3)денелер өзара әсерлескендегі күштердің тең болуы ол денелердің тыныштықта не қозғалыста екендігіне байланысты емес. Динамиканың негізгі ұғымдары мен заңдарын оқытудың жалғасымдылығы «Ньютонның қозғалыс заңдары» тақырыбын оқытуды, оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру мақсатында, ол заңдардың қолданылу шекарасын түсіндірумен аяқтаған абзал. Қорыта келгенде тақырыпты мынадай жүйелілікпен оқытқан дұрыс: Ньютонның бірінші заңы түсідіріледі; масса ұғымы ендіріледі; өзара әсер арқылы күш ұғымы ендіріліп, Ньютонның екінші заңы өтіледі; одн кейін Ньютонның үшінші заңы айтылады; ең соңында Ньютон заңдарының қолданылу шекарасы жөнінде мағұлыматтар беріледі. Бұл жүйеліліктің негізінде масса ұғымын екінші заңға дейін ендіру, ал күшті екінші заңды өтумен байланысты ендіру идеясы жатыр. Айтылған жүйеліліктің өзіне тән қиыншылықтары болғанымен, ол күштің динамикалық сипатын, массаның физикалық мағынасын ашып беруге көмектеседі.
Инерция құбылысымен оқушылар 7-класта танысқан болатын. Ньютонның бірінші заңын өтуге байланысты инерция жөніндегі олардың түсініктерін тереңдете түсу керек. Инерциялық санақ жүйесі жөніндегі ұғым ендіріледі. Жылдамдықтың, траекторияның, координаталардың салыстырмалылығын оқушылар кинематика бөлімінен жақсы біледі, сондықтан инерциялық емес санақ жүйесінің болатындығын бір-екі мысалдар көмегімен оңай түсіндіруге болады:
1.Поезд вагонының еденінде жатқан доп вагон орнынан үдемелі қозғала бастағанда кері бағытта қозғалады, немесе бір қалыпты қозғалып келе жатқан вагонда тыныштықта болған доп вагон қозғалысы тежелгенде оның алдыңғы жағына қарай қозғала бастайды. Олай болса, үдемелі не кемімелі қозғалысқа түскен вагон инерциялық санақ жүйесі бола алмайды, ондай санақ жүйелерін инерциялық емес санақ жүйелері деп атайды.
2.Тыныштықтағы самолет ішіндегі столда кітап жатқан болсын. Самолет үдемелі жылдамдықпен қозғала бастағанда стол үстіндегі кітап сырғанап кері бағытта қозғала бастайды. Бұл жағдайда кітапқа басқа денелер әсер етіп тұрмаса да ол үдеумен қозғалады. «Үдемелі қозғалыстағы самолет» санақ жүйесінде Ньютонның бірінші заңы орындалмай тұр, ол – инерциялық емес санақ жүйесі.
Масса
Масса ұғымын 9-класта қалыптастыруды шартты түрде мынадай жүйелілікпен жүргізуге болады:
1)оқушылардың 7-8-кластарда масса жөнінде өткен барлық негізгі қағидаларын қайталау;
2)массаның денелердің инерттік қасиетінің сандық сипаты екендігін тәжірибелер көмегімен дәлелдеу. Алдымен физика кабинетіндегі кинематикалық жиынтықтан алынған буферлік серіппелі арбашалармен, сонан соң магниттер бекітілген арбашалармен тәжірибелер жасалады. Бұл тәжірибелердегі өзара әсерлердің сипаты лездік болғандықтан, денелер жылдамдықтарының өзгерісін өлшеу мүмкін болмайды. Дегенмен, өзара әсерлесуші денелердің алатын үдеулерінің модульдерінің қатынасы тұрақты болатындығын көрсетуге болады.
Мысал ретінде бірінің жүгі бар, екіншісі - бос, бірдей екі арбашаның өзара әсерін зерттейік. Егер әсерлесу нәтижесінде жүгі бар арбашаның алатын үдеуі бос арбашаның үдеуінен екі есе кем болатын болса, онда жүгі бар арбашаның инерттілігі жүгі жоқ арбашаның инерттілігінен екі есе артық болғаны. Денелер инерттілігін көрсететін шаманы масса деп атайды. Ондай жағдайда өзара әсер нәтижесінде денелердің алатын үдеулерінің қатынасын мына түрде жаза аламыз:
Достарыңызбен бөлісу: |