Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет59/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   271
Литература
1. Ермоленко В. А., Перченок Р. Л., Черноглазкин С. Ю. Дидактические основы функциональной 
грамотности в современных условиях. — М.: ИТОП РАО, 1999.
2. Стефанова Г. П. Теоретические основы и методика реализации принципа практической 
направленности подготовки учащихся при обучении физике. — М., 2002.
3.Нуртазин С.Т., Базарбаева Ж.М., Есимсиитова З.Б., Ермекбаева Д.К. Успехи современного 
естествознания. – 2013 
 
 


123 
Артықбаева Ә.Ө

«№8 ЖББМ»КММ, Балқаш қаласы 
 
САБАҚ ҮРДІСІНДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ»ИДЕЯСЫМЕН ҰШТАСТЫРА ОТЫРЫП, ОҚУШЫНЫҢ 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 
Мақсаты: сабақ барысында функционалдық сауаттылықты арттыру үшін Абай 
шығармаларын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастыра отырып, оқушылардың сыни ойлауына, өз 
көзқарасын анық та айқын жеткізе алуына, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
Өзектілігі: Бүгінгі күні оқыту барысында Абай шығармаларының қанша уақыт өтсе де, 
жаңа даму сатысына көтерілсе де, тұтас бір халықтың темірқазығы, рухани суаты, сарқылмас 
қазынасы екендігінде.
Күтілетін нәтиже: оқушы өзін жан-жақты дамыған, шығармашылығы мол, өз бетінше 
іздене алатын тұлға ретінде көрсетеді. Бір-бірімен ашық және ықыласты қарым-қатынасқа түсіп, 
жауапкершілігі артады. Кез-келген жағдайда шешім қабылдай алатын, көшбасшылығы артады.
Тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаев тәрбие мен білімді қатар жүргізуді жиі айтып отыратын. 
«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын орта білім саласына енгізу маңыздылығы әрине, зор. 
Бүгінгі таңда «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру, ұлттық құндылықтарды тұлғалық қасиетке, 
қазақстандық мектепте білім мен тәрбие жұмыстарын ұштастыру мәселелерін қарастырудың 
алар орны ерекше. Мәңгілік Ел-жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. 
Ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болатын. Әлеуметтік маңызы зор 
құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру,баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына 
әсер ететіндей дәрежеде жеткізу ұстаздық шеберлікті талап ететіні анық. Біздің жаңғыруымыз- 
қазақи бар болмысымыздан, менталитетімізден бас тартып, жаңа заман ағымымен жаңа 
құндылықтарға қол жеткізу емес. Бұл ата-бабаларымыздан қалған ұлттық мұраларымызды 
бүгінгі заман талабына сай, оң үрдістермен үйлестіру. Атадан балаға ұласатын ұлттық 
құндылықтар Абай шығармашылығынан бастау алады десек, артық айтпағанымыз болар. Себебі, 
қазақтың ұлы ақыны осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтымызды жаңа өмірге бейім 
болуға, жаңғыруға, сауаттылыққа шақырған. Бұған мемлекет басшысының Қасым-Жомарт 
Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы дәлел. Ақын 
шығармаларындағы ғылым мен білім тақырыбына талдау жасаған мемлекет басшысы ақын 
тұжырымдары қазір де өзектілігін жоймағанын жазады.
Абай шығармаларын оқи отыра, оның ұлағатты сөздері, даналық ойлары арқылы ел 
жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор. Әрине, бұл 
процесс біз үшін сабақ барысында жүзеге асады. Қазіргі жаңартылған білім мазмұнына сай қысқа 
мерзімді жоспар құру барысында әр мұғалімге «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру 
міндеттеледі. Сабақ үрдісінде ақынның шығармаларын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырудың 
тиімді жолдарымен бөліссем. Ақынның«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай, 
мақтанба»өлеңін, қара сөздерін өткен кезде блум таксономиясының жинақтау, бағалау 
сатысында оқушыларға түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың сыни көзқарасын 
байқауға болады. Мысалы жинақтау тапсырмасында ақын шығармаларын оқи отырып, 
өмірбаянымен таныса отырып, «Не алдыңыздар, қандай ой түйдіңіздер»?-деген сұрақ қою 
арқылы оқушының мынандай көзқарастарын көруге болады (қосымша 3 оқушының жазбасы). 
Ал, блум таксономиясының бағалау сатысында оқушыларға эссе, авторға хат жазу 
тапсырмалары ұсынылады. Осы хаттардан үзінді ұсынамын. 
 
