Ұлы антикалық ғалым.
Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек философы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс пәлсапасының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғылымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман пәлсапаларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік пәлсапаға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің пәлсапасына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің пәлсапасының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.
Атомистиканың пайда болуы.
Ежелгі гректердің азапты ойлары Ғалам құрылған элементтердің тұжырымдамасын алдыңғы қатарға шығарды. Бұл тұжырымдаманы алғаш Эмпидокл (шамамен б.з.д. 490-430 ж.ж.) ұсынды, ол Сицилия аралындағы Акрагант қаласында тұрған. Эмпидокл төрт нақты элементтерді жорамалдады, дәлірек айтсақ: от, ауа, су және жер. Бұл элементтер өмірлік болып тұрып, біріктіру және бөлу жолдары арқылы олар саны мен шамасы жағынан өзгереді. Эмпидокл бойынша заттардың алуан түрлілігі төрт түрлі элементтің үйлесуінен сәйкестендірілген, ал табиғаттағы өзгерістердің себебін өзіне тартатын және өзінен кері итеретін күштердің әрекеті деп санады, Эмпидокл мұндай әрекеттерді - Махаббат пен Өшпенділік деп атаған. Эмпидокл сақталудың жалпы бастауын нақтылықпен орнатты. «Ешнәрсе ештеңеден пайда болмайды және ол еш себепсіз жоғалып кетпейді». Қазіргі физикада іргелі рөл ойнайтын сақталу заңдарының тарихы Эмпидоклдың осы тұжырымдамасынан бастау алған. Б.з.д. V ғасырдан бастап грек ғылымы орталығы Афиныға көшті. Мұнда алғашқы ғылыми мектептер, даналық ұстаздары пай болды. Афиныда өнер мен әдебиет жоғары дәрежеге жетті. Перикл дәуірінде атақты Акрополь құрылды, әйгілі мүсінші Фидиенің басшылығымен мүсіндер тұрғызылды, грек драматургі Софокл трагедиялар жазды және осы трагедиялар грек театрларының сахналарында қойылды, Аристофон ойдан комедиялар жазды. Грек ғылымының көрнекті өкілдері Афиныға келді. Математик Геппократ, философ, әрі физик Анаксагор (шамамен б.з.д. 500-420 ж.ж.) осында оқыған. Египеттіктер және гректер ғажайып табиғатты Ай, Күн, планеталар мен жұлдыздар деп есептеді, ал Анаксагор Афиныдан қуылып, өмірі Кіші Азияда аяқталды. Анаксагор атомистиканың негізін қалаушылар Ливкипп пен Демокриттің (шамамен б.з.д. 460-370ж.ж.) замандасы болған. Барлық денелер Жеке бөлшектер – атомдардан тұрады деген ілім Ежелгі Грецияда IV ғасырда пайда болды. Грек философы Демокрит барлық заттар адам көзіне көрінбейтін ұсақ бөлшектерден - атомдардан тұрады деп ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |