Геометриялық ұғымдарды оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану Кіріспе


Геометрия сабағын оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін кеңейту



жүктеу 71,66 Kb.
бет7/9
Дата13.05.2022
өлшемі71,66 Kb.
#38494
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Геометриялы ымдарды о ытуда интерактивті та таны м мкіндікте (1)

2.2. Геометрия сабағын оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін кеңейту

Мектепте геометрия үш кезеңмен оқытылады. Оның екеуі алдын ала дайындық (пропедевтикалық) кезең делінеді. Бірінші дайындық кезеңде, бaстауыш сынып оқушыларының алғашқы геометриялық түсініктері жинақталады, қарапайым геометриялық фигуралардың аталымдары - терминдермен танысады және олар дамытылады. Мұнда жүйелі түрде жүргізілетін сызу, қиып алу және қайта кұрастыру, өлшеу, салыстыру т.б.практикалық жұмыстар арқылы, геометриялық фигураларды индуктивті-көрнекі түрде танып біледі және тәжірибе мен бақылау нәтижелерінің жалпылануы ретінде олардың кейбір қасиеттерімен танысады. Бастауыш сыныптарда геометриялық фигуралар оқу-білу объектісі бола отырып, сонымен қатар арифметикалық материалдарды игерудегі көрнекі құрал міндетін де атқарады.Дайындық кезеңінің екіншісі, негізгі мектептің 5-6 сыныптарында геометриялық фигуралармен және олардың кейбір қасиеттерімен көрнекі-индуктивті түрде таныстыру одан әрі жалғасады. Бірақ бұл кезеңде геометриялық фигуралардың кейбіреулеріне анықтыма беріліп, қасиеттері жүйелі түрде тұжырымдала бастайды, қарапайым ойқорытулар жасалынып, дедуктивті дәлелдеудің элементтері кездеседі. Сондықтан бұл кезең геметрияны оқытудың индуктивтіден дедуктивтілікке біртіндеп өту кезеңі делінеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - білім беру ұйымдарын электрондық оқыту жүйесіне енгізу. Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін» жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыруларды т с с бар мәліметтер, дербес компьютер арқылы енгізіледі. Электрондық оқыту жүйесінің негізгі мақсаты білім беру ұйымдары қызметкерлеріне үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз етуге негізделген болса, міндеті – оқу-тәрбие үрдісін автоматтандыру болып табылады. Аталған міндетті шешу үшін оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру қажет. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады.  Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.

Математика сабағында тақтаның кейбір қолдану әдістері:

•Мультимедиа презентацияларынұсыну;

•Ауызша есептеулерді жүргізу;

•Ақпаратты біртіндеп берілуі;

•Формула, мәтін, тапсырмалардағы бос орындары толтырылуы;

•Цифр, сөз, сан немесесуретті жылжыту арқылы керекті объекттермен өзара әрекеттесу, байланыстыру;

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау тәжірибесі стереометрия сабақтарында функциялар мен олардың графиктеріне арналған алгебра сабақтарында, сонымен қатар, мектеп оқулықтарынан тыс (мысалы, «Параметрлі теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу», «Модулі бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу», «Жоғары дәрежелі теңдеулерді шешу») сабақтарда техникалық құралдарды қолдану анағұрлым сапалы екенін көрсетті. 7-9 сыныптарда геометрияны оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың сапасын арттыруға ықпалын тигізеді.

Интерактивті тақтамен оқытудыңәдеттегі оқыту әдісінен айырмашылығы көп емес. Мұғалім қолданатын технологиялыққұралдарға қарамастан, сабақты сәтті өткізудің негіздері бірдей. Ең алдымен, кез келген сабақтың белгілі бір мақсатқа және нәтижеге жететін нақты жоспары, құрылымы болуы керек. Мұның бәрі де оқушыға материалды жақсы меңгерулеріне көмектеседі және өз білетіндерімен сәйкестендіруге септігін тигізеді. Қалыпты мектеп сабағын қазіргі педагогикалық және оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын сәйкестендіріп өткізу маңызды.Қажетті бағдарламаны қамтамасыз етіп, интерактивті тақтаға үйлестіріп қолдану жаңа идеяларды түсінуді анағұрлым жақсартуы мүмкін.Интерактивті тақта - сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін ресурс.Оның ақпаратты түрлі мультимедиалық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндіп зор. Оқытушылар мен оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Компьютерлік үлгілеудің көмегімен оқытудың белсенділігін арттыруға толық мүмкіндік береді. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Интер-активті тақтада оқушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндік зор. Сондай-ақ, оқытушылар үшін абстрактілі ойлар мен тұжырымдарды түсіндіруде құнды құрал болып табылатыны анық. Тақтада оп-оңай ақпаратты өзгертуге болады немесе жаңа нысандарды жасауға және жылжытуға да тиімді. Оқытушылар өз қимылдарын түсіндіре отырып ойларын ауызша жеткізуге болады. Осылайша бірте-бірте оқушыларды қатыстыру арқылы идеяларды тақтаға жаздыруға ұласады. Интерактивті тақтаны жүйелі, тиімді пайдалану оқыту үрдісін ізгілендірудің негізгі құралы болып табылады.

Интерактивті тақтаны қолдану сабақтың жоспарын, қарқыны мен барысын жақсартуға көмектеседі. Интерактивті тақтада жұмыс жасау материалды қарапайым, бірақ шығармашылық түспен қолдануды қарастырады.Интерактивті тақта қөмегімен оқыту, тек компьютермен және проек-тормен оқытуға қарағанда айтарлықтаи әсерлілеу, өйткені оның бірнеше артық тұстары бар:

- веб-сайттар және басқа да ресурстар қолдану есебінен материалды түсінікті, әсерлі етіп жеткізуді қамтамасыз етеді, сурет салу мүмкіндіктері бар және кез келген қосымшалардың, әрі веб-рөсурстардыңүстінен жазуға, көп уақыт шығындамай-ақ бейне көріністерді, сабақ барысында жасалған кез келген жазуларды сақтауға, оны басып шығаруға болады;

- түрлі тартымды ресурстарды қолданудың арқасында оқушылардыңқызығушылығын арттырады;

- ұжымдық жұмысқа араласу үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады,

-жеке және әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді;

- оқытудың түрлі стилдерін қолдануды (белгілі бір қажеттілікке икемделе отырып, мұғалім барлық мүмкіндігі бар ресурстарға иөк артуына болады);

- сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді;

- өтілген материалды қайталау үшін мектеп желісінде пайдаланылған файлдарды сақтауға мумкіндік береді;

- сақталған файлдар негізінде меңгеріл ген материалдарды тексеруді жеңілдетеді; .

педагогтар жасаған материалдарды қолдануды, бір-бірлерімен материал алмасуларын қамтамасыз етеді;

- педагогтарды кәсіби тұрғыдан өсуге ынталандырады.

Мектебіміздің пән мұғалімдері интерактивті тақталармен жұмыс жасаудың технологияларын оқып-үйреніп, әрқайсысы өздерінің пәндері бойынша сабақүлгілерін, оқу материалдарын гипермәтін түрінде және интерактивті тапсырмаларды дайындап, пайдаланып оқыту үрдісінде оқушылардың білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру үстінде. Интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болатыны анық. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, оқушылардың дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздермен көріп, оны жетік түсінуге дағдыландырады. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Ал жауап нәтижелерін бақылап, оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға болады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушыларын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде түрде бере алады. Жаңа ақпараттық технологияларда электрондық тесттерді қолдану оқудың тиімділігін көреді, сонымен қатар оқушының бірден – бір өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады. Тестік формадағы тапсырмалар қысқа сұрақтардан тұруы тиіс. Техникалық құралдар арқылы тестті тез әрі нақты және үнемді орындауға болады. Электрондық тесттерді оқу процесінің кез келген кезіңінде қолдануға болады. Электрондық тесттерді «Aktivstudio Professional Edition V3» бағдарламасындағы «Оценка тест» бағдарламасымен құрастыруға болады. Мұғалім алдын ала дайындалған тест арқылы кез келген уақытта сабақта өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексере алады және оқушы электрондық тесттер арқылы өзін – өзі тексере алады. Мысалы, сабақта оқушыларға тесттік тапсырмалар беруге болады.

Интерактивті тақтада слайд арқылы мұғалімнің дайын ақпаратты мәтін, фото, видеоны компьютерлік презентациямен пайдаланады Оқушылар алдына қойылған мәселе тақтада қайталанып еске түсіріп отыруға өте жақсы жағдай туғызады. Осылайша оқушылармен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында СТО технологиясы бойынша берілген әдістер бойынша тапсырмалар берілгенде оқушылар шешуге өз әдістерін ұсынады. Көмекке берілген ережелер, т.б құралдар экранда флипчарт арқылы жабылып тұруы мүмкін. Оқушылар талдау барысында жауаптары тақтада жазылады, ашылады, қателер түзетіліп, дәлелденеді. Айнымалыларды құрастыруға тапсырма беруге болады, оны орындау барысында оқушының заттардың химиялық қасиеттерін біледі, өзінің іс – әрекетін анықтайды, сыныптастарының жауаптарын талдауға үйренеді. Интерактивті тақтада сәйкестендіру есептерді тиімді талдауға өте ұтымды. Қазақ тілі мен әдебиеті кіріктірілген сабақтарында маңызды жұмыстарда кестелерді, графиктерді қолдану тиімді. Ал интерактивті тақтадағы кесте, графиктерде қажетті ақпаратты маркер – қаламмен сызып бөлуге болады, назарды аударуға болады. Тақта басқа пәндермен байланыста болуға өте маңызды. Мысалы, географиядан карталарды, табиғи обьектілердің фотографияларын т.б байланыстыра жазамыз. Интерактивті тақта сабақтың ұйымдастырушылық, қайталау, жаңа тақырыпты игеру, бекіту, қорытындылау, талдау кезеңдерінде, білім бақылауда кеңінен оқушының қызығушылығын, оқуға танымдық қасиетін оятуға тиімді. Обьективті бағалауға, оқушының еркін сезінуге ақпараттық коммуникациялық мәдениетінің деңгейі өсуіне жағдай жасалып, келешекте терең білім алуға көмегі зор.

Геометрияны оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып өздік жұмыстарды өткізудің ерекшеліктері:


  • Оқушылардың саналылық деңгейін арттырып, білімді меңгеру беріктігін көтереді;

  • Оқушылар бойында белгілі бір икемділік пен дағдыны қалыптастырады;

  • Алған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді;

  • Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, ойлау әрекетін жоғарлатады.

Мысалы : Параллелограм тақырыбын өткеннен кейін өздік жұмысты мына формада жүргіземін. Ең алдымен есеп шығару барысында өтілген материалды қайталап алу керек. Ол үшін теоремаларды оқыған кезде тиянақтауға берілген материалдарға ұқсас тапсырмалар мен пункттегі қосымша есептерді пайдалануға болады. «Блумм түймедағы» әдісін қолдана отырып қайталау жұмысын төмендегідей жүргіземін.

Міне осы қайталаудан кейін төмендегідей өздік жұмысты аламын.

Өздік жұмыс. І нұсқа


  1. ABCD параллелограмының АВ қабырғасы 3см, диагональдары 7см және 4 см; О- диагональдарының қиылысу нүктесі. АОВ үшбұрышының периметрі неге тең?

А ВС-да 0. BC қабырғасының бойынан алынған нүктеден АВ және ВС қабырғаларына параллель екі түзу жүргізілген. Алынған төртбұрыштың түрін және оның барлық бұрыштарын анықтандар.

ІІ нұсқа


  1. ABCD параллелограмының АВ қабырғасы 3см, диагональдары 8 см және 5 см; О- диагональдарының қиылысу нүктесі. АОD үшбұрышының периметрі неге тең?

  2. Тең қабырғалы бір қабырғасының бойынан алынған нүкте арқылы қалған қабырғаларына параллель екі түзу жүргізілген. Пайда болған төртбұрыштың түрін және оның барлық бұрыштарын анықтандар.

Оқу материалының мазмұнын талдау мен таңдап алу кезеңінде, алдымен пән бағдарламасына сәйкес оқушылардың игеруге тиісті теориялық сұрақтарын, білімдерін анықтап қарап, оған арналған сағаттар санына да көңіл бөлу керек.

Бағдарламаны талдау кезінде пәнаралық байланысты есепке алып отыру ұмытылмауы тиіс.

Материалды таңдап алу кезінде сыныптың дайындығы, алдыңғы тақырыптарды игеру нәтижелері есепке алынады.

Бір күрделі мәселе - материалдың басты мазмүнына не жатқызу керектігін анықтау. Басты мазмұн деп оны түсінбей, материалдың қалған тақырыптарын игеруге болмайтын негізгі бір бөлігін айтады. Компьютерлік сабақ құрылымын-жасау кезеңіңде оқушылардың жалпы оқу білімдерін игеруге керекті талаптарды анықтап алу керек. Бұлар оқушылардың өзі қалыптаспаған, білмейтін материалдарын айқындауға көмектесіп, кейбір топтар үшін болатын сабақтардың мақсаттарын анықтауға, өтілетін тақырыптардың ішкі материалдарын талдап, оқушылардың өзіндік жүмыстарына арналған тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы әдістемелік дайындық математика-сабағының компыотерлік

нұсқасын жасап, оны еткізуге негіздеме болады, сабақ тиімділігін, оқушылардың танымдық қасиеттерін арттырып, балалардың өздерінің жұмыс істеулеріне әсер етіп, олардың компьютерлік сабаққа қызығушылығын туғызады.

Оқыту программасы жоғары сапасының негізгі көрсеткіші - білім берудіңтиімді болуы. Компьютерлік жүйенің бейнелеп көрсету мүмкіңцікгері мен оның интеракгивті түрде сабақ өткізуді ұйымдастыру деңгейі өздігінен оқыту программасының пайдалылығын өсіреді деп айтуға болмайды. Программа тиімділігі оның жақынға немесе кейінге жоспарланған сабақ мақсаттарын қандай деңгейде орындауды қамтамасыз ете алатынымен, мысалы, олардың компьютерде жұмыс істеу мүмкіндіктерін дамыту сияқты істермен анықталады. Кез келген мәселені шешу жолында - графиканы пайдаланудан бастап, оқушыларды жекелеп оқыту ісін жүргізуге дейін басты шарт болып оқу мақсатын орыңдау есептелуі тиіс. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика түрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай пайдаланылуы керек. Сыртқы эффектіні ғана қуып, оқыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс.Оқыту программасының қаншалықты тиімді екендігін оны тек сабақта қолданып болған соң, талдай отырып айтуға болады.

Практикалық бөлім

Республикамызда орын алып отырған әлеуметтiк-экономикалық бағыттар және жас ұрпақты ғылыми-техникалық прогресс, қазiргi заман талабына сай математиканы оқыту мен тәрбиелеу проблемасы, оқыту мақсатын, мазмұнын, түрiн, әдiстерiн қайта қарап, оқу үдерісiне көптеген өзгерiстер енгiзудi қажет етедi. Біз математиканы оқытуда интербелсенді тақта құралдарын тиімді қолдану арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесін қарастырдық.

Сабақтың тақырыбы: §35. Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталар бойынша нүкте салу.

Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі; 2) Сабақтың өтілуі:

Жаңа сабақ (276-278 бет)

Сабақтың тірек-сызбасында көрсетілгендей 7 іс-әрекет орындалады:

1. Теориялық материал түсіндіріледі; 2. Практикалық материалдар бөлімінде мысалдар келтіріледі; 3. Тарихи деректерден мәлімет келтіріледі; 4. Үш деңгейлі тапсырмалар орындалады;

5. Ойын түріндегі есептерді шығару; 6. Үйге тапсырма беру; 7. Қорытындылау үшін тест қабылдау.

Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталар бойынша нүктені салу қарастырылады. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіре келе интербелсенді тақта құралдарын қолданып, төмендегі іс-әрекеттерді орындайды. Сабақтың тірек-сызбасында көрсетілгендей 7 іс-әрекет орындалады:

1. Теориялық материал түсіндіріледі; 2. Практикалық материалдар бөлімінде мысалдар келтіріледі; 3. Тарихи деректерден мәлімет келтіріледі; 4. Үш деңгейлі тапсырмалар орындалады;

5. Ойын түріндегі есептерді шығару; 6. Үйге тапсырма беру; 7. Қорытындылау үшін тест қабылдау.

Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталар бойынша нүктені салу қарастырылады. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіре келе интербелсенді тақта құралдарын қолданып, төмендегі іс-әрекеттерді орындайды.

Мысалы, (-1;4) – бұл «Б» әрпі, (-5;6) – бұл «А» әрпі, (-7;-3) – бұл «Р» әрпі,(3;3) – бұл «Ы» әрпі, (1;-4) – бұл «С» әрпі, нәтижеде «БАРЫС» қазақша жыл атауы шықты. Дәл осылайша орысша «ТИГР» сөзін де шығару керек, яғни (-4;2) – бұл «Т» әрпі, (-7;3) – бұл «И» әрпі, (7;0) – бұл «Г» әрпі, (-7;-3) – бұл «Р» әрпі. Осылайша ағылшынша жыл атауын табыңдар деп, оқушыларға өзіндік жұмыс беруге болады.«Нысана көздеу ойыны» деп аталатын ойын түріндегі есеп берілген. Берілген аң-құстарды атып, яғни олардың коордианаталық нүктелерін дұрыс тауып, балл жинайды.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды қояды:

1. Координаталар жүйесі қалай құрылады?

2. Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталары қалай аталады?


жүктеу 71,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау