2)Жағдайлық есептер.
№1 есеп. Науқас И. 26 жаста, штукатуршы, сұрау барысында оның азаңғы және кешкі асты үйінен, ал түскі асты өзінің құрылыс комбинатында ішетіндігі анықталған. Науқастың айтуы бойынша 11 маусым күні тамақтанып болғаннан соң 2 сағаттан кейін өзін нашар сезініп үйіне қайтып кеткен. Науқас түскі аста ішкен шырынның жағымсыз дәміне назар аударған. Объективті мәліметтер: дене қызуы -37,1ºС, пульс-76рет\мин, тынысы өзгеріссіз. Іші жұмсақ. Асқазан аймағында біршама ауырсыну. Үлкен дәреті қалыпты. Жүрегі айниды. Науқас аузында жағымсыз дәмді сезінеді.
Тапсырма:
1. Ауруды анықтап, негіздеңіз.
2. Берілген жағдайда дәрігер қандай құжат толтыруы қажет?
3.Осы тәріздес ауруларды алдын алуда қандай гигиеналық шараларды ұсынасыз.
№2 есеп. В науқасты тексеру барысында анықталды: науқас 30 жаста, колхозшы,, үйден тамақтанады. Тағадық азықтарды, соның ішінде ұнды колхоздан алады. 1 мамыр күні сағат 12 шамасында ұйқышылдық, қол саусақтарының жансыздануын, құмырсқа жүрісі сезімін, аяғы мен қолдарының жазылуының қиындауын сезінген. Содан соңбет бұлшықеттерінің жыбырлауы, жұтынуының қиындауы қосылған.Объективті мәліметтер: дене қызуы -36,8ºС, пульс пен тыныс жиілігі өзгеріссіз. Батыр бұлшықеттерінің құрысып дірілдеуі. Ішінің аз ғана ауырсынуы. Жүрек айну. Бас айналу. Соңғы 2 айда ауылда осы тәріздес 3 жағдай болған.
Тапсырма:
1. Ауруды анықтап, негіздеңіз.
2. Берілген жағдайда дәрігер қандай құжат толтыруы қажет?
3.Осы тәріздес ауруларды алдын алуда қандай гигиеналық шараларды ұсынасыз.
№3 есеп. 5 жасар баланы зерттегенде анықталды: 20маусымда түстен кейін №3 бала бақшаның орта тобы тәрбиешімен бірге серуендеуге шығып гүл терген. Серуендеу 1,5 сағатқа ұласқан. Келгеннен кейін тәрбиеші балада бетінің бірден қызаруын, дауысының шықпай қалуын және қарашығының үлкеюін байқаған. Объективті мәліметтер: бетінің қызаруы. Дене қызуы – 38,0ºС, пульс – 140рет/мин, күшпен. Тынысы жиі. Ауыз қуысының шырыштары құрғақ. Дауысының қарлығуы. Қаращықтары қатты кеңейген. Бала тітіркеген, көру галлюцинациясы бар.
Тапсырма:
1. Ауруды анықтап, негіздеңіз.
2. Берілген жағдайда дәрігер қандай құжат толтыруы қажет?
3.Осы тәріздес ауруларды алдын алуда қандай гигиеналық шараларды ұсынасыз.
№4 есеп. Алғашқы көмек ретінде Е науқасты зерттеу барысында анықталды: науқас 18 жааста, студент, студенттер асханасынан тамақтанады. Науқаспен сөйлесу барысында 18 мамыр күні аузының құрғауын, жұтынуының қиындауын, көруінің нашарлауын (тұман тәрізді) сезінген. Дәретінде өзгерістер болмаған. Объективті мәліметтер: дене қызуы-36,8ºС. Пульс-70рет/мин, жақсы толысумен. Іші ауырсынбайды, басып көргенде жұмсақ. Қарашықтары кеңейген және жарыққа сезімталсыз, птоз, ауыз қуысы щырыштарының құрғауы. Дауысы қарлыққан, жұмсақ таңдайының аздап төмен түсуі.
Тапсырма:
1. Ауруды анықтап, негіздеңіз.
2. Берілген жағдайда дәрігер қандай құжат толтыруы қажет?
3.Осы тәріздес ауруларды алдын алуда қандай гигиеналық шараларды ұсынасыз.
№5 есеп. Тәулік көлемінде медициналық көмекке колледждің 27 оқушысы жүгінген. Барлықтарында тіркелді: ішінің ауырсынуы, жүрек айну, жиі сұйық үлкен дәрет, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, әр түрлі дәрежедегі басының ауыруы. Барлық зардап шеккендер колледж асханасында тамақтанғаны, сонымен қатар оқушылардың көпшілігі шницель деп аталытын азыққа күдік тудырғандықтан қажеттілігіне қарсылық білдіргендігі анықталды.
Күдікті азықты алуға мүмкіндік болған жоқ, дегенмен асхана ыдыстарының шайындысында ішек таяқшасы анықталған.
Тапсырма:
1. Алдын ала қандай диагноз қойылуы мүмкін?
2. Зардап шегушілер қаралған емдеуші дәрігер қандай іс-әрекет жасауы қажет?
3.Химиялық заттардың қосылыстарымен шақырылған тамқтық улануды атаңыз.
№6 есеп. Инфекциялық ауруханаға бір жанұяның адамдары (әкесі мен екі баласы)
Келесі клиникалық көріністермен жеткізілді: бас ауруы, ұйқысыздық, субфебрильді дене қызуы, тершеңдік, денесінің барлық бөлігінің ауырсынуы, бетінің ісінуі. Объективті: пальпацияда қабырғааралық бұлшықеттерінің бірден ауырсынуы, дауысының қарлығуы, қанда-лейкоцитоз және эозинофилия. Өзін соңғы тәуліктен науқаспын деп санайды. 1 апта бұрын ауылдан әкесі санитарлы-ветеринарлы сараптамадан өтпеген шошқа етін алып келген. Жанұяда етті қолданбаған анасынан басқасының барлығы зардап шеккен.
Тапсырма:
Науқастар қандай диагнозға күдікпен түскен, бұл ауру немен шақырылған?
Етті санитарлы – ветеринарлы сараптау жүргізу ережесін айтыңыз.
Қандай микробты емес тамақтан уланулар белгілі бір жағдайдағы улы азықтармен шақырылуы мүмкін?
№7 есеп. Инфекциялық ауруханаға бір жанұяның адамдары бірдей клиникалық ауру көрініспен: диспепсиялық бұзылыс, көру қабілетінің бұзылуы (көзінің алдында тор сезінуі), аузының құрғауы, дауысының қарлығуы жатқызылды. Сөзі түсініксіз, балада тыныс алуы қиындаған. Дене қызуы қалыпты, есі сақталған. Жанұяның рационы соңғы 2 тәулікте: саңырауқұлақ сорпасы, қайнатылған шошқа еті, тартылған еттен котлет, үйде қуырылған шұжық, картопты езбе, голубцы, тұздарған қияр, консервіленген салат, үйде дайындалған консервіленген саңырауқұлақ.
Тапсырма:
Аталған ауру немен байланысты?
Аталған азықтардың қайсысы аурудың себебі болуы мүмкін?
Аталған азықтардан басқа қандай азықтар аталған ауруды шақыруы мүмкін?
Үйде дайындалған азықтарды қолдану мен дайындауда қандай жағдайды сақтау қажет?
№10
Достарыңызбен бөлісу: |