|
«Физика» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып«Статика және гидростатика», «Сақталу заңдары» және «Гидродинамика» бөлімдері10 сынып бжб жинак КГБ «Статика және гидростатика», «Сақталу заңдары» және «Гидродинамика» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
|
10.1.3.1 - абсолют қатты дененің массалар центрін анықтау және әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру
10.1.3.2 - Паскаль заңын сипаттау және оның қолданылуы
10.1.3.3 - гидростатикалық қысым терминін түсіндіру
10.1.4.1 - сақталу заңдарын түсіндіру
10.1.5.1 - сұйықтар мен газдардың ағыстарын сипаттау
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
Тапсырма
|
30 минут
|
Жеңіл PQR үшбұрышы қатты пластиктен жасалған. P бұрышы арқылы айналу осі өтеді.
а) 1-суретте көрсетілгендей Q нүктесіне 5 Н горизонталь күш әсер етеді. Күш әсерінің нәтижесінде қандай процесс болатынын тұжырымдаңыз.
b) Басқа екінші жағдайда пластик бөлігіне 2-суретте көрсетілгендей екі горизонталь 5 Н күштер әсер етеді.
Күштер әсерінің нәтижесінде пластик бөлігімен қандай процесс болатынын сипаттаңыз.
Егер дене тепе-теңдікте тұрса, онда айналу осі тарапынан пластик бөлігіне әсер ететін күштің бағытын 2-суретке стрелкамен сызып көрсетіңіз және бұл күштің сан мәнін жазыңыз.
Табанының өлшемдері 1,5 м × 1,2 м тіктөртбұрыш болатын ыдыста 1440 кг су бар. Төмендегі шамаларды есептеңіз:
Судың салмағын;
Судың ыдыс табанына түсіретін қысымын.
Төмендегі суретте әртүрлі пішінге ие екі P және Qсуы бар ыдыс көрсетілген. Жоғарыдан қарағанда екі ыдыста дөңгелек пішінді. Екі ыдыстағы судың көлемі бірдей. Ыдыстардағы су 1,4 метр бірдей деңгейлерге ие.
Судың тығыздығы 1000 кг/м3. Судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы екі ыдыстада бірдей. Қысымды есептеңіз.
Әрбір ыдыстан бірдей кіші көлемде су алынды. Қай ыдыстағы (P немесе Q) судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы үлкен болады. Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Келесі тапсырманы орындаңыз:
Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңыз.
Серпімді және серпімсіз соқтығысу арасындағы айырмашылықты тұжырымдаңыз.
Массасы 4,2 кг және горизонталь жылдамдығы 3,6 м/с болатын А объект В объектіге қарай суретте көрсетілгендей қозғалады. Массасы 1,5 кг болатын В объекті 1,2 м/с жылдамдықпен А объектіне қарай қозғалады.
Екі объект соқтығысады содан кейін екеуіде келесі суретте көрсетілгендей оңға қарай қозғалады.
Соқтығысқаннан кейін А объектінің жылдамдығы және В объектінің жылдамдығы 3,0 м/сқа тең болды.
Соқтығысудан кейінгі А объетінің жылдамдығын есептеңіз.
Серпімді немесе серпімсіз соқтығысу болатынын анықтаңыз.
Шприц поршенінің ауданы S1 = 2 см2, ал саңылау ауданы S2 = 1 мм2. Егер поршеньге 5 Н күшпен әсер етсе, онда шприц ішіндегі су қанша уақыт ағады? Поршень қадамы l = 5 см.
13
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|