Сұрақ №3: Ғарыш кемесі инерция бойынша қозғалып келеді. Жұмыс атқарыла ма?
Жауап : Жұмыс атқарылмайды ,өткені кемеге ешқандай күштер әрекет етпейді (сурет № 2)
Тәжірибе №3: Оқушы сөмкесі парта бетінде немесе парта қапталында тұр. Мұғалім сыныпта бір қалыпты жылдамдықпен қозғалып жүр. Сөмкеге қатысты мұғалім жұмыс атқара ма?
Сурет № 2
Жауап: Жұмыс атқармайды, өйткені сөмкеге мұғалім қолымен күш түсірілмейді.
Тәжірибе № 4: Оқушылар өздерінің сөмкелерін қолдарына алып бір биіктікке көтереді. Оқушылар жұмыс атқара ма?
Жауап : Жұмыс атқарады,
өйткені сөмке қолдың күші әсерінен орын ауыстырады.
Тәжірибе №5: Оқушылар бір орында қозғалмай сөмкелерін қолдарына ұстап тұр .Бұл жағдайда жұмыс атқарып тұр ма?
Жауап: Иә, себебі оқушылардың қолдарының бұлшық еттері жиырылғаннан, вертикаль бағытта периодты микроқозғалыстар жасап тұрады. Бұл кезде оқушылардың қолы жұмыс атқарады . Мысалыға , №3 суретте қасқырдың штангы көтерсе жұмыс атқарады.
Сурет № 3
Сұрақ №4: Келтірген мысалдар мен тәжірибелерден қорытынды жасаңыздар. «Қандай жағдайда жұмыс атқарылады,қандай жағдайда жұмыс атқарылмайды?»
Қорытынды: Күштің әрекетінен дене тек қана орын ауыстырған жағдайда ғана жұмыс атқарылады. .
Сұрақ № 5: Бремен музыканттардың қайсысы арбаға қатысты жұмыс атқарады? Қайсысы жұмыс атқармайды ? Неге? (сурет №4)
Жауап: Жұмысты тек Есек қана атқарады, себебі басқа музыканттардың әрекет ететін салмақ бағыты арбаның орын ауыстыру бағытына перпендикуляр
Достарыңызбен бөлісу: |