Х. С. Муханбеткалиев 20 ж


Дәріс 16. Ресейде және Қазақстанда психологиялық қызметтің дамуы



жүктеу 1,25 Mb.
бет9/11
Дата10.11.2018
өлшемі1,25 Mb.
#18846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәріс 16. Ресейде және Қазақстанда психологиялық қызметтің дамуы

  1. Ресейде және Қазақстанда психологияны оқыту мен тәрбиелеу практикасы

  2. Мектептегі психологиялық қызметтің пәні

  3. Мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны




  1. Ресейде және Қазақстанда психологияны оқыту мен тәрбиелеу практикасы

Ресейде және Қазақстанда психологияны оқыту мен тәрбиелеу практикасында пайдалану XIX-XX ғасырларда жүрді. Бұл педология ғылымымен байланыстырылды. Педология дамушы, өсіп отыратын адам жайындағы барлық әлеуметтік-биологиялық ерекшеліктерін қамтитын ғылым (И.А.Арямов). Педология – дамушы адамды зерттейтін кейбір ғылыми пәндердің мәнді нәтижелерін құрайтын ғылыми жинақтау үрдісі (М.Я.Басов). көптеген педагогтар, психологтар және педологтар (Л.С.Выготский, М.Я.Басов және т.б.) мектепте тестіні пайдалануға қарсы шыққан: «олардың ғылыми негізділігі күмән тудырады, сенімсіз нәтижелер береді».

Баламен жұмыс жасаудың тәсілдерін, зерттеу пәнін іздестіру жұмыстары жүргізілді. Педология ғылымы өзінің тұрақтану кезеңдерінен өте бастады. Бірақ ол әрі қарай дамытылмады, себебі олардың барлығы сынға алынды.

Тек 1960 ж. соңында ғана мектеп жұмысына психологтардың қатысу формаларын іздестіру жұмыстары қайта басталды. Оның себептері – психология және педагогика ғылымдарында қажетті теориялық және пратикалық алғышарттар пайда болды. Олар: тұлғаның даму үрдісін псизологиялық және педагогикалық талдаудағы жүйелік тұрғыны ендіру; психикалық даму кейбір жалпы заңдылықтарын анықтау және даму деңгейін диагностикалау құралдарын жасау; тәрбиені дамуды басқару үрдісі ретінде қарастыру, дамудағы жеке және ұжымдық өзара байланыстарды түсіну; педагогика деңгейінде ғылыми білімді интеграциялау процестерін тереңдету; болашақ мұғалімдердің психологиялық даярлық деңгейлерін арттыру.

Ең алғаш КСРО-да психологиялық қызмет Эстонияда (Х.Й.Лийметс) туындады. Онда психологтар 1975 ж.бастап қиын балаларға арналған арнайы мектептерде, 1980 ж. кейбір жалпы білім беретін мектептерде жұмыс жасай бастады. Мектеп психологиясы жөніндегі түсініктерді дамытуда 1983 ж. «Вопросы психологии» журналы ұйымдастырған «мектептегі психологиялық қызмет» дөңгелек үстелі зор маңызға ие. Осы жылы Таллинде бүкілодақтық конференция өтеді. Мақсаты – республикалар мен қалаларда эксперимент жүзінде енгізхілген мектептік психологиялық қызметтің нәтижесін талдау, оның теориялық-әдістемелік деңгейде қамтамасыз етілу деңгейін анықтау, психологиялық қызметті дамыту бағыттарын белгілеу.

Мектеп психологиясын дамытудың маңызды кезеңі ретінде 1982 ж. Москвада КСРО-ның педагогикалық ғылымдар академиясы және министрлікпен қоса даярлаған мектепке психолог лауазымын белгілеу эксперименті танылады. Экспериментте мектеп психологы жұымысының екі моделі тексерілді: мектеп психологының тікелей мектептегі жұмыс, аудандық білім басқармасында аудан мектептеріне көмек беру мақсатында психологтың жұмысы.

Проблеманы теориялық зерттеу және нәтижелерін қорытындылау мектептегі психологиялық қызметтің мақсат-міндеттерін белгілеуге, оның ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуімен байланысты туындаған сұрақтар қатарын шешуге, мектеп психологының жұмысының мазмұны мен формасын, оның негізгі міндеттерін, құқығын анықтауға, білім беру саласында психологиялық қызметтің жүйесін жасауға мүмкіндік берді.



2. Мектептегі психологиялық қызметтің пәні

Мектептегі психологиялық қызметтің ғылыми негізделуі және практикада ұйымдастырылуына байланысты сұрақтарды зерттеу нәтижесінде анықталғаны: әрбір елде бұл сұрақтар түрліше шешіледі. Бұл кездейсоқ нәрсе емес. Психологиялық қызметтің дамытылуы, бір жағынан, осы қоғамдағы бар ғылыми психологиялық тұжырымдамалармен анықталса, екінші жағынан, елдің саяси, экономикалық және тағы да басқа ерекшеліктерімен анықталатын білім берудің қажеттіліктері мен міндеттері, тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес белгіленеді.

Сондықтан, басқа елдерде практикалық психология саласында жинақталған және сынлағн құнды және пайдалы білімді есепке ала отырып, бізге мектептегі психологиялық қызметтің (МПҚ) ғылыми және ұйымдастыру ұстанымдарын, отандық психологиялық теориялар мен дәстүрлерге сүйенетін негізгі тұрғыларды жасау қажет.

Ең алдымен МПҚ-тің пәнін анықтаған дұрыс. Түрлі анықтамалар болғанмен бір, барлығы қабылдаған пән жоқ. Бұл МПҚ-тің құбылыс ретінде күрделі екендігінің дәлелі. МПҚ жас ғылым болып табылады.

Көптеген елдерде, мысалы, Югославияда, педагогикалық-психологиялық қызмет жайында сөз қозғайды, оны қазіргі мекептің жұмысын ұйымдастырудың факторы ретінде қарастырады. Педагогикалық-психологиялық қызмет мектептегі ғылыми іс-әрекеттің арнайы түрі ретінде танылады: ұйымдастырылған бақылау және тәрбиеленушілердің жеке мүмкіншіліктеріне, қоғам талаптарына, психологиының даму деңгейіне сәйкес тәрбие мен оқытуды жақсарту.

АҚШ-та да қызмет жайында бір пікір жоқ. И.Бардонның айтуынша, мектеп психологы кім – жұмысты талдайтын, іс-әрекетті сипаттайтын маман ба, диагност па, басқару сарапшысы ма немесе басқасы ма? В.Рэйми мектеп психологының ғалым және практика қасиеттеріне ие болуы керектігін ерекше атап өтеді. Ғалым, себебі құзыретті зерттеуші болуы тиіс, жаңа білімнің алынуына жағдай жасауы керек. Практика, себебі осы алынған білімді күнделікті мектеп проблемаларын шешуде пайдаланады.

Чехословакиядағы осы проблема бойынша жарияланған мақала МПҚ мектептегі психологиялық проблемаларды және оларды мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесінде пайдалану проблемаларын зерттейтін қолданбалы пән түрінде сипатталған.

МПҚ-тің пәнін анықтау мәселені қатысты түрлі көзқарастарды көптеп келтіруге болады. Олар МПҚ-тің мәні мен іс-әрекет саласын түрліше түсіндіреді екен.



3. Мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны

МПҚ-ті үшжақты қарастырған жөн: педагогикалық және жас ерекшелік психологиясының бір бағыты ретінде, яғни оның теориялық-қолданбалы бағыты, қазіргі мектеп жағдайында психологиялық білімді кәсіби пайдаланудың құралдары мен әдістерін жасау мақсатында оқушы тұлғасын қалыптастыру және оның психикалық дамуының заңдылықтарын зерттейді (ғылыми жағы); оқыту және тәрбиелеу үрдісін психологиялық жағынан қамтамасыз ету, оған оқу бағдарламаларын құру, оқулықтар даярлау, дидактикалық және әдістемелік материалдардың психологиялық негіздемесін жасау, мұғалімдердің психологиялық даярлығы және т.б. (қолданбалы жағы); мектептегі психологтардың тікелей жұмыстануы (практикалық сипаты).

Осы аталған ғылыми, қолданбалы, практикалық жақтардың бірлігі МПҚ-тің мәнін құрайды. Олардың әрқайсысы жеке міндеттерге ие, осы міндеттерді шешу үшін оны орындаушылар белгілі бір кәсіби даярлыққа ие болуы керек. Әрбір жақтарын анық өңдеу МПҚ-тің дамуына жол ашады.

Ғылыми жағы МПҚ-тің әдіснамалық мәселелерін өңдеуді белгілейді. Бұл бағытты жасаушылардың басты қызметі – ғылыми зерттеулер, МПҚ-те жұмыс жасаудың психодиагностикалық, психокоррекциялық және дамыту әдістерін теориялық негіздеу және өңдеу. Бұл зерттеулердің академиялық зерттеуден басты айырмашылығы – белгілі бір психологиялық механизмдер және немесе заңдылықтарды анықтаумен бала жайындағы ғылыми білімді байытып қана қоймай, сонымен қатар осы механизмдер мен заңдылықтардың нақты баланың тұтас тұлғасын қалыптастыру контекстінде тұрақтануының психологиялық жағдайларын анықтайды. Бұндай зерттеуді жүргізетін ғылыми қызметкер негізгі тапсырыс беруші болып табылатын практикалық психологқа бағытталуы керек.

Қолданбалы жағы – білім беру саласындағы қызметкерлердің психологиялық білімді пайдалануы. Басты мамандар – педагогтар, әдіскерлер, дидакттар. Олар өз беттерімен немесе психологпен бірлесе отырып оқу бағдарламаларын, жоспарын құруда жаңа психологиялық мәліметтерді пайдалану.

Қызметтің практикалық жағын мектеп психологтары қамтамасыз етеді. Олардың міндеті – нақты проблемаларды шешуде балалармен, сынып ұжымымен, мұғалімдермен, ата-аналармен жұмыс.

Психологиялық қызметтің қолданбалы және практикалық жақтарының дамуы оның ғылымилық деңгейінің артуына тұтастай бағынады.

Дәріс 17. Мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары және мақсаты


  1. Мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары

  2. Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты




  1. Мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары

Тұлғаның жеке дамуы мен психикалық тұрақтануы проблемасын теориялық талдау (Л.И.Божович, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин және т.б.) нәтижесінде МПҚ-тің жұмыс бағыттары және мақсаты белгіленген. Оның өзекті және перспективті бағыттары ажыратылады.

Өзекті бағыты оқушыларды оқыту және тәрбиелеудегі белгілі бір қиындықтармен байланысты көкейкесті мәселелерді, тұлғаның қарым-қатынас, іс-әрекеті, қалыптасуы барысындағы ауытқушылықтармен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.

Перспективті бағыты әрбір баланың даралығын дамытуға, тұрақтандыруға, қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан даярлауға бағытталған. Педагогикалық ұжымның қызметіне психолог негізгі психологиялық идеяны ендіреді - әрбір оқушының тұлғасын үйлесімді дамыту мүмкіндігі – және оның практикалық жұмыста жүзеге асырылуына мүмкіндік береді. Оның маңызды міндеті – дарынды немесе ерекше балаларды анықтау емес, әрбір баланың және барлық баланың қабілеттерін дамытуға қажетті психологиялық жағдай тулыру.

Екі бағыт өзара тығыз байланысты: психолог мектепте перспективті міндетті шешуде күн сайын көмекті қажет ететін оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге көмек береді.



  1. Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты

МПҚ-тің мақсаты – оқушылардың психикалық және тұлғалық дамуын жетілдіруге бағытталған перспективті бағытпен байланысты. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін балаға қатысты бастапқы және соңғы мақсаттардың «кездесуіне» жол берілсе ғана жүреді.

Психологтың баламен өзара әрекеттесуінің бастапқы мақсаты – баланың мектепке даярлығын интеллектуалдық, эмоционалдық, мотивациялық, іс-әрекеттік сипаттамаларын анықтау, осы бала үшін тиімді білім немесе іс-әрекет саласын іздестірудің негізі ретінде баланың жеке ерекшеліктерін белгілеу.

Бұл жастағы балаларға бір өлшеммен келуге болмайды. Жас ерекшеліктері әрдайым дамудың жеке нұсқалары формасында көрінеді. Балалардың жеке тәжірибесін жұмыста естен шығармаған жөн.

Дәріс 18. Мектеп психологына қойылатын біліктілік талаптары және оның құқығы мен міндеттері


  1. Білім жүйесіндегі психолог сипаттамасы

  2. Ерекше балалармен жұмыс жасауда психологтарға қойылатын талаптар

  3. Арнайы мекемелерде жұмыс жасайтын психолог мамандарға қойылатын талаптар

  4. Психологтың құқығы мен міндеттері




  1. Білім жүйесіндегі психолог сипаттамасы

Білім жүйесіндегі психологқа арнайы біліктілік талаптары белгіленген:

  • арнайы жоғары кәсіби білімнің болуы, яғни жоғары психологиялық мамандықтың дипломы болуы қажет. Мұндай диплом жоғары оқу орнының «психололгия», «педагогика-психология» мамандықтары бойынша толық курстан өткен немесе «білім жүйесіндегі практикалық психолог» мамандығы бойынша арнайы факультетті тәмамдаған маманға беріледі;

  • психодиагностика, психотерапия, психокоррекция, патопсихология, дефектология және т.с.с. медицина, педагогика, социология, заң салаларымен іргелес ғылым негіздерін меңгеруі;

  • балалармен жұмыс жасау дағдысы;

  • педагогикалық жұмыс тәжірибесі.

Аталған талаптар мектеп психологына қойылатын жалпы талаптар болып табылады.

2. Ерекше балалармен жұмыс жасауда психологтарға қойылатын талаптар

Психикалық даму тұрғысынан қалыс қалған немесе мінез-құлқында ауытқушылықтар байқалатын балалармен жұмыс жасауда психологтарға қойылатын талаптар күрделене түседі:



  • психодиагностика бойынша психолог зерттелушінің мінез-құлқын зерттеуде оның кемшін тұсын дәл тауып, психологиялық әдістерді нақты таңдай білуі қажет;

  • психологиялық әдісті таңдауда математикалық статистика, компьютерлік бағдарламаларда жұмыс жасау дағдысы қажет;

  • психологиялық кеңес беруде адамның назарын өзіне аудара алатын, оны өз сөзіне иландыра алатын, оның сеніміне кіріп, ашық әңгімеге шақыра алатын икем-дағдыларына ие болуы қажет;

  • психокоррекция – адам мінезіндегі ауытқушылықты қалпына келтіру аса кәсіби шеберлікті, икемділікті қажет етеді;

  • психоанализ жасау дағдысы;

  • психотерапиялық әдістерді қолдана білуі;

  • әлеуметтік-психологиялық тренингтер ұйымдастыра білуі қажет.

3. Арнайы мекемелерде жұмыс жасайтын психолог мамандарға қойылатын талаптар

Ата-ана қарауынсыз қалған балалар интернаты, балалар үйі, арнайы мектеп-интернатта жұмыс жасайтын психолог мамандарға біліктілік талаптарымен қатар бірыңғай қатаң талаптар да қойылады:



  • психолог мұнда тек бақылаушы емес, балалардың ең жақын жанашыры болуы тиіс. Мұндағы балалар ата-ана мейіріміне зәру, сондықтан да олар үлкендерден эмоционалдық жағымды қарым-қатынасты талап етеді;

  • балалардың қызығушылықтарын қорғаушы бірден-бір адам ретінде қалыптасуы қажет.

4. Психологтың құқығы мен міндеттері

Психолог маман ретінде:

баланың оқуы мен тәрбиесіне жауапты адамдар тарапынан балалардың қызығушылықтарын қорғауға;

өз құзыреттілігі аясында өздігінен тәуелсіз кәсіби шешім қабылдауға;

баланың психологиялық мүмкіндігіне сай емес немесе оған кері әсер ететін оқыту және тәрбиелеу әдістерін қолдануға қарсылық білдіруге;

білім басқармасы, мұғалімдер, тәрбиешілер мен ата-аналар тарапынан бала тағдырына қатысты оң қадамдардың жасалуын талап етуге;

балаларды зерттеуге, оқыту мен тәрбиелеуге қатысты медициналық-психологиялық, дефектологиялық, соттық-психологиялық сараптамаларға қатысуға міндетті.

Психолог бұл міндеттерді «Психологиялық қызмет туралы Ережеге» сүйене отырып, жүзеге асырады. Психолог өзіне жүктелген қызметін атқаруда заңды, моральды және әлеуметтік тұрғыдан қорғалады.

Психолог өз жұмысында тәуелсіз кәсіби шешімдер қабылдай отырып, күрделі мәселелерді шешуде баланың оқуы мен тәрбиесіне қатысты өзге де мамандармен бірлесе отырып жұмыстанады. Мектеп психологының ата-аналармен үздіксіз қарым-қатынас нәтижесінде ата-аналарда психологиялық мәдениет негіздері, баланы тәрбиелеуге қатысты психологиялық дағдылары қалыптасады. Мұғалімдермен бірлесе отырып, психолог білім берудің дамыта оқыту, деңгейлік оқыту әдістерін белгілейді. Оқу-тәрбие мекемелерінің басқармасымен бірге оқытушылар ұжымының белсенді түрде жұмыс істеуін және моральдық-психологиялық атмосфераның қалыптасуына негіз болады. Тәрбиеші, мұғалімдермен бірлесе отырып, сынып пен оқу топтарын жүйелеуге, балаларды әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, медициналық-психологиялық зерттеулерге қатысады. Бала өміріне қатысты психологиялық таласты мәселелерді психолог маман бір өзі біржақты шеше алмайды. Әртүрлі маман иелерінен құрылған білікті комиссияның талқылауына ұсынады.
Дәріс 19. Білім жүйесіндегі психологиялық қызметтің міндеті, қызметі мен құрылымы


  1. Білім жүйесіндегі психологиялық қызметтің міндеті, қызметі

  2. Білім жүйесіндегі психологиялық қызметтің құрылымы

3. Практикалық психологтың біліктілік талаптары, құқықтары, міндеттері
1. Білім жүйесіндегі психологиялық қызметтің міндеті, қызметі

Мектепте балаларға берілетін білім мен тәрбиенің тиімділігін арттыру, нәтижелі меңгерілуді психологиялық қызмет жүйесі реттейді. Психологтар бала өміріне қатысты мәселенің бәріне қатысады, бала жасынан жасөспірімдік кезеңге дейін оқушыларды өз қадағалауында ұстайды. Психолог мамандар психодиагностикалық зерттеу жүргізіп, баланың психикалық даму темпін бақылау, мінезінің қалыптасуын қадағалайды, қажет жағдайда баланың тәрбиесіне мен мінез-құлқына қатысты ақыл-кеңес береді, түзету жолдарын ұсынады.

Қазіргі білім жүйесінде баланың интеллектуалдық деңгейін бақылауда, жеке бас мүмкіндіктерін ашуда, қызығушылықтарын оятып, бейімділіктерін ұштауда психологиялық қызметтің орны ерекше. Психологиялық қызметтің негізгі функциясы – баланың психологиялық дамуын қадағалау. Баланың психологиялық дамуы біркелкі емес. Мұндай жағдайда психологиялық жетілу жағынан қатарынан қалыс қалған балаларға көмек қолын созып, психикалық даму тежелісінің себептерін анықтайды. Ол себептер әлеуметтік, физиологиялық және т.б. болуы мүмкін.

Білім жүйесіндегі психологиялық қызметтің басты міндеті – оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыра отырып, балаларды тәрбиелеу және оқыту үрдісін үнемі бақылап отыру. Білім жүйесінің баланың психикалық даму заңдылықтарына, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді ескеруін қатаң қадағалайды. Мұндағы психологтың жұмыс мақсаты – күрделі ғылым бала жасына сәйкес мазмұнда, сол балда жасының ерекшелігіне сай әдіс-тәсілдермен берілуін қамтамасыз етеді.

Мектеп психологы жұмысының негізгі аспектісі психопрофилактикамен байланысты. Психопрофилактика (психологиялық алдын-алу) патопсихология, дефектологиямен тығыз байланысты.

Білім жүйесіндегі психологиялық қызмет балалармен, оқытушылармен, ата-аналармен және білім басқармасымен тығыз байланыс құрайды. Бұл тізбекте психолог педагогтың, психотерапевт пен кеңес берушінің, түзетушінің міндетін атқарады. Эндокриндік немесе жүрек аурулары психогендік сипатқа ие. Психолог осыған қатысты практикалық жұмыспен шұғылдана отырып, аталмыш аурулардың алдын-алу, ауруды болдыртпау жолдарын, кепілдік негіздерін қарастырады.

Жалпы бала дамуын жете түсіну үшін, оларды басқару үшін де білім саласының қызметкерлері де психологияны меңгеруі керек. Психологиялық білім жылма-жыл жаңарып, түрленіп отырады.

Психологиялық қызметтің негізгі қызметі – педагог, дефектолог, әлеуметтанушы, дәрігер, заңгер сияқты өзге сала мамандарымен бірлесе отырып, өзгеше қарым-қатынасты, айрықша назар аударуды қажет ететін психологиялық жетілу жағынан қалыс қалған бала тағдырына қатысты мәселелерді шешу. Даму жағынан кемшік балалар мен дарынды балалар үшін ұсынылатын тапсырмалар, әдіс-тәсілдер мен білім жүйесі алдын-ала медициналық-психологиялық, психологиялық-педагогикалық сараптамадан өтеді.



2. Білім жүйесіндегі психологиялық қызметтің құрылымы

Психологиялық қызмет көпдеңгейлі, күрделі құрылымға ие. Білім басқармасының жоғарғы органы – министрліктен бастап, мектеп, мектепке дейінгі мекемелерден тұратын жүйені қамтиды. Психологиялық қызмет республика, облыс орталығындағы ғылыми-әдістемелік орталықтың қызметіне де қатысты. Мұндай орталықтарда арнайы мамандандырылған психологтар жұмыс жасайды. Бұл орталықтар балалармен тікелей жұмыс жасамайды, мектеп психологтары арқылы ғана байланысады. Мектеп жасына дейінгі немесе жасөспірімдермен, ересектермен тікелей қарым-қатынаста болатын психологтар кез-келген аудан орталықтарда қызмет жасайды. Қоғам талаптарына сай кейбір психологтар коммерциялық бағытта білім жүйесінен тыс заңды тұрғыдан тәуелсіз де қызмет атқаруына болады.

Қазіргі таңда арнайы мамандандырылған мектеп психологының қызметі негізгі төрт бағыттан тұрады. Олар:

психодиагностика – баланы психологиялық зерттеудің психологиялық тест сияқты әдістерін қарастырады. Психолог психологиялық зерттеудің тиімді әрі нақты нәтиже беретін түрлі тәсілдер арқылы баланың немесе ересек адамның психологиясына, мінез-құлқына психологиялық сипаттама беруі;

психологиялық кеңес үш деңгейден тұрады: 1) психодиагностикалық зерттеудің нәтижесіне сәйкес үлкен де, кіші де жүзеге асыра алатын, оң нәтиже беретін психологиялық-педагогикалық кеңес ұсыну; 2) консультативтік көмекке мұқтаж жандармен әңгіме жүргізу. Ол әңгімеде балалар мен ересектер үшін қажет психологиялық-педагогикалық кеңестер қамтылуы керек; 3) мұғалімдер және ата-аналармен жүргізілетін жұмыс олардың (мұғалімдер мен ата-аналардың) психологиялық тұрғыдан түсіне білу мүмкіндіктерін ұштауы қажет;

психопрофилактика - психолог маман баланың мінез-құлқына жіті көзбен қарап, психологиялық жағымсыз жағдайлардың (психикалық даму тұрғысынан артта қалу, жаман әдеттерге бой алдыру, т.с.с.) алдын алу, себебін анықтау, дер кезінде танып-біліп, оны жоюға ат салысуы;

психокоррекция – бұл жұмыс түрі балалар мен ересектердің мінез-құлқындағы кемшін тұстарды жоюға бағытталады. Мұнда психолог психологиялық коррекцияның психотерапия, әлеуметтік-психологиялық тренинг, аутотренинг т.с.с. әдістерін меңгеруі қажет.

Мектеп психологы психологиялық қызметтің төрт бағытын бір мезгілде қолданады. Психологиялық қызметтің көп деңгейлі күрделі жүйесі психолог маманнан терең теориялық білімді, іскерлікті, кәсіби шеберлікті қажет етеді. Өйткені жоғарыда аталып өткен психологиялық қызметтің төрт түрі үлкен-үлкен төрт түрлі мамандықтың: психодиагност, консультант, психопрофилактик, психокорректордың қызметтерін қамтиды.



3. Практикалық психологтың біліктілік талаптары, құқықтары, міндеттеріПрактикалық психологтарға тән психологиялық қызмет түрлері: психодиагностика, психологиялық кеңес беру, психологиялық түзету, қиын балалармен жұмыс, дамуы кейін қалған немесе ауытқыған мінез-құлықтағы балалармен жұмыс.

Практикалық психолог кеңес беру саласында адамдармен қарым-қатынастың психотерапиялық техникасы мен технологиясын біліп, әңгіме, интервьюды дұрыс жүргізіп, басқа адамдардың зейінін өзіне аудара біліп және сендіре білуі қажет. Бұл үшін психолог-консультант адамдарды дұрыс қабылдап, түсінуі қажет және өзіне деген сенімділікті туғызуы қажет, адамдарға психологиялық әсер етуде сенімді болуы қажет, тұлғааралық қарым-қатынасты меңгеру керек.

Психокоррекция қолданбалы жұмыста да қиын сала. Психолог бұл салада әртүрлі формадағы әлеуметтік-психологиялық тренингтерді ұйымдастыру мен жүргізу техникасын психоанализ тәсілдерін және тағы басқа психотерапиялық тәсілдерді меңгеруі қажет.

Қиын балалар жұмыс кезінде ауытқыған мінез-құлықты анықтап, осы сала бойынша заңдар мен тәртіптерді меңгеруі тиіс.


Дәріс 8. Мектеп психологының әдеп кодексі

Әдеп кодексі деп адамдардың өзара қарым-қатынасындағы және қызмет барысындағы моральдық ережелер жиынтығын айтамыз. Әдеп кодексін адамзат мәлениеті мен өркениеті негізінде қол жеткізген адамгершілік нормалары құрайды. Әдеп кодексі заңға емес, мораль нормаларына негізделеді. Сондықтан да әдеп кодексін бұзғандар заң алдында жауапқа тартылады.

Мектеп психологының әдеп кодексі философия, дін, мәдениет, салт-дәстүр, идеология және саясаттанудан бастау алады. Кейбір дамушы елдерде, атап айтқанда, АҚШ, Германия, Испания және Ресей Федерациясында қоғам сұранысына, қызмет ерекшелігіне қарай мектеп психологына арналған әдеп кодексі қалыптасқан. Әдеп кодексіне кіретін моральдық нормалар бала қызығушылығына қатысты мәселелерді талқылаудағы психологтың ұстанымына, психологтың бала мүддесінің бұзылуына қатысты жағдайдағы немесе психолог көмегіне мұқтаж балаға тиісті көмек көрсете алмаған я бұрын қолданбаған әдісті не психологиялық практикада қолданыс таппаған амалды қолданудағыәрекеті, ата-аналармен, мұғалімдермен қарым-қатынасына қатысты ережелер кіреді.

Төменде мектеп психологының қызмет барысында алатын әдеп кодексінен үзінді келтірілген:



  1. Мектеп психологының кәсіптік қызметі ең алдымен балалар алдындағы жауапкершілігімен ерекшеленеді.

  2. Бала қызығушылығы оқу-тәрбие мекемесінің мүддесімен қарама-қайшылыққа тап болған жағдайда психолог өз мідетін мүлтіксіз атқаруы керек.

  3. Мектеп психологының жұмысы ешкімге тәуелсіз автономды болғандықтан оның шешімін оқу-тәрбие мекемесі өз бетімен өзгерте алмайды;

  4. Мектеп психологының шешімін тек жоғары білікті психоог мамандардан тұратын жеке билік құзыреттілігіне ие арнайы комиссия ғана өзгерте алады;

  5. Балалармен қарым-қатынаста психолог әділ де ашық болуы қажет;

  6. Балаларға көмектесу үшін де психолог сенім мен кейбір заңдарға сүйенеді. Өзіне берілген құзыреттілік пен құқықты сәйкес қолдануда жауапты;

  7. Әр баланың жеке тұлға ретінде дамуына және дүниетанымының жоғары деңгейде қалыптасуына кедергі келтіретін жағдайлардың алдын алуы керек және оларды гуманитарлық бағытта тәрбиеленуіне жол ашуы керек;

  8. Психолог өз жұмысын баланың жеке бас мүддесін сыйлай отырып, адам құқығының жалпы декларациясын басшылыққа ала отырып құрады;

  9. Психолог қоғам және адамдар алдында баланың жеке бас мүддесі мен қызығушылығын қорғайды;

  10. Психолог психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді таңдауда, ұсыныс пен шешім шығаруда аса мұқият болғаны жөн;

  11. Психолог бала мүддесі, қызығушылығы аяққа тапталатын жағдайларға қатыспауы керек, бала дамуына кері әсер ететін әрекеттің қолдануына қарсылық білдірмеген немесе соны қолдануға қатысқан психологтар заң алдында жауап береді. Сот шешімімен қызметінен айрылады, дипломы мен т.б. кәсіби біліктілігін куәландыратын құжаттар өз күшін жоғалтады;

  12. Егер психолог бала құқығы сақталмайтын не баланың психологиялық, физиологиялық дамуына кері әсер ететін жағдайларды байқаса, өкілетті органдарға дереу хабарлауға міндетті;

  13. Психолог бала құқығын шектейтін немесе жоққа шығаратын саяси, экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық ықпалдарға қарсы шығуға міндетті;

  14. Толық тәжірибеден өтпеген немесе ғылыми стандартқа сәйкес келмейтін психодиагностикалық, психокоррекциялық әдістерді қолдану алдында тиісті адамдарға алдын ала хабар беру керек;

  15. Психолог психодиагностикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық әдістемені оны қолдануға құзыреттілігі жоқ адамдарға беруіне болмайды;

  16. Психолог психодиагностикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық әдістемені кәсіби тұрғыдан дайын емес адамдарға қолданылып жатқан жағдайларда немесе аталмыш қызметтерді білместікпен дұрыс қолдана білмейтін адамдардың әрекетіне тыйым салуы қажет;

  17. Жасөсіпірім немесе жоғары сынып оқушылары үшіншібір адамның ілесуінсіз-ақ психолог кеңесіне жеке өзі бара алады;

  18. Психолог тек медициналық-психологиялық, соттық-психологиялық жағдайлардан басқа ересек абаланың психологиялық кеңеске ү.лкен адамдардың қатысуына қарсылық етпейді;

  19. Балалардың жеке психологиялық зерттеуінеің қорытындысын тек оның (баланың) рұқсатымен ғана үшінші адамдарға (ата-ана, ұстаздарына) хабарлай алады;ъ

  20. Психолог жүзеге асыруы екіталай нәтиже туралы уәде етпеуі керек;

  21. Өзіне қаралушы балалар туралы ақпараттың құпия сақталуына жауапты;

  22. Психолог оқу-тәрбие мекемесіне жұмысқа кірерде өз құзыреттілігі туралы, бала өміріне қатысты ақпараттардың құпия сақталатыны туралы, жұмысының, сондай-ақ, шешімінің де тәуелсіз екені туралы алдын ала хабар беруі керек;

  23. Әдеп кодексі бұзылған жағдайда психологтың жеке ісі мектеп психологтары ассоциациясында, қажет жағдайда сотта қаралады.

Дәріс 20. Мектеп психологы қызметінің негізгі бағыттары және оларға сипаттама

Мектеп психологының қызметі жоғарыда атап өткен төрт негізгі бағыттан тұрады. Енді сол бағыттарды таратып айтсақ, психодиагностика адамның ішкі әлемін стипаттайтын тұрақты, өзгермелі көрсеткіштерден тұрады. Психодиагностиканың медициналық психология, жас ерекшілік психологиясы, консультациялық, заң, инженерлік психология, әскери және спорттық психология сияқты салаларында қолданыс табады.

Сұрақтардың түрлері клиент сұранысына және психологтың бақылау қорытындысна байланысты таңдалады

Әдістемелермен жұмыс жасай отырып, психодиагност бір әдісті емес, қатарынан бірнеше әдістерді пайдаланады. Оларды таңдау мына талаптарға сай болуы керек:



  • клиент міндеттерінің қалыптылығы;

  • психодиагносттың қызмет аймағындағы психологиялық теориялардың қалыптылығы;

  • алынған мәліметтерді өзара қатынасындағы көп факторлы қорытындыларға байланысты интерпретация беру немесе қорытындыларға интерпретация беру әртүрлі психологиялық әрекет механизмін негізге ала отырып береді.


Дәріс 21. Психологиялық кеңес әдістемесі

Психологиялық кеңес – жекелеген сұрақтарды шешу, проблеманы талдау, нұсқау беру мақсатында өткізілетін арнайы ұйымдастырылған психологтың әңгімелесуі. Кеңес психологтың негізгі қызмет түріне жатады. Мектептегі психолог кеңесі ғылыми негізге байланысты төмендегідей ұстанымдарға сүйенеді.



Жарияламау ұстанымы. Мектеп психологы алынған мәліметті жарияламауға тиісті. Кеңес тек екі адамның арасында ғана қалуы тиіс. Кеңес көтерген проблема мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен, ата-аналармен талқыға түспейді.

Бейтараптық ұстанымы. Психолог жоспарланған кеңеске әзірленген кезде бейтарап қарым-қатынас ұстануы тиіс. Өйткені кеңеске қатысушы (ата-ана, оқушы, мұғалім және т.б.) туындаған қиындықты өздері сезініп, бір-бірін түсінуге тырысуы қажет. Психолог бейтарап кеңесші, оларды алушы, не қатаң үкім айтушы кейпінде болуына болмайды.

Әр адамның өзіне жекелей кеңес беру ұстанымы. Егер психолог жеке адамның өзіне кеңес берсе, оның нәтижесі тиімді болса, болады. Ал енді кеңеске оқушы атынан ата-анасы, мұғалімі, досы т.б. келсе, кеңестен күтілген нәтиже де төмен болады.

Кәсіби табандылық ұстанымы. Егер клиент қарсы болса, оны зорлап көндіруге де болмайды, бұндай кеңес табыссыз болады.

Мектеп психологы кеңес кезінде түрлі ситуацияға тап болады. Оның екі түрі болады. Бірінде клиент өзі келеді, екіншісінде оны ата-анасы, мұғалімі т.б. алып келеді. Мұндай жағдайда психолог не істеуі керек? Кеңесті өткізе ме, әлде өткізбей ме? Бұл жағдайда психолог берілген ситуацияға көңіл бөлгені жөнінде мәлімет жинау барысында тез арада клиентпен кеңесу қажет десе, оны шақыртып та кеңес жүргізе алады. Сонымен бірге қатысты деген адамдарды да өз құзыреттілігін пайдалана отырып шақырта алады. Мысалы балаға жанұяда зорлық-зоибылық көрсетілсе, нерв жүйесі бұзылса, ата-ана не мұғалім шақырылады. Не болмаса балаға қауіп төнгені сезілсе,баланың ерекше қабілеті анықталса, ең жақын адамдарын щақыртып кеңесуге психологтың толық құқығы бар.



2. Психологиялық кеңеске келушілердің мотивтері

Әркімнің де мектепке кеңеске келуіне әртүрлі мотивтерге мыналарды жатқызуға болады:



  • психологтың дәрісін тыңдағаннан кейін өз басындағы жайт толғандырса, кеңеске жазылады;

  • зерттеу жүргізілгеннен кейін оқушылардың ата-аналары тест қорытындысын білу үшін кеңеске келеді;

  • коррекциялық ойындар және топтық тренингтер өтілгеннен кейін қатысушылар псижологпен жеке сөйлескісі келеді;

  • егер психолог көптеген табысты кеңестер өткізсе, мұғалімдер мен оқушылар оның нәтижесін көздерімен көргесін кеңеске жазылады;

  • кейбір ата-аналар жай қызығушылықпен және жанұядағы, бала тәрбиесіндегі өткір мәселелерді шешу үшін кеңеске келеді.

Арнайы әлеуметтік-психологиялық мәліметтер жинаған кезде кімдерден сұрақ алған жөн?

Егер төменгі сынып оқушысы туралы мәлімет жинасаңыз:



  • баланы оқытатын мұғалімнен;

  • баланың ата-анасынан;

  • баланың ата-әжесінен;

  • баланың мектепке дейін барған балабақша тәрбиешісінен.

Егер жасөсіпірім не жоғары сынып оқушысы болса:

  • сабақ беретін мұғалімдерден;

  • ата-анасынан;

  • егер болса, аға, апаларынан;

  • достарынан.

Егер мұғалім туралы мәлімет жинасаңыз:

  • мектеп әкімшілігі өкілдерімен;

  • басқа мұғалімдерден, яғни әріптестерінен;

  • мұғалім сабақ беретін орта және жоғары сынып оқушыларынан.

Егер ата-ана туралы мәлімет жинасаңыз:

  • егер, бұрын бұл ата-анамен қарым-қатынаста болса, мектеп әкімшілігінен;

  • егер ол ата-ананы жақсы таныса, жекелеген ммұғалімдерден.

Не жөнінде сұрау қажет?

  1. Оның мінез-құлқы, жеке психологиялық ерекшелігі - әңгімелесуі, белсенділігі, тәртіптілігі, ашықтығы, мақсаткерлігі, салмақтығы, қарапайымдылығы, еңбексүйгіштігі, табандылығы, шешімге келуі, өзіне сын көзбен қарай білуі, қайырымдылығы.

  2. Оның темпераменті туралы әлеуметтік-психологиялық мәлімет: эмоциялық қозуы, ақыл-ой ұшқырлығы, тепе-теңдік сақтауы, төзімділігі.

  3. Клиенттің жеке қызығушылығы мен сүйіп істейтін ісі туралы.

  4. Оның қандай қарым-қатынас жасайтын ортасы бар: кімдермен дос, кімдермен қарым-қатынас жасаудан қашқақтайды, кімдерге өкпелі.

  5. Сабақта қандай қасиеттерін байқатады: ынталылығы, сабаққа ықыласы, үлгерімі, есте сақтауы, зейіні, ойлауы.

  6. Кәсіби қызметте өзін қалай көрсетті (егер мұғалім болса).

  7. Оның жанұчдағы қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстауы (егер ата-ана болса).


Дәріс 22. Психологиялық кеңес формалары

  1. Уақытқа байланыстты: қысқа мерзімді кеңес беру (кеңеске келуші психологта бір-екі мәрте болады), ұзақмерзімді кеңес беру (кеңеске келушімен бірнеше ай бойы кездесу) кеңес ұзақтығы 30минуттан 3-3,5 сағатқа дейін барады.

  2. Кеңестің мазмұнына байланысты:

Педагогикалық-психологиялық кеңес. Педагогикалық проблемаға қатысты кеңестер мен нұсқаулар, тәрбиенің әдістері мен тәсілдері педагогикалық және психологиялық білімге негізделеді.

Психологиялық-педагогикалық кеңес. Психологиялық проблемаға қатысты, атап айтқанда, жанұядағы келіспеушілік, қайшылықтар жөнінде кеңеске келушінің жеке тұлғалық ерекшелігіне байланысты.

Әлеуметтік-психологиялық кеңес. Кеңеске келушінің әлеуметтік жағдайының нашарлығына байланысты, әлеуметтік қызмет көмегінің қажеттілігіне байланысты жүзеге асады.

Психодиагностикалық кеңес немесе кәсіби кеңес. Кеңеске келушінің тұлғалық қасиеті, мінез қасиеті, мінез қырлары, темпераменті, қабілеті, кәсіби бағыты жөнінде психодиагностика жүрігізіп, нұсқау беру.

Медико-психологиялық кеңес. Кеңес келушіні физиологиялық мәліметтер негізінде психологиялық зерттеуге бағытталады. Болжамды диагноз қойып, невропатолог, патопсихолог сияқты мамандарға жолдайды.

  1. Кеңес үрдісінің құрылымы.

Бірфазалық кеңес. Бұл кеңес бір ғана клиентпен өткізіледі.

Екіфазалық кеңес оқушы мәселесі бойынша шағымданған ұстазбен немесе бала мәселесі бойынша келген ата-анамен жүргізіледі.

Үшфазалық кеңес ата-ананың баласының кәсіби бағыдарын анықтау үшін немесе тәрбие мәселесін шешу үшін психологиялық-педагогикалық кеңес алу үшін психологпен әңгімелесуінен туындайды.

Психопрофилактикалық бағыттың сипаттамасы

Психопрофилактикалық бағыт болуы мүмкін психологиялық даму жағынан кедергілер мен кемшін тұстардың алдын алу немесе соларды жоюға бағытталған жұмыс түрлерін құрайды. Баланың дамуындағы жағымсыз психологиялық салдарлардың (психологиялық жетілудегі қалыс қалу, оқу ісі бойынша құрбыларынан кемшін қалу, теріс мінез-құлықтар мен жағымсыз дағдылар т.б.) болдырмау жолдарын қарастырады және оның алдын алу шараларын ұсынады. Психопрофилактикалық бағытпен жұмыстанатын психолог дамудағы ауытқушылық себептерінің пайда болу мүмкіндіктерін біліп, дер кезінде байқап, жоюға, қалпына келтіру бағытында жұмыстанады. Осы мақсатқа мұғалімдер мен ата-аналарды, тәрбиешілерді жұмылдырады, бірлесіп, нәтижелі жұмыстануға мүмкіндіктер жасайды. Психолог мұғалімдер мен ата-аналармен, оқушылармен психопрофилактикалық бағытта жұмыстану үшін психологиялық дәріс сияқты әдістерді тиімді қолданысқа енгізе білуі қажет.


Дәріс 23. Мектептегі дәріс жұмыстарының психотехнологиясы

Қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық білімнің маңыздылығы және психологиялық тұрғыдан хабарламалар жасау міндеті өзекті мәселелердің бірі. Мектеп психологы психологиялық дәрістерде практикалық психологияныңмектеп проблемаларына қатысты мәселелерін нақты қозғауы қажет. Дұрыс құрылған дәріс құрылымы бойынша психолог мектептегі психологиялық жұмыстарды жүйелеп береді. Дәріс барысында нақты психологиялық көмек пен психологиялық жұмыстың күтілетін қорытындысынның әдістері мен формаларын сипаттау мүмкіндігі туады. Сонымен бірге дәріс беру жұмыстары мектеп психологына қысқа уақытта барлық мектеп топтарын қамтуға мүмкіндік береді.



Кімге, қашан, қайда, не туралы оқу керек?

Кімге? Психологиялық дәрісті тыңдаушылар аудиториясы біртекті әрі көтерілген жалпы проблемаларға қызығушылығы ортақ болғаны жөн. Мектепте психологиялық дәрісті тыңдаушылар тобы төмендегідей болып келеді: мектеп әкімшілігі өкілдері, бастауыш сынып оқушылары (олармен психологиялық тақырыпта әңгімелесу өткізіледі), орта және жоғары сыныптар және олардың ата-аналары (балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес).

Қашан? Психологиялық дәріс оқу үшін барлық тыңдаушылар үшін тиімді уақытты таңдау қажет. Мұғалім үшін сабақтан тыс уақыт болуы мүмкін. Ата-аналарға психологиялық дәрісті ата-аналар жиналысында оқыған дұрыс. Оқушылар үшін пән мұғалімімен келісіп, сабақтардың бірінде, не сабақтан соң өткізуге болады. Психологиялық дәріс ұзақтығы 15-20 минуттан 1 сағатқа дейін созылады.

Қайда? Мектептің үлкен залында немесе не сынып бөлмелерінде өткізуге болады.

Не туралы? Психолог дәрістің тақырыптық жоспарын құрған кезде екі негізгі жайттарға баса көңіл аудару қажет: аудитория құрамы мен қатысушылардың ортақ қызығушылығы.

Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар үшін не қызықты? Дәріс курсының бағдарламасын құрған кезде нені ескеру қажет?



Мектеп әкімшілігінің қызығушылығы:

  • мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жандандыруға практикалық психологиялық қандай мүмкіндіктер бар?

  • мектептің даму бағдарламасын қалай құру қажет?

  • саралай оқытуды ұйымдастыруда психологтың қандай көмегі бар?

  • арнайы сыныптарды ұйымдастыруға (экономикалық, педагогикалық, математикалық т.б.) қандай психологиялық көмек қажет?

  • мектеп ұжымын қандай тиімді жолмен басқаруға болады?

  • мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен не ата-аналармен болған жанжалдарды қалай шешуге болады?

Мұғалімдердің жалпы қызығушылығы:

  • ата-аналармен өзара тиімді қарым-қатынасты қалай ұстануға болады?

  • ата-аналармен әңгімелесуді қалай дұрыс ұйымдастыруға болады?

  • жұмыс соңында шаршау мен қажу күйінен қалай арылуға болады?

Бастауыш сынып мұғалімдерінің қызығушылығы:

  • бастауыш сынып оқушыларын оқыту және тәрбиелеудің қандай бағдарламасы тиімді?

  • дамыта оқыту әдістемесін меңгеру үшін қандай психолог-педагог еңбектерін оқыған тиімді?

  • дамыта оқытудың түрлі жүйелері арасында қандай айырмашылық бар?

  • «қиын оқушыға» (ұялшақ, мінез-құлқы нашар, жылауық, ерке-шолжаң, тым тұйық т.б.) мұғалім қалай көмектесе алады?

Орта сынып мұғалімдерін не қызықтырады?

  • жасөспірімдердің оқуға деген ынтасын қалай арттыруға болады?

  • сабақты жиі жіберетін немесе «қиын оқушылармен» (дөрекі мінезді, үлгерімі нашар т.б.) қандай жұмыс түрін ұйымдастыруға болады?

  • жасөспірімдердің бос уақытын мәденитүрде қалай ұйымдастыруға болады?

  • жасөспірімдердің темекі тартқанын қалай қабылдауға болады?

  • жасөспірімдердің ерте махаббатына қалай қараған жөн?

Жоғары сынып мұғалімдерін не қызықтырады?

  • мектеп бітіруші емтихандарын қалай табысты тапсыруға көмектесуге болады?

  • жас жігіттер мен қыздарды қабілеттеріне сәйкес мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады?

  • жоғары сынып оқушыларының махаббат сезімдеріне қалай қараған жөн?

Төменгі сынып оқушылары ата-аналарының қызығушылықтары:

  • баланың жақсы оқуына не үй тапсырмасын сәтті орындалуына қалай көмектесуге болады немесе қандай жағдайлар жасаған жөн?

  • мектепке бейімделу кезеңінде қиналған балаға қалай көмектесуге болады?

  • баланың күн тәртібін ол шаршамайтындай етіп қалай орайластырған жөн?

  • төменгі сынып оқушыларының қосымша қандай үйірме, секция, курстарға қатысуға болады?

  • неге бала жиі ауырады (нашар ұйықтайды, тәбетсіз)?

  • жанұядағы жағдай бала үлгіріміне қалай әсер етеді?

Жасөспірімдер мен ата-аналардың қызығушылығы:

  • баламен әңгімелесуді қалай қалпына келтіруге болады?

  • жасөспірім ешкімді тыңдамаса, жанұяда қандай амал қолдануға болады?

  • жасөспірім дөрекілігіне қалай жауап беру керек?

  • жасөспірімнің темекі тартуына қалай тыйым салдыруға болады?

  • жасөспірім нашар ортаға тап болса (кеш келіп, бірнәрсені жасырып), не істеу керек?

  • баланың оқуға деген талабын қалай арттыруға болады?

  • еш нәрсеге қызықпайтын баланың қызығушылығын қалай оятуға болады?

  • жасөспірімнің қабілетін қалай анықтап, оны әрі қарай дамыту үшін нендей әрекет істеуге болады?

  • егер қыз бала тім әсірешіл косметикаға әуес болса, не істеу керек?

Жоғары сынып ата-аналарының қызығушылықтары:

  • мектепті жақсы аяқтап, емтиханды сәтті тапсыруға қалай көмектесуге болады?

  • баланың кәсіби бағытын қалай анықтауға болады?

  • мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады?

  • жоғары сынып оқушылары үйленуге шешім қабылдаса, не амал істеген жөн?

  • егер қыз бен жігіт жыныстық қатынаста болғанда не істеу керек?

  • егер балалары нашақорлыққа бейім болса, не әрекет еткен жөн?

Төменгі сынып оқушылары қызығушылықтары?

  • қызықты психологиялық әңгімелесуді тыңдағанды;

  • қызықты психологиялық ойындар ойнағанды;

  • эмоционалдық қолдаудың болуында.

Жасөспірімдер қызығушылықтары:

  • психолог деген кім? Ол немен айналысады?

  • оның психиатр мен психотерапевттен қандай айырмашылығы бар?

  • астрологтарға сенуге бола ма?

  • экстрасенстерге қалай қараған дұрыс?

  • қыз балалармен еркін сөйлесуді қалай үйренуге болады?

  • қорқынышты қалай жоюға болады?

  • мұғаліммен, ата-анамен қалай тіл табысуға болады?

  • өз көзқарасыңды қалай дәлелдеген жөн?

Жоғары сынып оқушыларының қызығушылығы:

  • қыздармен, жігіттермен қалай еркін сөйлесуге болады?

  • махаббат проблемасын қалай шешуге болады?

  • өзінің тәуелсіздігін сақтай отырып, ата-ана, мұғалімдермен қалай тіл табысуға болады?

Дәріс 24. Психокоррекциялық жұмыс және оның құрылымы

Психокоррекция – психологтың баламен және ересек адаммен оларда кездесетін психологиялық кемшіліктерді түзету мақсатында тікелей әсер ету арқылы жұмыстану бағыты. Бұл жерже психолог психокоррекциялық әдістерді кәсіби шебер меңгеруі керек. Ондай әдістерге психотерапия, әлеуметтік психологиялық тренинг, аутогендік жаттығулар, гипноздық әсер ету техникасында қолданылатын әдістер, т.с.с. Адамның ішкі әлеміне кәсіби әсер ету психокоррекциялық жолмен іске асырылып отырады.

Практик-психолог психодиагностикалық мәліметтерді теориялық белгілер және жас ерекшелігінің даму заңдылықтарымен салыстыра отырып, коррекциялық жұмыстың бағдарламасын құрастырады. Коррекция бағытымен жұмыстанатын психолог мына жүйе бойынша а) не бар? ә) не болу керек? б) қажетті құбылыс болу үшін не істеу керек? Бұл сұрақтарды шешуге бағыттайтын ғылыми катеориялардың бірі даму нормасы категориясы. Оны талдаудың мына деңгейлері бар:


  • нейропсихологиялық;

  • жалпы психологиялық;

  • жас ерекшелік психологиясы.

Нейропсихологиялық деңгейде психодиагностикалық мәліметтерді талдай отырып, зерттеу құбылысындағы мидың әрекеті туралы қорытынды жасайды. Мидың қызметін локальды зақымданған ми бөлігін және оның негізгі функцияларын жетік білу психологтың құралдар мен әдістерді адекватты түрде таңдауына көмектеседі.

Жалпыпсихологиялық деңгей адамның ішкі әлемінің негізгі заңдылықтары мен қызмет механизмдерінің психологиялық даму қалпының мазмұнын талдайды.

Жас ерекшелік психологиялық кезең деңгейі жалпы психологиялық мәліметтерді жинақтап, жекешелендіріп, жас кезеңіне сай қолдануды қажет етеді.

Психологиялық коррекциялық жұмысты ұйымдастыруда психологиялық мәліметтерді қолдану үшін талдаудағы құбылыс туралы толық мәлімет алу қажет. Мысалы:



  • сыныптағы өзге балалар сияқты тез оқып үйрену үшін не істеу керек;

  • есте сақтау көлемін ұлғайту үшін не істеу керек;

  • өз жұмысына зейінін тез шоғырландыру үшін не істеу керек.

Ол міндеттерді шешудің мынадай екі жолы бар:

  1. осы міндеттерді шешуге бағыттау;

  2. адамның жеке қабілетін бағыттау.

Психокоррекциялық қызметке психологиялық мәліметті алудың бірінші жолы психологтың жалпы адамдармен қарым-қатынас негізінде алынған жалпы психологиялық мәліметтер көзі. Мұндай жолмен алынған мәліметтерді психолог коррекциялық бағытта үлгі-өнеге, міндеттеу кеңесі түрінде қолдана алады. Мұндай кеңестің материалдарына мақал-мәтел, қанатты сөздер, тәмсілдер мен танымал адамдардың айтқан өнеге сөздері жатады. Мысалы, «Алдыңа қарап кері кет, артыңа қарап өскенше», «Өзіңнен кейінгіні көріп шүкір қыл, өзіңнен бұрынғыны көріп пікір қыл» т.б.

Бұл бағытта Д.Карнегидің адамның ішкі әлемінің әртүрлі ерекшеліктерін психокоррекциялық бағытпен түзету тақырыбындағы еңбегі бар.



Психологиялық мәлімет алудың келесі стратегиясы міндетті түрде психодиагностикалық мәліметтерді негізге ала отырып, коррекциялық жұмысты ұйымдастыру. Коррекциялық жұмысты ұйымдастыруда жекелік психологиялық мәлімет алу белгілеріне тәуелді келеді. Балаларда кезедесетін эмоциялық бұзылулар туралы В.В.Лебединский, О.С.Никольский, Е.Р.Баенский, М.М.Леплинк еңбектерінде кеңінен талдангған. Ол екі түрлі бағытта жүзеге асырылады:

  1. нормативтерді құрастыру;

  2. осы аталмыш нормативтердің жекелік сипаттамаларының адамның жеке әлеміне сәйкес келуі.

Ол мәліметтер адамның психикасындағы есте сақтау, ойлау, қиял процестерінің адамның жас ерекшеліктеріне сәйкес дамуы қажет. Психолог психокоррекциялық жұмыстарды клиенттің талабына қарай үш түрлі позицияда ұйымдастырады:

  1. «Мен сияқты жаса». Психолог клиентке нәтижелі әдіс түрлерін көрсету арқылы оны орындауға үйретеді.

  2. «Бірігіп жасайық». Психолог клиентпен біріге отырып, кемшіліктерді түзету жолын іздестіреді және нәтижелі әдістерді бірігіп таңдайды.

  3. «Жақсы нәтижеге жету үшін бірігіп ойланайық». Клиенттің тапқан әдістерін жүзеге асыруын өз еркіне ұсынып, клиентке таңдау мүмкіншілігін кеңейтеді.

Мектеп практикасында қолданылатын әдістердің бірі – тренинг. Педагогикалық тренинг мұғалімдердің кәсіби маңызды сапалы мен тұлғалық дамуын қалыптастыру бағытында мұғалімдердің оқушылармен өзара әрекетінің нәтижелі дағдыларын қалыптастыру бағытында жүргізіледі. Психолог және педагог өзінің кәсіби позициясы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Бірақ бұл позициялар бірлескен әрекетті ұйымдастыруға кедергі келтірмеуі керек. Бұл үшін топтық психологиялық жұмыс сағатында психолог өзінің кәсіби шеберлігін мүмкіндігінше көрсете алуы және сонымен қатар пайдалы ойындар мен мұғалімдерге арналған жаттығулар ұйымдастыра білгенде ғана екі жақты тиімді, жағымды жағдайдың қалыптасары анық. Бірлесе отырып, жоғары нәтижеге жету үшін психолог клиенттердің ішкі мазаланушылықтарын жойып, зейіндерін шоғырландырып, өзін жайлы сезінуіне толық жағдай туғызуы, таласты мәселенің жеткілікті түрде талданып, тиісті шешімдердің қабылдануына кәсіби тұрғыдан үлкен шеберлік таныта білулері қажет. Тренингке қатысушы өзін мазалаған мәселесі бойынша толыққанды мәлімет немесе ақпар алуы, сол арқылы өз әрекетіне сыни тұрғыдан бағалай алу дағдысына жеткен жағдайда ғана психолог жұмысының мақсаты жүзеге асты деп есептелінеді. Мысалы, мектеп мұғалімі тренингке қатыса отырып, әріптестерінің, психологтың айтуы бойынша өзінің кәсіби әрекетін, педагогикалық болмысын өзгелермен салыстыру арқылы кәсіби біліктілігі мен сабақ беру әдістемесіне, оқушылармен қарым-қатынасына сырттай сыни тұрғыдан баға бере алады. Өзге әріптестерінің пікірі мен олармен тәжірибе алмасу арқылы мұғалімде өз әрекетін түзету немесе түрлендіру сияқты педагогикалық рефлексия қалыптасады. Осындай жұмыстар, яғни, мұғалімдерге психологиялық көмек көрсету нәтижесінде мыналарға қол жеткізуге болады:

  • мұғалімдердің практикалық психологияға деген қызығушылығын қалыптастыру;

  • арнайы психологиялық жұмыстардың жүргізілуін қалыптастыру;

  • мектепте педагогикалықө клубтың құрылуына негіз болады.

Клиенттерге тиімді нәтиже берген, психологиялық коррекция әдістемесінде жиі қолданылатын тренингтер ретінде мынадай жұмыс түрлері ұсынылады.

«Бір ырғақты аударма» (Кристофер-Смит).

Мақсаты: зейіннің шоғырлануын жақсарту; эмпатия деңгейін көтеру.

Қажетті уақыт: 20 минут.

Топқа қатысушылар саны: 5-7 адам.

Қажетті заттар: дауыстап оқу үшін кітап, орындықтар.

Өту барысы:



  1. 5-7 адамнан тұратын топша дөңгеленіп отырады. Оның біреуі кітаптағы мәтінді дауыстап оқиды. Оқып отырған адамның оң жағындағы қатысушы оқылған сөздерді дауыстап қайталап айтады.

  2. Көрші отырған адам оның сөздерін қайталайды. Солай көрші отырған ойыншы оқылған сөздер өзіне қайталанып отырады. Бірінші адамға келмейінше келесі сөзді оқи береді. Дауыстар жаңғырық іспеттес дыбыс шығарады.

«Рольдік гимнастика».

Мақсаты: қозғалғыштықты жойып, эмоционалдық оянуды, ситуациялық әрекетті кеңейтуді тудыру.

Қатысушыларға нұсқау беріледі:

а) өзің таңдаған кез-келген жаттауды былай айт:

өте тез; сыбырлап; тасбақаның жылдамдығымен; шетелдік сияқты; робото сияқты.

ә) былайшы жүр:

сәби сияқты; арыстан; қарт секілді.

б) былайша күл:

күн шуағына маужырап жатқан мысықша; күннің өзі сияқты.

в) былайша қабақ түй:

күздегі сұр бұлт сияқты; ашуланған анаңдай; арыстанша.

«Қиындықты жеңе білу»

Мақсаты: адамда қиыншылық кезеңдерді бастан кешіріп жеңе білуге үйрету.

Өту барысы: өмір – күрес, кейде қаунышты, жақсылық жағдайлармен бірге қиындықтар да кездеседі, соңғы кезде болған қиындық немесе шешуін таппаған мәселені еске түсіріңіз. Ол мәселені немесе қиындықты қалай жеңуге болады? Ойлануға он минут уақыт беріледі. Одан кейін ойлар ортаға салынып талқыланады. Музыка баяу ойнап тұрады. Бұл кезде жымиюды ұмытпаған абзал.

Қорытынды: бұл оқиғалар, қиындықтар тек бір адамның ғана басында емес, барлық адамдарда да болатынын ұғындыру. Одан қорықпай, шешімін дұрыс табуға, мәселеден шыға білуге баулиды. Оқушылардың айта алмай, шеше алмай жүрген мәселелері талқыланып, шешімінің табылуына көмектеседі.



«Тірек нүктесі»

Өз күшіңді сезінудің өзі күш береді.

Әр адамның бойында өзіне ішкі бостандық сезімі мен күшіне сенім білдіретін, яғни, өзі бағалайтын, өзіне ұнамды, өзі жақсы көретін қасиеттері жақсы жақтары болады. Оны біз тірек нүктесі деп атайық. Өйткені қиын сәттерде сол қасиеттер көмек береді.

Тапсырма: әр қатысушы өз бойындағы тірек нүктесін атайды. Қасиеттерін тіке сеніммен айтуы қажет. Алайда, бірақ, егер де мүмкін деген сөздерді қолданбауы керек. Ойлануға екі минут уақыт беріледі. Қатысушылардың, көрермендердің қатысушыларға өз пікірлерін айтуға құқығы жоқ. Оқушы бойындағы аталған жақсы қасиеттерге, яғни тірек нүктелеріне түсінік беруі міндетті емес. Оған сенудің өзі жеткілікті. Егер қатысушылар саны 7-8 адамнан тұратын болса, екі топ құрылады. Әуелі бірінші қатысушыларға сөз беріледі. Әр қатысушы екі минут сөйлейді. Барлығы айтып болғаннан кейін топпен пікірталас өткізу қажет. Пікірталаста әр қатысушы сөзінде не қайталанылады. Осы тапсырма барысында қандай сезімдерді бастан кешіргендері туралы талқылау қажет.

Қорытынды: бұл жаттығу оқушылардың өз бойындағы күшті жақтарын табуға ғана бағытталмаған. Сонымен бірге, өзі туралы жақсы пікірде болу әдеті қалыптасады. Сондықтан жаттығу барысында қатысушылар өз бойындағы қателіктері мен кемішілктерін айтпауын бақылап отыру қажет.



