Г. И. Нестеренко



жүктеу 2,55 Mb.
бет5/8
Дата17.11.2017
өлшемі2,55 Mb.
#493
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Н. М. Нуреев «Курс микрокроэкономики» из-во норма М, 2004 221-225 беттер.

2.Ю. В. Тарануха Д. И. Земляков «Микроэкономика» М, ДИС, 2002 145-155 беттер.

3.А. С. Селищев Микроэкономика СПб. Питер 8 тарау 237-259 беттер.

4.С. Н. Ивашковский «Микроэкономика» М. 2002 242-250 беттер.
Тақырып 7. Жетілмеген бәсеке нарығы. Монополия.

Дәрістің мақсаты: Жетілмеген бәсеке нарығы. Монополиялық нарықтарды оқып үйрену және білу.

Дәріс мазмұны:

1. Монополистің максималды пайда нүктесі

2. Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері. Лернер коэффиценті

3. Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары

4. Бағалық дискриминация

5. Мемлекет тарапынан бағаны реттеу


1. Монополия – бір ғана сатушы мен бірнеше сатып алушылар жиынынан тұратын нарық. Егер монополист өнім бағасын өсірмек болса, онда оған бәсекелестік туралы ойланудың қажеті жоқ, ол сондай-ақ бағаны төмендету арқылы нарықтың көптеген бөлігін қамтып алуы мүмкін. Яғни монополист нарықты өз билігінде ұстап және де сатуға арналған өнімдердің шығару көлемін түгелдей бақылауға ие болады.








Графикте монополистің шекті табысы, шекті шығындары мен D- сұраным қисығы көрсетілген. Жетілген бәсеке нарығындағы сияқты монополист кәсіпорынның да пайдасын максималдау шарты: MR=MC, яғни монополист Q-ға сәйкес өнім көлемін өндірсе, оның пайдасы максималданады.



Q - өнім көлеміне сәйкес баға D-сұраным қисығы бойынан табылады (P - бағасы).Егер монополист бағаны Р1-ге дейін өсірсе, сатылатын өнім саны Q-ге дейін қысқарады. Бұл жағдайда MR>MC. Q1 мен Q және MC мен MR арасындағы штрихталған аудан монополистерінің баға қоюға байланысты сатылатын тауар санының аздығынан жоғалтатын пайдасын көрсетеді.

Q2-ге дейін өнім көлемін өсіру де пайданы азайтады. Бұл жағдайда MR2 және MC мен MR арасындағы штрихталған аудан көп өнім өндіріп, оны арзан бағамен сатуға байланысты монополистің жоғалтатын пайдасының көлемін көрсетеді.


2. MR=MC шартын пайдаланып, пайданы максималдау туралы шешім қабылдау қиынға түседі. Себебі MR мен MC туралы мәліметтер үнемі бола бермейді. Монополиялық баға анықтау барысында MR=MC шартын практикада жеңілдету үшін “Бас бармақ” ережесі қолданылады. Ол төмендегідей тәсілдермен есептеледі.

Р + Р ( 1/ Еd ) = МС;



Р - МС

= -

1

Р

Еd




Р =

МС

1 + ( 1/ Еd )

Бұл формулалар баға орнату үшін қолданылатын ережелер болып табылады. Мыс, сұраным икемділігі 4-ке, ал МС=9 болсын. Монополист максималды пайда алу үшін өнімін 0,07 долларға сатады.

Р = 9 : ( 1 + 1 / 4 ) = 0,07

Нарықта монополист бағаны жұмсаған шығындарынан өте жоғары көтере отырып, өз үстемдігін жүргізеді. Бағаның шекті шығыннан қандай артық екендігіне қарап, монополистің баға қоюдағы үстемдігін бағалауға болады. Монополия үстемдігін осылай анықтау жолы 1934 жылы экономист Абба Лернермен ұсынылды және оны өлшеу үшін қолданылатын коэффициент Лернер коэффициенті деп аталады.



L = ( P – MC ) / P

Коэффицент 0 мен 1 аралығында болады. Жетілген бәсеке нарығында Р=МС, сондықтан L = ( P – MC ) / P = 0. Ал бұл коэффиценттің 1-ге дейінгі өсуі монополия үстемділігінің күшейе түскендігін көрсетеді.

Мыс: Р=10 MC=2 L=0,8
3. Мысалы нарықтағы тепе-теңдік баға 5 долл. болсын. Кейбір тұтынушылар (А,В) бұл тауарды артық бағалайды, ол үшін 7 және 10 долл. беруге дайын. Ат 10долларға бағалаған тауарын 5 долларға алып, артылған 5 долларды өзіне табыс көреді. Тұтынушылардың артылған табысы (штрихталған аудан) – бұл жекеленген тұтынушының тауарды өздері бағалаған төмен бағамен сатып алуынан көретін табыстарының жиынтығы.

Кейбір өндірушілер үшін жұмсаған шығыны нарықтағы бағадан біршама төмен болады да, олардың тауарды біршама төмен бағамен сатуға мүмкіндігі болады. Нарықтағы баға мен өндіруші шығынының арасындағы айырмашылық өндіруші үшін артылған табыс болып табылады (штрихталған аудан).

Монополия үстемдік еткен жағдайда баға еркін бәсекеге қарағанда жоғары қойылады да, ол тұтынушылардың жағдайын нашарлатады. Демек монополиялық өндірушілер қызметі қоғамға белгілі бір дәрежеде ауыртпашылық түсіреді. Бұл монополиялық биліктің әлеуметтік шығынын көрсетеді.










Монополист пайдасын MR=MC нүктесінде максималдайды да, Pm және Qm-ға сәйкес өнім көлемін өндіреді. Ал бәсекелес фирма пайдасын MR=MC максималдайды да, оның өндіретінөнім көлемі QC және Pc нүктелеріне сәйкес келеді.

Енді тұтынушының артылған табысының баға мен өнім көлемінің Pс мен Qc-дан Pm мен Qm-ға өзгеруіне байланысты кемуін қарастырамыз.

Qm өнім көлемін өндіру жағдайында, бағаның жоғары (Pm) болуына байланысты тұтынушылар А төртбұрышына сай артылған табысын жоғалтады. Рm баға деңгейінде емес, Рс баға деңгейінде тауарды сатып алатын тұтынушылар да В үшбұрышына сай артылған табысын жоғалтады. Яғни тұтынушының бағаның өсуіне байланысты жоғалтатын артылған табысы А+В көлеміне сәйкес келеді.

Бағаның өсуіне байланысты өндірушінің табысы А- төртбұрышына сай өседі. Ал сатылатын өнім көлемінің азаюына байланысты С- үшбұрышына сай пайдасы азаяды. Яғни өндірушінің монополиялық баға қоюдан алатын пайдасы А-С.

Монополистің пайдасынан тұтынушының көрген зиянының көлемін алып тастаймыз. (A-C) - (A+B) = - (B+C).

B+C – қоғамның монополиядан шегетін әлеуметтік зардабы.


4. Монополист пайдасын молайту мақсатында бір тауарды тұтынушылардың әртүрлі категориясына әртүрлі бағамен сатады. Бұл жағдайда ол бағалық дискриминация (құқын шектеу) саясатын жүргізеді деп айтамыз. Монополистің бағалық дискриминация жүргізудегі негізгі мәселесі тұтынушы категорияларына байланысты топтастыру және оларды әртүрлі баға белгілеуге бағындыру болып табылады. Баға дискриминациясы мынадай формаларда болады.

1. Бағаны тұтынушының табысына қарай белгілеу. Практикада бағаны осылай белгілеу қиын, себебі фирма тауар үшін кімнің қандай баға белгілейтінін білмейді және тұтынушының табысы туралы нақты мәлімет ала алмайды. Сондықтан баға дискриминациясының бұл түрі клиенттерінің табысы туралы нақты мәлімет алуға болатын жағдайларда мүмкін болады (билет бағасы, жоғары оқу орны).

2. Тұтыну көлеміне қарай бағаны белгілеу. Бұл жағдайда фирма бір тұтынушы үшін бір тауардың әртүрлі көлеміне әртүрлі баға белгілейді. Мысалы, тұтынушы үшін 1-ден 10-ға дейінгі өнім көлемі 10 долл. сатылса, одан көп өнім көлемі 9 долл. сатылады.
5. Көптеген елдерде жеке фирманың монополиялық биліктерін шектеу үшін белгілі заңдар қабылданып, олардың қызметтерін реттеуде әртүрлі механизмдер пайдаланылады. Мысалы: бағаны реттеу, қосымша салық салу.

QmPm – монополияның тауарының бағасы мен өнім көлемі. Енді мемлекет тарапынан реттеу болып тауарға Р1 бағасы қойылады. Соның нәтижесінде өнім көлемі Q1-ге дейін өсті. Бағаны реттеудің ең төменгі деңгейі бәсеке нарығының бағасына келіп тіреледі, одан әрі төмендесе, ол монополистіңіс-әрекетіне теріс әсер береді. Сондықтан бағаны реттегенде Р1 бәсеке бағасынан төмен болуы керек. Pc


1
m

Екінші суретте Т-салық P0Q0 – монополистің салық салынғанға дейінгі жағдайы, P0Q1 – салық салынғаннан кейінгі баға мен өнім көлемі. Шекті шығын VC+t-ға дейін көтеріледі, себебі салық мөлшерін өндіруші өз шығындарына қосады. Сондықтан тауардың бағасы да P1-ге дейін жоғарылайды. Бірақ баға түгел салық көлеміне көбеймейді, ол салық шамасынан аз болады P2-P1
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Р. М. Нуреев «Курс микрокро экономики» из-во норма М, 2004, 225 -232беттер.

2.А. С. Селищев Микроэкономика Спб. Питер 9 тарау, 270-295 беттер.

3.Н. Грегори Мэнкью «Принципы микроэкономики» Спб, 2003,15-тарау, 357-382 бет.
8- тақырып. Жетілмеген бәсеке нарығы.Монополистік бәсекелестік.
Дәрістің мақсаты: Монополистік бәсекелестік. Қысқа және ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсекелестік

фирманың теңдестігі ұғымымен танысу, оқып үйрену және білу.



Дәріс мазмұны:
1. Монополистік бәсеке механизмі

2. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тепе-теңдік

3. Монополистік бәсекелестік және экономикалық тиімділік

1. Көптеген өнеркәсіп салаларында бірнеше фирмалар бәсекелесте болады, бірақ олардың әр қайсысы ең кемінде кішкене болса да, монополистік билікті иемденеді. Монополистік бәсеке нарығы бәсекелестік нарықпен көп фирманың болуы және нарыққа жаңа фирмалардың енуінің шектелмеуімен бірдей болып келеді. Бірақ ол жетілген бәсекелестік нарықтан өнімнің дифференциалданғанымен ерекшеленеді, яғни әр фирма көрнектелуі немесе әсемділігімен ерекшеленетін ерекше тауар түрін сатады және әр фирма өз тауар маркасының монополистік өндірушісі болып табылады. Монополистік бәсекелестіктің мысалдары аз емес: тіс пастасы, кір жуатын ұнтақтар, алкогольсіз ішімдіктер және т.б.

Мысалы “Проктер энд Гэмбл” фирмасы “Крест” пасталарын шығаратын жалғыз фирма болғандықтан, ол монополистік билікке ие болады. Бірақ бұл монополистік билік шектеулі, өйткені, егер “Крест” пастасына баға өссе, басқа тіс пасталарының маркаларына тұтынушылар кез-келген уақытта ауыса алады. Монополистік нарықтағы тауарлар үшін сұраныс өте икемді болып келеді.
2. Таза монополия жағдайындағы сияқты, монополистік бәсекелестікте де фирмалар төменге қарай иілген сұраныс қисығымен кездеседі. Бірақ бұл монополистік бәсеке кезінде фирмалар көп пайда табады дегенді білдірмейді. Нарыққа еркін кіру жағдайында пайда табудың потенциалды мүмкіндігі, бәсекелестік тауар маркасы бар фирмаларды пайдасын нөлге дейін төмендете отырып өзіне тартады.

Анық болу үшін монополистік бәсеке жағдайындағы фирмалардың ұзақ уақыт және қысқа уақыт мерзіміндегі тепе-теңдік баға және өндіріс көлемін қарастырамыз.

1-суретте қысқа мерзімдегі тепе-теңдік көрсетілген. DSR– фирманың сұраныс қисығы. Пайданы максималдайтын өндіріс көлемі Q SR шекті шығын және шекті табыс қисықтарының қиылысқан жерінде орналасқан. Тиісті баға PSR орташа шығынды жапқандықтан, штрихталған тік бұрышпен көрсетілгендей, фирма пайда табады.

Ұзақ мерзімді кезеңде бұл пайда нарыққа басқа фирмалардың енуін ынталандырады. Бұл басқа фирмалардың жаңа тауарларды өндіруіне байланысты бұрынғы фирма нарықта өткізу үлесін жоғалта бастайды. Оның сұраныс қисығы төмендейді, өйткені тұтынушылардың кейбір бөлігі жаңа фирмалардың тауарын ала бастайды, сондықтан ескі фирмалардың нарықтағы үлесі азаяды. Бұл жағдай экономикалық пайда азайып, сұраныс қисығы орташа жалпы шығынды жанап өткенге дейін жалғасады.







1-сурет. Монополистік бәсекелес фирманың 2-сурет. Монополистік бәсекелес фирманың

қысқа уақыт мерзіміндегі сұранысы мен ұзақ уақыт мерзіміндегі сұранысы мен

ұсынысының өзгеруі ұсынысының өзгеруі


2-суретте ұзақ мерзімдегі сұраныс қисығы DLR фирманың орташа шығындар қисығымен қиылысады. Енді пайданы максималдау QLR өндіріс көлемінде PLR бағасы орташа шығынға тең болғандықтан, нөлдік пайдаға жетеді. Осылайша фирмалар тауардың маркасын әртүрлендіруге алып келетін шығындарды басынан кешіреді. Осыған байланысты фирмалар әр түрлі бағаларды белгілей алады. Оның әсерінен басқаларының пайдасы қысқарады.
3. Монополистік бәсеке кейбір аспектілері бойынша еркін бәсекеге ұқсас, бірақ ол тиімді нарықтық құрылым ба? Бұл сұраққа жауап беру үшін монополистік бәсеке кешеніндегі ұзақ уақытты тепе-теңдікті еркін бәсеке жағдайындағы ұзақ мерзімді тепе-теңдікпен салыстырамыз.

3 және 4 суреттер монополистік бәсеке кешенінде нарықтық механизм тиімді емес екенін көрсетеді. Бұл екі себепке байланысты. Біріншіден, еркін бәсеке нарығында нарықтық баға шектік шығынға тең, монополистік бәсеке нарығында баға шекті шығындарды басып кетеді. Бұл сатып алушылардың қосымша өнімге төлейтін бағасы, оларды өндіруге кеткен шығынды басып кетеді. Егер де өндіріс көлемі сұраныс қисығы мен шекті шығындардың қиылысқан жеріндегі нүктесіне дейін ұлғайса, онда шығындар штрихпен белгіленген көлемнің үлкендігіндей өске болар еді. Екіншіден, монополистік бәсеке нарығындағы фирмалар резервтік өндірістік қуаттарға ие, яғни өзінің өндірістік қуаттарын толық пайдаланбайды.







3-сурет. 4-сурет.

Монополистік бәсеке нарығы және еркін бәсеке нарығы тепе-теңдігін салыстыру

Жаңа фирмалардың енуі еркін бәсеке нарығында да, монополистік бәсеке нарығында да пайданы нольге дейін төмендетеді. Еркін бәсеке нарығында фирма сұраныстың горизонталь түзуімен соқтығысады, сондықтан нольдік пайда орташа шығын қисығының минимум нүктесіне сәйкес. Монополистік бәсеке нарығында сұраныс қисығы төмен қарай иілген, сондықтан нольдік пайда нүктесі орташа шығындардың минималды нүктесінің сол жағында болады. Бұл резервтік өндірістік қуаттылықтар, яғни фирма өзінің орташа шығындарын қысқартып, көбірек өнім өндіруге мүмкіндігі бар.

Мұндай тиімсіздік тұтынушылардың әлеуметтік жағдайын төмендетеді. Онда монополистік бәсеке үкіметтің реттеуі қажет әлеуметтік қажетсіз экономикалық құбылыс па? Жауап, екі себепке байланысты кері болады.

Біріншіден, көптеген монополистік бәсеке нарығында монополиялық билік үлкен емес. Көп жағдайда фирмалар саны, тауардың фирмалық маркалары бәсекелеседі., сондықтан ешбір фирма үлкен монополиялық билікке ие болмайды. Сонымен бірге монополиялық биліктен кез-келген таза шығындар үлкен емес. Фирмалардың сұраныс қисығы жазылыңқы болғандықтан, олардың резервтік өндірістік қуаттары да үлкен болмайды.

Екіншіден, нарықтық механизмнің тиімсіздігі монополистік бәскек қамтамасыз ететін тауардың кең ассортиментімен есептеледі. Көптеген тұтынушылар әр түрлі бәсекелес тауарлар арасындағы таңдау мүмкіндігін бағалайды. Тауардың әртүрлілігінен пайда көп болуы мүмкін және тиімсіздіктің шығындарын өлшеу оңай.


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау