Тербелістері меңгеру осы тқырыптағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылатын тербелмелі қозғалыс жайындағы ұғымды енгізумен басталады. Оқушылар периодты, яғни бірдей уақыт аралығында қайталанатын қозғалыстармен (мысалы, шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалыс) таныс. Периодты қозғалыстың әртүрлілігі – тербелмелілік, яғни дене өзінің тепе-теңдік қалпынан біресе бір жаққа, бірсе екінші жаққа қозғалады. Тербелмелі қозғалысқа мысалдар келтіреді және анықталған белгілі бір жағдайларда тербеліс жасай алатын денелер жүйесін (вериткаль және горизонталь серіппелі маятниктер, жіпке ілінген жүк, және т.б.) демонстарциялайды. Осы тербелмелі жүйелер мысалында олардың кез келгеніне ортақ сипатты ерекшеліктерін: тепе-теңдіктің тұрақты қалыптың бар болуы (наличие устойчивого положения равновесия), инертілік факторы және т.б. көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |