19 қазан. 2017 жыл.
2
www.zhaikpress.kz
ЖАЙЫҚ
таңы
* “...Цифрлы болашақ, заманауи ақпараттық технологиялар тіл түгіл,
мемлекеттің рөлі мен функцияларын өзгертуде”.
күн тәртібі
Р
уханиятымыздың
жаңа асуы
Чапаевта қазақ жазуын
латын
әліпбиіне
көшіру
мәселесіне арналып жүздесу
ұйымдастырылды.
БҚО
әкімдігінің
мемле-
кеттік қызметшілерді қайта
даярлау, біліктілігін арттыру
және мемлекеттік тілді оқыту
орталығы
директорының
міндетін атқарушы Болат
Жексенғалиев, БҚО тілдерді
дамыту
басқармасының
Суретті түсірген Таңатар СӘРСЕНҒАЛИ.
бөлім
басшысы
Гүлжайна
Бисенғалиева,
М.Өтемісов
атындағы
БҚМУ
аға
оқытушысы Нұрсәуле Ахатова
қатысқан басқосуда алдымен
әліпбидің жаңа жобасы тал-
данып, алдыңғы ұсынылған
жобамен
салыстырмалы
қарастырылды.
Олар
мекеме,
ұйымдар
өкілдері, жас еңбеккерлер,
тұрғындар
қатысқан
оты-
рыстағы өз сөздерінде латын
қарпіне көшудегі мақсат еліміз
тәуелсіздікке қол жеткізгеннен
бері айтылып келе жатқандай,
жат дыбыстық таңбалардан
арылып, өзіндік ұлттық төл
әліпбиімізді қалыптастырып,
тіл тазалығы мен тіліміздің
жаңа даму сатысына қол жет-
кізу болып табылатынына жан-
жақты тоқталды.
Мәдениет, тілдерді дамы-
ту, дене тәрбиесі және спорт
бөлімінің басшысы Гүлбану
Құлмұханова,
қатысушылар
өз ой-пайымдарын ортаға сал-
ды. Грамматикамыз жетілетіні
нақты мысалдармен баяндал-
ды.
Міндет тек әліпби ауыстыру
емес, ана сүті, әке тәрбиесімен
даритын тілді заманға сай
жаңғырту, жазу мәдениетіне
қол жеткізу, ғылым-білімнің
әлемдік қазынасына жол ашу
болып табылады. Соның бәрі
руханиятымыздың жаңа асуы-
на, уақыттың ұтырлы қадамы-
на айналатыны жайында
баяндалды.
Нұрсұлтан
НАҒАШЫБАЙ.
* Кезінде В.Ленин бүкіл Кеңес
Одағын
латын
графикасына
көшірмек болған. Кеңестік лин-
гвистер кириллицада жазылған
барлық
ресейлік
маңызды
құжаттарды, еңбектерді өзгерту
бойынша аз уақыт ішінде ора-
сан зор жұмыс жүргізеді. Алайда
«большевиктер көсемінің» өмірі
ұзақ болмағаны белгілі. Оның
орнын басқан И.Сталин бұл
идеяға тоқтау салады. Ал одан
бұрын кириллицаны латыншаға
ауыстыру үрдісі көптеген славян
мемлекеттерін
қамтыған-тын.
Ағайынды Кирилл мен Мефодий
православ дініне өткен славян
халықтары үшін ойлап тапқан ки-
риллицаны латыншаға алғашқы
болып Речь Посполита (қазіргі
Польша) мен Литва Княздығы
ауыстырған.
* Кеңес Одағы дүрілдеп тұрған
дәуірде де оның құрамындағы
3 Балтық елі – Литва, Латвия
және Эстония латын әліпбиімен
өмір сүрген. Оларды күштеп
кириллицаға
көшіруге
Кеңес
өкіметі тіпті талаптанған да жоқ.
Себебі, кириллица бұл елдердің
тілінде бар дара, төл дыбыстар-
ды ауыстыра алар баламаны
өзінің әріптік қатарында таба ал-
мады.
*
Өткен
ғасырларда
оң-
түстікеуропалық елдерде де ла-
тын графикасы кириллицаны
ығыстырып шығарды. Мәселен,
бұған дейін кирилл жазуын
пайдаланып келген Румыния
ХІХ ғасырда латыншаға көшіп
алды. КСРО ыдырар тұста, 1989
жылдың 31 тамызында Мол-
дова КСР-інің үкіметі шеруге
шыққан халықтың талабымен
өз аумағында кирилл әліпбиінің
күшін жойды да, латын қарпіндегі
румын жазуын енгізді. Черного-
рия мен Сербияда латын жазуы
кең танымал болуда.
* Бүкіләлемдік банктің дерегі
бойынша дүние жүзіндегі ең ірі 30
экономиканың ішінде 22 елде, ал
10 жетекші экономиканың жетеу-
інде латын әліпбиі қолданады.
Сол сияқты, жан басына шаққанда
ІЖӨ ең жоғарғы деңгейдегі 20 аса
қуатты елдердің 18-і латынша
әліпбиді пайдаланады.
Дерек-
дәйек
Ақордада латын әліпбиіне көшудің
жай-жапсары егжей-тегжейлі ай-
тылып, тіліміздің жарқын, өміршең
қадамы жайында байыпты сөз бо-
лып жатқанына құлақ түріп отырмыз.
Президентіміздің өзі әр әріптің, әр
дыбыстың тағдырын ойлап, жіті на-
зар аударып, бақылап отырғанына
жұртымыз куә.
Бұл тілдің қасиеті мен кепиетіне
тазғым деген сөз.
Латын
әліпбиіне
көшу
–
Қазақстанның әлемдік кеңістікке,
әсіресе
ақпараттық
кеңістікке,
бәсекелестік ортаға кіруге жасаған
қадамы, «цифрлы дәуір» талаптары-
нан туындап отырған тағдыршешті
мәселе. Демек, біз ақжарылқап
бетбұрыс алдындамыз.
Цифрлы
болашақ,
заманауи
ақпараттық технологиялар тіл түгіл,
мемлекеттің рөлі мен функцияла-
рын өзгертуде. Қазақстан дамыған
елдердің қатарына тұрып, бірге адым-
дауы, цифрлы заман әкелген еркіндік
пен ашықтықтың жаңа дәрежесіне
дайын болуы шарт. Оның үстіне жаңа
цифрлы экономикада мұнай мен газ
дамыған мемлекеттердің табысының
басты көзі болмайды. Табыстың негіз-
гі бастауы ІТ-технологиялар болмақ.
Ақжолтай бетбұрысқа кіріспес
бұрын бұл мәселе жылдар бойы
сөз болып, ой-пайымдар жүректен
өткізілді. Әрине, әлі де терең
талқылауға салынады, екшеледі.
Бүгінде латын графикасының функция-
сы әлдеқайда кең. Ол, сондай-ақ жер
жүзіндегі ең көп таралған әліпби сана-
лады: жуырда «Егемен Қазақстан» га-
зетінде жазылғандай, дүние жүзіндегі
тәуелсіз елдердің 70 пайызға жуығы
латын графикасын пайдаланады.
Ең бастысы, біз ұмтылып отырған
әлемдегі озық – отыздықтағы
елдердің басым көпшілігі, 22-сі тек
латын қарпін қолданады. Қазіргі
уақытта
халықаралық
деңгейде
ақпарат алмасудың басты құралы
латын жазуы болып тұр. Әлемдегі
барлық ақпараттың 70 пайыздайы
латын қарпімен жазылады. Ғылыми
ашылымдар,
технологиялық
жаңалықтар да алдымен латынша
графикада жарияланады. Жаһандық
энциклопедиялар мәліметінше, бүгінгі
таңда ғаламшардағы оқи білетін
адамдардың барлығы дерлік латын
әліпбиімен таныс: себебі, ол қаріптер
математика, химия немесе шет тіл-
дері пәнінде пайдаланылады. Соның
арқасында халықаралық қатынастар
әліпбиіне айналды.
Қазақ тілінің латын графикасында-
ғы жаңа әліпбиіне көшуіміз әсіресе,
жастарымыздың
әлемдік
қазіргі
заманғы
технологиялық
ортаға,
коммуникацияға, сондай-ақ, ғылыми
және білім беру процесіне тереңірек
кірігуіне жол ашады. Тілдің фоне-
тикасы мен графикасының сәйкес
келуіне кең жол ашылады. Сөйтіп,
рухани отарсызданудың есігі айқара
ашылады. Рухани жаңғыру деген
осы. Ұлттық мінездің түлеуі деген
осы. Қызыл империяның қоластында
болған кезде тұсалып, әлденеше
өзгертілген
әліпбидің
кесірінен
табиғи түрінен ажыраған тіліміздің,
төл жазуымыздың өрісі кеңейеді.
Бұл
халықаралық
қоғамдастық
өкілдерінің қазақ тілін үйрену жолын
да жеңілдетпек.
Жайнагүл ӨТЕШҚАЛИЕВА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі.
ЖАҢАБҰЛАҚ.
А
қжарылқап бетбұрыс алдындамыз
Елбасына ұсынылған нұсқа –
қазақ әліпбиінің латын
қарпінде жазылуы