Физика-математика факультеті 5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау



жүктеу 9,11 Mb.
бет4/34
Дата24.12.2017
өлшемі9,11 Mb.
#5714
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Компьютерлік графика

Пәннің коды: KG 2205

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Алибаева Н.Е. – информатика магистрі, аға оқытушы

Курстың мақсаты: “Компьютерлiк графика“ пәнiн оқытудың негiзгi мақсаты – студенттерді компьютерлік графика есептерінің математикалық және алгоритмдік негіздерімен жүйелі түрде таныстыру, түрлi графикалық программаларды үйрену. Бейнелердi өңдеудi iскерлiк, ғылыми және инженерлiк қызметте ұйымдастыру.

Деректемелері/ постреквизиттерi: Берілген пәнді меңгеру үшін студенттер келесі курстарды меңгеруі қажет: алгебра, геометрия, математикалық анализ, шет тілі(ағылшын тілі), программалау тілдері, тілдер теориясы мен ЭЕМ архитектурасы, кескін өңдеу, образды тану.

Курстың/пәннің мазмұны: “Компьютерлiк графика“ пәнi келесі кезеңдерді қарастырады: компьютерлік графика негізіне жататын математикалық әдістер; айналу қағидалары және кескіндерді түрлендіру; кескіндерді перспективада салу әдістері; қисықтар мен беттерді сипаттау әдістері; алгоритмдік әдістер: кескіндер мен шеңберлер салу; көпбұрыштарды бояу және сатылық тиімділікті жою әдістері; екі және үшөлшемді қиынды, соның ішінде кез-келген дөңес көлем бойынша қиындыдан көрінбейтін сызықтар мен беттерді алып тастау алгоритмдері: Робертс алгоритмі, Варнок алгортимі, Вейлер-Азертон алгоритмі, қисықсызықты беттерді бөлу алгоритмдері, Z-буферді қолдану алгоритмі; нақты кескіндерді салу: жарықтандырудың қарапайым әдісі, бейнелеу векторын анықтау, Гуро және Фонг әдістерімен бояу, арнайы тиімділікпен жарықтандырудың қарапайым әдісі, тұнықтық, көлеңкелер, фактура, түстердің қазіргі уақыттағы зерттеулер бағыттары.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Роджерс Д., Адамс Дж. Математические основы машинной графики: М., Машиностроение, 1980.

2. Роджерс Д. Алгоритмические основы машинной графики: М., Мир, 1989.

3. Аммерал Л. Программирование графики на Турбо Си. Машинная графика на персональных компьютерах. Интерактивная трехмерная машинная графика. Принципы программирования в машинной графике (в 4 т.), М., Солсистем, 1992.

4. Баяковский Ю. М. Графор. Графическое расширение Фортрана. М., Наука, 1985.

5. Яншин В., Калинин Г. Обработка изображений на языке СИ для IBM PC. Алгоритмы и программы. М., Мир, 1994.

6. Фокс А., Прат М. Вычислительная геометрия. Применение в проектировании и на производстве М., Мир, 1982.

7. Миронов Д. CorelDraw 9. Учебный курс. –СПб.: Питер, 1999г.



8. Порев В. Компьютерная графика. Петербург, 2002 г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: HTML-технологиялары(Hyper Text Markup Language)

Пәннің коды: НТ 2205

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Бақалбаева Г.А. – информатика магистрі

Курстың мақсаты: Web-дизайнмен жұмыс істеуде қажет болатын, Internet-те программалаудың маңызды түсініктері мен сұрақтарын оқып білу.

Деректемелері/Пререквизиттері: HTML, Java, VB Script

Курстың/пәннің мазмұны:Техникалық, экономикалық ақпараттық жүйелер және ақпараттық технологиялар. Гуманитарлық салалардағы ақпараттық жүйелер. Экономикалық ақпараттық жүйелердің қамтамасыз етуші және функционалды бөліктері. Коммерциялы, иллюстрациялы және ғылыми графика. Ақпаратты желілік технологиялар. Каналдар коммутациясының желілері, хабарлар коммутациясы, пакеттер коммутациясы. Электронды почта. Почталық серверлер. Ерекше, топтық және жалпы тәртіптер. Мәліметтерді өңдеудің және сақтаудың үлестірілген технологиялары. Мәліметтердің үлестірілген өңдеуі. Жойылған сұраныс. Мәліметтерді орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ұйымдастыру. Қостау және үлестіру әдістері. Мәліметтерді сақтауды аралас ұйымдастыру. Программалаудың инструментальды құрылғылары. Мәліметтерді үлестірімді өңдеу технологияларының түрлері. Гипермәтіндік технологиялар. Ақпараттарды көрсету әдістері. Гипермәтіндер, ақпаратты материал, ақпаратты статья, тезаурус, басты тақырыптар тізімі. Мультимедиа технологиясы. Мультимедиа - акселератор. Графикті акселератор. Мәліметтерді қорғаудың базалық технологиялары. Қорғалған каналдардың технологиялары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Пратт Т., Зелковиц М «Языки программирования. Разработка реализация», 2002 г.;

  2. Гордеев А.В., Молчанов А.Ю. «Системное программное обеспечение», 2002 г.;

  3. Бек Л. «Введение в системное программирование», 1998 г.;

  4. Матросов А.В., Сергеев А.О., Чаунин М.П.,- HTML 4.0.-СПб.: БХВ-Петербург, 2004 г.;

  5. А.Гончаров. “Самоучитель HTML“, Питер, 2001г.;

  6. Эд Титтел, Н.Питс.,Ч.Валентайн. “HTML 4 для чайников“ справочник, Москва, 2001 г..

  7. А.Хоумер.,К.Уилмен., “Dynamic HTML“справочник Москва,2000г.;

  8. Под ред. Симоновича. "Информатика. Базовый курс", Питер, 2000 г.;

  9. Б.Леонтев “WEB дизайн“ Москва, 2001 г.;

Сабақ беру әдістері: демонстрация, баяндау, тренинг

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Программалау технологиясы және тілдер

Пәннің коды: PTT 2206

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 3-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Шамсиева Н.С. – информатика магистрі, аға оқытушы

Курстың мақсаты: бағдарламаларды, бағдарламалау тілдерін ұйымдастыру мен алгоритмдерді құру әдістерін игеруге байланысты мәселелерді студенттердің игеруі қажет

Деректемелері/Пререквизиттері:

Бұл пәнді жетік түрде оқып үйрену үшін алгоритм және оның қасиеттерін, алгоритмдік тілді білу керек.



Курстың/пәннің мазмұны: Pascal, Delphi, Visual Basic, C++ бағдарламалау тілдерінің құрылымын, ерекшеліктерін, базалық басқару құылымын игеру. Алгоритмдер тілінде олардың құрылуын және бағдарламаларды өңдеу технологиясын, типін анықтау.

Ұсынылатын әдебиет: Фаронов В.В. Турбо Паскаль 7.0. Начальный курс. Учебное пособие.-М.: Нолидж, Марченко А.И., Марченко Л.А. Программирование в среде Turbo Pascal 7.0.- Киев: ВЕК+, Федоренко Ю. Алгоритмы и программы на Turbo Pascal. Учебный курс.- СПб: Питер,2001.

Культин Н.Б. Tyrbo Pascal в задачах и примерах. – СПб., Перминов О.Н. Программирование на языке Паскаль. – Радио и связь. М: «Наука», Семашко Г.А., Салтыков А.И. Программирование на языке Паскаль. – М..,Алексеев В.Е., Ваулин Г.Б., Петрова А.С. Вычислительная техника и программирование. М: Высшая школа, Пильщиков В.Н. Сборник упражнений по языку Паскаль. М: «Наука»



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Ақпараттық технологиялар

Пәннің коды: АТ 2206

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші оқытушы: Мұратова Г.-информатика магистрі

Курстың мақсаты: Ақпараттық технологияның қазіргі заманға сәйкес ақпараттық жабдықтарын пайдалана алатын, алынған білім мен практикалық біліктілігін ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқуда, сонымен қатар, курстық және дипломдық жұмыстарды жазуда қолдана білетін мамандарды дайындау. «Ақпараттық технологиялар» курсы шеңберінде студенттерді кәсіби дайындаудың негізгі мақсаттары: оқу үрдісінде ақпараттық технологияны кеңінен қолдана білу дағдысын қалыптастыру; бөлінген ақпараттық ресурстармен жұмыс істегенде оқу үрдісінде ақпараттық технология құралдарын тиімді қолдануға оқыту; ақпараттық технология құралдарын дамыту және жетілдіру жағдайында студентке өздігінен оқу, өзіндік даму және өздігінен іске асыруға қажетті шығармашылық потенциалын дамыту болып табылады.

Деректемелері/Пререквизиттері:. Информатика

Курстың/пәннің мазмұны: Ақпараттық технологиялар ұғымы. Ақпарат ұғымы, қасиеттері және құрамды бірлігі. Оқытудың ақпараттық технологиясы және білім жүйесінде қолдану. Ақпараттық технологияның пайда болуы мен даму кезеңдері. Ақпараттық технологияның түрлері және оларды қолдану мәселелері. Ақпараттық технологияның ақпараттық жабдықтары. Интернет технологиялар. Компьютерлік желілер. Желілердің түрлері, қызметі.Электрондық пошта технологиясы. Пошталық сервер.Мультимедиалық технологиялар. Мультимедиа жөнінде түсінік.Мультимедиалық оқыту бағдарламаларын дайындау.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Internet-технологии. – Режим доступа: http://citforum.ru/internet/. – Загл. с экрана.

  2. Информационные технологии. – Режим доступа: http://www.itstan.ru/content/view/165/252/. – Загл. с экрана.

  3. Информационные технологии. Жуковский О.И. – Томск, Изд-во ТУСУР, 2003.

  4. Информационная технология. Советов Б.Я. — М.: Выс­шая школа, 1994

Сабақ беру әдістері: баяндау, сөздік әдісі, тренинг

Бағалау әдісі: кредит оқыту жүйесі бойынша бағалау өлшемдерін қолдана отырып баға қойлады

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Объектіге бағытталған программалау

Пәннің коды: OBP 2207

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы , таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші оқытушы: Шамсиева Н.С. - аға оқытушы

Курстың мақсаты:

- программалау әдістерінің негізінде үлкен жүйелерді жасау әдістерін студенттерге үйрету;

- Модельдеуші алгоритмді қазіргі программалау тілдері арқылы ЭЕМ-де программаларды жүзеге асыру;

- нақты жүйені программалау әдісі мен формализация және алгоритмизация әдістерін үйрету;

Студенттерге алгоритмдік тілдерді, программалау әдістерін, ақпараттық жүйелер негіздерін оқыту;

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін ашып көрсету және олардың даму перспективасын түсіндіру.



Деректемелері/Пререквизиттері: Бұл пәнді жетік түрде оқып үйрену үшін алгоритм және оның қасиеттерін, программалау тілдерін жақсы білу керек.

Курстың/пәннің мазмұны: Жоғарғы деңгейлі программалау тіздерінің негізгі конструкциялары. Берілгендер типі және операциялар. Структуралық программалаудың негізгі конструкциялары. Енгізу-шығаруды ұйымдарстыру, функциялар, айнымалылардың түрлері. Бағдарламаның құрылымы, нұсқаушылар және адрестік арифметика. UML тілі және программалау. Объектіге бағытталған бағдарламалудың жабдықтары: қасиеттері және принциптері, класстар, мұрагерлік, полиморфизм және оның орындалуы, функциялар және класстар шаблоны, құрал жабдықтық программалау жүйесін таңдау, олардың ерекшеліктерін зерттеу. Объектіге бағытталған анализ және жоспарлау методикасы. Бағдарламалық жабдықтардың өмір сүру циклі, UML тілі және объектіге бағытталған анализ, диаграммалардық түрлері, класстар диаграммалары, объектіге бағытталған анализ және жоспарлауда Rational Rose Case жабдығын қолдану.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Ермеков Н.“Есептеуіш техника негіздері”,

  2. Камардинов О. “Visual Basic ортасында программалау“

  3. Дінисламов Ж. “Visual Basic ортасы”

Сабақ беру әдістері: демонстрация, баяндау, сөздік әдісі, тренинг, трек-сызбалар, көрнекілік.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Электрондық оқыту негіздері

Пәннің коды: EOT 2207

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Үсенов С.С.- педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Курстың мақсаты: Студенттердің инфокоммуникациялық мәдениетін қалыптастыру, олардың терең білімге қол жеткізуін, кәсіби деңгейлерін әлемдегі басқа әріптестерімен қатынаса отырып өсіру, бәсекелестікті жоғарылату. Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Деректемелері/Пререквизиттері: Компьютерлiк желiлер, Интернет және мультимедиалық технологиялар, білім беру электрондық басылымы мен Интернет-ресурстарды пайдалану және жасау, қазіргі ақпараттық технологиялар.

Курстың/пәннің мазмұны: Жоғарғы оқу орындарында электрондық оқытуды ұйымдастыру пән ретінде. Пайдалану саласы. Нормативтік сілтемелер. Жалпы ережелері. Электронды оқытудың субьектілері. ҚР жоғарғы оқу орындарында электронды оқытуды жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар. Электронды оқытудың телекоммуникациялық қамтамасыз етілуі. Электронды оқытуды контентті қамтамасыз ету талаптары. Жоғарғы оқу орнының инфрақұрылымы. Электронды оқыту жүйесін кадрлармен қамтамассыз ету талаптары. Электронды оқыту барысындағы академиялық еркінділік.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының президенті Н:Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» 28.01.2011ж.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  3. ҚР Мемлекеттік стандарты СТ РК 1091-2002 «Программалық құжаттардың бірыңғай жүйесі, терминдер мен анықтамалар».

  4. Қазақстан Республикасының «ақпараттандыру» туралы заңы. 11 қаңтар 2007жыл. №217-3.

  5. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңы (Астана, Ақорда 18 ақпан 2011ж).

  6. ҚР Мемлекеттік стандарты (МС ҚР 34.016-2004). Қашықтан оқытудың техникалық және программалық құралдары. Жалпы талаптар. (ГОСО РК 5.03.004-2006).

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Компьютерлік математика

Пәннің коды: КМ 2208

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Алибаева Н.С. – информатика магистрі, аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттерді компьютерлік математиканың негізгі ұғымдарымен таныстыру және математикалық есептерді компьютерде шешу барысында қолданылатын өңдеу, талдау және тиянақтау әдістерін пайдалануға үйрету.

Деректемелері/ пререквизиттерi: Информатика, математика, алгебра, геометрия математикалық анализ, математикалық логика, дискретті математика, программалау тілдері.

Курстың/пәннің мазмұны: Math CAD бағдарламасының көмегімен аналитикалық есептеу негіздері. ЭЕМ-нің математикалық мүмкіндіктері. Есептеу математикасына кіріспе. Компьютерлік математика жүйесі. Сандық және символдық есептеулер.Сызықтық алгебралық теңдеулер. Қазіргі компьютерлік математика жүйесінің келешектегі даму бағыттары. MathCAD – та интегралдау, дифференциалдаудың математикалық нәтижесін жүзеге асыру жолдары; Math CAD бағдарламасының көмегімен көп айнымалы функциялар және олармен жұмыс істеу үшін компьютерді қолдану.. Шектерді есептеу. Интегралдарды есептеу. Сандар қатарлары. Функцияны Тейлор қатарына жіктеу. Дифференциалдық теңдеулер. Сызықтық функцияларды орындау. Векторлар және матрицалармен жұмыс. Кері матрицаны есептеу. Графикамен танысу. Функцияның графиктерiн салу. Функцияның нүктедегі мәнін есептеу және анықтау. Функцияның декарттық графигін тұрғызу. Үшөлшемді графиктер тұрғызу. Обьектіге бағытталған программалау. Жоғары деңгейлі графика. Берілгендерді импорттау және экспорттау. Дескрипторлық графика.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Говорухин В.Н., Цибулин В.Г., Введение в Maple. Математический пакет для всех. М.,1999

  2. Дьяконов В.П., Абраменкова И.В., MathCAD 8 PRO в математике, физике и Internet. М.,2000

  3. MathCAD 2.5 – Математический пакет для научных расчетов: Методическое пособие для студентов физико-математического факультета. /Сост. А.ВУ.Гуторов.-Нижний Тагиль, 1997.-59 с

  4. Сдвижков О. А. Математика на компьютере: Maple 8.– М.:Солон-пресс, 2003.

  5. Дьяконов В. П. Maple 9.5/10 в математике, физике и образовании.– М.: Солон-пресс, 2006.

  6. Матросов А. П. Maple 6. Решение задач высшей математики и механики. – СПб.: БХВ-Петербург, 2001.

  7. Пантелеев В.И., Перязева Ю.В. Система компьютерной математики Maple:Учебное пособие. – Иркутск, 2002.

Сабақ беру әдістері: демонстрация, баяндау, сөздік әдісі, тренинг, трек-сызбалар, көрнекілік

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Дербес электорды есептеуіш машинасындағы практикум

Пәннің коды: DP 2208

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Асанова Ж.- информатика магистрі, оқытушы

Курстың мақсаты: программаларды құру және түзету техникалық тәсілдеріне үйрену, практикалық программалау дағдысын қалыптастыру, сандық әдістерді оқып-үйрену және пайдалану

Деректемелер/Пререквизиттері: - Информатика, Программалау, Есептеу жүйелерінің архитектурасы

Курстың/пәннің мазмұны: Есептеу процесін алгоритмдеу, алгоритмдерді жазу, блок-схемаларды құру. Программаларды құру технологиялары және оларды жүзеге асыру. Деректер және олардың типтерімен жұмыс. Көмекші программаларды ұйымдастыру және пайдалану. Рекурсияға берілген есептерді шығару. Мәліметтерді енгізу-шығару. Массивтермен жұмыс. Сілтемелерді пайдалану. Динамикалық айнымалыларды пайдалану. Ақпараттық құрылымдармен есептер шығару. Сыртқы модульдермен жұмыс жасау. Обьектіге бағытталған программалау. Құрылымдармен берілген септерді шығару. Класстар және мұрагерлік механизмі. Қарапайым қосымшаларды әзірлеу технологиялары. Шаблон бойынша программалар әзірлеу. Стандартты панельдер мен кітапханаларды пайдалану. Қолданбалы программалық қамсыздандыру. Математикалық және статистикалық пакеттермен жұмыс жасау.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Абрамов С.А. Задачи по программированию.- М.: Наука, 1988 г

  2. Стивен Прата. Язык программирования С++. Лекции и упражнения. Учебник:-К.: Издательство

  3. Фаронов В. Delphi 6. Учебный курс. М.: Горячая линия – Телеком, 2001

  4. Дьяконов В. Компьютерная математика. Теория и практика. М.: Горячая линия – Телеком, 2001

  5. Потемкин А. Инженерная графика. Просто и доступно. СПб.:Питер, 2000

  6. Форсайт Дж., Малькольм М. Машинные методы математических вычислений, - М.:Мир-1980

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қолданбалы программалық жабдықтау

Пәннің коды: KPZh 3209

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 3-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Асанова Ж.С. - информатика магистрі, оқытушы

Курстың мақсаты: Пәнді оқытудың негізгі мақсаты – математика, графика және статистика бойынша қолданбалы программалар пакеттерін ұсынатын маңыздырақ қасиеттері мен мүмкіндіктерін оқып білу. Пәнді оқытудың міндеттері:

  • Берілген графикалық және баспалық пакеттерге тән функцияларды оқып білу.

  • Ғылыми салада қолданбалы программалық ұқсас пакеттерінің міндеті туралы түсінік қалыптастыру;

  • Web-беттерді біріктіретін құрауыштардың негізгі түсініктері мен анықтамалары туралы түсініктерді қалптастыру;

  • Кәсіпқойлық қызметте қолданбалы программалаудың дағдысын пайдалана білуді қалыптастыру.

Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер міндетті:

  • Қолданбалы программалаудың графикалық пакеттерінің қасиеттер мен мүмкіндіктері туралы түсінігі болу.

  • Математика және статистика пакеттердің негіздерін білуге: Maple, Mathematica, MathLab, MathCad.

  • Қолданбалы программалар пакеттерін жалпы концепция бойынша бойынша құру және жүзеге асыру сұрақтарын білуге.

  • Тексттерді тани білу, үш өлшемді графикалар және анимация пакеттерімен (Fine Reader, 3D Studio және т.б.) жұмыс істеу практикалық дағдылар алу.

жүктеу 9,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау