8 Білім беру ортасына қойылатын талаптар
8.1 Жоғары оқу орны оқу үдерісін алынған лицензияға сәйкес ұйымдастырады және лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы қажет.
8.2 ЖОО білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, білікті профессор-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет және басқа да ақпараттық қорлармен, басқа қаладан келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз етеді.
8.3 Материалдық-техникалық және оқу-лабороториялық базаға қойылатын талаптар:
ЖОО-ның материалдық-техникалық жабдықталуы оның техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталуы қажет.
ЖОО-да санитарлық талаптарға сай келетін, оқу сабақтарын екіден кем емес ауысымда өткізуге қажетті аудиториялық қордың негізгі көлемі және қосымша бөлмелер болуы керек.
Тіл және тіл пәндері бойынша оқу сабақтарын өткізу үшін, сондай-ақ, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін ЖОО-да лингафон кабинеттері мен басқа да құрал-жабдықтар толық мөлшерде болуы керек.
ЖОО-да оқу сабақтарын кестеге сәйкес толық көлемде жүргізуге және студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін интерактивті тақта, соңғы буындағы компьютерлік кластар болуы керек.
Мамандықтардың жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған білім бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ЖОО-да түрлі тапсырмалармен (виртуальды лабороторияны қосқанда) қамтамасыз етілген оқу-лабораториялық құрал-жабдықтар, оқу бағдарламаларының тиісті тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беретін бағдарламалық жабдықтар болуы керек.
8.4 ЖОО әр студент оқитын мамандығының бағытына сәйкес жоғары білімнің жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған кәсіби практикалардың базасымен қамтамасыз етеді.
8.5 ЖОО-ның кадрлық құрамына қойылатын талаптар лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын квалификациялық талаптармен анықталған.
8.6 Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Жоғары білім бағдарламасын жүзеге асыру әрбір студентті ақпараттық ресурстармен және кітапхана қорымен, барлық модулдер, пәндер және сабақ түрлерімен – практикумдер, курстық және дипломдық жобалар, кәсіби тәжірибеден өту, студенттің өзіндік жұмысымен, сондай–ақ көрнекілік және аудио-видеоқұралдармен қамтамасыз етеді.
ЖОО студенттерді оқу, ғылыми, ақпараттық базаларымен қатар электронды кітапханаларда орналастырылған халықаралық ақпарат көздерімен де қамтамасыз етеді.
Кітапхана қорында әлеуметтік және қоғамдық пәндердің соңғы 5 жылдағы; жаратылыстану, техникалық, ауылшаруашылық және басқа да пәндердің соңғы 10 жылдағы негізгі оқу құралдарының басылымдары болу керек.
Электронды және магнитті тасымалдаушылардағы оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуі институттар, жоғары мектеп, жоғары училищелер үшін – мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің кем дегенде 10 %, академиялар, консерваториялар үшін – мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің кем дегенде 15 %, университеттер үшін - мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің кем дегенде 20 % болу керек.
Студенттердің келтірілген контингентіне қатысты оқытудың толық цикліне арналған оқу және ғылыми әдебиеттің қоры басылымдардың 140 бірлігінен кем болмауы тиіс. Сонымен қатар қазақ және орыс тіліндегі басылымдар көлемі оқытылатын тілдер бойынша оқушылар контингентіне пропорционалды болуы тиіс.
Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамсыздандыру студенттердің өзіндік жұмыстарына күш салумен жүзеге асырылады.
9 Түлектердің дайындық деңгейіне және оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптар
9.1 Оқытудың нәтижелері құзыреттілік арқылы көрінеді және оқытудың 1 деңгейіндегі (бакалавриат) Дублиндік дескрипторларға негізделіп жобаланады.
Бірінші деңгейдегі дескрипторларда мынадай қабілеттердің болуы қарастырылған:
сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;
дәйектемелер құрастыру және оқыған саласындағы проблемаларды шешу;
әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру;
ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау.
9.2 Жоғары білімнің жалпы компетенциялары жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнаулы құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады.
9.3 Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімі болуы керек;
кәсіби қызметтің және кәсіби шығармашылықтың жалпы әдістемесін меңгеруі керек, заманауи техниканы қолдану дағдысы болуы қажет, кәсіби қызметінде ақпараттық технологияны қолдана білуі керек;
күнделікті кәсіби қызметке және білімді магистратурада жалғастыруға қажетті жаңа білім алу дағдысын игеруі керек.
9.4 Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:
қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білуі және өзінің кәсіби қызметінде соларға сүйенуі керек;
іскери этика нормаларын сақтауы, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеруі керек;
Қазақстан халықтарының дәстүрі мен мәдениетін білуі керек;
әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне төзімділікпен қарауы керек;
Қазақстан заңнамасының және құқықтық жүйесінің негіздерін білуі керек;
Қоғамның әлеуметтік дамуының тенденцияларын білуі керек;
түрлі әлеуметтік жағдайларды дұрыс бағыт ұстана білуі керек;
командада жұмыс істеуге қабілетті болып, өзінің көзқарасын қорғай біліп, жаңа шешімдер ұсына білуі керек;
келісімге келе біліп, өз пікірін ұжым пікірімен байланыстыруы керек;
кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылуы керек.
9.5 Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар:
экономикалық білім негіздерін игеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.б. жөнінде ғылыми түсінігі болуы керек;
экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың ролін білу және түсіну.
9.6 Өзгерістер мен белгісіздіктердің өсіп отырған динамизмі жағдайында географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа, әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рольдердің ауысуына дайын болуға қойылатын талаптар:
- заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы қарқынды түрде ауысып отырған құбылыстар мен үдерістерге бейімделе білу;
кәсіби қызметке байланысты түрлі жағдайларларда икемді де ұтқыр болу;
белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы шешімдер қабылдау дағдыларына ие болу.
9.7 Жоғары білімнің әр мамандығына жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның арнайы сұраныстарын ескере отырып арнайы құзіреттер жасалынады.
9.8 Ең аз міндетті мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі аясында алынған білім деңгейі әртүрлі бақылаумен қамтамасыз етіледі.
9.9 Студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау және олардың пәндер циклі бойынша немесе жеке пәндер бойынша білімін бағалау регистратор офисінде (бөлімінде, секторында) оқу үдерісінің аралық кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) жүргізіледі және білім берудің қорытынды нәтижесіне бағытталуы керек.
Түлектердің білімін, іскерлігін, дағдысын және біліктілігін бақылау оларға қорытынды аттестация жүргізген кезде іске асырылады.
9.10 Жоғары білім бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесі және (немесе) біліктілік беріледі және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.
1-қосымша
Бакалавриаттың білім бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқыту мерзімі 4 жыл)
№
|
Қызмет түрлері
|
Кредиттер саны
|
Апталар саны
|
Сағаттар
мен берілген жалпы көлемі
|
Оның ішінде
|
Орташа апталық жүктеме
|
аудиториялық
|
СӨЖ
|
1
|
Теориялық оқу (1:2)
|
129
|
105
|
5805
|
1935
|
3870
|
55,3
|
2
|
Дене тәрбиесі (4 семестр) (2:0)
|
8
|
60
|
240
|
240
|
-
|
4,0
|
3
|
Қорытынды аттестация (1:6), соның ішінде:
|
3
|
6
|
315
|
45
|
270
|
52,5
|
- мемлекеттік емтихан (1МЕ үшін)
|
1
|
2
|
105
|
15
|
90
|
52,5
|
- диплом жұмысын жазу және қорғау
|
2
|
4
|
210
|
30
|
180
|
52,5
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
140
|
111
|
6360
|
2220
|
4140
|
-
|
4
|
Кәсіби практика, соның ішінде:
|
6
|
5-11
|
150-330
|
30
|
120-300
|
30,0
|
- Оқу (1:0)
|
2
|
1
|
30
|
30
|
-
|
30
|
- Педагогикалық (1:1)
|
4
|
4
|
120
|
-
|
120
|
30
|
- Өндірістік (1:4)
|
4
|
10
|
300
|
-
|
300
|
30
|
5
|
Каникулдар (4х7 апта)
|
-
|
71-65
|
-
|
-
|
-
|
-
|
6
|
Емтихан сессиясы (7х3 апта)
|
-
|
21
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
БАРЛЫҒЫ (52 апта х 4 жыл = 208)
|
146
|
208
|
6510-6690
|
2250
|
4260-4440
|
|
Ескерту:
Бакалавр деңгейін алу үшін студент мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа теориялық оқудың 129-дан кем емес кредитін және кәсіби практиканың 6-дан кем емес кредитін игеруі тиіс.
Мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, диплом жұмысын жазу және қорғауға -2 кредит жоспарланған.
Практикаға бөлінетін кредиттердің саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте бакалавриаттың барлық мамандықтары үшін көлемі 2 кредит оқу тәжірибесі, сонымен бірге жалпы көлемі 4 кредиттен кем емес педагогикалық және/немесе өндірістік тәжірибе жоспарланады.
Дене тәрбиесі бойынша сабақтар мен қорытынды аттестацияның (сағаттармен) жалпы көлемі студенттің апталық жүктемесіне енбейді.
Қызмет түрлері бойынша апталар саны өзгеруі мүмкін, бұл ретте орташа апталық жүктеме 57 сағаттан аспауы тиіс. («Дене тәрбиесі» пәнін есептемегенде)
Каникулдың ұзақтығы оқу жылында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан жоғары каникулдық уақытты жоғары оқу орны өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
Жазғы семестр, оқытудың қосымша түрлері (әскери дайындық) каникул есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.
Диплом алдындағы тәжірибе мамандықтың МЖМБС-ында жоқ болса, оны қажет болған жағдайда жоғары оқу орны өздігінен каникулдық уақыт есебінен жоспарлай алады.
2-Қосымша
Жоғары арнаулы білім бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы
(оқыту мерзімі 5 жыл)
№
|
Қызмет түрлері
|
Кредиттер саны
|
Апталар саны
|
Сағаттар
мен берілген жалпы көлемі
|
Оның ішінде
|
Орташа апталық жүктеме
|
аудиториялық
|
СӨЖ
|
1
|
Теориялық оқу (1:2)
|
161
|
135
|
7245
|
2415
|
4830
|
53,7
|
2
|
Дене тәрбиесі (4 семестр) (2:0)
|
8
|
60
|
240
|
240
|
-
|
4,0
|
3
|
Қорытынды аттестация (1:6), соның ішінде:
|
3
|
6
|
315
|
45
|
270
|
52,5
|
- мемлекеттік емтихан (1МЕ үшін)
|
1
|
2
|
105
|
15
|
90
|
52,5
|
- диплом жұмысын жазу және қорғау
|
2
|
4
|
210
|
30
|
180
|
52,5
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
172
|
141
|
7800
|
2700
|
5100
|
30,0
|
4
|
Практика:
|
6
|
11
|
330
|
30
|
300
|
30,0
|
- Оқу (1:2)
|
2
|
1
|
30
|
30
|
-
|
30
|
- Клиникалық, өндірістік (1:4)
|
4
|
10
|
300
|
-
|
300
|
30
|
5
|
Каникулдар
|
|
81
|
|
|
-
|
|
6
|
Емтихан сессиясы (9х3 апта)
|
|
27
|
|
|
-
|
|
|
ВСЕГО (52 апта х 5 жыл = 260)
|
178
|
260
|
8130
|
2730
|
5400
|
|
Ескерту:
Біліктілік деңгейін алу үшін студент мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден бақа теориялық оқудың 161-дан кем емес кредитін және кәсіби практиканың 6-дан кем емес кредитін игеруі тиіс.
Мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, диплом жұмысын жазу және қорғауға - 2 кредит жоспарланған.
Практикаға бөлінетін кредиттердің саны 6-дан кем болмауы тиіс.Бұл ретте бакалавриаттың барлық мамандықтары үшін көлемі 2 кредит оқу тәжірибесі, сонымен бірге жалпы көлемі 4 кредиттен кем емес педагогикалық және/немесе өндірістік тәжірибе жоспарланады.
Дене тәрбиесі бойынша сабақтар мен қорытынды аттестацияның (сағаттармен) жалпы көлемі студенттің апталық жүктемесіне енбейді.
Қызмет түрлері бойынша апталар саны өзгеруі мүмкін, бұл ретте орташа апталық жүктеме 57 сағаттан аспауы тиіс. («Дене тәрбиесі» пәнін есептемегенде)
Каникулдың ұзақтығы оқу жылында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан жоғары каникулдық уақытты жоғары оқу орны өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
Жазғы семестр, оқытудың қосымша түрлері (әскери дайындық) каникул есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.
Диплом алдындағы тәжірибе мамандықтың МЖМБС-ында жоқ болса, оны қажет болған жағдайда жоғары оқу орны өздігінен каникулдық уақыт есебінен жоспарлай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |