2014 жылға жоспар:
3G, 4G технологиялары бойынша телекоммуникациялық инфрақұрылымды әрі қарай дамыту:
3G технологиясы бойынша – халық саны 10 мыңнан асатын елді мекендерді қамту;
4G технологиясы бойынша – охват халық саны 50 мыңнан асатын елді мекендерді қамту.
3.1.3 - міндет: «Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік теле хабар таратуды енгізу»
Министрлікпен ҚР цифрлық эфирлік және спутниктік теле хабар таратуды енгізу және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«OTAU TV» спутниктік тарату желісі 2011 жылдың 18 қаңтарынан бастап 100%-ды қамтылумен қолданысқа енгізілді. «Отау ТВ» абоненттерінің саны 2013 жылдың 31 желтоқсанына 519 681 отбасын құрады.
2013 жылы цифрлық эфирлік телекөрсетілімге көшу бойынша бағдарламаның екінші кезеңінің аяқталуымен облыс орталықтарының, Астана, Алматы, Жезқазған қалалары және оған тиесілі елді мекендердің және түгел Маңғыстау облысының халықтарына цифрлық форматта отандық телеарналарға қол жеткізілді. Осылайша, Қазақстанның әрбір екінші тұрғыны, бұл 1 100 жуық елді мекендердегі 8 млн. отбасы цифрлық эфирлік телекөрсетіліммен қамтамасыз етілді, өз кезегінде халықты қамту 51% құрады.
Сандық технологиялар енгізілген уақыттан бастап, шалғайда жатқан ауыл және шекаралас жатқан аймақтардың тұрғындарының өзі тек республикалық телеарланарды көріп қоймай, жергілікті, аймақтық телеарналарды қазақстандық 15 арналарды көруге мүмкіндіктері бар. Үлкен қалалардың тұрғындары 30 арнаға дейін көрулеріне қолжетімді. Осылайша, дыбыс және суреттері жоғары сапамен қамтамасыз етілген. 2016 жылғы аяғына эфирлік сандық хабар тарату желісі барлық шекаралас және ішкі аймақтардың барлық аймақтарын қамтитын болады, халықтың 95% қолжетімді қызметімен камтамасыз ететін болады).
2014 жылға жоспар:
Халықты цифрлық эфирлік теле хабар таратумен қамту - 72%.
3.1.4 - міндет: «Қазақстан Республикасында АКТ-ны дамытуға ықпал ететін салалық стандарттаудың деңгейін халықаралық нормаларға дейін жеткізу және құқықтық негізін құру»
ИЖТМ ТРМК мәліметі бойынша 2013 жылға АКТ саласындағы стандарттардың жалпы санынан үйлестірілген стандарттардың саны 63,2 % құрады. Байланыс саласындағы нормативті-құқықтық базаны жетілдіру бойынша(заң/НҚА жобаларын әзірлеу) 2013 жылы ККМ 14 НҚА әзірленді.
«Ақпаратты Қазақстан -2020» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Іс-шаралар жоспары әзірленген.
Ақпараттық технологиялар саласындағы нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша (заң/НҚА жобаларын әзірлеу) 2013 жылы ККМ «Ақпараттандыру туралы (жаңа редакция)» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары, ҚР Үкіметінің 6 қаулысы, 3 ККМ бұйрығы әзірленді.
2014 жылғы жоспарлар:
«Ақпараттандыру туралы (жаңа редакция)» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын қабылдау.
3.1.5 - міндет: «АТ секторын дамыту – компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасауды қоса алғанда, қызметтер, инновациялар және ғылым».
2013 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтің тапсырмасы бойынша Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру және электрондық қызметтерді пайдаланушылар санын ұлғайту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) әзірленді.
Осы Іс-шаралар жоспарын орындау үшін 16 өңірде жергілікті атқарушы органдар халықтың компьютерлік сауаттылығын базалық дағдыларға оқыту жүргізді, оның шеңберінде 2012 жылы 556 502 адам, 2013 жылы 346 243 адам оқыды. Сонымен қатар, компьютерлік сауаттылықты арттыру «электрондық үкімет және электрондық қызметтер» курстары шеңберінде жүзеге асырылады, 2012 жылы 47 040 адам оқыды, қазіргі уақытта 61 500 адам оқып шықты. «Электрондық үкіметтің» шоу-румдарда 45 796 адамға кеңес берілді (2012 жылы 30377 адам).
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2012 жылдың ішінде халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 62,6 %-ды құрады, бұл 2011 жылғы (47,3%) деңгейден 15,3%-ға жоғары.
IV. Стратегиялық бағыт: Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, техникалық сүйемелдеу үдерістерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру, соның ішінде Кеден одағының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар және тетіктер жасау.
4.1 – мақсат: Электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын және халыққа қызмет көрсету орталықтардың және істеу деңгейін арттыру.
4.1.1 - міндет: Цифрлық сертификаттар арқылы азаматтардың және ұйымдардың мемлекеттік электрондық қызметтерге қауіпсіз қол жетімділігін қамтамасыз ету.
2013 жылы ақпараттық жүйелер бойынша келесі жұмыс қөрсеткіштеріне қолжетті:
«электрондық үкімет» Төлем шлюзі арқылы транзакциялардың жалпы көлемі 1,1 млрд. теңгеден аса құрады;
ЭҚАБЖ орталығы арқылы ведомство аралық электрондық құжат айналымының көлемі 2013 жылдың 11 ай ішінде 99,56% құрады;
Куәландыру орталығымен тіркеу куәліктерінің шығарылған саны 31 573 бірлікті құрайды.
2013 жылдың басынан ҚР Ұлттық Куәландыру орталығының электрондық цифрлық қолтаңбалардың тіркеу куәліктерінің жалпы 2134322 санын құрады, соның ішінде 910 мыңнан аса жеке куәліктерге;
мемлекеттік органдардың МОИП-га 32 000 жуық пайдаланушы қосылған, пайдаланушылардың жалпы мөлшері 40 000 құрады;
Бірыңғай прошталы қызметке 40 мемлекеттік орган енгізілді, жалпы пайдаланушы 44 175;
Серверлік Орталықта Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері орналасқан, толық емес серверлік орталық 90,5 % құрайды;
Жалпы сомасы 428,6 млрд. теңге болатын 16 әкімшілік Бюджеттік бағдарламалардың 45 техникалық-экономикалық негiздеме жобасы қаралды, соның ішінде жалпы сомасы 217,4 млрд. теңге құраған 11 жобаға оң қорытынды берілді;
14 жергілікті ДӨО үй-жайлар салыну бойынша жұмыс жүргізілуде, ағымдағы жылы 7 ДӨО (Ақтау, Ақтөбе,Атырау, Көкшетау, Талдықорған, Өскемен, Шымкент қалалырында) пайдалануға енгізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта Талдықорган қ., Шымкент қ., Көкшетау қ., Өскемен қалаларында қабылдау коммисиясы нысананы пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылды.
Ақпараттық-коммуникация жүйенің сүйемелдеу жүйесін бақылау шеңберінде 12 332 инцидент айқындалып жойылды.
2013 жылдың басынан ақпараттық жүйелерді аттестаттауға 40 өтінім қабылданды, 6 ақпараттық жүйе аттестатталынды.
4.1.2 - міндет: «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін оңтайландыру)».
Бүгінгі күні "электрондық Үкіметтің" веб-порталы арқылы 570 электрондық қызмет және сервис автоматталған (81 лицензиялар түрі, 294 рұқсат құжаттар және egov- порталында 195 электрондық қызмет және севистер). 2013 жылдың басынан "электрондық үкіметтің" инфрақұрылымы арқылы 38 млн. астам электрондық қызмет, 21 мың. астам электрондық лицензия және 62 мың. астам рұқсат құжаттар берілген, 1 200 мың. астам азаматтар тіркелген, бірегей келушінің саны 9,5 млн. астам бірлікті құрады.
2013 аяғында ХҚКО арқылы 171 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. ХҚКО арқылы орташа қызмет көрсету уақыты – 15 минут төмендетілген. 2013 жылдың қортындысы бойынша ХҚКО көрсетілетін бір қызмет бойынша, қажетті қағаз құжаттар саңы орта шамамен 4 бірлік құрады. Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан ХҚКОда электрондық нысанда көрсетілген қызметтердің үлесі 71% құрады.
2014 жылға жоспар:
1. 140 астам рұқсат беру құжаттарды автоматтандыру;
2. «электрондық Үкіметтің» веб-портал шлюзінің одан әрі дамыту және 20 қызметті автоматтандыру;
3. «Қазақстан Республикасының мобильдік Үкіметінің (М-GOV)» арқылы 50 астам қызметін және сервисін құруы;
4. Автокөлік құралдарын есепке қою және есептен алу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша 2014 жылда – Қызылорда, Павлодар, Петропавл және Талдықорған қалаларында ашылуы;
5. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына бейне үндеу кабинкалар арқылы 100 астам бейне үндеу кабылдауын қамтамассыз етуі;
6. ХҚКО көрсетілетін мемлекеттік қызметтерін 191-ге дейін ұлғаюы;
7. Компьютерлік салауаттын арттыру және электрондық Үкімет порталын жария ету мақсатында ХҚКО барлық райондық филиалдарында өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection point» аймақтар жұмысын ұйымдастыру – 3 млн. астам кеңес беру.
8. Мемлекеттік қызметтерді халыққа ауылдық пошта байланыс бөлімшелері (АПББ) арқылы көрсету бойынша «Казпошта» АҚ өзара әрекеттесу арқылы 29 АПББ пилоттық режимде ашылуын ұйымдастыру.
9. ХҚКО-да қалған 97 бөлімін бейне бақылау камераларға қосу
4.2 - мақсат: Кеден одағы шеңберінде халықаралық ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
4.2.1 - міндет: Кеден одағы шеңберінде ақпаратпен алмасу үшін мемлекетаралық шлюзді құру.
ККМ мемлекетаралық әрекеттесу мақсатында Кеден одағы шеңберінде тәжірибелік қолданылымға өткізілді және ҚР Ұлттық шлюзі мен ҚР Сенімді үшінші тарабы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастырылды.
ҚР Ұлттық шлюзді және ҚР ДСМ, ҚР МГМ және ҚР ИЖТМ ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру жұмыстары жүргізілді, сонымен бірге СҮТ бағдарламалық қамтуды жаңарту жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссиясымен 2013-2014 жж арналған Кеден одағының сыртқы және өзара саудасы бойынша ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін құру және ілгерлету бойынша жаңа жұмыс Жоспары мақұлданды. Осымен қатар, СҮТ-на әділеттік маңыздылығын беру мақсататында «Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 227 қаулысы бекітілген.
Көліктік бақылау комитетінің 2013 жылғы жұмыс қорытындысы туралы.
Әкімшілік кедергілерді азайту, көліктік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту және автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Ситуациялық орталық құрылды, онда 6 стационарлық, 24 жылжымалы көліктік бақылау бекеттеріне және 13 электронды таразыға тәулік бойғы бақылау жүргізіледі.
2013 жылы Ситуациялық орталықтың жұмысының нәтижесінде салынған айыппұлдар мен алымдардың сомасы 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 2,9 млрд. теңгеден 4,2 млрд. теңгеге дейін өсті.
Арнайы автоматтандырылған өлшегіш құралдарын қолдану, сондай-ақ 2015 жылдан бастап ауыр салмақты самосвалдар тасымалына шектеу қою бөлігінде «Автомобиль көлігі туралы» заңға өзгерістер енгізілді.
Рұқсат беру жүйесі талаптарын бұзғаны, арнайы рұқсатсыз ауыр салмақты автокөліктің жүріп өткені, оның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшегіш құралдары арқылы жүріп өткені үшін жауапкершілік заң жүзінде бекітілді.
Көлік саласының қауіпсіздігін арттыру, автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғаларынан қаза табуды азайту мақсатында авариялар мен апаттар кезінде жедел шақыру жүйесін (бұдан әрі - ЭВАК) енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. ЭВАК жүйесін жүзеге асыру бойынша тиісті түзетулер ҚР «Жол жүрісі туралы» заң жобасына енгізілді. Разработано ТЭО по реализации «Интеллектуалды көлік жүйесін» іске асыру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жасалды.
Көліктік бақылау органдары қызметі тиімділігін арттыру және жетілдіру мақсатында аумақтық көліктік бақылау инспекциялары құрылымында қайта құрулар жүргізілді, әкімшілік істері бойынша бөлімдер құрылды.
Республика аумағы бойынша көлік құралдарының техникалық байқаудан өтуінің қол жетімділігі қамтамасыз етілді, 723 желісі бар (413 стационарлық және 310 мобильді) 373 техникалық байқау орталықтарының жұмысы ұйымдастырылды. Бұл жерде техникалық байқауды жүргізудің әділеттілігіне ерекше назар аударылады, мәселен 2013 жылы техникалық ақаулықтарына байланысты 303398 автокөлік құралы техникалық байқаудан өте алмады (2012ж. – 132437 автокөлік құралы).
Техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 102 техникалық байқау операторы тартылды, оның ішінде 31 оператор тізілімнен шығарылды.
Халықаралық тасымалда цифрлы тахографтарға карточкаларды беру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін Испра қаласында цифрлы тахографтардың карточкалары үшін кілттер жаңартылды.
Автожолдардың қирауының алдын алу мақсатында рұқсат етілген салмақтық және габариттік параметрлерді асырғаны үшін айыппұл өлшемі 25-тен 200 және 1000 АЕК дейін көтерілді.
Ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының жүру тәртібін және рұқсат беру жүйесінің талаптарын бұзушылықтарға жедел қарауды қамтамасыз ету үшін 8 жылжымалы көліктік бақылау бекеттері қосымша алынды.
Отандық тасымалдаушылармен халықаралық автотасымалдарды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 38 шетел мемлекеттерімен 137565 бірлік рұқсат бланктері санында алмасу жүргізілді.
Шетел тасымалдаушыларының рұқсат бланкілерін пайдалануына бақылауды күшейту, сондай-ақ отандық тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау мақсатында қазақстандық рұқсат бланкілерінің қорғаныс дәрежесін күшейу арқылы нысаны өзгертілді.
2014 жылға Көліктік бақылау комитетінің жоспарлары:
Қағаз техникалық байқаудан өткені туралы куәліктерін және халықаралық техбайқау сертификаттарын қолдануды алып тастау;
ЖКО алын келген көлік құралдарының техникалық ақаулығын анықтамаған техникалық байқау оператордарының жауапкершілігін белгілеу;
«Жол қозғалысы туралы» заңжобасы шеңберінде техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін техбайқау операторларының әкімшілік жауапкершілігін белгілеу;
Барлық 31 бірлік арнайы автоматты өлшеу жүйесін (ААӨЖ) қолдану арқылы бақылауды жүзеге асыру;
ААӨЖ-бен және жолаушылар көлігін диспетчерлеу жүйесімен тіркелген жылдамдық тәртібін бұзушылық бойынша ҚР ІІМ-мен мәліметтермен айырбас жүргізу;
Кеден Одағынан, ААӨЖ-нен, сонымен бірге КД АТЖ-дан келетін хабарламалар бойынша дерекқорларды интеграциялау арқылы шетел АКҚ иелерінде рұқсат бланкілерінің бар болуы бойынша автоматты бақылауды енгізу;
Қосымша 8 жылжымалы көліктік бақылау постын алу;
Кемежүзетін тізілімге шағынөлшемді кемені техникалық қадағалау бойынша функцияларды беру;
Орындалған жөндеу жұмыстары бойынша мәліметтерді КД АТЖ-ға беру мақсатында жол жөндеулерін жүзеге асыратын ұйымдарды қосу арқылы станциялық және магистралдық жолдардың жоғарғы құрылысының техникалық қызметіне бақылауды және есептеуді жүргізу үшін «Жол жөндеу» автоматты жүйесін енгізу.
_________________
Достарыңызбен бөлісу: |