Абай атаға хат 
 
Сәлеметсіз бе, Абай ата! Абай ата, мен қолыма қалам алып, сізге хат жазып отырмын. 
Мен сіздің өлеңдеріңізді 6 жасымнан жаттап өстім. Бірақ ол кезде кішірек болғандықтан 
болар, мағынасына мән бермеген екенмін. Ал енді қазір ес біліп қалған кезімде сіздің өмір 
жолыңызбен, шығармаларыңызбен қайта танысып, көп ойландым. Сіздің шығармаларыңызды 
оқыған әр адам өзіне керегін алары анық. Сондықтан сіздің шығармаларыңызды әлем тілдеріне 
аударсам деп армандаймын. Сол үшін де ағылшын тілін үйренім жүрмін. Сіз - біздің еліміздің 


124 
мақтанышысыз . Мен сіз туған елде туғаныма мақтанамын. Сізден алған өнегемді сіз сияқты 
ел болашағының дамуына арнаймын. Сізге алғысым шексіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Гүлнұр 
 
Абай атаға хат 
 
Ассалаумағалейкум, Абай ата! Абай ата, бүгінгі болып жатқан жаңалықтарды айтып, 
қалам тартпасыма болмас. Сүйінші сұрар жаңалығым да бар. Биыл сіздің 175 жылдық 
мерейтойыңызды ел президентінің үкімімен ЮНЕСКО дәрежесінде тойлағалы жатырмыз.
Міне, егемендігімізге қол жеткізіп, әлем мойындайтын іргелі тәуелсіз ел де болдық. Елімізді 
шет мемлекеттің тануы- сіздің арқаңыз. Бізді Абайдың қазағы деп таниды. Өйткені сіз- 
қазақтың бағына біткен Абайысыз. Сіздің ғылым мен білімге, әділдік пен ақиқатқа бастайтын 
заңғар туындыларыңыз- нәр алар негізіміз, өзегіміз. Сіздің шығармаларыңыздан нәр алған әр 
азамат жүрегінде еліне деген патриоттық сезімнің оянатынына мен сенемін. Мен де сіз секілді 
өз елімнің патриты ретінде ел болашағының дамуына, әлем мойындайтын ел болуына үлес 
қосамын. Сізге басымды иіп, алғыс айтамын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мақсат 
 
Абай атаға хат 
 
Сәлеметсіз бе, Абай ата! Абай ата, мен сіздің шығармаларыңызды оқыдым. Әрине, ең 
бірінші өлеңдеріңізбен таныстым. «Ғылым таппай мақтанба», «Мен жазбаймын өлеңді ермек 
үшін», «Көзімнің қарасы» өлеңі қатты ұнады. Сіздің есті өлеңдеріңіз бен қара сөздеріңізді оқып, 
алдыма мақсат қоя бастадым. Білімге, ғылымға құштарлығым артты. Менің адам болып 
қалыптасуыма ғылым мен білімнің тигізер ықпалы зор екенін тағы бір мәрте түсіндім. Өсек, 
өтірік, мақтаншақ сияқты жаман әдеттен алыс болыңдар деген өсиетіңізді әр бала есінен 
шығармаса екен деймін. Сонда біздің еліміз биіктерден көрінетініне сенемін. Рақмет сізге, Абай 
ата! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Анел 
 
 
Осындай жұмыстар жүргізу барысында оқушылардың қызығушылығы артып, ізденіс 
жұмыстарын да жүргізілді. Ақынның қара сөздерін мәнерлеп оқып, электронды қарасөз жинағын 
жазып шықты. Ақын өмірі мен шығармашылығына арналған жинақ мануалдар шығарылды. 
Оқушылардың ақын шығармаларын қызыға оқып, өнеге алуына сыныптан тыс поэзия сағатын да 
жүргізіледі. Ақын өлеңдерін, қарасөздерін жатқа оқу батллы жүйелі ұйымдастырылады. Осының 
нәтижесінде бірнеше жыл бойы қалалық Абай оқуында жүлделі орындар алған оқушыларымның 
жетістігі тағы бар. Биылғы жылы мектебімізде Абай ізімен «Адалдық бұрышын» 
ұйымдастырдық. Сонымен қатар келешекте оқушыларыммен әлі де көп ізденіп, ғылыми жұмыс 
жазуды қолға алып жатырмыз. Әрине, жас ұрпақ адалдықты ту етіп, Абай ізімен болашаққа жол 
тартса адаспасы анық.Осындай жүйелі жұмыс нәтижесінде оқушыларымыз функционалды 
сауатты, көзі ашық, көкірегі ояу болатыны сөзсіз емес пе?!
 
Сегіз қырлы, бір сырлы ақын шығармаларына өзек болған мәселелер, олар мәңгілік тақырыптар. 
Жан мен тәннен жаратылған адам баласының рухани өмірінде мәңгілік болатын діңгекті 
мәселелер.Ғұлама Абай– қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі 
адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау