстане в начале XX века (1900-1917 гг.) // Диссертация... к.и.н. – Алматы, 1995. – 142 с.; Смағұлова С.Ә. Ұлттық интеллигенция және XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе // Т.ғ.к... диссертация. – Алматы, 1999. – 144 б.; Шаяхметов Н.У. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағындағы қазақ зиялыларының қос төңкеріс пен азаматтық қарсы тұру жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметі (Ақмола және Семей облысының материалдары бойынша. 1917-1919 жж) // Т.ғ.к... диссертация. – Алматы, 2000. – 146 б; Сайлаубай Е.Е. Алашорда үкіметінің шығыс бөлімі //Т.ғ.к... диссертация. – Алматы, 2001. – 157 б; Сулейменова Д.Д. Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы // Т.ғ.к... авторефераты. – Алматы, 2004. – 30 б.; Қуаныш С.О. Каспий маңы аймағындағы Бөкей Ордасы, Гурьев және Маңғыстау уездері 1917 жылғы революциялық өзгерістер тұсында (салыстырмалы талдау) // Т.ғ.к... авторефераты. - Орал, 2007. – 26 б.

52 Елмурзаева Р.С. Жизнь и деятельность С.Садвакасова // Диссертация... к.и.н. – Алматы, 1997. – 215 с.; Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі (1916-1924 жж. Түркістан кезеңі) // Т.ғ.к... диссертация. – Алматы, 1997. – 222 б.; Қаленова Т.С. Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі // Т.ғ.к... диссертация. – Алматы, 2001. – 167 б.; Уәлиханова Ж.М. Сұлтанбек Қожановтың мәдени-ағартушылық және мемлекеттік-саяси қызметі // Т.ғ.к... авторефераты. – Алматы, 2002. – 30 б.; Кәрібжанов Г.А. Н.С.Құлжанованың өмірі мен қоғамдық-ағартушылық қызметі (1887-1934) // Т.ғ.к... авторефераты. – Алматы, 2003. – 32 б; Мажитов Р.С. Обшественно-политическая деятельность Жаһанши Досмухамедова // Диссертация... к.и.н. – Уральск, 2005. - 174 с.; Қабдошев Б.Ж. Нығмет Нұрмақовтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі (1895-1937жж) // Т.ғ.к... авторефераты. – Алматы, 2005. – 26 б.; Идресова Ү.Х. Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі (1860-1934 жж.) // Т.ғ.к... авторефераты. – Орал, 2007. – 28 б.

53 Өмірзақов Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық? – Алматы: «Санат», 1999. – 195 б.

54 Өзбекұлы С. Барлыбек Сыртанов. - Алматы: «Жеті жарғы», 1996. -112 б.

55 Мәрсекұлы Р. Қазақ қайда бара жатыр? – Алматы: «Арыс», 2001. - 171б.

56 История СССР. Ч. 2. 1861-1917. Под ред. проф. П.И.Кабанова и проф. Н.Д.Кузнецова. Изд. 4-е, испр. и доп. – Москва: «Просвещение», 1978. – 527 с.

57 ҚР ПМ. 811-қор, 7-тізбе, 81-іс.

58 РФ ОрОММ. 10-қор, 1-тізбе, 248-іс.

59 РФ ОмОММ. 270-қор, 1-тізбе, 59-іс.

60 РФ ОмОММ. 270-қор, 1-тізбе, 627-іс.

61 Қазақ. – 1913. – №4. – 1 наурыз; Қазақ. – 1913. – №37. – 8 қараша; Қазақ. – 1914. – № 55. – 23 наурыз; Қазақ. – 1915. – № 113. – 19 наурыз; Қазақ. – 1915. – № 114. – 28 наурыз.

62 ҚР ПМ. 719-қор, 1-тізбе, 66-іс.

63 Спиридонов И.А. К истории возникновения и развития комсомола Казахстана. – Алма-Ата, 1947. – 127 с.

64 Костры – Приложение к газете Туркправда. Ташкент, 1923. – №3-4.

65 ҚР ПМ 719-қор, 1-тізбе, 67-іс.

66 Сарыарқа. – 1917. – №2. – 19 маусым.

67 РФ ОмОМ. 643-қор, 1-тізбе, 29-іс.

68 ҚР ПМ. 141-қор, 1-тізбе, 5790-іс.

69 Абай. – 1918. – №6. – 19 маусым.

70 Абай. – 1918. – №3. – 20 наурыз.

71 История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. в пяти томах.– Алма-Ата, «Наука», 1977. - том IV.- 635 с.

72 Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер. – Алматы: Қазақстан, 1990. – 168 б.

73 ҚР ПМ. 719-қор, 1-тізбе, 1051-іс.

74 Шахин А. Сол бір сүргін. – Орал: Дастан, 2002. – 106 б.

75 Кыдыралина Ж.У. Национальные движения в Казахстане в 50-70-х гг. XX в. // Вестник ЗКГУ, 2007. – №2.

76 ҚР ОММ. 1368-қор, 3-тізбе, 104-іс.

77 Желтоқсан-86 / құрастырғандар: Б.Әбдіғалиев, Б.Көрпебайұлы. Редакторы Н.Әбубәкір. 5-кітап. Елдікті сақтаған ерлік.Алматы, Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры, 2006. – 264 б.

78 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы // Егемен Қазақстан. – 2004. – №176. – 14 шілде.

79 Указ Президента Республики Казахстан. О государственной программе патриотического воспитания граждан Республики Казахстан на 2006-2008 годы. // Казахстанская правда. -2006.-№228.- 12 октября.



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау