4.7.3 ЖЕРДІҢ МАГНИТ ӨРІСІНІҢ ГОРИЗОНТАЛЬ ҚҰРАУШЫСЫН ТАНГЕНС-ГАЛЬВАНОМЕТРДІҢ КӨМЕГІМЕН АНЫҚТАУ.
Тангенс-гальванометр деп орам саны вертикаль орналасқан катушканы айтады.
Катушканың центріне горизонталь жазықтықта компас орналастырылады. Компас катушкада ток жоқ кезде Жердің магниттік меридианы бойынша орналасады .
Катушканы вертикаль оспен қозғай отырып, катушка жазықтығын магниттік меридиан жазықтығына орналастыруға болады. Бұдан соң, катушкамен ток жіберсе, компас тілі бір бұрышқа бұрылады. Мұның себебі, магнит тіліне өзара перпендикуляр екі өріс әсер етеді. Біреуі Жердің магнит өрісінің кернеулігінің горизонталь құраушысы -, ал екіншісі дөңгелек токтың магнит өрісі - (4.7.4-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |