Географиякафедрас ы



жүктеу 0,71 Mb.
бет57/144
Дата21.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#34282
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   144
Картография-топография

Тексеру сұрақтары:

1.План дегеніміз не?

2.Карта мен планның айырмашылығы қандай?

3.Карталардың масштабы дегенімізді қалай түсінесіз?

4.Карталардың масштабы қандай түрлерге бөлінеді?

5. Карта масштабының негізі, шамасы, дәлдігі дегендеріміз не?



Әдебиеттер:

1.Грюнберг Г.Ю. Картография с основами топографии. Москва, Просвещение, 1991. 14-18 беттер.

2.Гедымин А.В. Картография с основами топографии. Часть 1. Москва, Просвещение, 1973.

3. Южанинов С.В. Картография с основами топографии. Москва, 2001. 12-13 бет.


Дәріс № 3

Тақырыбы: Топографияда қолданатын координаттар жүйесі.

Дәрістің мазмұны.

1. Карта бетінің рамкілері. Географиялық координаттарды анықтау.

2. Топографиялық карталардың проекциясы. Тік бұрышты координаттар.

Мақсаты: Студенттерге картаның рамкілері және олардың түрлері, топографиялық картадағы географиялық және тік бұрышты координаттар туралы түсінік беру.

1. Топографиялық карта беті ішкі, сыртқы және минуттық рамкілерден тұрады. Картографиялық бейнеленулер топографиялық картада ішкі рамкаінің негізін құрайтын меридиандар мен параллельдер мен шектелген. Солтүстік және оңтүстік рамкілерде ендіктері, ал батыс және шығыс рамкілерде бойлықтары картаның төрт бұрышына жазылады. Сонымен қатар, солтүстік және оңтүстік рамкілердің ендіктерінің, батыс және шығыс рамкілерінің бойлықтарының айырмашылықтары әрбір масштабтағы карталарда тұрақты болып келеді.

Ішкі рамкіден біршама қашықтықта екі сызық жүргізілген, олар екі бөлікке бөлінген, бірі ендіктегі минутқа сәйкес келетін батыс және шығыс рамкілер және бойлықтағы минутқа сәйкес келетін солтүстік және оңтүстік рамкілер. Бұны минуттық рамкілер деп атаймыз. Ал осы минуттық рамкінің сыртынан толық қара сызық жүргізілген, оны сыртқы рамкі деп атайды, бұл рамкі картаның жабдықтау элементтерінен картаны бөліп тұрады.

2. Топографиялық карталарды пайдаланған кезде картадан көптеген өлшеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Сондықтан топографиялық карталар бетіндегі жердің дөңестігіне байланысты болатын бұрмаланулар болар болмас болуы қажет. Ірі көлемдегі территорияларды картаға түсірген кезде, жердің дөңестігі байқалады, ол үлкен бұрмалануға әкеледі. Сондықтан, топографиялық карталарды тұрғызған кезде жазықтыққа жіңішке екі бұрышты сферойдты түсірген кезде жер эллипсойдының көп полюсті бейнелеу әдісін пайдаланады. Жер эллипсойдын көп полюсты бейнелеу әдісімен түсіру үшін Гаусс – Крюгердің көлденен цилиндрлі проекциясын қолданады.

Гаусс-Крюгердің көлденен цилиндрлі проекциясының геометриялық негізін төмендегіше түсіндіруге болады. Референц-эллипсойдтың бетін әрбір 6º бойлық бойынша 60 зонаға бөледі. Зоналардың реттік саны Гринвич меридианынан бастап шығысқа қарай саналады. Содан кейін бөлінген 6º бойлықты зонаны көлденен жатқан цилиндрдің ішіне орналастырады бұл кезде цилиндр осі экватор жазығымен, ал цилиндр беті зонаның орта меридианымен сәйкес келетіндей отырып жобалайды. Бұдан кейін цилиндр бетін жазып жібереді, сонда оның тең бұрыштығы сақталады, яғни эллипсойдтағы бұрыштар жазықтықта да сақталады. Остік меридиан бұрмаланусыз бейнеленеді. Ал ұзындық сызықтары біршама созылады да және бұрмалану шамасы жанасу меридианынан қашықтаған сайын өсе түседі. Бұл бірақ, зонаның ені жіңішке болғандықтан бұрмалану болар болмас болады.




жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   144




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау