Ауызша жауап бергенде оқушылар тірек сигналдары бар, беттерді (магнитофон
арқылы акырын сұрауда) немесе тірек плакаттарды (тақтада жауап берсе) пайдаланады.
Мұнда бірнеше ойлау операцияларын орындайды: баяндау жоспарын есте сақтау,
өзінің баяндауы тірек сигналдар арасындағы байланысын орнататын материалдарды
өндеу. Бұл жаңа терминдермен жұмысты жеңілдетеді, өз қабілетіне сенімділігін
арттырады. Жазылғандарды оқушылардың өзара тыңдауы және бағалауы – бұның бәрі
белеенді жауап беруге күнделікті дайындық қажеттігін туғызады, ал тірек сигналдарды
қолдану дайындық уақытын қысқартады (сабақта 2С минутқа дейін).
Оқулық материалындағы білімнің іріленген бөлшектерін игеру, өзара байланысын
және жүйесін анықтап бөлу, жазбаша және ауызша еске түсіру оқушылардың оқулықпен
жұмыс істеу белеенділігін арттырады.
Шаталоевтың методикасы жаңа материал мазмұның түрлендіре, қайталау
жолымен әсте сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл: үйде тірек сигналды оқулықтың сәйкес
бөліміне байланыстырып оқу, келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша қайталап еске
түсіру, оқулық материалын және басқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға жан
беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау, мұғалімге жауап беру, өзара тексеру беттері
бойынша жауап және т. б. қайталау түрлері және көптеген есеп шығару.
Осы әдістеме бойынша оқылған материалды қайталаудың ерекше манызды
формасы - өзара тексеру беттерімен жүргізілетін сабақтар. Шаталов мұндай сабақтарды
4-сыныпта 3 бетпен, 5- сыныпта 2 бет, 6- сыныпта 3 беттен белгілі бір оқулық тараулары
бойынша жүргізеді. Ол беттер бойынша білім тексеруді оқушылар өзара немесе
консультанттар (жоғары сынып оқушылары) жүргізеді.
Сұрау ойын түрінде жүргізіледі: егер оқушы сұрақтардың (30 – 40 сұрақ) біреуіне
жауап бермесе, басқа сұрақтарға жақсы жауап бергенімен, «3»-тен артық баға
қойылмайды.
Ал мұндай жағдай егер екі рет кездессе, онда ол оқушының партасынан
жалаушасы алынып, әрі қарай сұрау тоқталады. Мұның бәрі терең, тиянақты білгім
қалыптастырудың негізін қалайды. Мұнсыз оқушылардың ойлауын дамыту мүмкін емес.
III. Жоғары қиындық деңгейінде оқыту принципі. Бұл принцип жаттығулар
типтерінде де, олардың қиындық дәрежесінде де бірсарындылықты жоюды талап етеді.
Мұнда есеп күрделілігінің артуы тапсырманы жүйелі жеңілдету тәсілімен қатар
жүргізілуі қажет, яғни мұның мәні мынада: күнделікті қиын есептерден соң жеңілдеу
есептер (бастапқыларына қарағанда күрделірек болса да) шығару.
Осыған қосымша белгілі бір жаттанды жолмен шешуді қажет етпейтін
(стандартты емес) есептерді (көп енбектенуді де қажет етпейтін) сабақта да, үйде де
шығару. Ал осы есептерді оқушылардың шығара алмайтыны алдың ала белгілі болса да,
беруге болады (барлығын шығару қажет). Қиындықты жеңуге тырысу белеенді іс-
әрекетті туғызады.
Оқушыларға күніне қанша есеп шығарам десе де, ерік беріледі. «Үйге тапсырма»
сөзі «мынадай есептер шығаруды ұсынамыз» сөзімен алмастырылады. Бақылау жұмысы
тақырып бойынша емес, оқылған тұтас курс бойынша жүргізіледі.
Апта 7
Тақырыбы: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту»
технологиясының философиясы және әдіс- тәсілдерінің ерекшеліктері.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін
технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім
беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің
интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім
алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына,
мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық
көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы
білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы
деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа
технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын
білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған
орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.
Мысалы, атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің «Білім
беруді ізгілендіру технологиясы», П.М.Эрдниевтің»Дидактикалық бірліктерді ірілендіру
технологиясы», Л. С. Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы»,
В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы»,
В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С.Н.Лысенконың «Түсіндіре
басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың
компьютерлік технологиясы», Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы»т. б.
көптеген технологиялар енгізілді.
Бұл педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай қағидаларды
ұстанады:оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, өзара
әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына
жағдайдың туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу, тұлға дамуының сыртқы әсермен
бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен, педагогикалық технология
дегеніміз-тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы. Жаңа
технологиялардың негізгі қағидалары:
- балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
- оқу мен тәрбиенің бірлігі;
- баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
- әр оқушының , оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
- барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру
мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі.
Сондай педагогикалық технологиялардың бірі « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту» .
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім
берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек.
Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез
келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы
шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. «Сорос-Қазақстан қоры» арқылы келген бұл
технология қазақ тілдерінде мектепке ене бастады.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім
деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс