«адам дегеніміз оның ақыл-ойым», деп тұжырымдайды. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет. Гуманистік ойды қалыптастырып, оны жалпы-адамзаттық мәдени құбылысқа айналдыруда Италияның ұлы суретшісі, табиғат зерттеуші ғалымы, көрнекті философы Леонардо да Винчидің(1452—1519 жж.) қосқан үлесі өте зор болды. Да Винчидің фи- лософиясы беделділіктің әсерінен бас тартып, тәжірибеге, адамның ақыл-ойының күшіне сену негізінде табиғаттың бірлігін, адамзат мәдениетінің өміршендігін дәріптеумен ерекшеленеді. Ол осы тұрғыдан орта ғасырлық схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты пайдасы жоқ ілім деп есептеді. Жалпы алғанда, да Винчи «философиялық тас» іздестірудің өзі пайда бермейтін іс, себебі табиғат құдайдың заңдылығына емес, өзінің қажеттілік заңына бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп тұжырымдайды, Мысалы, белгілі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады. Да Винчи әл-Фараби мен ибн Руштың
Достарыңызбен бөлісу: |