Һ - құрал биіктігі көрсеткіш;
ΔҺ = Һd2/D2 - түтіктегі сұйықтың Һ биіктігіне көтерілу кезінде құрал шарасындағы жұмыс сұйықтығының қалпына түзету енгізу;
d - құралдың диаметрі;
D - шаманың диаметрі.
Әдетте D >> d және ΔҺ түзету шарадағы деңгейін қалпында сақтауға болады.
1.1.5 сурет – Шаралы манометр
Шаралы манометрдің U-пішіндіден артықшылығы, онда үнемі нөль болады және ол қысымды өлшеу үшін бірнеше биіктікті өлшеуді талап етпейді.
Серіппе манометрде қысымның ықпалынан болған серпінді элементтің деформациясы болады (тұтас трубка, мембрана). Гук заңы бойынша пропорционалды қысымға оның өлшенуі ықпал етеді. Бір тармақты түтікшелі пружинасы бар манометрінде негізгі деталь ұшы сопақ пішінді болатын жан-жағынан доға бойынша майыстырылған тұтас түтік. Сопақшаның үлкен осьі трубка осьтеріне перпендикуляр. Түтіктің бір ұшы дәнекерленген. Өлшенген қысым трубканың ішіне оның екінші анық ұшы арқылы өтеді.
Қысым әрекетінің ықпалынан түтіктің сопақ қиылысқан жерлері деформацияланады: сопақшаның үлкен осі кішірейіп, кішіи - үлкейеді. Мұндағы, түтіктің қилысқан әрбір деформациясы кезінде осы түтікті майыстыратын М пайда болады. Тасымалды механизм арқылы түтіктің еркін ұштарымен байланысты құралдың тілі өлшенген қысымға пропорционал кейбір бұрышқа бұрылады.
Сұйықты құралмен салыстырғандағы құралдың артықшылығы бұл оның икемділігі, ыңғайлығы және өлшенетін қысымның үлкен диапазоны. Ал оның кемшілігі бұл мына себептерден болатын көрсеткіштердің тұрақсыздығы деформацияланған элементтің серпінділігінің өзгеруі, тасымал механизмнің ескеруі оларға байланысты оны кезең сайын түзету қажеттілігі туындап отырады.
1.2 Зертханалық қондырғылардың суреттемесі
1.2.1 суретке сәйкес тәжірибелік қондырғы герметикалық сосудтан 1 тұратын, ол 2 су өлшегіш шыныға қосылған, сонымен қатар, ол 8 пьезометрден, 10 шаралы манометрден, 4 пружиналы мановокууметрден, яғни, құйылған U-пішінді 3 манометрден тұрады. 1 сосудтағы сұйық деңгейі мен оның ерікті үстінгі қабатындағы қысымды 5, 6, 7, 9, 11 және 12 вентилдердің көмегімен 13 ағынды бактан келетін суды реттей отырып, өзгертуге болады. 6 вентиль сосуд пен атмосфераның сәйкестігіне қызмет етеді.
1.2.1 сурет - Зертханалық қондырғылардың суреттемесі
1.3 Жұмысты орындаудың тәртібі
1.3.1 Зертханалық қондырғылардың құрылымымен танысу.
1.3.2 9 вентильді жауып 6 және 12 вентильдерді ашу. Су өлшегіш шыныдаға судың деңгейі бойынша жасай отырып, сосудты оның көлемінің ортасына дейін сумен толтыру. 6 вентильді жабу (сосуд пен атмосфераны қарастыру). 12 вентиль арқылы ыдысқа келген су ыдыстағы судың ерікті үстінгі қабатындағы ауаның қысымы жоғарлатады.
Мановакууметрдегі көрсеткішті жазу, ыдыстағы ауаның артық қысымын көрсететін шаралы манометр мен U - пішінді манометрдің және су өлшегіш шыныдаға сұйық деңгейі бойынша анықталатын ыдыстың тереңдігіндегі һ, сұйықтың артық қысымын көрсететін пьезометрдің көрсеткішін жазу.
1.3.4 Вентильді жауып, 9 вентильді ашу. Судың біраз бөлігі ыдыстан ағып кетеді, осының салдарынан ыдыстағы қысым атмосферадағыдан аз болады. 7 вентильді жауып, 1.7 суретте көрсетілгендей шаралы манометрдің қосып тұрған трубкаларының орындарын ауыстыру. 7 вентильді ашу.
Ыдыстағы вакуумның көлемін көрсететін құралдың көр-сеткішін жазу.
Қондырғыны басқаша қою, шаралы манометрдегі труб-каларының орындарын ауыстыру, 12 вентиль жауып, 6 және 9 вентильді ашу.
Өлшеу нәтижесін өңдеу. Барлық құралдардың көрсеткіштерін кПа - ға келтіру. Әрбір құралдың көрсеткіші және сұйықтың тереңдіктегі абсолюттік қысымен анықтау.
Қысым өлшеудің қатыстық және абсолюттік сәйкестігін әрбір құралмен анықтау.
Өлшеу мен есептің нәтижелерін 1.4.1 кестеге енгізу.
Жұмыс туралы есеп беру
Жұмыс туралы есеп беруде жұмыстың атауы мен мақсаты, тәжірибелік қондырғының жобасы, кестесі және қажетті есептеулер болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |