|
Г. Д. Рыскелдиева М. Т. Иманбаева С.ҚайыпжанқызыТалқылауға арналған сұрақтар
|
бет | 134/171 | Дата | 06.04.2023 | өлшемі | 2,37 Mb. | | #42035 |
| МҰҒАЛІМ КІТАБЫ,8-сынып ӘДЕБИЕТТалқылауға арналған сұрақтар:
«Әңгіме неліктен «Ұшқан ұя» деп аталған?»
Құндылықтарды
Игерту
|
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, қазақ тілі, әдебиет теориясы
|
Бағалау критерийі
|
өз көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады, дәлелдер келтіреді.
Шығармадағы үзінділерді әр түрлі тапсырмалар орындау барысында орынды қолданады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану, жоғары деңгей дағдылары
|
Алдыңғы білім
|
көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Уақыты
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу
|
Ресурс
|
Сабақтың басы
|
|
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
2. Психологиялық ахуал
Балалар бір-біріне жақсы көңіл күй тілейді.
«Бір үй» тәсілі арқылы тотарға бөлінеді.
3. Ширату. «Миға шабуыл» тәсілі
«Динамика», «Статистика» ойыны. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы отырады. «Динамикалар» қозғала жүріп, «Статистикаларға» «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша сұрақтар қояды.
|
Интербел
сенді тақта
|
Сабақтың ортасы
|
|
1-тапсырма Топтық жұмыс
– Әңгіме неліктен «Ұшқан ұя» деп аталған?
«Ойлаудың алты қалпағы» тәсілі
Топтағы әр оқушыға бір қалпақтан беру немесе алты топқа бір қалпақтан беру. Ақ қалпақ: өлеңдегі фактілер мен нақты ақпараттарды айтады. Сары қалпақ: жағымды тұстарын айтады. Қара қалпақ: ұнамаған жағымсыз тұстарын айтады. Қызыл қалпақ өлеңді оқығанда пайда болған сезімдерді айтады. Жасыл қалпақ: жаңа идея ойлап табады. Көк қалпақ: ой қорытынды жасайды.
Топтардың қорғауы. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» тәсілі. Екі жақсы жағын, бір ұсынысын білдіреді.
2-тапсырма. «Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір. Шығармадағы кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізеді.
2. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін тарихпен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
Дескриптор:
Өз пікірін дәлелдеуде үзіндіні орынды қолданады.
Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
3-тапсырма
Екі үзіндінің біреуін таңдап, ондағы маңызды эпизодты көшіріп жазып, кесте бойынша негіздеме жаса.
Шығармадан үзінді
|
Маңызды эпизод екеніне 3 дәлел келтір
|
3 дәлелге 3 факті келтір
|
|
1.
2.
3.
|
1.
2.
3.
|
Дескриптор:
- шығармадан үздік эпизодты анықтайды;
-3 дәлел келтіреді;
- 3 дәлелді 3 фактімен дәйектейді.
Мұғалімнің кері байланысы.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|