Электронды ресурстар:
1. Бейсембаева З.И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы: оқу құралы. –Шымкент, 2010.
2. Жалпы гигиена Торғаутов Б.К – Шымкент :2009
3. Гигиена учебник для вузов /под. ред Г.И.Румянцева – 2-е изд М:2009
4. Мазаев В.Т.Коммунальная гигиена 1-2 часть: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2009
5. Справочник диетолога ,,Равновесие,,2006
6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : учебник ГЭОТАР – Медиа, 2010
7 . Гигиена труда Н.Ф.Измерова ГЭОТАР – Медиа 2008
VІІ. Бақылау – 1)сұрақтары:
1.Радиациялық гигиена дегеніміз не?
2.Радиациялық гигиенаның міндеттерін атаңыз.
3. Радиациялық гигиенаның бағыттары мен міндеттері қандай?
4.Иондаушы сәулелену дегеніміз не?
5.ИС тіркеу әдістерін атаңыз.
6.Адамның сәулелену көздерінің түрлерін атаңыз.
7.Табиғи жағдайда адамның иондаушы сәулелену көздері қандай?
8.Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларына не жаталы?
9.Дозиметриялық бақылау қалай жүргізіледі?
10.Радиометриялық бақылау қалай жүргізіледі?
11.Уақытпен қорғалу дегеніміз не?
12.Ара қашықтықпен қорғалу дегеніміз не?
13.Экранмен қорғалу дегеніміз не?
2) Жағдайлық есептер.
№1 есеп. 1999ж Б. облысы Г. ауданының елді мекендерінде Чернобыль АЭС жарылуы нәтижесінде радиоактивті ластану болған, қоршаған орта нысандарының радиоактивті стронции-90 изотопымен ластанғаны зерттелген. Жергілікті өндірістің тағамдық азықтарының құрамында Sr-90; жануар өнімдерінде-25 Бк/кг; өсімік азықтарында-60 Бк/кг; ауыз суда-10Бк/л. Атмосфелық ауамен Sr-90 түсуі 1% аспаған және есептелінбеген. Жануар азықтарын ересек адамның тұтыну эквиваленті300кг сүт, өсімдік азықтарын 300 кг картоп болып табылады. Тәуліктік су тұтыну мөлшері 2кг –ға тең.
Аталған аймақтың адамдар ағзасына ауыз суымен және тағамдық заттармен жылдық түсуі тұрғысында стронциймен ластану дәрежесін бағалаңыз.
№2 есеп. Чернобыль АЭС жарылған түні өндіріс аумағын қорғау санатындағы 600адам біршама сәулелену мөлшерін алған. Бұл адамдар барлық денесінің біртегіс сәулеленуіне тап болған. Олардың арасында 134 адамда орташа жеке мөлшері 3,4 Зв. Барлық 134 ликвидаторда жедел сәулелік ауру анықталған. Басқа ликвидаторларда жарылыстан кейінгі бірінші күндері орташа жеке мөлшері 0,56 Зв , вертолет ұшқыштарында -0,26 Зв, АЭСҚ қызметкерлерінде -0,087Зв құраған.
Ликвидаторлардың алған сәуле мөлшерлеріне, ары қарай еңбекке орналастыру тактикасы мен емдеуіне баға беріңіз.
№3 есеп. Н. қаласының онкологиялық ауруханасындағы диагностикалық бөлімшесінің зертханасында бета-сәулеленуші изотоппен жұмыс жасайды. Зертханада 250см2 еден беткейінен шайынды алынған. Радиометриялық зерттеуден кейін шайындыдан 5,5*105бөлік/мин тең шайындының радиоактивті ластануы анықталған.
Зертханадағы еден беткейінің ластану деңгейіне қорытынды және қажет болған жағдайда оны төмендетуг ұсыныстар беріңіз.
№13.
І. Тақырыбы: Аурухананың жобасы бойынша бас және ситуациялық жоспарын гигиеналық бағалау. ЕПМ арнайы бөлімдерінің ішкі жоспарын гигиеналық бағалау. Ауруханаішілік инфекциялар, олардың алдын алу.
ІІ. Мақсаты: студенттерді аурухананың жағдайлық және бас жоспарларымен, ЕПҰ жоспарлануы мен орналастырылуын таңдауға қойылатын гигиеналық талаптармен, ауруханалар құрылысының әр түрлі жүйесінің жетістіктері және кемшіліктерімен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |