Гост 3034-75. Крупа овсяная. Технические условия


Қышқыл сүт өнімінің сапасын анықтауға арналған әдістер мен қондырғыларды сипаттау



жүктеу 0,94 Mb.
бет4/6
Дата01.01.2020
өлшемі0,94 Mb.
#25713
1   2   3   4   5   6

1.2.2 Қышқыл сүт өнімінің сапасын анықтауға арналған әдістер мен қондырғыларды сипаттау

ТС-1/80 СПУ (ТС-80) ауалы құрғақ электрлі термостат.



 Ауалы құрғақ термостат ТС-1/80 СПУ (ТС-80) санитарлық-бактериологиялық зертханалар, клиникалық-диагностикалық емханалар, ауруханалар және ғылыми-зерттеу университеттері мен институттарында кең көлемде қолданылады [28]. ТС-1/80 СПУ (ТС-80) ауалы құрғақ электрлі термостат cурет 2.1 де көрсетілген.

Сурет 2.1. ТС-1/80 СПУ (ТС-80) ауалы құрғақ электрлі термостат


Серологиялық және бактериологиялық зерттеулер үшін қажет тұрақты жоғары температураны сақтау және алуға арналған қондырғы. Германияда жасалған, негізінен жұмыс камерасы тот баспайтын болат айнадан дайындалған [22].

Бұл ТС-1/80 СПУ (ТС-80) ауалы құрғақ электрлі термостатының ерекшелігі мен артықшылығы:

- жұмыс камерасындағы тұрақты жоғарғы температура үздіксіз өлшелінеді;

- берілген температура жарық шығаратын элементтер және ағымдағы индикация саны бойынша есептелінеді;

- нақты жұмыс камерасына берілген тұрақты жоғарғы температура автоматты түрде сақталынады;

- жұмыс камерасы ашық артқы жарықпен қамтамасыздандырылған;

- ішкі әйнегі есікпен жабылады;

- авариялы жағдай болған сәтте дабылқаққыш жұмыс жасайды;

- жұмыс камерасындағы температура, ауаның үдемелі айналымы барысында, біркелкі таратылынады;

- жоғарғы сенімділік;

- энергияны тұтынуы аз;

- қолданудағы жайлылықты қамтамасыз етеді;

- қазіргі заманға сай дизайнмен өрнектелген [29].

ХА/Y сериялық таразылар жаңа стандарттарға сәйкес аналитикалық таразылар болып есептеледі. Жаңа ыңғайлы СК экраны бар және шкаланың ерекшелігі салмақ нәтижелерінің анық нақты көрінісін сипаттайды.



СК экранында жаңа мәтіндік жолдар көрсетілуінің арқасында, қосымша хабарлар, өнім аты ретінде ақпарат беріледі, оператор болса, таразының немесе басқа да деректер құнының санын анықтап береді. ХА/Y сериялы аналитикалық таразы сурет 2.2 де көрсетілген.

Сурет 2.2. ХА/Y сериялық аналитикалық таразы


ХА/Y сериялық аналитикалық таразы

  • сыртқы құрылғылары үйлесімді;

  • бағдарламалауға арналған тетіктері орналастырылған;

  • жаңа мәзір құрылымдары ұйымдастырылған;

  • дерекқор көздері бар.

Белсенді қызмет функцияларын және функцияларды батерия қуаты деңгейінде немесе компьютерінде өлшеу үшін активті байланыстар бар, себебі ХА/Y сериялық аналитикалық таразының басты жаңалығы, СК экранында таңбалар мен белгілерді көрсетуі.

Бекітілген он жеті бірлік өзгерісі немесе екі белгіленген қолданылған массаның өзгерісімен өзгереді және массаның салмағы асырылуы мүмкін. Жалпы массаның таза салмағы және таразының дәл немесе өлшеу уакытындағы талдау нәтижелерін нақты анықтау таразының ішкі функцияларының болуымен және оның автоматты реттелуінің нәтижесінде орын алады [29].

ХА/Y сериялық аналитикалық таразының платформалылығының басты айырмашылығы бос кеңістікте өлшеу, атмосфералық жағдайда шектеулер және өлшеу нәтижелері бойынша сипатталады.

Сонымен қатар ХА/Y сериялық аналитикалық таразылар көптеген типті құрылғылармен немесе қосылу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Олардың ішінде: А және В USB типтері, Wi-Fi, немесе RS-232 секілді.

А және В типті USB порты арқылы екі бірдей бағытта мәліметтер беру, сыртқы құрылғылармен тез арада жүзеге асырылады. ХА/Y сериялық аналитикалық таразыда екі тетікше бар, соның арқасында дерекқор мәзірге де функцияларға да жылдам беріледі.

ХА/Y сериялық аналитикалық таразыларда деректерді, мәліметтерді А және В типті USB флешка жаттарына енгізуге толықтай мүмкіндіктер жетерлік. Төрт функционалды F1-F4 пернелері де бағдарламаларды толықтай енгізу үшін орнатылған.

Бұл берілген функционалды F1-F4 пернелерінің көмегімен әр түрлі режимдердегі операцияларды: жоғары және төменгі басып шығару, жоғарғы басып шығару жоғарғы басып шығаратын құрылғыда, орындауға әсер етеді.

ХА/Y сериялық аналитикалық таразыларда ерекше жаңа мәзір құрылымдары жасалынды.

Бұл мәзір құрылымдары келесі дереккөздерін әзірлеуге мүмкіндіктер беріледі:


  • қолданушылар (5-10 қолданушыға дейінгі);

  • шығарылған өнім мөлшері (1000-1500 өнімдерге дейінгі);

  • бағалаулар мен өлшемдер (5000-ға дейінгі);

  • ыдыстың салмағы (50-100 ге дейінгі);

  • сақтау жады (100 000 өлшемдегі талдауларына өлшем дейінгі).

Титрометриялық тәсіл. Сыйымдылығы 150-200см3 болатын колбаны алынады, алдымен 20см3 дистелденген су өлшенеді, 10см3 көлемінде сынама алынады. 10см3 алынған сынамамызға 20см3 дистелденген су құйылады және 1%- тік фенолфталейн ерітіндісінен 3 тамшы тамызылады [30].

Әзірленген қоспа мұқият араластырылады, үстіне 0,1%-дық NaOH (натрий гидроксиді) ерітіндісі қосылады, әлсіз ақшыл қызғылт түс пайда болғанша титрленеді. Бақылауға сәйкес 1 мин ішінде боялған эталон жоғалмауы керек.

Әзірленген бақылауды яғни боялған эталонды 150-200см3 сыйымдылығы бар колбаға 10см3 көлеміндегі сүтті 20см3 су және 1см3 2,5%-дық күкірт қышқылды ерітіндісінде өлшенеді.

Эталон негізінен бір реттік қана жұмысқа жарамды. Әзірленген боялған эталонды ұзақ сақтау үшін формалиннің 1 тамшысын тамызу керек.

Қышқыл сүт сусынының қышқылдығы градус Тернердің натрий гидроксидінің (калия) сулы ерітіндісінің көлеміне тең болады. Залалсыздандырылып жұмсалынған 10см3 қышқыл сүтті 10 есе көбейту арқылы қорытынды шығарылады.

Паралельді екі анықтаманың арасындағы сәйкестік 1ºТ аралығында болмауы қажет.

Бақылау жүргізуге керекті реактивтер мен құрал-жабдықтар:


  1. 0,1%-дық NaOH (натрий гидроксиді) ерітіндісі.

  2. 100-150 мл цилиндр.

  3. Титірлеуге арналған штатив.

  4. 50-100 мл химиялық шынылар.

  5. ХА/Y сериялы аналитикалық таразы.

  6. 200-150 мл конустық колбалар.

  7. электронды таразы.

  8. 1%-дық фенолфталейн ерітіндісі.

  9. 2,5%-дық күкірт қышқылы ерітіндісі.

Қорытынды

  1. Қышқыл сүт сусынының тағамдық құндылықтарын байыту үшін қосылатын астық дән жармаларына тұтастай сипаттамалар жасалынды.

  2. Қышқыл сүт өнімдерінің сапа көрсеткіштерін анықтауға арналған титрлеу әдісі мен қондырғыларына толық мағлұматтар келтірілген.


1.3 АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУ


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау