Бөлшектенудің өзіне сай сипаты онда клеткалардың айтарлықтай өсімі болмауымен түсіндіріледі. Сондықтан бұл сатының биологиялық мәні ірі клеткадан (жұмыртқа клеткасы) цитоплазманың ядроға қатынасы төмен кішірек клеткалардың пайда болуымен сипатталады. Нәтижесінде бластомерлердегі цитоплазмалық жиынтықтардың көрінісінің өзгерісі жүреді, ол ядро үшін жаңа цитоплазмалық орта жасайды. Зиготаның бөлшектенуі бластула (грекше blastos — өскін) деп аталатын көп клеткалы құрылымның қалыптасуымен аяқталады. Бұл құрылым бластодерма деп аталатын клеткалардың бір қабатынан тұратын көпіршік формалы болады. Енді бұл клеткаларды эмбриональды деп атайды Көлемі жағынан бластула жұмыртқа клеткасына ұқсас. Бөлшектену кезінде ядролардың саны өседі, ДНҚ-ның жалпы көлемі ұлғаяды. Бластула сатысының аяғында, сонымен қатар мРНҚ мен тРНҚ-ның аздаған мөлшері синтезделеді, бірақ жаңа рибосомалар мен рибосомалық РНҚ гаструляция басталғанға дейін табылмайды, ал табылып жатса, онда ол өте аз мөлшерде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |