Инерттік масса мен гравитациялық массаның өзара тепе-тең екендігін ескеріп, гравитациялық масса ұғымын тіпті ендірмеуге де болады. Масса ұғымын денелердің өзара әсері арқылы енгізіп, гравитациялық құбылыстарды өткеннен кейін массаны таразымен өлшеуге де болатындығын дәлелдесек жеткілікті. Масса ұғымы ендірілгеннен кейін күш ұғымы Ньютонның екінші заңымен байланысты ендіріледі, ол үшін мынадай идея басшылыққа алынады: күштердің арасында әсер жасайтын денесінің массасына тәуелді болмайтын бір күш бар, ол – серпімділік күші; серпімділік күшінің осы қасиетін пайдаланып, массасы әртүрлі денелерге кезекпен белгілі дәрежеде деформацияланған серіппемен әсер жасауға болады; сөйтіп, эксперимент көмегімен әсерді сипаттайтын шаманы анықтаймыз; тәжірибе жасау арқылы ол шаманың дене массасы мен сол әсер нәтижесінде дене алатын үдеудің көбейтіндісіне тең болатындығын дәлелдейміз, басқаша айтқанда, күшті мынадай формуламен жазуға болатындығы шығады:
Достарыңызбен бөлісу: |