Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері


Әрдайым электрондардың қозғалысына негізделген металл өткізгіштер жайында сөз болатындықтан, токтың бағытына электрондардың қозғалыс бағытын алу табиғи нәрсе, яғни көздің теріс полюсінен оң полюсіне қ



жүктеу 0,61 Mb.
бет71/92
Дата07.01.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37042
түріКонспект
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92
Дәріс конспектілері Физиканы оқыту әдістемесі

Әрдайым электрондардың қозғалысына негізделген металл өткізгіштер жайында сөз болатындықтан, токтың бағытына электрондардың қозғалыс бағытын алу табиғи нәрсе, яғни көздің теріс полюсінен оң полюсіне қарайға бағыт алынады.

Осындай қорытындыға көптеген оқушылар келеді. Бірақ токтың бағыты жайындағы мәселе әртүрлі өткізгіштерде токтың табиғаты белгісіз болып тұрған кезде туындаған. Бірақ токтың бағыты ретінде тізбектегі оң зарядтардың қозғалыс бағытын алу қабылданған.

Өткізгіштер кедергісі

Өткізгіш кедергісі ұғымын тәжірибенің негізінде енгізеді. Аккумлятор батареясынан, 1 А-ге арналған шунты бар демонстрациялық амперметрден, қалта фонарының лампысанан және кілттен тұратын схема құрастырылады. Жалғастырушы мыс сымдардың көлденең қимасы үлкен әрі қысқа болады. Тізбекті тұйықтап, лампының жарық жанғаны бақыланып, амперметрдің шкаласымен есептеу жүргізеді. Мыс сымды жіңішке және ұзын никелин сымымен алмастырып, тәжірибені қайталайды. Сонда лампы аздап жарық шығарады да, амперметр өте аз ток көрсетеді. Тағы да бір никелин өткізгішті қосқанда , токтың одан да азаятынын байқайды. Бұдан мынадай қорытынды шығуы сөзсіз: өткізгіштер токқа әсер етеді немесе олар токтың жүруіне кедергі жасайды дейді. Кернеулері бірдей екі өткізгіштің қайсысында ток аз болса, соның кедергісі көп болатыны өз-өзінен түсінікті.


Кедергінің бірлігі 1 Ом есебінде ұштарындағы кернеу 1 В болғанда 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі алынады.

Оқулықта кедергі ұғымын енгізуден бұрын, тізбектегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі анықталады. Эксперименттік жолмен ток күшінің кернеуге пропорционалдығы, ал өткізгіштің формуласымен нықталатын ерекше шама – кедергімен сипатталатындығы тағайындалады. Кедергіні осындай жолмен енгізуге де болады.



Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

Омның тізбектің бөлігіне арналған заңы түрінде эксперимент жүзінде тағайындалады. Мынадй түрде жинақтауға болатын, тәжірибелер мен қондарғылардың әрқайсысының өзіне тән көп сипаттамалары бар: а)резисторларын ауыстыру жүзеге асырылатын қондырғылармен жасалатын тәжірибе; б)демонстарциялық кедергілер магазинімен жасалатын тәжірибе және демонстарциялық реохордпен жасалатын тәжірибелер. Осы тәжірибелердің бәрінде демонстарциялық амперметрлер мен вольтметрлер қолданылады.



Өткізгіш кедергісін есептеу. Меншікті кедергі. Реостаттар

Өткізгіш кедергісінің оның ұзындығына, материалдың көлденең қимасының ауданына тәуелділігін де тәжірибемен тағайындауға болады.

Ұзындығы 1 м және көлденең қимасының ауданы 1мм2 материалдан дайындалған өткізгіштің кедергісі ретінде меншікті кедергі ұғымы енгізіледі. Меншікті кедергі анықтамасының негізінде кедергі формуласын енгізеді: .

Сосын жүгіртпелі ресотаттарды демонстрациялайды. Оқушылардың назарын ресотаттарды дайындау үшін меншікті кедергісі үлкен материалдан жасалған сымды қолданатынына аударады. Оқушыларға ресотаттарды не үшін қолданатынын айтып, оны тәжірибеде көрсету керек.



жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау