АРГУМЕНТАТИВТІ ЭССЕНІ ҚҰРЫЛЫМЫ БОЙЫНША ЖАЗУ
Эссе тақырыбы: Жиынтық бағалау тұлға білімінің деңгейін таныта ала ма?
І.Кіріспе бөлім
Тақырыптық
сөйлемдер
Еліміздің білім беру саласына енгізіліп жатқан жаңашыл педагогикалық
технологиялардың бірі – критерийалды бағалау жүйесі. Соның ішінде
оқушы жетістігін бағадаудың екі тəсілінің бірі – жиынтық бағалау.
Талқылау
сұрағы
Жиынтық бағалау тұлға білімінің деңгейін таныта ала ма ?
ІІ.Негізгі бөлім
1-абзац
Пікір
Жиынтық бағалау немесе формативті бағалау түрі болсын бұлардың бəрі
бір мақсатқа бағытталған. Ол – білім сапасын арттыру. Сол арқылы
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін əлемдік деңгейге сай
болуын қамтамасыз ету жəне де сол арқылы əлемдік сұраныс талаптарына
жауап бере алатындай маман даярлау əрі бəсекеге қабілетті білім беру
болып табылады.
Аргумент
Бұған дəлел: Республикамыздың білім беру деңгейін көтеру үшін
мектеп, мұғалім, жəне оқушылар тарапына əртүрлі жағдайдар жасалуда.
Сараптама
Аталған білім саласының жаңашылдықтары іске асып оң нəтиже беру үшін
мектеп тарапынан мұғалімдер ғана емес, үйдегі ата-ана тарапынан да
қолдау табу керек.
2-абзац
Пікір
Жиынтық бағалау өз кезегінде оқушының нені біліп, не меңгергенін
анықтайды. Ол оқу үшін де, мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімді.
Жиынтық бағалау кезінде оқушылардың берген жауаптары жан-жақты. Ал
бұл баланың түрлі қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасайды. Жиынтық
бағалау – оқушы білімінің, ой-өрісінің шарықтауына əсер етіп жатқанын
өз кезегінде практикалық жұмыс жасау барысында көз жеткізе аламыз.
Аргумент
Бұған дəлел: осы бағалау жүйесі енгізілгеннен соң алғашқылардың
бірі болып бұл жүйені қолдап, іс жүзіне асырған Шымкент қаласының
“М.Мəметова атындағы №35 орта мектебінің” ұстаздары. (24.kz.kz)
Сараптама
Бұл бағалау бұрынғы бағалауға ұқсамайды. Олай дейтін себебіміз,
бұрында қорытынды бақылау кезінде оқушылардың жауабы бір қалыпқа
салынған, бірдей болса, жиынтық бағалауда бақылау жауабы оқушының
ой-өрісіне байланысты. Осыған сəйкес жиынтық бағалау оқушының білім
деңгейінің қаншалықты дəрежеде екенін таныта алады.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Нақты шешім Олай болса, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні жиынтық бағалауды
қолдану арқылы оқушының тұлға білімінің деңгейін белсенді
позицияға бағыттай аламыз.
Ұсыныстар Заман талабы жылдам өзгеретіндіктен, білім сапасын да үнемі
жетілдіріп отыру керек. Сондықтан да жиындық бағалау сапасын
арттырып, нəтижелі болуын қамтамасыз ету үшін оқушыға алған
бағаларының мəнін түсіндіріп, жіберген қателіктерін анықтап,
қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік жасау керек.
Авторы: Салық Мақпал, кок-81ук