Тақырыбы: Тақырыптық карталар.
Мақсаты: Студенттерді тақырыптық карталарды талдай отырып оқуға дағдыландыру.
Тапсырма:
1. Мектеп атласындағы тақырыптық картаны талдау жасау және оқу.
Әдістемелік нұсқау:
Картаға талдау жасау төмендегідей жоспар бойынша орындалады:
I. Картаның жалпы мәліметі және математикалық негізі.
1. Картаның аты, қолданылуы, қандай атласта берілген (атластың аты, шыққан
жылы).
2. Картаның басты масштабы қандай?
3. Қандай картографиялық проекциямен тұрғызылған?
4. Картада қандай бұрмалану түрлері кездеседі?
IIа. Географиялық негізінің ерекшелігі.
5. Жалпы географиялық картаның қандай элементтері берілген тақырыптық картаның географиялық негізін құрайды?
IIб. Арнаулы мазмұнның ерекшелігі.
6. Картада бейнеленген қандай табиғи немесе әлеуметтік-экономикалық элементтер карта тақырыбын аша ма?
7. Осы әрбір элементке кіретін қандай объектілер картада бейнеленген?
8. Осы объектілердің картада қандай сандық және сапалық ерекшеліктері көрсетілген? Қандай бейнелеу әдістері қолданылған?
9. Картада қолданылған картографиялау әдістерін бейнелеу үшін қандай безендіру құралдары пайдаланылған?
10. Картадағы арнаулы мазмұнның әрбір элементінің жинақтау (генерализация) дәрежесі және бағыты, оның қолданылуына сәйкес келе ме?
III. Картаның безендіру ерекшелігі.
11. Карта бір немесе көп түсті ме?
12. Картаның әр түрлі арнаулы мазмұн объектілерінің жазылу әріптерінің пішінінде қандай айырмашылықтар бар?
13. Картадағы түрлі-түсті бояулары, сызықтық және масштабтан тыс шартты белгілері тез айырла ма?
IV. Картаның жабдықтау элементтері мен бейнеленген территорияның қосымша
сипатының элементтерінің ерекшеліктері қандай?
V. Картаның компоновкасы қандай?
Әдебиеттер:
1.Грюнберг Г.Ю. Картография с основами топографии. Москва, Просвещение, 1991. 215-238 беттер.
2. Гедымин А.В. Картография с основами топографии. Часть 2. Москва, Просвещение, 1973. 120-141 беттер.
3. Гедымин А.В., Грюнберг Г.Ю., Малых М.И. Практикум по картографии с основами топографии. Москва, Просвещениие, 1981. 16 тапсырма, 122-123 беттер.
4. Мектеп атластары.
№26. ОЖСӨЖ
Достарыңызбен бөлісу: |