2.9 АУАНЫҢ МЕНШІКТІ ЖЫЛУ СИЫМДЫЛЫҚТАРЫ ҚАТЫНАСЫН АДИАБАТАЛЫҚ ҰЛҒАЮ ӘДІСІМЕН
АНЫҚТАУ
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ -ЖАБДЫҚТАР: манометр, насос, қабырғасы қалың шыны ыдыс.
2.9.1 ҚЫСҚАША ТЕОРИЯЛЫҚ КІРІСПЕ
Термодинамиканың бірінші бастамасы бойынша, жүйеге берілген жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясының өзгерісіне және жүйенің сыртқы денелерге қарсы істейтін жұмысына жұмсалады.
Қандай да болса бір заттың меншікті жылу сиымдылығы деп сол заттың масса бірлігінің температурасын сан жағынан бір градусқа арттыруға кететін жылу мөлшеріне тең физикалық шаманы айтады
Заттың бір молінің жылусиымдылығы молярлық жылу сиымдылық деп аталады.
Газдар үшін жылу сиымдылық жүйеге жылу қандай жағдайларда берілгендігіне байланысты. Газды тұрақты көлемде қыздырған жағдайда оған берілген жылу газдың толығымен ішкі энергиясын арттыруға кетеді, өйткені тұрақты көлемде сыртқы күштерге қарсы жұмыс істелмейді. Бұл процестегі жылу сиымдылық тұрақты көлемдегі жылу сиымдылық деп аталады және мына қатынаспен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |