Газет 940 жылғы қарашадан бастап шығады №13 (6364) Сенбі, 12 наурыз, 2022 жыл



жүктеу 2,6 Mb.
Pdf просмотр
бет15/25
Дата20.04.2023
өлшемі2,6 Mb.
#42245
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
10. 12 наурыз №13 (6364) compressed

kazislam.kz сайтынан.
Дін мен діл
Идентификациялық қалып – мемле
-
кет бірнеше діни ұйымдармен әріптестік 
және серіктестік орнатады. Дәстүрлі 
діндерге мәдени құндылық ретінде қолдау 
білдіріп, олардың білім беру орындарында 
оқытылуына мүмкіндік жасайды. Иденти
-
фикациялық қалып көпұлтты мемлекет
-
терге тән. Оларға мемлекеттерінің даму 
тарихында Құдайды насихаттау арқылы 
адамдарды дінге мәжбүрлеуді басынан 
өткерген елдер (Франция, Ресей, Балтық 
жағалауы елдері, Украина, т.б) жатады.
ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ — 
ҚОҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Иә, Ислам туралы сөз болғанда, 
пұтқа табынушылық дәуір туралы жиі сөз 
етіледі. Соған қарап бұл өзі қайдан, қа
-
лай шыққан сенім деген сауал өздігінен 
туындайды. Иә, пұт деген не? Пұтқа та
-
бынушылық қалай қалыптасты?
Аллаға ғана жасалуы қажетті құрмет, 
құлшылық, сүйіспеншілікті басқаға көр
-
сету әрі Алладан өзге нәрсені жаратушы 
ретінде қабылдау пұтшылдыққа жата
-
ды. Пұт аят пен хадистерде «санам» не 
«уасан» деп келеді. «Аснам» – «санам» 
сөзінің көпше түрі. Ибнул-Асир «ән-Ни
-
хая» атты кітабында «санам» сөзіне «Ал
-
ладан өзгені тәңір тұту» деп анықтама 
берген. Бұл да өз кезегінде мүшріктер 
табынған пұт деген мағынаны берумен 
қатар, Алланың жүйесіне және билігіне 
тосқауыл болатын барлық жалған құдай
-
лар (тағут) деген мағынаны білдіреді.
Алла тағала Адам ата мен Хауа ана
-
ны жер бетіне түсіргеннен кейін жыл 
санап ұрпақтары көбейе берді. Осы 
алғашқы буын бір үмбет ретінде бір дін
-
ге сеніп, бірдей құлшылық жасап, тура
-
лықтан таймады.
Аятта былай делінеді: «Адамдар бір 
үмбет еді. Алла пайғамбарды қуанышты 
хабарды естіртуші әрі ескертуші ретін
-
де жіберді. Адамдар пікір қайшылығы
-
на ұрынатын тұстарда араларында үкім 
жүргізу үшін оларға ақиқатты айтатын 
кітаптар түсірді» (Бақара, 2/213).
Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілген 
бір хадисте мынандай дерек кездеседі: 
«Адам мен Нұхтың арасында он ғасыр
-
лық уақыт бар. Осы уақыт аралығында 
адамдар Алланың шариғатын ұстана
-
тын. Таласқа түскен кездерінде Алла 
қуантушы әрі ескертуші ретінде пайғам
-
барлар жіберді» (Ибн Жәрир әт-Taбари, 
Tәпсір, II,194). Икримадан жеткен басқа 
бір хадисте «Адам ата мен Нұх арасын
-
да исламды негізге алған он ғасыр бар» 
делінген.
Шайтан адам баласымен үнемі 
ымырасыз күрес жүргізіп келді. Олар
-
ды кәпірлер мен мүміндер деп екі топқа 
анық бөлгенге дейін күресін тоқтатпады. 
Өлгеннен кейін тірілуді мойындатпай, 
пұтқа табынатын елге айналдырғанға 
дейін арпалысты. Алла тағала Нұх қауы
-
мының жағдайын былай деп баяндаған: 
«Адамдарға: тәңірлеріңнен айырыл
-
маңдар. Уәд, Суа, Яғус, Яук пен Наср 
пұттарынан еш бас тартушы болмаңдар» 
деді» (Нұх, 71/23).
Ибн Аббас былай деуде: «Бұл есім
-
дер Нұх қауымындағы ізгі кісілер еді. Ол 
кісілер өлгеннен кейін шайтан осы қа
-
уымға соларды ұмытпай еске алып тұру 
үшін бейнелерінен пұт жасауға ой салды. 
Халық олардың бейнесін мүсіндеп жа
-
сағанмен табынған емес. Бірақ, кейінгі 
ұрпақ о баста мүсінді пұттардың не үшін 
қойылғанын білместен, табына бастады» 
(Бұхари, Тәпсір, 71).
Арабтардың діни сеніміне ширкті 
алғаш енгізген адам Амр ибн Лұхайя 
болған деседі. Расулалла (с.а.у.) «Амр 
ибн Амир әл-Хұзаиды тозақта ішектері 
шұбатылған кейіпте көрдім. Бұл халықты 
адастырған жан» (Mүслим, Жәннат, 13) 
деген.
Амр Шамға барған сапарында Мааб 
деген жерге соғады. Ол жерде хазірет 
Нұхтың тегінен әлдекімдердің жекеленіп 
пұтқа табынғанын байқайды. Себебін 
сұрағанда, «Пұттардан көмек сұраймыз, 
көмек береді. Жаңбыр сұрасақ, жаңбыр 
береді» деген жауап естиді. Қызыққан 
Амр олардан бір пұт сұрайды. Олар 
Хүбәл атты пұтты береді. Амр сол пұтты 
Меккеге әкеліп, ел көретін жерге қояды. 
Халық содан бастап сол пұтқа табына 
бастайды.
Бара-бара әр тайпаның өзі пұты 
анықталды. Құрайыштар ең ірі пұт ретін
-
де Ұззаны мойындап, құрмет жасауды 
әдетке айналдырды. Әус пен Хазраж 
атты тайпалардың пұты Мәнат деп атал
-
ды. Кейіннен олар Лат пен Ұзза деген 
пұттарды да өздеріне қосты.
Кәлб тайпасы Уәдқа, Хұзайл тайпасы 
Суаға, Тай мен Мазхиж тайпасы Яғусқа, 
Химярлықтар Насрға, Бакраұлдары мен 
Кинана тайпасы Саадқа табынып кетті. 
Кейіннен араб тайпаларының арасында 
ұлықтайтын, сыйынатын, құрбан шала
-
тын, шапағат тілейтін түрлі пұттар қапта
-
ды.
Ибн Жүрәйждің де айтқанындай, Лат 
– Сақиф тайпасынан май мен талқан
-
ды араластыратын адам болған. Өлген 
кезінде қабіріне пұт қойды. Расулалла 
(с.а.у.) Meккені азат еткенде Қағбаның 
маңайында үш жүз алпыс пұт тұрған еді. 
Бәрін де жеке-жеке садағының ұшымен 
нұқып құлатты. Латты сыртқа шығарған 
соң, бәрін өртеп жіберуді бұйырды.
Бұл пұттардың бәрі де түптеп келген
-
де ел арасында ізгі әрі әулие кісілердің 
бейнесі екендігі анықталған. Мүшріктер 
Алла алдындағы олардың дәрежесі биік 
деп сенетін. Тілегімізді Жаратушыға со
-
лар арқылы жеткіземіз дейтін. Солар 
арқылы Алла жұртымызды ризықтанды
-
рып, тура жолға салып, пайдаға кенел
-
тіп, зияннан қорғауда деп түсінетін. Сон
-
дықтан марқұмдарды дәйім есте ұстау 
үшін әрі құлшылық, дұғаларын құлшы
-
ныспен орындау үшін бейнелеп пұтта
-
рын жасаған. Осы пұттарға табынғанда, 
түбі сол ізгі кісілерге табынатын.
Бір қызығы, олар өздері қолымен жа
-
саған пұттың өзіне табынбаған. Өйткені 
Алла тағала пұтқа табынатын қауым 
туралы айтқанда, олардың періште
-
лерге, жындарға және пайғамбарларға 
табынатындарын білдірген, бұлардың 
бәрі Құран Кәрімде бар. Бұл мүшріктер 
табынған тәңірлерінің жарататындығы
-
на, ризықтандыратынына, тірілтіп, өл
-
тіретініне сенбейтін. Ол туралы Құранда 
былай делінген:
«Ант болсын, егер олардан көктер 
мен жерді жаратқан, күн мен айды мін
-
детіне байлаған кім деп сұрасаң, міндетті 
түрде Алла» дейді» (Анкабут, 29/61); Ант 
болсын, егер оларға көктен су түсіріп, со
-
нымен өлі жер бетіне қайта тіршілік сый
-
лайтын кім десең, міндетті түрде Алла 
дейді» (Aнкабут, 29/63).
Иә, Ислам сенімі Жаратушыны 
жалғыз деп қабылдайды. Жарату, жоқтан 
бар ету, ризық беру, жолды болдыру, 
тілекті қабыл алу, мерейін үстем ету, т.б. 
– бәрін де тек соған телиді. Ал пұтшыл
-
дық тек заттық тұрпатта ғана кездеспе
-
уі мүмкін. Оның қаупі қай кезде де бар. 
Қорыта келгенде, адамды Алладан алы
-
статып, есіл-дертін жаулаған кез келген 
нәрсеге абай болған жөн.

жүктеу 2,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау