4. Күш түсірмей оқыту.
5.Жетістіктің жариялылығы, түзету, өсу жетістікке жетуге жетелеу, болашаққа жол
ашу.
6. Тәрбие мен оқытуды байланыстыру,
Мақсаты:
1. Білм, білік дағдыңы қалыптастыру.
2. Жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту.
3. Жеделдете оқыту.
Ерекшелігі:
1. Материалдар ірілендіріп беріледі.
2. Блок түрде беріледі.
3. Оқу материалын тірек сызба, конспект арқылы беру.
Жаңашыл ұстаз әдістемесінің негізгі элементтерінің бірі-тірек сигналдары. Бұл –
игерілуге тиіс білімнің мазмұны кодталған көрнекі схема. Көрнекілікке негізделген тірек
сигналының жаңа сабақты тусінуді және оны есте сақтауды женілдететіні белгілі болды.
Әдетте сурет, сызба, схемалар мектепте игерілетін білім сипатына сәйкес
эпизодты қолданылады.
Шаталоетық көрнекі схемаларды қолданудағы жаңалығы – оларға оқу процесінде
берілетін ерекше ролінде.
Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игеруді, жаңа
тақырыптың жекелеген бөлшектері жиыньығын бірдей қамтуды жеңілдетеді, олардың
арасында байланыс орнатуға, салыстыруға, материалды логикалық өңдеуге және оның
ұзақ есте сақталуына көмектеседі, білім игеру сапасын құнде тексеруді, бағалау мен өзін-
өзі бағалауды қамтамасыз етеді. Тірек сигналдары – оқыту процесінің тұрақты және
қажетті компоненті.
Тірек сигналдарындағы таңбалар саны, оларды безендіру ерекшелігі (түсті бояуды
қолдану, фармалары, сөздік материалдары) белгілі бір талаптарды қанағаттандыратандай
болуы қажет: игеру мүімкіншілігі, безендіру мәдениеті, формалардың әртүрлілігі,
сезмдік кұндылығы және т.б. Бұл шарттар көрнекі материалды қабылдау талаптарынан
туындайды.
Тірек сигналдары оқытуда теориялық білімді іріленген блоктар түрінде беру
принципін іске асыруды қамтамасыз етеді.
В.Ф.Шаталов теориялық түсінікті іріленген блоктар түрінде береді, бұған
программаның үлкен тараулары енуі мүмкін. Бұл жүйемен білім тек терек түсіну
негізінде ғана жемісті болады.
Сонымен
қатар
тірек
сигналдарында
түсініктер
маңызына
қарай
сыныпификацияланады (қызыл түспен–ең маңыздысы, жасылмен – одан төменірегі және
сол сияқты).
Кернекілік құралдарды қолданудың әр түрлілігі, тірек сигналдары мазмұныңың
абетрактылы және нақтылы компоненттерінің ұштасуы, оның маңыздылығы бойынша
сыныпификациялануы – Шаталов ұсынған көрнекі схемаларының ең маңызды
ерекшелігі.
Материалды көрнекі беру негізгі ұғымдарды диференциялап топтауды, оларды
талдаудың жалпы тәсілін бөлуді, олармен жұмыс жасауды жеңілдетеді.
В.Ф.Шаталовтың
оқыту
методикасы,
негізінен,
жеті
психологиялық-
педагогикалык принциптерден түрады. Олардың әрқайсысының мазмұның ашайық.
I. Теориялық білімді алдың-ала ірілендірілген мөлшерде беру, алға жылдам жылжу
принципі.
Оқытудың
дәстүрлі
жүйесінде
сабақта
оқушылар
жаңа
материалдың
микромөлшерін ғана оқып, одан соң оны пысықтау және есеп шығару жүргізіледі.
Шаталов жүйесі бойынша курстың басында блоктарға топталған теориялық
материал өтіледі. Блоктар дегеніміз – құбылыстар, процестер және заңдылықтар бір-
бірімен логикалық біте қайнасқан жаңа білімнің үлкен көлемді бөлшектері.
Мұндай байланыстыру – мұғалімге программалық материалды блок құру үшін
қайтадан құрастыруға және тірек сигналдары жүйесін кодтауға мүмкіндік туғызады.
Теорияның өзекті мәселелерінен басқа ұсақ сұрақтар қарастырылмайды, олар
кейінірек не жеке қарастыралады, не кейінгі сабақтарда материалды «жетілдіру»
кезеңінде өтіледі.
Бұл жаңа материалды жылдам өтуді, басты мәселеге көңілді көбірек аударуды,
себеп-салдар байланысын түсінуді, яғни жаңа материалдың құрылымын тұтастай
қабылдауды қамтамасыз етеді.
Блокты немесе бірнеше блоктарды оқытудан соң өзара тексеру сабағы
жүргізіледі, мұнда жұмыс қорытындыланады, оқушылар сұрақтарға жауап береді және
олардың әрқайсысына үлгірім экраныңда қорытынды баға қойылады. «2» қойылмайды.
Бос клетка қалдырылады және оқушыға өтілген теориялық материалды қайта
тапсыруға мүмкіндік беріледі. Одан әрі оқушылар жалпылай есеп шығаруға кіріседі.
Жол жөнекей анықталмаған кейібір ұсақ сұрақтар талқыланады.
Тақырып бойынша «түзету-жөндеу жұмыстары» жүргізіледі. Теорияны оқытудан
үнемделген уақыт оқулықтағы есептермен қатар конкурстық есептер шығаруға
арналады.
II. Жаңа сабақты түсіндіруде екі рет қайталау және бірнеше рет түрлендіре
қайталау негізінде білімді меңгерту принципі.
В. Ф. Шаталов тұжырымы: «Оқыту үдерісінде оқушылардың творчествосы тек
терең және тиянақты білім негізінде ғана ашылады. Білім, тек білім ғана бірінші орында,
ал творчество екінші».
Жаңа сабақты түсіндіру ең кені екі рет жүргізіледі. Біріншісі дәстүрлі әңгіме,
лекция, көрнекі кұралдар пайдаланылған эвриетикалық әңгімелесу түрінде өтеді.
Оның мақсаты – барлығын талдау – түсіну (ұғымдарды, кұру логикасын жане т.
б.), яғни қабылдауды және ойлауды қамттамасыз ету. Екінші түсіндіру қысқалау және
жылдамырақ тірек плакат (сигнал) бойынша жүргізледі. Плакатеыз да кодоскоп немесе
диапроектор арқылы проекциялап жүргізуге болады.
Сабаққа дейін тақтаның артқы бетінде әр туспен кескінделген тірек сигналдары
жазылып, қайталап түсіндіру кезеңінде ғана ашып көрсетіледі.
Екінші рет қайталап түсіндіруде шектен тыс ұсақталу, ауытқу болмайды.
Қайталау мұғалімнің айқын мазмұндауы бұл жүйеде пысықтау кезеңінің орныңа жүреді
және дәстүрлі оқытудағы жаңа сабақты меңгеріп үлгірнеген оқушының шала
түсіндіруінен гөрі әлдеқайда пайдалы болады.
Жаңа теориялық білім бірінші және екінші қайталауда қаншама ұғымды
түсіндірілгенмен, барлық оқушылар оны толық игерді және мазмұндаудың негізгі
тұстарын есте қалдыру мүмкіндігі толық іске асырылды деуге болмайды. Онсыз бұл
білімді еркін пайдалану, практикада кең қолдану мүмкін емес.
Жалпы Шаталов әдісі бойынша теориялық жаңа материалды игеру негізгі алты
кезеңнен тұрады:
1-ші кезең – мұғалімнің оқу материалын толық түсіндіруі;
2-ші кезең – оны тірек плакаттар бойынша қысқаша мазмұндау, мұнда
материалды «блоктық қабылдау» жүреді;
3-ші кезең - оқушылар тірек сигналдары бар беттерді (тірек плакаттардың
кішірейтілген көшірмелері) мұғалімнен алып танысады, өз альбомдарына желімдейді;
4-ші кезең – оқулықпен және үй жағдайында тірек сигналдары бар бетпен жұмыс;
5-ші кезең – келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша еске түсіру;
6-шы кезең - жолдастарының ауызша жауабын тыңдау (тақта алдыңда немесе
орныңан).
Шаталовтың әдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде оқушылар
ешнәрсе жазбайды, тек тыңдайды (психолоттердің зерттеу қорытындылары бойынша қос
кабаттасқан психологиялық іс-әрекет тиімсіз). Осы әдістемемемен орта және жоғары
кластарда жаңа тақырыпты мазмұндаудан соң бұл материал бойынша жаттығулар
шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша болса да рұхсат.
Өткен тараулар материалынан – қалағандарынша, ал жаңа тақырып бойынша
ешнәрсе, Жаңа сақбақты екі рет мазмұндау принципін енгізгеннің өзінде іс жүзінде әр
оқушының жаңа тақырып бойынша жаттығуларды толық қабылдауы мүмкін емес.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, оқулық тексін мұғалімнің мағыналық өңдеу
тәсілдерін қалыптастыруды, тірек сигналдарды оқушылардың өзіндік іс-әрекетін
ұйымдастыру кұралдары мен мнемотехника тәсілдері ретінде қолдануды оқушылардың
ой еңбегі мәдениетінің жалпы әдістерін дамыту деп қарастыруға болады.
Шаталоетың бақылауы бойынша, оқушылар бұл тәсілдерді жаңа текстермен
жұмыс жасағанда кең қолданатыны байқалады.
Шаталовтың оқушылардан сабақ сұрау әдісі де жаңа формалы белеенді іс-әрекетті
талап етеді. Игерілген материалды магнитофонға ауызша акырын баяндау және ақырын
жауап беру (бір сабақта 50 оқушыға дейін) сөйлеу мәдениетін және оның жүйелілігін
белеенді еске түсіру тәжірибесін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |