538
халықтарының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға
бағытталған шараларды қабылдау керек», – делінген.
Қазақстанның ұлттық құрамы, демографиялық кескiнi басқа елдерге
қарағанда бiршама күрделi болғандықтан, ұлттық мемлекет, ұлттық бағдар,
ұлттық тәрбие, ұлттық идеология сияқты мәселелер әлi де болса толық шешiмiн
таба алмай жатыр. Себебi, Қазақстан көп этносты мемлекет болғандықтан, сол
барлық кең ұлт пен ұлыс өкiлдерiнiң мүддесiн ұштастыратын сананы
қалыптастыру, қазiргi кезеңдегi ең үлкен мәселе. Ұлттық тiлдi дамыту, ұлттық
тарихты жаңғырту, салт-сана, әдет-ғұрыпты қалпына келтiру тағы да басқа
көптеген мәселелер үлкен көңiл аударуды қажет етуде. Осы тұрғыдан алғанда
іске асырып жатқан «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламаның алар
орны мен рөлі орасан зор.
Соңғы жылдары алыс - жақын шет елдермен қарым-қатынас жасаудың
жиiлеуi, жастарымыздың шет ел университеттерiнде бiлiм алуы, қоғам дамуына
әртүрлi әсер етуде.
Яғни, жақсы жақтары көп, себебi жастарымыз жоғары деңгейде бiлiм
алуда, басқа елдердiң мәдениеттерiмен, салт-дәстүрлерiмен танысуда, шет ел
тiлдерiн жетiк меңгеруде. Ал нашар жақтары: iшiмдiк iшу, темекi шегу, есiрткi
қолдану, оңай олжаға құнығу т.б. Әсiресе рэкет, жезөкшелiк, рұқсатсыз қару-
жарақ қолдану, тастанды балалардың санының артуы, ақша фетишизміне бой
ұру сияқты терiс қылықтардың көбеюi. Шет ел мәдениетiнiң жақсы жағынан
гөрi, жаман жағының артуына рұқсатсыз әкелiнiп жатқан видеофильмдердiң де
әсерi мол. Басқа да бұқаралық ақпарат құралдары: теледидар, баспасөз, радио,
кино, жарнамаларда өз үлестерiн қосуда, яғни, олар «озық батыс мәдениетi» деп
қатыгездiктi, нәпсiнi, жауыздықты, өзiмшiлдiктi дәрiптейтiн «өнер үлгiлерiн»
көптеп көрсетiп, табыс көзiне айналдыруда.
Әрбiр тарихи дәуiр өзiне тиесiлi болмысымен айрықша ерекшеленедi.
Осы ерекшелiк адамзат қоғамын жаңа әлеуметтiк тәжiрибелермен толықтырып
отырады.
Қазақтың
рухани
әлемi
бүгiнде
қол
жеткiзiп
отырған
тәуелсiздiгiмiздiң қайнар бұлағы. Осы орайда
ұлттық
тәрбие,
ұлттық
құндылықтар туралы айтатын болсақ, бұл екi мәселеде ұлттық мәдениетпен
тiкелей байланысты. Ал ұлт мәдениетi – бүкiл дүниежүзiлiк мәдениет атауының
өзiндiк «iшкi» қасиетi. Ол бұрыннан келе жатқан мәдени дәстүр. Қазақ
мәдениетiнiң дамуын күллi адамзат мәдениетi тарихымен байланысты түрде
бiртұтас әлеуметтiк үрдістің бөлiнбес бiр буыны ретiнде қарағанымыз жөн.
Жекелеген елдердiң ұлттық мәдениетi өзiнiң даму үрдісінде ұлттық нақышын
жоймай, әлемдiк мәдениетке дейiн көтерiледi. Бүгiнде заман талабына сай күн
тәртiбiне қойылып отырған мәселелердiң бiрi - тарихымызды, мәдениетiмiздi
қайта жаңғырту, өткенге жаңаша көзқараспен қарау арқылы ұлттық идея
мазмұнына соны серпіп беріп, «ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ» атты қасиетті ұғымға
шынайы жан бітіру. Ал, бұл дегенің,
ұлттық
игіліктер мен
ұлттық
құндылықтарды електен өткізіп, саралап-саптап, ұлттық тәрбиенің алтын
діңгегіне айналдыру болып табылады.
Тәрбиенің түрлері көп – еңбек тәрбиесі, әскери тәрбие, адамгершілік
тәрбие, эстетикалық тәрбие, тағысын тағылар. Осылардың ішіндегі ең бірінші
тұрған, орны бөлек тәрбие – рухани тәрбие.
539
Қазақстанның болашағын ойласақ, осы мәселені алға шығарған жөн.
Рухани тәрбиені жастардың бойына тереңдетіп енгізбей, ұлттық идеология
туралы сөз қозғау артық. Осы жерде бұрын - соңды айтылған даналық сөздер
мен пікірлерге тоқтағанымыз жөн. Мысалы, Ежелгі гректің ойшылы Эпиктет:
«Кереметтің
кереметі – жақсы тәрбиеленген адам» дейді.
Ал, тәрбие
теориясына байланысты Әл-Фарабидің мынандай бір ойлы сөзі бар: «Адамға ең
бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз алған білім – адамзаттың қас жауы.
Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі». Я. А. Коменскийдiң ойынша
ұйымдық тәрбиенiң негiзгi ошағы отбасы дәстүрi мен тәрбиеленушi оқушылар
қауымдастықтары – ата-баба тағлымдарынан бастау алғанда ғана, оларға бiлiм
берудiң тиiмдiлiгi мен сапалылығы және қоғам үшiн қажеттiлiгi арта түседi деп
санаған. Ал Мағжанның тілімен айтсақ: «Тәрбие, кең мағынасымен алғанда,
қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне
көмек көрсету деген сөз». Ал, біз осы «жан иелеріне» керекті азықты дер
кезінде немесе қаншалықты мөлшерде дұрыс берілуін қадағалаймыз ба? Білім
нәрін бойына сіңірген ұрпақтар, сонымен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтары
мен ұлт тағдырын тереңінен таразылап, болашағын мейлінше болжау қабілетіне
ие болатын тұлға ретінде танылуы хақ.
Біздің қазіргі жастардың біліміне мен шүбә келтірмеймін. Білім беру
саласындағы үлкенді – кішілі кемшіліктерге қарамастан, бүгінгі жастар өз
мімкіндіктерінше білім алуда. Шет елдерде оқып, білімді шет ел жастарының
өздерінен артық меңгерген қазақ балаларын да білемін. Бірақ, солардың біздің
еліміздің болашағына пайда келтіреріне күмәнім бар. Олардың көпшілігі шет
елдегі оқуларын тәмамдап, елге оралады, бірақ бұл ортаға сыйыса алмайды.
Еуропадан оқып келген біраз жастардың ішінде қайсыбіреулері елге келіп, біраз
қызмет істеп көріп, артынан сол оқыған жақтарына қайта кетті. Бұған негізінен
олар кінәлі емес. Оларға жастайынан рухани тәрбие беріп, отансүйгіштікке
баулымаған өзіміз кінәліміз. Олар мектеп қабырғасында қажетті тәрбиені
алмағандықтан, мұндағы ортаға сіңбеді. Кезінде Міржақып Дулатов, Мұстафа
Шоқайлар да шет елдерден білім алды емес пе. Бірақ олар сол білімдерін өз
елінің кәдесіне жарату үшін, халқына қызмет ету үшін оқыды. Сонда сол
замандағы жастар мен бүгінгі жастардың айырмашылығы неде деп ойлайсыз?
Ол заманның балалары рухани тәрбиені жастайынан өз елінде, жұртында
қабылдады. Өз тілі мен ділін, поэзиясын, халқының тарихын, мәдениетін
бойына сіңіріп өсті.
Сондықтан, олар ешқайда өздеріне жайлы жер іздеп кетпей, өзінің туған
ортасына оралды. Тәрбие деген осы. Ал қазіргі жастарға келсек, жастайынан
шет тіліне бейімделіп, басқа елдердің дәріс беру әдістемелері бойынша сол
елдердің тарихын, мәдениетін жетік біліп шығады. Сөйтіп, олар туған елінен
гөрі басқа елдердің мәдениетін, экономикасын жақсы біліп өсті. Осылайша біз
балаларымызды басқа мемлекеттерге жұмыс істейтін қылып тәрбиеледік.
«Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе», - деп Мұхтар Әуезов бекер айтпаған
болар. Жастарды шет елдерге білім алуға аттандырмас бұрын, оны патриот
қылып тәрбиелеп алу керек. Оларды алдымен елін, жерін, Отанын қастерлеп –
қадірлеуге бой алдыруын баулу қажет –ақ. Содан кейін, өз Отанының қажетіне
жарау үшін, қалтқысыз қызмет ету үшін білімін жетілдірсін. Қазіргі бір