5
12 наурыз, 2022 жыл
№13 (6364)
Зайырлылықтың идентификациялық қал
-
пы – зайырлылық пен діндарлықты қоғамның
түрлі салаларында (мәдениет пен құқықтық
сана, әлеуметтік тұрақтылық, дінаралық және
ұлтаралық келісімдерді реттеу, ізгі қатына
-
стар орнатып, нығайту) пайдалану.
Идентификациялық қалыптың негізгі
ерекшеліктеріне мемлекеттің діни ұйымдарға
серіктес болуы, азаматтардың заманауи ұлт
-
тық-мәдени және діни ерекшеліктерін еске
-
ре отырып, оған қолдау танытуы тән. Халық
кепіл болғандықтан, мемлекет саясаты мә
-
дени-рухани құндылықтарды сақтауға, аза
-
маттарының діни наным-сенімін құрметтеуге
бағытталады. Мемлекеттің діни ұйымдармен
серіктес болуының қайнар көзі осыдан бастау
алған.
Басқа қалыптарға қарағанда идентифика
-
циялық қалыпқа жататын мемлекеттер ойла
-
стырылған, мақсатты түрде діни ұйымдармен
әріптестік, серіктестік сипатта жұмыс атқара
-
ды. Мысалы, Ресей Федерациясы халықтың
діни, рухани-мәдени, тарихи мұрасы ретінде
діни ұйымдардың жұмысына қолдау көрсетіп,
оларды мемлекеттің рухани-мәдени байлығы
ретінде қарастырады.
Оның тарихи сипаттары төмендегідей:
1. Мемлекет пен дін қатынастарының та
-
рихи кезеңдері мен олардың сабақтастығы
-
ның ескерілуі;
2. Дін мен мемлекеттің жігі нақты ажыра
-
тылған және мемлекет басшысы қандай да
болмасын дінді уағыздамайды;
3. Мемлекеттік білім беру мекемелерінде
дінді уағыздау жұмыстары жүргізілмейді, дін
тек мемлекеттің тарихи-мәдени құндылығы
ретінде оқытылады.
Қазіргі әлемде зайырлы мемлекеттердің
дінге қатысты ұстанымын үш топқа жіктеп, қа
-
растыруға болады:
а) клерикалдық жүйеге жақын зайыр
-
лылық;
ә) конкордаттық жүйеге жақын зайыр
-
лылық;
б) діндерге тең құқық беретін зайыр
-
лылық[1].
Клерикалдық жүйеге жақын зайырлы
мемлекеттерге Түркия, Малайзия, Белорус
-
сия секілді мемлекеттерді жатқызуға бола
-
ды. Себебі, бұл елдер зайырлы мемлекет
болғанымен, территориясы мен халқының
тарихи танымында ерекше рөлге ие бір дінге
мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетіп отыр.
Дегенмен, мемлекеттің саясатына дінді ара
-
ластырмайды. Егер дін күшейіп келе жатса,
оған шектеу қойып отырады.
Конкордаттық жүйеге жақын зайырлы
мемлекеттерге Мысыр, Ауғанстан және Ли
-
ван сынды мемлекеттерді жатқызуға болады.
Мысалы, Мысыр зайырлы мемлекет болға
-
нымен, кейбір мәселелерде ислам діні өкіл
-
дерімен санасып отырады. Ислам дінін оқы
-
татын оқу орындарын мемлекеттік қазынадан
қаржыландырады. Ливан мемлекеті «Хизбул
-
лаһ» секілді діни ұйымның өкілдерімен сана
-
суға мәжбүр.
Алайда, әлемнің көптеген мұсылман
мемлекеттері зайырлы мемлекет өлшеміне
сәйкес келмейді. Мысалы, Иран ресми түрде
теократиялық мемлекет болып саналады[2].
Конституциялары Құран мен шариғатқа негіз
-
делген, мемлекеттің басқару жүйесіндегі са
-
яси билік дін басшыларының қолында шоғы
-
рланған.
Малайзия соңғы жылдары ²зайырлы мем
-
лекет² ұғымынан алшақтай бастады. Оның
нақты көрінісін мұсылмандардың ісін қарай
-
тын діни полицияның жұмыс жүргізуінен аңға
-
руға болады.
Мұсылман тұрғындары басым зайыр
-
лы мемлекеттер де бар. Олардың қатарына
Түркия мен Әзірбайжан жатады. Ал Израиль
-
де дін мемлекеттен толық ажыратылмаған.
«Діни мемлекетпіз», «мемлекеттік дініміз
бар» деп ресми түрде хабарлағанымен, өзін
«зайырлымыз» деп те жариялайтын мемле
-
кеттер кездеседі. Олардың қатарына Англия,
Дания, Мысыр, Тунис, Бангладеш және т.б.
кіреді.
Әлемнің бірқатар елдері өздерін «зайыр
-
лы елміз» деп жариялағанымен, зайырлылық
әртүрлі қалыпта жүргізіледі. Бұл, әрине, сол
елдерде қалыптасқан ұлттық құқықтық жүй
-
елерге, мәдени дәстүрлер мен салттарға,
мемлекеттік-конфессияаралық қатынас сын
-
ды факторларға байланысты.
Зайырлылықтың эквипотенциялық қал
-
пын ұстанатын АҚШ-ты мысалға келтірсек,
президенттік қызметке Інжілмен ант беру
арқылы кіріседі, Конгресс мәжілісін христиан
капелландары ашады т.с.с. Дегенмен, да
-
мыған елдердің зайырлылықты басшылыққа
алып, теократияны тарихи анахронизм деп
айыптайтыны жасырын емес.
Жалпы, мемлекеттің зайырлы үлгісі
әр елде әртүрлі сипатта іске асуы мүмкін.
Жаһандық интеграциялық үрдістер бірұлтты
аймақтағы мемлекеттерге көпұлтты халық
пен түрлі мәдениеттің енуіне жол ашты. Бұл
– түрлі ұлтпен, мәдениетпен бірге түрлі на
-
ным-сенімдер мен діндер де қатар енеді де
-
генді білдіреді.
Аталмыш жағдай түрлі қызығушылықтар
-
ды ұштастыратын құрылымдардың тетік
-
тері мен үлгілерін ғылыми тұрғыдан жетіл
-
діруге міндеттейді. Себебі, ұлтаралық және
конфессияаралық шиеленістерден туын
-
дайтын мәселелерді шешу, діндар азамат
-
тармен қатар, дін ұстанбайтындардың да
қызығушылықтарын қанағаттандырып, елдегі
тұрақтылықты сақтау – зайырлы мемлекеттің
басты міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: