Государственный общеобязательный стандарт



жүктеу 481,38 Kb.
бет2/3
Дата24.12.2017
өлшемі481,38 Kb.
#5698
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
4 Жалпы ережелер

4.1 Жоғары білім бағдарламаларын бакалавриаттың тиісті мамандықтары және жоғары арнаулы білім бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары, ведомостволық бағыныштылығына және жекеменшік формасына қарамастан жүзеге асырады.

4.2 Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жоғары білімді мамандар (бакалаврлар мен мамандарылған кадрлар) дайындауды төмендегі құжаттарға сәйкес іске асырады:

- осы стандарт негізінде жасалған жоғары білім мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары;

- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші;

- жұмыс оқу жоспарлары, академиялық күнтізбе;

- студенттердің жеке оқу жоспары;

- пәндердің типтік оқу бағдарламалары және силлабустар.

4.3 Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын игеру бойынша қорытынды аттестациядан табысты өткен тұлғаларға біліктілік және (немесе) «бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі.

4.4 Осы стандартты қолдану келесі мақсаттарға жетуді көздейді:



  • білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын міндетті талаптардың негізінде және жоғары оқу орындары жұмысының нәтижелілігін бақылау жүйесін жасау арқылы жоғары білім сапасын арттыру;

  • білім саласындағы барлық субьектілердің жауапкершілігін күшейту құқықтарын реттеу;

  • студенттерді оқыту деңгейін және білім беру бағдарламаларын бағалаудың ақпараттылығы мен объективтілігін арттыру;

  • студенттердің академиялық ұтқырлығы үшін жағдай жасау;

  • Қазақстанның біртұтас білім кеңістігінің қызметін қамтамасыз ету;

  • Қазақстан Республикасының халықаралық білім кеңістігіне тең дәрежеде қатысуы үшін жоғары білім жөніндегі құжаттардың конвертациялануын қамтамасыз ету;

4.5 Қойылған мақсаттарға жету үшін ЖОО-лар оқытудың түрлі технологияларын, оқу үдерісін ұйымдастыру мен бақылаудың формалары мен әдістерін таңдай алады.

4.6 Жоғары білім мамандықтарының білім беру стандарттары осы стандарттың ережелеріне сәйкес келуі керек және білім бағдарламаларының мазмұны мен көлемі, құрылымына қойылатын талаптардың жиынтығын анықтауы керек.

4.7 Жоғары оқу орындары мамандықтарының тізбесі Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының бекітілген жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.

4.8 Жоғары оқу орындары мамандықтарының білім бағдарламалары біліктіліктің Европалық шегімен келісілген Дублин дескрипторларына сәйкес ЖОО өзі жасайды.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің білім бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттің алған білімінің көлемі мен деңгейін, біліктілігі мен құзыреттілігін сипаттайтын Дублин дескрипторлары білім беру нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттілікке, сонымен бірге ЕСТS кредитті бірліктерінің санына негізделеді.

5 Жоғары білім бағдарламаларының мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар
5.1 Білім құрылымы білім мазмұнын анықтайтын оқу жұмыстарының түрлерінен қалыптасып, олардың ара қатысын, өлшенуін және есебін көрсетеді.

5.2 Бакалавриаттың білім бағдарламасында:



  • жалпы білім беретін, базалық және мамандандыру пәндерінің циклды оқып үйрететін теориялық оқыту;

  • оқудың қосымша түрлері – кәсіби практиканың түрлері, дене шынықтыру, әскери дайындық және т.б.

  • аралық және қорытынды аттестация бар.

Сондай-ақ, бакалавриаттың білім бағдарламасы пәнді оқудың модулді жүйесі негізінде жобаланады.

5.3 Оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу оқытылатын материалдың көлемі бойынша іске асады және студентке оқудың нақты нәтижесіне жетуіне қажетті номиналды уақыт терминінде көрінетін студенттің еңбек жұмсау өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді. Кредиттер білім бағдарламасының жеке модулдерінің (элементтерінің) шартты «бағасын» көрсетеді. Жалпы еңбек сыйымдылығы ұғымына лекциялық, практикалық (семинарлық), лабораториялық, студиялық сабақтар, кәсіби практиканың барлық түрі, білім алушылардың қорытынды аттестациядан өтуі және дайындығы, студенттің өз бетімен жұмысы кіреді.

5.4 Теориялық оқытудың жалпы еңбек сыйымдылығы оқытылатын оқу пәндерінің тізімімен анықталады.

5.5 Кредиттік технология бойынша оқытудың оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқу пәндерінің көлемі кредиттің тұтас санын құрау қажет. Сонымен қатар, пән ережеге сай, 3 кредиттен кем болмайтын өлшеммен бағаланады.

Ерекше жағдайларда пәнді 1 немесе 2 кредитпен бағалауға болады.

5.6 Дене шынықтыру мен тілдерден басқа әр бір оқу пәні қайталанбайтын бір атауға ие болуы қажет.

5.7 Студенттер әр бір оқу пәндерін бір академиялық мерзімде оқып үйреніп, соңында емтихан формасында қорытынды бақылау тапсырады.

Ерекше жағдайларда дене тәрбиесі, кәсіптік тәжірибенің барлық түрлері, курстық және есептеу-графикалық жұмыстары бойынша (жобалар) дифференциалды сынақ тапсырады.

5.8 Оқу жоспарының барлық формасында пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Ол оқу жоспарындағы әр пәнге сай әріптік және сандық символ ретінде кодтың берілуін қарастырады.

5.9 Жоғарғы оқу орындарының оқу жоспары мен білім бағдарламасына қазіргі заңнаманың нормаларын жүзеге асыратын пәндер міндетті түрде кіреді. Оларға мемлекеттік тіл және орыс тілі (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы), дене шынықтыру (Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы»), еңбекті қорғау (Қазақстан Республикасының еңбек Кодексі) және т.б. жатады.

5.10 Жалпы білім пәндері (ЖБП) циклы міндетті компонеттің пәнінен тұрады және таңдау бойынша басқа да компонеттерді қоса алады. Базалық пәндер (БП) және кәсіби пәндер (КП) циклдері міндетті компонент және таңдау бойынша компоненттен тұрады.

5.11 Міндетті компонент пәндерінің тізімі типтік оқу жоспарымен анықталады. Міндетті компонент пәндері көлемінің қысқартылуына жол берілмейді. Техникалық және кәсіби, орташа білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасындағы қысқартылған білім бағдарламалары бұған кірмейді.

5.12 Таңдау бойынша компонент пәндерінің тізімі жоғары оқу орындарымен анықталады.

5.13 ЖБП циклының құрамы типтік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 33 кредитті құрап, келесі пәндерден: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (Орыс) тілі, Шет тілі, Информатика, Экология және тұрақты даму, Политология, Социология, Экономикалық теория негіздері, Құқық негіздері, Өмір қауіпсіздік негіздері және Дене шынықтырудан тұрады.

Дене шынықтыру оқытудың қосымша түрлері шеңберінде жүзеге асып, ЖБП циклы кредиттерінің жалпы көлеміне кірмейді.

5.14 ЖБП циклының жеке пәндері мамандыққа байланысты шығарылады немесе БП циклына ауыстырылады. Осы орайда, босатылған кредиттер таңдау бойынша компонентке беріледі. Мысалы, «Құқық» тобындағы мамандықтар бойынша «Құқық негіздері» пәні; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» тобындағы мамандықтар бойынша «Экономикалық теория негіздері» пәні ЖБП циклынан БП циклына ауыстырылады.

«Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технология» тобындағы жеке мамандықтарға да ЖБП циклындағы аттас пәндер бойынша ұқсас әдістер қолданылады. Босатылған кредиттер таңдау бойынша компонентке жіберіледі.

5.15 ЖБП циклына таңдау бойынша компонент ретінде келесі пәндерді қосуға ұсынылады: Мәдениеттану, Психология, Өзін-өзі тану, Инновациялық менеджмент.

«Өзін-өзі тану» пәні базалық пәндер циклының міндетті компонентіне кіретін «Білім» тобындағы мамандықтар бұған кірмейді.

5.16 БП циклындағы пәндер көлемі типтік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 50%-ын немесе 64 кредит құрайды, олардың ішінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және 44 кредит таңдау бойынша компонент пәндеріне тиесілі.

5.17 БП циклының міндетті компонентіне 2 кредиттен кем емес көлемдегі «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәні кіреді.

«Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндері тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік кафедраларға бекітіледі.

5.18 КП циклындағы пәндер көлемі типтік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті құрайды, соның ішінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және 27 кредит таңдау бойынша компонент пәндеріне бөлінеді.

5.19 Жоғары білім беру бағдарламасының құрылымы 1-кестеде көрсетілген.


1 кесте

п/п



Цикл және пән атаулары

Жалпы еңбек сыйымдылық

академиялық сағат бойынша

кредит бойынша

1

Жалпы білім беру пәндерінің циклы (ЖБП)

1485

33

1.1

Міндетті компонент

1485

33




Қазақстан тарихы

135

3




Философия

135

3




Шет тілі

270

6




Қазақ (Орыс) тілі

270

6




Информатика

135

3




Экология және тұрақты даму

90

2




Социология

90

2




Политология

90

2




Экономикалық теория негіздері

90

2




Құқық негіздері

90

2




Өмір қауіпсіздік негіздері

90

2

1.2

Таңдау бойынша компонент







2

Базалық пәндер циклыП)

2880

64

2.1

Міндетті компонент

900

20




Кәсіби қазақ (орыс) тілі

90

2




Кәсіби бағытталған шет тілі

90

2

2.2

Таңдау бойынша компонент

1980

44

3

Кәсіптік пәндер циклы (КП)

1440

32

3.1

Міндетті компонент

225

5

3.2

Таңдау бойынша компонент

1215

27




Теориялық оқытудың барлығы

5805-тен аз емес

129-дан аз емес

4

Оқытудың қосымша түрлері







4.1

Міндетті компонент










Дене шынықтыру

240

8




Кәсіби практика (КП) (түрлер бойынша)

Практиканың түріне қарай

6*

4.2

Таңдау бойынша компонент







5

Қорытынды аттестация







5.1

Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау

210

2

5.2

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан (1 МЕ-ға)

105

1

ЕСКЕРТУ:

Білім» тобындағы мамандықтар бойынша 6-дан 20 кредитке дейін;

«Техникалық ғылымдар мен технология» тобындағы мамандықтар бойынша 6-дан 15 кредитке дейін.

Жоғарғы білімнің кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асыруда ЖОО:

    • кәсіби оқу бағдарламасын үйрену логикасын бұзбай пәнді оқудың бір семестрден келесі семестрге ауыстыруға;

    • оқытудың қосымша түрлері есебінен міндетті компонент пәндерінің көлемін ұлғайтуға;

    • практикаларды өткізу уақытын пререквизиттерді ескере отырып ЖОО өзі анықтайды.



6 Білім мазмұнын жоспарлауға қойылатын талаптар
6.1 Білім беру ұйымының қызметі оқу үдерісін және білім мазмұнын жоспарлау, оларды жүргізу тәсілдерін таңдау жолымен іске асады.

6.2 Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес: оқу жоспары мен бағдарламалары, оқу жүктемесі көлемі, академиялық кезеңдер ұзақтығы, академиялық сабақ түрлері, оқу материалының көлеміне сәйкес анықталады.

6.3 Білім беру бағдарламасы оқу пәні мен мамандықтардың білім беру бағдарламаларының мазмұнына талаптар қояды.

6.4 Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспары негізінде жүзеге асады.

6.5 Оқу жоспарлары типтік (ТОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.

ТОЖ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде жоғары білімнің нақты мамандықтары бойынша жасалады және оны білім саласындағы құзіретті органдар бекітеді.

ТОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу қызмет түрі (тәжірибе, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты жазу және қорғау) кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.

6.6 ТОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орындары таңдау компоненті бойынша барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі болып табылатын ЭДК жасайды.

6.7 Мамандық бойынша ТОЖ мен ЭДК негізінде ЖОЖ құрылады. ЖОЖ әрбір білім алушының жеке білім траекториясын анықтайды.

6.8 ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ТОЖ мен студенттердің ЖОЖ негізінде жасалады және оны Ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымдарының басшылары бекітеді.

ОЖЖ мұғалімнің оқу қызметінің еңбек сыйымдығын есептеу үшін негіз болып табылады.

6.9 ЖОЖ мен ОЖЖ-ның түрін, құрылымын жобалау реті мен бекітуді жоғары оқу орындары өздері анықтайды.

6.10 Барлық оқу жоспарларының мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары типтік және силлабустар болып бөлінеді.

6.11 Типтік оқу бағдарламалары міндетті оқу пәні бойынша жасалады және оны білім беру саласындағы өкілетті органдар бекітеді.

6.12 Силлабустар оқу жоспарының барлық пәні бойынша жасалады және оны жоғары оқу орындары бекітеді. Оған қоса міндетті компоненттердің пәнін типтік оқу бағдарламалары негізінде, ал компоненттері бойынша пәнді жоғары оқу орындары өздері жасайды.

6.13 Білім мазмұнын жоспарлау, оқу үдерісін ұйымдастыру мен жүргізуді жоғары оқу орындары өз бетінше білім берудің кредиттік технологиясы негізінде жүзеге асырады.

6.14 Білім берудің кредиттік технологиясы кезінде тест түрінде, бақылау жұмыстарымен, коллоквиумдармен, рефераттармен, шығармалармен, есептермен және т.б. тексерілетін оқу-әдістемелік әдебиетпен және ұсыныстармен қамтамасыз етілген студенттердің орындайтын өздік жұмыстарының – белгіленген тақырыптар (соның ішінде өзі оқып үйренуге бөлінген) тізімі бойынша жұмыстарының көлемі артады.

6.15 Өздік жұмыс екі түрге бөлінеді: оқытушы жетекшілігімен орындалатын (СОӨЖ) және студенттің өзі орындайтын өзіндік жұмысы (СӨЖ).

6.16. СОӨЖ оқытушымен бірге орындалатын студент жұмысының аудиториядан тыс орындалатын түрі болып табылады. СОӨЖ жалпы оқу кестесіне кірмейді, бөлек график бойынша жүргізіледі.

6.17 СӨЖ бен СОӨЖ-дің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі арақатынасын жоғары оқу орны өзі анықтайды.

СОӨЖ кезінде оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар бойынша кеңес жүргізіледі, үй тапсырмалары курстық жобалар (жұмыстар) семестрлік бақылау жұмыстары, есептер және басқа да СӨЖ тапсырмалары орындалады.

6.18 Кредиттік оқыту технологиясының міндеті - студенттердің өзін-өзі ұйымдастыруы мен қалыптастыруды дамыту. Сәйкесінше студенттер мен оқытушылардың төмендегідей жұмыстың типтік циклі жүзеге асады.



1) Оқытушының студенттермен типтік жеке жұмыс циклі үш негізгі қызмет атқарады.

Оқытушының бірінші қызметі – орнатушылық (тақырыпқа кіріспе, мақсат, тапсырманы анықтау, тәжірибелік тиімділікті, материал мазмұнының негізгі бөлімдерінің байланысы мен мәнін сипаттау, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жөнінде кеңес беру және т.б.). Бұл студенттің келешектегі өзіндік жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс.

Оқытушының екінші қызметі – кеңес беру түзету. Ол студенттің өзіндік жұмысында оқу әрекетін жүзеге асыруда кеңес беру, сәйкес түзету жұмыстарын жүзеге асыру мен жеке кеңес беруде көмек көрсетеді. Білім үдерісінде бұл қызметті тьюторлар атқарады.

Оқытушының үшінші қызметі – бақылау бағалау. Ол білім, студенттердің әр түрлі формадағы білімін, білігін және дағдысын бағалауды (жазбаша немесе ауызша емтихан, тестілеу және т.б.), оларға кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог ұйымдастыру, оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» әрекеттерді, эталондық тәсілдерді көрсетуін қарастырады.

2) Студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізетін өзіндік жұмысының типтік бірлік цикліне мынадай төрт негізгі функция кіреді.

Біріншісі – оқу пәні бойынша белгіленген сабақтар кезінде оқытушы берген мәліметті студенттердің дұрыс қабылдауын жүзеге асыруды көздейді.

Екінші функция, оқытушының кеңесі негізінде студенттердің өз бетімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттер көзін оқуды, үй тапсырмалары, бақылау, курстық жұмыстар және т.б. жасауды көздейді.

Бұл кезеңде студенттерден жұмыс әдісін білуді, қиындықтарды анықтауды, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіпті талап етіледі.

Студенттердің үшінші функциясы – қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі кедергілер себептерін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау. Студенттер шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне жібереді (оларды реттеп, безендіріп, қатарға қояды), бұл сұрақтарға өз нұсқаларын көрсетеді.

Студенттердің төртінші функциясы оқытушыдан тиісті түсіндірулер мен ақыл-кеңес сұрау болып табылады.

6.19 Жоғары оқу орны оқу үдерісін барлық қажетті ақпарат көздерімен: оқулықтар, оқу құралдары, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдар, өзіндік жұмыс бойынша белсенді үлестірмелі материалдар мен нұсқаулар, электронды оқулықтар, желілік білім қорларымен қамтамасыз етеді.

Әрбір студент оқу кезінде анықтама-нұсқаулықпен қамтамасыз етіледі.

6.20 Оқу үдерісін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны 1 (бакалавриат үшін) және 2 (жоғары арнайы білім үшін) Қосымшаға сәйкес бакалавриаттың білім бағдарламасы компонеттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
7 Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі
7.1 Студенттердің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пәннің игеретін кредит саны бойынша өлшенеді.

7.2 ОПҚ оқу жүктемесін жоспарлау оқытушының студентпен аудиториялық оқу сабақтарындағы кесте бойынша немесе оқу жұмыстарының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша қарым-қатынастық жұмысының уақыты болып табылатын академиялық сағатпен жүзеге асады.

Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Академиялық сағаттары сәйкесінше 75 минутқа тең студиялық сабақтар немесе 100 минутқа тең зертханалық және дене тәрбиесі пәндері бұған кірмейді.

Практиканың, студенттердің қорытынды аттестациясының барлық түрлері үшін бір академиялық сағат 50 минутқа тең.

7.3 Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде келесі оқу жұмыстарының бір кредиті 15 академиялық сағаттарына тең екенін ескеру қажет:


    • семестр түрдегі академиялық кезеңдегі студенттің аудиторлық жұмысы;

    • кәсіби тәжірибе кезеңіндегі студенттердің оқытушымен жұмысы;

    • студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) орындау және қорғау жұмысы;

    • студенттің мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен тапсыру жұмысы.

7.4 Студенттің оқу жүктемесі оқу жұмысының әр түрі үшін академиялық сағаттарды қамтитын академиялық сағаттың ұзақтығы мен оқу сағаттарының (50 минуттық қарым-қатынас сағаттарының) көлемімен анықталады.

Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін. Студенттің аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары СӨЖ сағаттарының сәйкес санымен келесі түрде толықтырылады: бір кредитке студенттің семестр түрдегі академиялық кезеңдегі апталық оқу жүктемесінің жиынтығы 3 сағатқа тең.

Дене шынықтыру бойынша сабақтар қосымша СХЖ сағаттарымен қамтылмайды.

Тәжірибенің әр академиялық сағаты (оқу сағатынан басқа) студенттің қосымша жұмысының оқу сағаттарының сәйкес санымен қамтамасыз етіледі: педагогикалық тәжірибе – 1 сағат, өндірістік тәжірибе – 4 сағат.

Білім алушының қорытынды аттестациясының әр академиялық сағаты дипломдық жұмысты (жобаны) орындау және қорғау немесе мемлекеттік емтиханға дайындық және тапсыру бойынша студенттің оқытушымен қарым-қатынастық жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Студенттің қорытынды аттестациясының әр академиялық сағаты 6 сағаттық өзіндік жұмысымен сәйкес жүргізіледі.

7.5 Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестация кезеңінен, тәжірибе мен демалыстан тұрады. Соңғы курста оқу жылына қорытынды аттестация кезеңі қосылады.

Оқу жылының жалпы ұзақтығы 36 аптадан кем болмауы тиіс.

7.6 Академиялық кезең түріне байланысты семестр үшін -15 апта, триместр үшін -10 апта, тоқсан үшін – 8 апта.

7.7 Әр академиялық кезең ұзақтығы 1 аптадан кем болмайтын студенттердің аралық аттестациясымен аяқталынады.

Аралық аттестация кезеңінде барлық оқытылған пәндері бойынша қорытынды бақылау жүргізіліп, қазіргі үлгерім көрсеткіші бойынша (межілік және аралық бақылаудың арифметикалық ортасы) пәндердің қорытынды бағалары шығарылады.

Пән бойынша қорытынды бағалауда үлгерім бағалары үлесі 60 пайыздан, ал қорытынды бақылаудың бағалары үлесі 30 пайыздан кем болмауы тиіс.

7.8 Демалыс студенттерге әр академиялық кезеңнен кейін беріледі. Оқу жылында демалысқа бөлінген уақыт 7 аптадан кем болмауы тиіс.

7.9 Кәсіби тәжірибе жоғары білім берудің кәсіби оқыту бағдарламасының міндетті бөлшегі болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алды болып бөлінеді.

Кәсіби тәжірибе түрлерінің жалпы көлемі 6 кредиттен кем болмауы тиіс. «Білім» мамандықтары тобы бойынша кәсіби тәжірибе көлемі 6 кредиттен 20 кредитке дейін, «Техникалық ғылым және технология» мамандықтары тобы бойынша кәсіби тәжірибе көлемі 6 кредиттен 15 кредитке дейін өседі.

Тәжірибелердің ұзақтығы студенттің 30 сағатқа тең (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) апта бойы тәжірибе кезіндегі нормативті жұмысына сүйене отырып аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін тәжірибенің кредитпен есептелген көлеміне сәйкес тәжірибе түрінің оқу сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек және оны студенттің апта бойы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.

Тәжірибенің 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы оқу тәжірибесі үшін 15 сағатты (50 минуттан), педагогикалық тәжірибе үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік тәжірибе үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды. Тәжірибенің 1 кредитіне келетін ұзақтығы аптамен есептегенде: оқу тәжірибесі үшін 0,5 аптаны, педагогикалық тәжірибе үшін 1 аптаны, өндірістік тәжірибе үшін 2,5 аптаны құрайды.

7.10 Білім алушылардың қорытынды аттестациясын аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең (6 күндік жұмыс аптасы кезінде СӨЖ қоса есептелгенде күніне 9 сағат) студенттің апта бойы жұмысының нормативті уақытына сүйене отырып анықталады.

Қорытынды аттестацияның 1 кредиті - 105 (15х7) сағат, яғни 2 аптаға тең. Олардың ішінде 15 сағаты білім алушы мен оқытушының қарым-қатынастық жұмысына, ал 90 сағаты СӨЖ-ге арналады.

Мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалу және тапсыру үшін 1 кредит немесе 2 апта бөлінеді.

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау мен қорғауға 2 кредит немесе 4 апта бөлінеді. Сонымен бірге 2 кредитке дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеу мен қорғау кіреді. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үдерісінің өзі алдын-ала кәсіби тәжірибе кезінде жүзеге асады және теориялық білім алу кезеңінде аяқталады.

7.11 Басқа ЖОО-да білім алушылардың қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, оқу пәндерін оқып-үйрену және кредиттерді игеру үшін, өз ЖОО-да міндетті түрде қайта сынақтан өте отырып, 6 аптаға созылатын жазғы семестр (бітіруші курсты қоспағанда) енгізілуі мүмкін.

7.12 Бакалавр дайындау бойынша білім беру үдерісінің аяқталуының негізгі өлшемі студенттің теориялық оқу бойынша 129-дан кем емес кредитті және кәсіби тәжірибенің 6-дан кем емес кредитін, диплом жұмысын (жобасын) дайындау, жазу және қорғаудың 2-ден кем емес кредитін, мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен тапсырудың 1-ден кем емес кредитін игеруі болып табылады.

Жеке мамандықтардың спецификасын ескере отырып (жоғары арнайы білім бағдарламаларын қосқанда) білім беру үдерісінің аяқталғандығының өлшемі студенттің төмендегі кредиттерді меңгергендігі болып табылады:

«Өнер» тобы бойынша - теориялық оқудың 160-180 кредитіне дейін;

«Әскери іс және қауіпсіздік» тобы бойынша – 170-190 кредитке дейін;

«Ветеринария» тобы бойынша -160 кредитке дейін;

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» тобы бойынша -190-224 кредитке дейін.

Сонымен бірге ЖОО жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалардың ерекшеліктеріне қарай игреуге қажетті кредиттердің көлемін арттыруы мүмкін.

Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп және оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда студентке оқу мерзіміне қарамастан «бакалавр» акадеимялық дәрежесі беріледі.

7.13 Семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде күндізгі бөлім студенті бакалавриат бағдарламасы бойынша18-22-ден кем емес кредит, сырттай бөлім студенті 9-12-ден кем емес кредитті, кешкі бөлім студенті 12-15-тен кем емес кредитті игеруі тиіс.

7.14 Триместр немесе квартал түріндегі академиялық кезең ішінде игерілетін кредиттер саны сәйкесінше қайта саналынады.

7.15 «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын қалыптастыру кезінде жоғары оқу орындары аз жиынтықты мектептердің жұмыс істеуін ескереді.

Педагогикалық мамандықтардың студенттеріне ұқсас мамандықтар бойынша пәндерді бір уақытта игеруге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдайда студенттер бір академиялық кезеңде 30 кредитке дейін игеруіне болады.


жүктеу 481,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау