Графика. Орфография. Орфоэпия


[:]  (созылыңқылық) таңбасымен  б у н а қ т ы т о п т а р д ы ң



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет133/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

[:] 
(созылыңқылық) таңбасымен 
б у н а қ т ы т о п т а р д ы ң, 
екпін түскен буынын таңбалады. Әдетте бунақты топтар лексикалық бір 
сөзден немесе барлық буын саны үшеу болатын сөз тіркесінен, біріккен 
сөзден тұрады (мысалы, 
боз жорға – [божжорға:], қан қызыл –
[қаңғызы:л], бойтұмар – [бойтұма:р
] және т.б). Сондықтан осы ұғымды 
фонетикалық сөз деп атамай, бунақты, яғни екпінді топ түрінде көрсетуді 
жөн санадық. Мысалға алынған мәтін үзіндісінің бірінші сөйлемінде 5 топ, 
екінші сөйлемде – 17 бунақты топ бар. 
Ал сөз ағымындағы 
ы р ғ а қ т ы т о п т а р ы н
құрайтын сөз 
бөліктерінің басы «доға» таңбасымен біріктірілді де, олар өзара / «таяқша» 
таңбасымен ажыратылды. Ырғақты топтың екпіні бунақты топ екпініне 
қарағанда сәл де болса жоғары шамалармен ерекшеленеді. Сондықтан біз 
ырғақты екпінді [::] таңбасымен көрсеттік, сонымен бірге ырғақты топтар 
кейде бір, кейде бірнеше бунақты топтардан құралуы мүмкін, демек 
олардағы буын саны үштен артық болады. Мәтіндегі бірінші сөйлемді – 3, 
екінші сөйлемде – 8 ырғақты топ бар. 
Бунақты топтар мен ырғақты топтардың ара жігі бір-бірінен екпін 
түскен буын арқылы немесе әуеннің сынуы, яғни көтеріліп, күрт төменнен 
басталуы, сондай-ақ төмендеп күрт көтерілуі арқылы ажыратылады, бірақ 
олардың ара жігінде дауыс үзілмейді, яғни кідіріс болмайды. 
Ал сөз ағымының синтагма, сөйлем сияқты бөліктерінің ара жігін бір-
бірінен дауыстың үзілуі-кідіріс арқылы айқындалады. Мысалда синтагмалар 
ара жігі // «қос таяқша» таңбасымен көрсетілді. Демек 
синтагма
кідіріс 
арқылы бөлінген, синтагмалық екпін арқылы (таңбасы – [:::]) ұйымдасқан 
сөз ағымының бөлігі. Бұл жерде айта кететін жайт кідіріспен бөлінген сөз 
бөлігінің барлығын синтагма деуге болмайды. Себебі сөйлеуші кейде 
ұмытып қалған сөзін еске түсіру үшін де, кейде толғанысын білдіру үшін де 
кідіріс жасауы мүмкін. Сондықтан да синтагманы ажыратудың мағыналық 
жағы бар екенін еске саламыз. Мәселен, синтагма болу үшін сөз ағымы 
бөлігінде қандай да бір мағыналық көрініс болу керек. Синтагма біріккен 
сөздер сөйлемде бейнеленген тиянақты ойдың ақиқат өмірдегі көрінісінің бір 
қырын, бейнесін таңбалау керек, Мысалы, бірінші сөйлемдегі екі ырғақты 
топтан тұратын 
Қырғызстан презинденті Асқар Ақаев
және бір бунақты 
топтан тұратын алпыста синтагмалары тиянақты ойдың – объективті 
өмірдегі қандай да бір оқиғаның ақиқаттағы бір-бір көріністерін бейнелеп 
тұр. Бұлардың мазмұнында аяқталған ой болмағанымен, құбылыстың, 
тұлғаның, заттың бейнесі, сипаты, әрекеті көрініс табады. 
Сонымен синтагма сөз ағымының мағыналық сипаты бар, сапалық 
жағынан жаңа деңгейдегі бірлігі екен. Синтагмалар бунақты топтар мен 
ырғақты топтардан құралып, құрамындағы буындары синтагмалық екпін 
түскен буын айналасында ұйымдасады екен. Сондай-ақ синтагмада қандай да 
бір интонация көрініс табады. Егер бунақты топтар мен ырғақты топтарда 


интонация бірлігі айқын байқалмайтын болса, сөз ағымындағы синтагмалар 
белгілі бір интонациямен айтылады, яғни олар не тиянақты, не тиянақсыз, 
оның ішінде сұраулы, хабарлы, санамалау, лепті, қыстырма сөз, қаратпа сөз 
интонацияларының бірімен айтылады. Мысалдағы мәтіннің бірінші сөйлемі
– 2, екінші сөйлемі – 3 синтагмадан құралған. 
Енді сөз ағымының үлкен бөлігі 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау