Талқылауға арналған сұрақтар:
Осы шығарма сендерге ұнады ма? Несімен?
Ұнамаған тұстар болды ма? Ол не? Оған кім кінәлы?
Құндылықтарды
Игерту
|
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, қазақ тілі, дене шынықтыру.
|
Бағалау критерийі
|
Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы дұрыс анықтайды.
Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану. Жоғары деңгей дағдылары.
|
Алдыңғы білім
|
шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Уақыты
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу
|
Ресурс
|
Сабақтың басы
|
|
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
2. Психологиялық ахуал
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу. «Өрмекші торы» тәсілі арқылы оқушылар жіпті бір-біріне лақтыру арқылы өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды, жауап береді.
Оқушыларды топқа бөлу. 1-4 –ке дейін санау арқылы 4 топқа бөлу.
– Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар?
Сабақ мақсаттарымен таныстыру.
|
|
Сабақтың ортасы
|
|
Венн диаграммасы арқылы Қыз Жібек пен Еңлік, Кебек пен Төлеген образдарын салыстырыңдар.
ВЕНН ДИАГРАММАСЫ
ҚБ: Шапалақ
Топтық жұмыс.
2. «Қабырғадағы рөл» әдісі бойынша
Оқыту қадамдары:
1-қадам. Топтарға тақырыптар ұсынылады:
1-топ: «Дастандағы салт-дәстүр»
2-топ: «Дастанның трагедиямен аяқталуы»
3-топ: «Кеңгірбайдың шешімі»
2-қадам. Әр топ өз үзіндісінің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
3-қадам. Әр топ өз тақырыптарының ішінен Еңлік пен Кебекке жасалған әділетсіздіктерді теріп алады
4-қадам. Әр топ флипчартқа адамның сұлбасын салады. Адамның екі аяғына тақырыбы мен идеясын анықтап жазады. Адамның екі қолына Кебекке жасалған әділетсіздіктерді, ішіне, яғни жүрек тұсына Еңлік Кебек әрекеттерін, екі көзіне «Кім кінәлы?», басына «Қалай жеңді?» сұрағына жауап жазады. Адам сұлбасының сыртына кейіпкерге қойғысы келген сұрақтарды қояды.
5-қадам: Қабырғаға іліп қойып, топтар қорғайды.
Дескриптор:
- Үзіндінің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
- Идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді.
- Еңлік пен Кебекке жасалған әділетсіздіктерді теріп жазып, себептерін анықтайды.
- Кейіпкерге қызықты сұрақтар қояды.
|