мұндағы
Ал барлық саңылаулардан бағыты бойынша таралған параллель сәулелердің жолдарының айырмасы бүтін толқындар ұзындықтарына тең болса, онда бұл бағытта таралған жарық толқындары бірін-бірі күшейтеді.
5.1.2 ҚОНДЫРҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ӨЛШЕУ ӘДІСТЕРІ
Дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау үшін пайдалануға болады. Ол үшін жарық көзі, дифракциялық тор, шкалалы экран және тар саңылау қажет.
5.1.3-суретте көрсетілгендей жарық сәулесі жарық көзінен тар саңылауға бағытталады. Ал тар саңылаудан соң дифракциялық тор орналасқан. Жарық сәулесі дифракциялық тордан өтіп экранда орталық максимум және симметриялы орналасқан спектрлерден тұратын бейне береді. -ші спектрлердің арасын және тордан экранға дейінгі аралықты өлшеу арқылы светофильтрдің көмегімен қызыл, сары, жасыл, көк, күлгін жарықтардың толқын ұзындығын анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |