|
«Физика сабақтарында мультфильм көріністерімен оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту»Сұрақ № 10: Компрессордағы ауа ағыны қуаты қанша,егер массасы 60 кг крокодил Генаны 3 м биікке 0,5 с уақытта көтерсе? ( Сурет № 6)
|
бет | 4/4 | Дата | 19.11.2018 | өлшемі | 1,82 Mb. | | #20796 | түрі | Сабақ |
| Сұрақ № 10: Компрессордағы ауа ағыны қуаты қанша,егер массасы 60 кг крокодил Генаны 3 м биікке 0,5 с уақытта көтерсе? ( Сурет № 6)
Жауап: N = 3600 Вт
Ескерту : Жылқы күші – дені сау, мықты жылқының күшінен төрт есе көп күшті айтады. Стандартты жылқы күші 735,5 Вт –қа тең
Сурет № 6
4. Өтілген материалды бекіту(жұптас-ойлан-бөліс) :
Есеп №1: Винни-Пух талға мінген кезде жұмыс атқара ма?
Винни-Пух талға жоғары мінген кезде және еркін құлаған кезде ауырлық күші жұмыс атқара ма? Екі жағдайдағы ауырлық күштері жұмыстары бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар ?
Қай жағдайда ауырлық күші қуаты көп?
Жауаптар:
А) Винни-Пух жұмыс атқарады, себебі ол бір күшпен ірекет етеді,сол күштің ірекетінен орнынан қозғалады.
Б) Екі жағдайда да жұмыс атқарылады;
В) Винни-Пух жоғары көтерілгенде ауырлық күші жұмысы мәні теріс болады, ал құлаған кезде жұмыстың мәні оң болады
Г) Винни-Пух құлаған кезде ауырлық күші қуаты көп ,себебі құлау уақыты көтерілу уақытынан аз.
Есеп №2: Шарикке ілінген Вини-Пухқа қандай күштер әсер етеді?
Пятачок мылтығына алып келген кезде қанша жұмыс атқарды? Емен мен Пятачоктың үйіне дейінгі арақашықтық 800 м.Пятачок жүгірген кезде 75 Н күш жұмсады .Пробка массасы 20 г.Емен биіктігі 60 м. Ұшып шыққан пробканың ауырлық күші жұмысы неге тең?
Жауаптар:
А) Ауырлық күші мен Архимед күші
Б) 120 000 Дж.
Сурет № 7
В) 0 Дж.
Есеп №3: Ханшайым бірдей жол бөлігін жаяу өтсе және жүгіріп өтсе бірдей жұмыс атқара ма?
Сурет № 8 . Екі жағдайда қуат бірдей болады ма? Трубадур ханшайымды қолымен көтеріп тұрса жұмыс атқара ма?
Жауаптар:
А) Жүгіру мен жаяу жүрудің бір-бірінен айырмашылығы бар ,себебі жүгірген кезде бір биіктікке секіріп көтеріліп жүгіреді. Бұл кезде ханшайым денесін биіктікке көтеріп жүкіргесін қосымша жұмыс атқарды. Жүкірген кезде қуат та көп болады. Сурет № 8
Б) Трубадур ханшайымды қолымен көтерген кезде жұмыс атқарады.
5.Бағалау : өзін -өзі бағалау,өзара бағалау, топтық бағалау ;
6. Рефлексия .
Қытай философы Сюнь-цзы айтқан екен «Жаңа туған нәрестелер бірдей жылайды,бірақ өскеннен кейін оларды әртүрлі мінез-құлықтар танытады,себебі тәрбиесі әртүрлі болады» .Сондықтан «Кім менің қатемді жөндесе- ол менің ұстазым, кім менің дұрыс іс-әрекетімді айтып отырса – ол менің досым, кім мені өтірік мақтаса -ол менің жауым».
7.Үй тапсырмасы.
Мультфильмнен сабаққа есептер мен жаттығулар дайындаған кезде оқушыларды алаңдататын артық жерлерін алып тастау кертек, және де артық алаңдататын дыбыстарды жою керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей;
Нұсқаулықтың қосымшалары;
cpm.kz сайты;
«Развитие критического мышления учащихся на учебных занятиях по физике», Гаряев А.В;
интернет материалдары;
7 класс,физика оқулығы , «Физика және астрономия»;
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|