«Сыйлық»

Мақсаты: жақсы көңіл күйде отыру, сөздік емес қарым-қатынас құралдарын пайдалана білуге жаттықтыру.

Өту барысы: мимика арқылы көршісіне белгілі бір сыйлықты ұсынып отырғаныңды түсіндіру. Көршісі қандай сыйлық екенін тауып, рахмет айтуы керек.

25 дәріс



Тақырып: Білім беру мекемелерінде психолог жұмысының мазмұны мен формалары

  1. Психологиялық қызметтегі субъект-объектілі қарым-қатынастар

  2. Психологиялық қызметтің авторлық модельдері

  3. Балабақшадағы психолог жұмысының ерекшеліктері

  4. Интернаттық типтегі мекемеде мектеп психологы жұмысының спецификасы

Психологиялық қызметтегі субъект-объектілі қарым-қатынастар

Балаларды, ата-аналарды, педагогтарды психологиялық көмек берудің объектісі ретінде қарастыра отырып, психолог психикалық шынайылыққа ие және психологтың өзіне түрлі тәсілдер арқылы әсер етуге қабілетті адаммен жұмыс жасайтынын саналы түрде сезінеді. Субъект ретінде адам № болуы тиіс. Адамның субъектілігі психологпен қарым-қатынас деңгейінде және осы көмекті қабылдау тәсілдерінен, жаңа психологиялық статусты меңгеруінен көрінеді.

Өз әсерін қабылдайтын объектісін анықтай отырып, психолог мынаны естен шығармағаны жөн: өз бетімен шешілмейтін психологиялық проблемалар кез-келген адамда болуы мүмкін. Айырмашылығы: біреуінде көп болса, екіншісінде аз, біреу өз проблемаларын басқалармен бөліскісі келеді, екіншілері өз проблемаларымен жеке қалады, шешілмеген тұлғалық проблемалардың нәтижесі адамдарда түрліше болуы мүмкін. Психолог қызметінің объектісі – бала, психолог оның психикалық дамуының барысына жалпы бақылауды осы үрдістің нормативтік мазмұны мен кезеңдерге бөлуі жайындағы түсініктер негізінде жүргізеді. Психологиялық диагностиканың пәні – баланың психологиялық статусын белгілеу: психикалық қызметтері дамуының, тұлғасының, мінез-құлқының, темпераментінің ерекшеліктері. Негізгі жас кезеңдерінде, дамудың түрлі кезеңдерінде диагностикалық тексеру өткізу қажет.

Скрининг (қиылыстыру, салыстыру) негізінде тәуекел тобы анықталады. Олар психологтың ерекше көңіл бөлуін қажет етеді. Осы топқа қатысты психолог жұмыс жасаудың жалпы және арнайы формаларын (ынталандырушы психодиагностика, жас ерекшелік-кезеңді кеңес беру, сенім телефоны, жетістікке жетуге мотивациялау тренингі, себеп-салдарды сызбалар тренингі, мінез-құлықты ойын арқылы түзету, психологиялық жаттығулар және психотерапия, психопрофилактикалық әңгімелесу және кеңес беру) пайдаланады.

Психолог жұмыс жасайтын категориялардың бірі – ата-аналар. Мектеп тәжірибесін талдау көрсеткендей, ата-аналармен жұмыстағы кемшіліктерді екі тұрғыдан қарастыруға болады: бір жағынан, материалдық, мәдени, білімділік және психологиялық-педагогикалық деңгейі өсіп отырған қазіргі жанұяның тәрбиелік мүмкіндіктерін дұрыс бағаламау, екінші жағынан - жанұяның дағдарыстағы күйін, қиыншылықтары мен проблемаларын дұрыс түсінбеу.

Бұл жағдайда педагогтар мен ата-аналарда олардың тәрбиелік-білімділік қызметтеріне және ынтымақтастық әрекеттесуіне деген қате қатынас қалыптасады. Педагогтар ата-аналарға тым тар, тек тәртіп пен үлгірім аясынан шықпайтын проблемаларды ұсынуы мүмкін, менторлық позицияны ұстанады (бірақ олардың көбіне ата-аналардан үйренетін нәрсе көп болса да). Ата-аналар дәстүрлі психологиялық-педагогикалық ағартуға бейтарап қарайды, олардың есептеуінше, мұғалімдер оларды жете түсіне бермейді. Бұның бәрі конфронтация позициясын қалыптастырады: кім міндетті, кім жасауы керек, кімдікі дұрыс, кім кінәлі.



Осылайша, ата-аналармен жұмыс жедел өзгеруді талап етеді:

  1. Оны педагогтар мен ата-аналардың тұлғаны қалыптастырудағы жанұяның роліне деген психологиялық мақсатын, көзқарасын өзгертуден бастаған жөн: баланы жанұяға қайтару, жанұяға «үй академиясы» ролін, ата-аналарға негізгі тәрбиешілер ролін беру.

  2. Жанұяны, жанұя тәрбиесінің жағдайларын және ата-аналардың сұраныстарын ғылыми тұрғыдан диагностикалауды қарапайым диагностикалық сауалнамалардан бастап жанұяға тәрбие институты ретінде сипаттама берумен аяқтауға болады.

  3. Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жұмысқа деген дәстүрлі жағымсыз көзқарасын өзгерту қажет. Өкінішке орай, соңғы жылдары дисгармониялық жанұяға юасты назар аударылады. Бүгінде бақытты жанұяның үлгісін жасап, оны көпшілікке тарату қажет.Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланған дұрыс. Ата-аналар белсенділерімен жұмысты құра отырып, жанұяның қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін есепке алуды, ата-аналардың қоғамдық пікірін, ата-аналар ұжымының бейнесін қалыптастыруды жүзеге асыру керек. Қазіргі ата-ана мектептің міндеттерін, балалармен жұмыс жасауда мектептің жұмыс жоспарын, соңғы және жақын мақсаттарды біліп, түсіне алады. Сонымен бірге, олар педагогикалық жұмыстың кең тараған формаларын меңгеруі тиіс, өз құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс.

  4. Жанұяға жедел психологиялық-педагогикалық көмек қажет. Белгісіз орташа оқушы жайында айтылатын дәрістен алынған ақпаратты ата-ана пайдалана алмайды. Егер олардың сұрақтарына жауап алынса, онда бұл жұмыс жасайтын психология және педагогика. Бұл міндетті жанұялық кеңес беру, сенім телефоны, психологиялық көмектің көшпелі формасын арқылы шешуге болады.

  5. Ата-аналармен жұмыс практикалық, белсенді сипатқа ие болуы тиіс. Көпшілігі өз балаларын білместіктен емес, тәрбиелеудің жолдарын білмегендіктен дұрыс тәрбие бере алмайды. Жанұя тәрбиесінің технологиясын практикалық педагогикалық іскерліктерді, жанұялық қарым-қатынас дағдыларын, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық қырағылығындамытуға бағытталған жанұямен жұмыстың белсенді формаларына жүгінген дұрыс.

Психолог жұмыстанатын күрделі категориялардың бірі – педагог. Олар психологиялық қызметті түрліше қабылдайды: ынтымақтастыққа ұмтылу, қызығушылықпен, бейтараптықпен, сенімсіздікпен, сын көзбен, жек көрушілікпен. Психологтың жоғары деңгейлі құзыреттілігі, объективтілігі, жұмысының практикалық бағытталуы және нәтижелілігі ғана педагогқа педагогикалық ұжымда беделге иеленуге көмек бере алады. Ең алдымен тұлғаны психодиагностикалаудан бастаған жөн, себебі әрбір адам өзін-өзі тануға ұмтылады. Тәрбиешінің ерекшеліктерін зерттегеннен кейін ынталандырушы кеңестер берген жөн: мінез-құлықтың күшті жақтарына сүйене отырып, педагогикалық еңбекті қалай тиімді ұйымдастыруға болады. Нақты диагноз қою үшін психолог педагогты қарым-қатынаста, іс-әрекетте бақылауы тиіс. Ол үшін оқу-тәрбие үрдісін талдау қажет. Алғашқы уақытта бақылауды әкімшілік көмегімен жүргізген дұрыс. Бірақ педагог педагогикалық құбылыстарды өзіндік тұрғыдан бағалауға құзыретті. Педагогикалық ұжымның сұраныстарына жауап беретін психологиялық-педагогикалық ақпарат жүйелі түрде, сауатты және негізді ұсынылса, ол әрқашан қабылданады.

Психологиялық қызметтің авторлық модельдері

Білім берудегі психологиялық қызмет жайындағы ереже психологтың кәсіби қызметінің негізгі бағыттарын ғана белгілейді. Бұл жалпы ереже нақты білім беру мекемесінде ерекше белгілерге иеленеді және психологтың шығармашылығы, кәсіби шеберлігі аясында бірегейлікке ауысады. Осылайша, психологиялық қызметтің авторлық модельдері пайда болады.

Мектептегі психологиялық қызметтің кез-келген авторлық моделінде басымдылықтарды белгілеу, жүйелілік, өзгергіштік, жұмыстың алуан түрлі әдістері мен формалары, сабақтастығы болады. Модель адамгершілікті, экологиялық болуы тиіс., яғни әрбір баланың қайталанбастығын, бірегейлігін дәріптейтін, психологтың кәсіби және тұлғалық өзін-өзі жетілдіруіне, ұжым жасайтын тұжырымдаманың негізінде жасалуы. Сіздерге тұжырымдамалардың үлгілері ұсынылады: Қазіргі балабақшаның тұжырымдамасы (87 б.), Қазіргі мектептің тұжырымдамасы (90 б.), Санаторлық мектеп-интернаттың психологиялық қызмет моделі (93 б.)

Қараңыз: Овчарова Р.В. Практическая психология образования: учеб.пособие для студ.психол.фак.университетов / Р.В.Овчарова. – 3-е изд. – М., 2007.
Балабақшадағы психолог жұмысының ерекшеліктері

Педагогикада мектепке дейінгі жас баланың психикалық және тұлғалық дамуы бегілі деңгейге жетуімен сипатталады. Бұл кезең балаға мектептегі жүйелі оқуға көшуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Көп уақытқа дейін ата-аналар мен тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі баланың дамуына ерекше талаптар қоюды қажет деп есептемеді.

Педагогтар мен ғалымдардың есептеуінше, балалық шақ адам өмірінің іргетасы болып табылады. Психологиялық қолдаудың күрделі объектісі болып табылатын баланың тұлғалық және психикалық дамуының барысы мен сапасы үшін психолог кәсіби жауапкершілікке ие.

Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмысының спецификасы, ең алдымен, мыналармен байланысты:



  1. дамуында артта қалушылық, еркелік, агрессивтілік және т.б. мінез-құлықтың бейнелері арқылы жанама түрде ғана көрінетін өзінің проблемалары жайында бала өз бетімен ешкімге айта алмайды;

  2. психологиялық көмекті баланың өзі емес, педагогтар мен ата-аналар сұрайды;

  3. бала өз алдына саналы түрде мақсат қойып, оған қол жеткізе алмайды;

  4. кішкентай балалардағы рефлексияның қалыптаспауы баламен «қазір және осында» жұмыс жасау қажеттілігін тудырады;

  5. бала психологпен қызықты болған жағдайда ғана жұмыстанады;

  6. бала – дамушы тұлға, бұл психикалық функцияларды дамытумен қатар дамудағы ауытқушылықтарды жеңумен жұмыстануды қажет етеді;

  7. мектепке дейінгі жасқа дейінгі баламен дамытушы жұмыс кейбір психикалық процестерді арнайы дамыту принципі бойынша емес, оның дамуы жүретін баланың заттар, адамдар және қарым-қатынастар әлемімен жан-жақты және толық, жалпы танысуына бағытталған;

  8. балалар ересек адамдармен біріккен іс-әрекетке түсуді қажет етеді;

  9. баламен жұмыс оның тек өзекті даму аймағында емес, жақын даму аймағында да жүргізілуі тиіс.

Балалар психологының балабақшадағы негізгі жұмыс бағыттарын қарастырсақ.

Дәріс 30. Психологтың кәсіби қызмет әдебі.

1. Психологтың кәсіби әдебінің ұстанымдары.

2. Психолог қызметінде ұстанымдардың сақталуы.

Психологиялық кеңес – жекелеген сұрақтарды шешу, проблеманы талдау, нұсқау беру мақсатында өткізілетін арнайы ұйымдастырылған психологтың әңгімелесуі. Кеңес психологтың негізгі қызмет түріне жатады. Мектептегі психолог кеңесі ғылыми негізге байланысты төмендегідей ұстанымдарға сүйенеді.



Жарияламау ұстанымы. Мектеп психологы алынған мәліметті жарияламауға тиісті. Кеңес тек екі адамның арасында ғана қалуы тиіс. Кеңес көтерген проблема мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен, ата-аналармен талқыға түспейді.

Бейтараптық ұстанымы. Психолог жоспарланған кеңеске әзірленген кезде бейтарап қарым-қатынас ұстануы тиіс. Өйткені кеңеске қатысушы (ата-ана, оқушы, мұғалім және т.б.) туындаған қиындықты өздері сезініп, бір-бірін түсінуге тырысуы қажет. Психолог бейтарап кеңесші, оларды алушы, не қатаң үкім айтушы кейпінде болуына болмайды.

Әр адамның өзіне жекелей кеңес беру ұстанымы. Егер психолог жеке адамның өзіне кеңес берсе, оның нәтижесі тиімді болса, болады. Ал енді кеңеске оқушы атынан ата-анасы, мұғалімі, досы т.б. келсе, кеңестен күтілген нәтиже де төмен болады.

Кәсіби табандылық ұстанымы. Егер клиент қарсы болса, оны зорлап көндіруге де болмайды, бұндай кеңес табыссыз болады.

Мектеп психологы кеңес кезінде түрлі ситуацияға тап болады. Оның екі түрі болады. Бірінде клиент өзі келеді, екіншісінде оны ата-анасы, мұғалімі т.б. алып келеді. Мұндай жағдайда психолог не істеуі керек? Кеңесті өткізе ме, әлде өткізбей ме? Бұл жағдайда психолог берілген ситуацияға көңіл бөлгені жөнінде мәлімет жинау барысында тез арада клиентпен кеңесу қажет десе, оны шақыртып та кеңес жүргізе алады. Сонымен бірге қатысты деген адамдарды да өз құзыреттілігін пайдалана отырып шақырта алады. Мысалы балаға жанұяда зорлық-зоибылық көрсетілсе, нерв жүйесі бұзылса, ата-ана не мұғалім шақырылады. Не болмаса балаға қауіп төнгені сезілсе,баланың ерекше қабілеті анықталса, ең жақын адамдарын щақыртып кеңесуге психологтың толық құқығы бар.



Әдебиеттері:

  1. Социальный педагог в школе. Л.Е. Никитина. М., 2003.

  1. Социальный педагог в школе. О.В.Белоусова, О.В.Галстукова; УЦ Перспектива, М.2008.

  2. Методика и опыт работы социального педагога. Ю.В.Василькова. М.,АСАДЕМА. 2004.

  3. Социальный педагог введение в прфессию. Басов Н.Ф., Басова В.М., Кравченко А.Н. М., Академия,2007.

  4. Социальный педагог в образовательном учереждении. Уч.-методическое пособие. М., Педагогическое общество России, 2007.

  5. Методика и технологии работы социального педагога.Под.ред.Г Галагузовой М.А., Мардахаева Л.В.М.,Академа, 2004.


  1. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ






Тақырып

Семинарлық сабақ мазмұны

апта

Әдеб Әдебиеттер.

1.


Психолог қызметіндегі практикалық психологиялық жұмыс.

  1. Практикалық психологиялық жұмыстың мақсаты.

  2. Практикалық психологияның негізгі тұлғалары.

  3. Практикалық психологиядағы негізгі іс- әрекет түрлері: психологиялық кеңес, психологиялық ағату, түзету және дамыту жұмысы.

1

1. 7-14б.

2. 8-13б.

3.5-12б.



2.


Бүгінгі психолог қызметіндегі бағыттар.



  1. Әлеуметтік қызметіне сипаттама.

2. Педагогикалық қызметіне сипаттама.

3. Әлеуметтік-психологиялық қызметіне сипаттама.

4. Медициналық-әлеуметтік қызметіне сипаттама.

5. Түзету-дамыту қызметіне сипаттама



2

3.14-16б.

4. 27-33б.

6. 71-78б.


3.

Мектеп психологының педагогикалық ұжыммен жұмыс жасау әдістемесі.


Мектеп психологының педагогикалық ұжыммен жұмыс жасау әдістемесі.


3

5. 17-20б.

6. 23-32б.





4.

Қазіргі әлеуметтік психология.



XIX ғасырдың аяғындағы іргелі әлеуметтік психологиялық теорияларды атаңыз.

2. Қандай ғалымдардың еңбегі психологиялық ғылымда әлеуметтік психологиялық саланың бөлінуіне бастау болды?

3. Эксперименталды әлеуметтік психология.

4. Қолданбалы әлеуметтік психология дамуы.

5. Әлеуметтік психологтың позициялары.

6. Өндірістегі психологияның қызметі.

7. Жанұя психологияның бағыттары.


4


1.59-74б.

79-82б.


3.67-71б.

7. 112-12б.





5.

Мектеп психологының ата-аналармен жұмыс жасау әдістемесі.


Мектеп психологының ата-аналармен жұмыс жасау әдістемесі.


6

1.102-114б.

3.92-96б.

7. 89-98б.


6.

Жоғары класс оқушыларына кәсіби бағдар берудегі әлеуметтік- педагогикалық технология.

Кәсіби бағдар берудегі әлеуметтік- педагогикалық қызмет.

Кәсіби өзін- өзі анықтаудағы әлеуметтік- педагогикалық қызмет моделі.



6

1.102-114б.

3.92-96б.

7. 89-98б.



7.

Мектеп психологының оқушыға мінездеме беру әдістемесі.

Мектеп психологының оқушыға мінездеме беру әдістемесі.


7

1.116-127б.

3.101-106б.

7.100-104б.


8.

Мүмкіндігі шектелген балалар тәрбиеленетін отбасылары

мен жүргізілетін әлеуметтік- педагогикалық жұмыс технологиясы.



Мүмкіндігі шектелген балалар категориялары және оларға көмек ету.

Отбасының әлеуметтік- рөлдік бейімделушілік деңгейлері.

Реабилитациялық мәдениет компоненттері.


8

1.128-146б.

3.108-111б.

7. 108-110б.

8. 79-83б.




9.

Дарынды балалармен әлеуметтік педагог жұмысы


1.Дарындыбалалардың психофизиологиялық ерекшеліктері.

2.Отбасындағы дарынды бала.

3.Әлеуметтік педагогтың жұмыс әдістері.



9

3.112-1115б.

4.47-59б.





10.

Интернат және приют мекемелеріндегі әлеуметтік педагог жұмысы.

Интернат типтегі мекемелер.

Әлеуметтік приюттер.

Отбасылық үлгідегі балалар үйі.


10

3.116-119б.

4. 51-56б.




11.

Толық емес жанұядағы қиын балалар мен жасөспірімдермен жеке тәрбие жұмысының әлеуметтік педагогикалық технологияның стандарттары мен әдістемесі.

Бірінші кезең: қажеттілікті анықтау,

11

1.151-163б.

2.96-98б.

5.94-102б.

6.110-113б.



12.

Өзара көмек ету топтарын ұйымдастыру әдістемесі

1.Өзара көмек ету топтарына сипаттама.

2.Топтағы өзара әсерді қамтамасыз ету жағдайлары.



12

1.164-165.

3.121-123б.

8. 192-195б.


13.

Әлеуметтік педагогтың кәсібилігі мен шеберлігі.12 (6-15)


Әлеуметтік педагогтың кәсіби сапалары.

Әлеуметтік педагогтың кәсіби міндеттері.

Педагогикалық қабілеттер.

Педагогикалық шеберлік.



13

2.101-105б.

7.164-169б.



14

Көше жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы.


Көше жұмыстарын ұйымдастыру.

Негізгі міндеттер мен принциптер.

Көше жұмыстарындағы дәстүрлі көмек ету формалары.


14

1.166-172б.

6.216-220б.



15.

Әлеуметтік- педагогикалық қызметті жоспарлау және жобалау

Жобалау. Жобалау үрдісінің кезеңдері.

Жоспарлау. Жоспарлау принциптері.

Әлеуметтік-педагогикалық қызметті бақылау және есеп беру.


15

1.176-181б.

4.79-89б.

7.240-248б.


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау