Физика және математика кафедрасы



жүктеу 1,66 Mb.
Pdf просмотр
бет20/25
Дата14.11.2018
өлшемі1,66 Mb.
#19914
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. 

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек 

қателеспейміз. 

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден 

тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін 

алуға үйретеді. 

 

1-кезең-Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді 



ұштастырудан тұрады. Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не 

біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына 

тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Жұпта 

талқылау»стратегиясын бүгінгі практикалық жұмыс барысында байқайсыздар, сондай-ақ келесі 

сабақтарда үйренуге болады. «Топтау», Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау»т. б. әдістер 

жинақталған. 

Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін , ынта-жігерін 

арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды. 

 

Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Және де жаңа білім жайлы ақпарат жинап, 



оны байырғы біліммен ұштастырады. Мысал үшін 3-сыныпта Ана тілі пәні бойынша қазақтың 

ұлы ақыны А. Құнанбаевтың Крыловтан аударған аудармасы «Шегіртке мен құмырсқа»мысалын 

өткелі отырғанымды хабарлаймын. 

 

Қызығушылықты ояту сатысы бойынша:- шегіртке мен құмырсқа туралы не білетіндерін 



сұрадым. Мұнда оқушылар екеуінің де жәндік екенін, далалық жерде тіршілік ететінін айтып, 

ойларын дәптерге жазып алды, жұпта талқылады, осылайша ойлары ашылып, жаңа білім жайлы 

ақпарат жинайды. Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның 2-кезеңі «Мағынаны 

тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, 

тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай 

жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары 

бар. Соның бірі ІNSERT. Ол бойынша оқу тақырыбымен яғни «Шегіртке мен құмырсқа» 

мысалымен танысу барысында, 

Y- білемін; 

- - білмеймін; 

+ - мен үшін жаңалық; 

? –мені таң қалдырды; 

белгілерін қоя отырып, мысал өлеңді оқу тапсырылады. ІNSERT- оқығанын түсінуге, өз ойына 

басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, 

оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында 

оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. 

Мағынаны тануды жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-

бір кепілі. 

Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет 

арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға , яғни байланыс 

құруға дағдыландырады. 

 

Тақырып бойынша «Ой толғаныс»бағдарламаның 3-кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде 



оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс 

қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт 

жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті 

мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, 

салмақтап , оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде 

өз білімін үйрен жолына қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен 

әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, 

даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн 

көрсетілімі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы»т. б осы 

сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың 

бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын 



көрсете алады. 

 

Мен өз сабағымда «Ой толғаныс» сатысында «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»стратегиясын 



пайдаландым. Яғни, шегіртке мен құмырсқа істеріне байланысты. 

Оқушылардан дәптердің бетіне не ортасына вертикаль сызықпен бөлуді сұрадым. Мәтінді оқу 

барысында олар: 

Бөліктің оң жағына:  

Мәтінде қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазды. 

Бұл тақырып бойынша әлбетте оқушылар шегірткенің пайдасыз іспен айналысып, ала жаздай ән 

айтып, би билеумен жүріп, жаз артынан қыс келетінін ойламағандығы туралы жазды. 

Бөліктің сол жағына: 

Сол мәтінде өздеріне әсер еткен үзінділер туралы жазады. 

Олар бұл тапсырмалар бойынша «шегіртке уақытын босқа өткізбей, ол да құмырсқа сияқты 

қысқа дайындалу керек еді»дейді. «Қыстың қамын жаз ойла»деген мақалды еске түсіреді. 

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау 

ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған соң , қорытуға арнап әкелген сұрақтарды оқушыларға 

қойып, жауаптарын алдым. 

Мысалы: 

1. Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? 

2. Автор оқырманды қалай қызықтырды? 

3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? 

Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпараттарды өз бетінше 

меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтанады. Сондай-ақ, әдістің 

тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп 

айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру 

мүмкіндігі туады. 

 

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт: 



1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек. 

2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру. 

3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау. 

4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау. 

5. Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының 

дәлелді, дәйекті болуын талап ету. 

6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. 

 

Ал, оқушыларға байланысты: 



- сенімділікпен жұмыс жасау; 

- бар ынтасымен оқуға берілу; 

- пікірлерді таңдау, құрметтеу; 

- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. 

 

Тек сонда ғана олар: 



- мен осы мәселе туралы не ойлаймын? 

- осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе? 

- маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Сын 

тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты –оқытуды оқушыға бағыттау. 

Осы орайда ең бастысы оқыту философиясы түбегейлі өзгереді. Оқыту үрдісінде алдымен оқыту 

мақсаты, оқыту мазмұны және сабақ құрылымы мен формалары өзгереді. 

Және де Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде оқушыны-

басты тұлға деп алып: 

 

- оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастырамын; 



- Оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қоямын, нәтижеге жетемін, 

- жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуы; 

- мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты қолдаймын; 

- кәсіби деңгейім дамып, жаңашыл мұғалімнен зерттеуші ұстазға айналдым; 




жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау