ДСҰ мəліметі бойынша əлемде 4,5 млрд тан астам адам əртүрлі паразитарлы аурулармен ауырады. Соның ішінде жыл сайын аскаридозбен 1 млрд адам ауырады. Əдеби мəліметтер бойынша адамдар арасында гельминтоздардың 300 ге жуық түрі таралған. Гельминтоздар аса маңызды паразиттік аурулардың ішінде əлем бойынша үшінші орын алады. Сонымен қатар бұл сандар тек дамушы елдердің тұрғындарын ғана емес, Еуропалық аймақтың дамыған елдерін де қамтиды.