Физиканы оқыту әдістемесі мынадай мәселелерді шешеді: -физиканы оқыту мақсатын негіздеп беру; -тәрбиені физиканың негізін оқытумен үйлестіре отырып іске асыру; -мектеп физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтау және оны үнемі жүйелі түрде жетілдіру; -аса тиімді әдістер мен тәсілдерді ойластырып, әрі оны тікелей тәжірибе түрінде тексеруден өткізу және оны оқу жүйесіне енгізу. Физиканы оқыту міндеттеріне мыналар жатады: -ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде физиканың атқаратын маңызы және оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан үлесін ашып көрсету негізінде оқушыларға идеялық, патриоттық тәрбие беру;
Достарыңызбен бөлісу: |