Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет261/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265

л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



631

1-сызба. Линзаның жалпы көрінісі

ЛИНЗА (латынша «ленз – жасымық») – өзінің немесе шағылысқан сәулемен 

жарықталатын заттардың оптикалық кескіндерін тудыру, жарық сәулені сын-

дыратын қасиеті болатын екі бетпен шектелген мөлдір дене. Ол – оптикалық 

жүйенің  негізгі  бөліктерінің  бірі.  Шектелетін  беттерінің  пішіндеріне  сәйкес 

линза 


сфералық, цилиндрлік не басқа пішінді болуы мүмкін. Екі бетінің ортақ 

симметрия осі болатын линза (әсіресе жасалуы оңай сфералық линза) көбірек 

қолданылады. Линза көбінесе оптикалық немесе органикалық әйнектен жаса-

лады. Спектрдің 



ультракүлгін аймағында жұмыс істеуге арналған линза кварц, 

флюорит, фторлы литий, т.б. заттардың кристалынан, ал инфрақызыл аймақтағы 

зерттеулерде қолданылатын линза әйнек, кремний, германий, флюорит, фторлы 

литий, иодты цезийдің ерекше cұрыптарынан (сорттарынан) дайындалады. 

Оське симметриялы линзаның оптикалық қасиетін сипаттағанда, негізінен оның 

осіне өте кіші бұрышпен түскен сәулелер (сәулелердің параксиалды (осьпен 

бағыттас)  шоқт ар) қарастырылады. Линзаның осы сәулелерге тигізетін әсері 

оның 


бас жазықтықтарының осьпен қиылысушы бас нүктелерінің (Н және Н'), 

сондай-ақ алдыңғы және артқы 



бас фокустары (тоғыстары) (F және F') бойынша 

анықталады (сызбаға қараңыз). НF=және Н'F'=f' кесінділері линзаның фокустар 

қашықтығы деп аталған (линзаның екі жағындағы ортаның сыну көрсеткіштері 

бірдей болса, онда әрқашан f=f'). Линза бетінің оның осімен қиылысатын нүктелері 

линзаның төбе сі деп аталған. Параллель сәулелерді бір нүктеге тоғыстыратын 

линза жинақт ауыш линза деп аталған. Жинақтауыш линзаның осіне параллель 

түскен сәулелер, линзаның бас фокусында қиылысады. Мұндай линза үшін f' 

әрқашан оң болады. Шашыратқыш линзаның осіне түскен сәулелер сынып өткен 

соң бір-бірімен қиылыспайды. Ал сынған сәулелердің созындысы қиылысатын 

нүкте линзаның жалған фокусы деп аталған. Мұндай линза үшін f'<0. Линзаның 

осіне түскен сәулелерді сындыру әсерінің өлшеуіші оның оптика лық  күші 

(Ф) болады. Ол фокус аралығына кері шама – Ф=1/

'. Линзаның оптикалық күші  диоптриямен (м

-1



өлшенеді. Жинақтауыш линзаның оптикалық 

күші оң (Ф>0), ал шашыратқыш линзаның 

оптикалық күші теріс (Ф<0) болады. 

Сондықтан



 жинақтауыш линза оң, 

ал шашыратқыш линза теріс линза 

деп  аталған.  Ф=0  болатын  линза  да 

қолданылады. Ол афокальді  линза 

делінген (оның фокустық қашықтығы 




л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



632

2-сызба. Линзадағы сәуле жолдары: а –

жинақтағыш; б – шашыратқыш линза

шексіздікке тең). Бұл линзалар сәулелерді жинақтамайды және шашыратпайды, 

бірақ та аберрация тудырады және айналы-линзалы объективтерде аберрацияның 

есесін қайтару (компенсациялау) үшін пайдаланылады. Сфералық беттермен шек-

телген линзаның оптикалық қасиетін анықтайтын параметрлер линза беттерінің 

қисықтық радиусы (r

1

 және r



2

), линзаның осі бойынша алынған қалыңдығы (d) және 

линза жасалған материалдың сыну көрсеткіші (п) арқылы өрнектеледі. Мысалы, 

линзаның фокус аралығы мен оптикалық өсі арасындағы байланыс:

 (1)

Егер  линзаның  қалыңдығы  оны 



шектеуші  беттердің  қисықтық  радиуста-

рынан әлдеқайда кіші (< < r

1

< < r



2

болса,  ондай  линза  ж ұ қ а   л и н з а   деп 



аталады. Егер (1) қатынастың 2-жартысы 

ескерілмейтін болса, онда жұқа линзаның 

оптикалық күшінің өрнегі шығады.

Негізгі (кардиналды) нүктелердің қалпы 

белгілі болғанда линза шығаратын нүктенің 

оптикалық кескінінің (1-сызба) қалпы мына 

формула бойынша анықталады: 

  ( 2 )  

мұндағы V – линзаның сызықтық ұлғаюы, 

және l' – нүкте мен оның кескінінің оське 

дейінгі қашықтығы (егер ол осьтен жоғары 

орналасса оң болады), х – алдыңғы фоку-

стан нүктеге дейінгі қашықтық, х' – артқы фокустан кескінге дейінгі қашықтық. 

Егер t және t' – бас нүктеден зат пен кескіннің жазықтығына дейінгі қашықтық 

болса, онда 

(х = t – f, х' = t' – f ');  f '/t'+f /= 1 немесе 

1

/t' – 1 / = 1 / f '. (3).



Жұқа линзада t және t'-ты линзаның сәйкес беттерінен бастап есептеуге болады. 

(2) және (3) теңдіктерден нүкте (нақты көзден) линзаның фокусіне жақындаған 

сайын кескіннен линзаға дейінгі қашықтық ұзара түседі; егер нүкте фокустың 

алдыңғы жағында орналасқан болса жинақтауыш линза нүктенің нақты ке скінін 

береді; егер нүкте фокустар аралығында орналасса, оның кескіні – жорымал 

ке скін болады; 



шашыратқыш линза әрқашан жорымал кескін шығарады.

Акустикалық линза – дыбыстық толқындарды фокустауға арналған құрылғы.

Жинақтағыш линза – параллель жарық шоғын фокусталатын (тоғысталатын) 

шоққа түрлендіретін оптикалық линза.




л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



633

3-сызба.  Шашыратқыш  линзадағы  кескін- 

дерді салу

4-сызба.  Жинақтағыш  линза  шығаратын 

кескіндерді салу: а – шын кескін; б – жорымал 

кескін

Айналық (тегіс) беттен және кедір-бұдыр беттен 

шағылу

Жіңішке  линза  –  қалыңдығы 

сфералық беттерді шектейтін қисықтық 

радиустармен салыстырғанда кіші бо-

латын сфералық линза.



Қалың  линза  –  қалыңдығы 

сфералық беттерді шектейтін қисықтық 

радиуст армен  с алыстырғанда 

өлшемдес болатын сфералық линза.



Магниттік  линза  –  зарядталған  бөлшектерді  магниттік  өрістер  арқылы 

фокустауға арналған құрылғы.



Оптикалық  линза  –  заттардың 

оптикалық кескіндерін түзе алатын, 

жарық сәулелерін сындыра алатын екі 

бетпен шектелген мөлдір дене.



Шашыратқыш линза – жарықтың 

параллель  шоқтарын  шашыраған 

шоқтарға  түрлендіретін  оптикалық 

линза.


Сфералық линза – сфералық бет-

термен шектелген оптикалық линза. 



Ұжымдық линза – көлбеу жарық 

шоқтарының  таралуын  азайтуға 

арналған  жазық-дөңес  жинақтағыш 

оптикалық линза.



Электрстатикалық линза – 

зарядталған  бөлшектер  шоғын 

электрстатикалық  өріс  арқылы 

фокустауға арналған құрылғы.



ЛИССАЖУ  ПІШІНДЕРІ – 

нүктенің бір мезгілде өзара пер-

пендикуляр бағыттарда екі гармониялық тербеліс жасауы кезінде сызылатын тұйық 

траектория. Бұл сызықты 1855 жылы алғаш рет француз физигі Жюль 



Лиссажу 

(1822–1880) зерттеген. Бұл пішіндердің түрлері екі тербелістің периодтарының 

(жиіліктерінің), фазаларының және амплитудаларының арасындағы қатынастарға 

тәуелді. Қарапайым жағдайда екі период тең болса, Лиссажу пішіні фазасы φ=0 

тең немесе φ =π болған кезде түзу сызық кесіндісі, ал φ=π/2 болған кезде және 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау