А витамині ( ретинол, антиксерофтамалық витамин)
Химиялық құрылымы және қасиеттері. А витаминін 1937 жылы Каррер синтездеп алды және оның құрылымын анықтады. А витамині дегеніміз –молекуласында β –иондық сақинасы бар, полиқаныққан біріншілік спирт.
Биологиялық қасиеті
Тері қабатында, тыныс жолдарында және ас қорыту жолында эпителий клеткаларының түзілуін реттейді.
Өсіп келе жатқан организмдегі клеткалардың өсуіне және олрдың жіктеліп бөлінуіне қатысады.
А витаминінің альдегид туындысы опсин белогымен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін химиялық пролцесстерді реттейді. Қорғаныш белоктар мен лизоцим ферменттің түзілуіне қатысады.
Авитоминоз
1. Организмде А витамині жетіспеген кезде эпителий ұлпасының қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл кезде теріде сызат пайда болып, ол қабыршақтана бастайды, осының салдарынан микроорганизмдер және зиянды заттар клеткаға оңай ене алады.
2. Лизоцим ауру қоздырушы фермент. Ретинол жетіспеуі лизоцим болмайды, көздің шырышты қабатын ауруға ұшыратады, оның эпителиі құрғайды.
3. А витоминоз сырқатының алғашқы белгісі тауыфкөз ( түнгі суқараңғы) болады.
4. Бұл витаминнің жетіспеуі жас төлдердің өсуін тоқтатады, сперматогеназ процессін тиылтады.
А- гипервитаминоз. Осы витаминдерді көп қолдану сүйек сынғыш бола бастайды, адам басы қатты ауыра бастайды, адам әлсіреп, тері қабынып ауруға ұшырайды.
Табиғатта таралуы. А1 және А2 витаминдарі жануарлар организмінде, балық бауыры, жұмыртқаның сары уызы, жазда сиыр сутінен алынған сары май витаминге бай келеді. Етте олар бірнеше аз. Каротиноидтар сәбіз, өрік ақжелкен жапырағында, жасыл өсімдіктерде кездеседі.
А-витамині ересек адамға тәулігіне 1,5 мг витамин қажет.
Д витамині (кальциферол, антирахит витамині) Рахит сырқатына ұшыраған балаларды кварц лампасының сәулесімен қыздырса, емдік әсер ететінін 1919 жылы Гульджинский анықтаған.
Химиялық құрылымы, қасиеттері. Таза Д-витамині 1932 жылы ( Виндаус) алынды да , оған Д2 витамині (эргокальциферол) деген атау берілді. Д4 витамині (22- дигидрокальциферол) , Д5 (24-этилхолекальциферл),
Д6 ( 22- дигидроэтилкальциферол) , Д7 ( 24-кампекальциферол) синтездік жолмен бөлінген. Д2 ,Д3 , Д4 витаминдері кристалды зат болып табылады, тусі, иісі болмайды.
Биологиялық қызметі. Кальциферолдың негізгі қызметі организмде кальций алмасуын реттеу. Д витамині ең алдымен бауырда гидроксильденеді, одан кейін бүйректе 1,25 –дигидроксихолекальциферол және 1,2,4,25- тригидроксихолекальциферол түзіледі. Д витаминінің осы гидроксильденген метаболиттері ішектердің шырыш қабатында кальций ионының сорылуын реттейді.
Авитоминоз. 1. Са мен Р тұздарының жиналып қалыптасу процессі бұзылады, сүйектер жұмсарады, омыртқа, аяқ сүйектері қисайып, сынғыш болады.
2. Мешел сырқаты кезінде сүйектер босап, әлсірейді, аурудың қарыны тез қампиып, ұлғайып кетеді. Тәуліктік қажеттілігі 0,04 мг.
3. Остеомаляция –сүйекте саңылау, қуыстар пайда болады.
4. Тіс дентинасы нашар жетіледі, қан азайып анемия құбылысы кезігеді
Табиғатта таралуы. Жануар тектес азық түліктерде, балық бауыры майында, сүйекте, жұмыртқада, өсімдік дәндері майы, саңырауқұлақтарда кездеседі.
Е витамин (токоферолдар, антистерил немесе өсіп өну витамині). 1922 жылы табылған.
Химиялық құрылымы, қасиеттері. Е витамині 1937 жылы Каррельдің лабароториясында синтездеп алынған. Токол спиртіне жалғасқан көміртегі атомының ұзын тізбегі жатады, ал тізбек қаныққан изопрен қалдықтарынан тұрады.
Биологиялық қызметі. Қанықпаған липидтерді асқын тотыққа айналудан қорғайтын ең жақсы антитотықтырғыштар. Липидтік мембраналарды бос радикалдардан қорғайды, сөйтіп оттегінің әсерінен ферментсіз жүретін реакция тізбегін үзеді.
Авитаминоз. 1. Токоферолдар жетіспесе адам ұрпақсыздық дертіне шалдығады.
2. Бұлшық еттері әлсізденіп, қоректенуі бұзылады.
3. Бауыр некрозына ұшырайды.
4. Е-витаминоз кезінде ерлерде-сперматозоидтары нашар қозғалады, ұрықтану қабілетінен айырылады.
5. Авитоминозға ұшыраған әйел ұрықтану қабілетін сақтайды, бірақ жаңа ұрпақ туу мерзіміне жете алмайды, өздігінен жойылып кетеді.
Табиғатта таралуы. Өсімдік майлары: жүгері, бидай, зығыр, күріш, мақта майы токоферолға бай.
Ересек адамның тәуліктік қажеттілігі –анықталған жоқ.
К витамині( филлахинон). Физиологиялық рөлі –қанның ұю процестерін жақсартады. Негізгі көздері –өсімдіктер (әсіресе жасыл жапырақтылар), малдың бауыры.
Ересек адамның тәуліктік нормасы -2мг.
С витамині (аскорбин қышқылы) – суда еритін витамин. Физиологиялық рөлі – организмнің қышқылдану –қайта қалпына келу процесстері. Негізгі көздері –көкөніс , жеміс-жидек дақылдары.
Ересек адамның тәуліктік нормасы -70-100 мг.
В1 витамині (тиамин) –суда еритін витамин, зат алмасу (әсіресе коміртектің) прцестерін жақсартады. Негізгі көздері –сыра ашытқысы, ірі тартылған ұннан пісірілген нан, қарақұмық ,сұлы жармалары.
Ересек адамның тәуліктік нормасы -1,5-2 мг.
В2 витамині (рибофлавин) –биологиялық тотығу процессін жақсартады (сутек тасымалдау) Негізгі көздері –ет және сүт тағамдары, көкөніс, мал еті.
Ересек адамның тәуліктік нормасы -2-2,5 мг.
В6 витамині (пиридоксин) –амин қышқылдарының алмасуын жақсартады. Негізгі көздері –малдың бауыры, бүйрегі, ашытқылар, өсімдік өнімдері.
Ересек адамның тәуліктік нормасы -2-3 мг.
В12 витамині (цианкобаломин) –нуклеин қышқылы, холин, креатин түзілу процестерін жақсартады. Негізгі көздері – малдың бауыры, бүйрегі, балық тағамдары.
Ересек адамның тәуліктік нормасы -0,01 мг.
РР витамині ( никотинамид) –биологиялық қышқылдану процессін жақсартады. Негізгі көздері – ет, сүт тағамдары ,ашытқы, бұршақ, бидай ұны.
Ересек адамның тәуліктік нормасы -15-25 мг [1].
Витамин тектес заттар: В15 витамині ( пангма қышқылы) –оттек жеткіліксіз болғанда тыныс алуды жеңілдетеді. Негізгі көздері – ет, сүт тағамдары ,ашытқы, бұршақ, бидай ұны.
Ересек адамның тәуліктік нормасы -15-25 мг.
Р витамині ( биофлавоноидтер) –жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырады, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С витамині қосылғанда аса тиімді. Негізгі көздері –шай( көк шай), итмұрын, лимон, құрма ,қарақат, жүзім ,өрік.
Ересек адамның тәуліктік нормасы -50-100 мг.
Бақылау сұрақтары:
1. Ақуыздың адам ағзасындағы маңызы?
2. Ақуызды тәуліктік қолдану мөлшері қандай?
3. Витаминдердің жетіспеушілігі қандай ауруларға алып келеді?
4. Гипервитаминоз деген не?
5. Авитаминоз деген не?
Достарыңызбен бөлісу: |