Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет264/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265

л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



639

қозғалған дене үшін, Лоренц түрлендірулері Ньютонның классикалық механи- 

касында тура болатын Галилей түрлендірулеріне ауысады.

ЛОШМИДТ  ТҰРАҚТЫСЫ,  Ло ш м и д т   с а н ы   –  қалыпты  жағдайлар 

кезіндегі идеал газ күйіндегі заттың 1 см

3

 (1 текше см) көлемдегі молекулалар 



саны.  Лошмидт  тұрақтысы  N

Λ 

=  N



А

/V

m



,  мұндағы  N

А

 – Авогадро  тұрақтысы,  



V

m

 – қалыпты жағдайлардағы 1 моль идеал газдың көлемі, ол (22413,83 ± 0,70) 



см

3

-ге тең. Австриялық физик Иоганн 



Лошмидттің (1821 – 1895) құрметіне атал- 

ған. Іс жүзінде қолданбалық есептеулерде N

Λ

 = 2,68·10



19

 см


-3

. Шетел әдебиетте- 

рінде 

Лошмидт тұрақтысы деп кейде 1 моль заттағы молекула саны айтыла- 

ды, яғни 



Авогадро тұрақтысы Лошмидт саны деп аталған.

ЛУПА  (француз  сөзі)  –  көзбен  айқын  көрінбейтін  ұсақ  нысандарды 

(объектілерді)  бақылауға  арналған  оптикалық  линза  (құрылғы).  Бақыланатын 

нәрсе  (ОО

1

)  (сызба)  лупаның  фокус  аралығынан  сәл  ғана  кем  қашықтыққа  



(FF' – фокустық жазықтыққа) орналасты-

рылады.  Бұл  жағдайда  линза  нәрсенің 

тура ұлғайтылған және жорымал кескінін 

көрсетеді.  Нәрседен  шыққан  сәулелер 

линзадан өткен соң, көздің қарашығынан 

сынып өтіп көздің жарық сезгіш қабатына 

түседі. Сәулелер көзге лупа жоқ кездегіге 

(φ бұрышқа) қарағанда үлкен бұрышпен 

(a) түседі.  Лупа осылайша кіші нәрселерді 

ұлғайтып көрсетеді. 



ЛЮКС (латынша «лукс – жарық») (лкlk) – жарықталудың Халықаралық 

бірліктер жүйесіндегі бірлігі: 1лк – 1 м

2

 аудан бетіне 1 люменге тең жарық ағыны 



түсетін жарықталуға тең. 1 лк = 10

–4

 фот.



ЛЮКСМЕТР (латынша «лукс – жарық» + грекше «метрео – өлшеймін») – 

жарықталуды өлшеуге  арналған  аспап, фотометрлердің бір түрі.  Қарапайым 

люксметр фотоқабылдағыштан, фототок тіркеуіштен және қоректендіру көзінен 

құралған.



ЛЮМЕН (латынша «лумен – жарық») (лмlm) – жарық ағынының Халықара- 

лық бірліктер жүйесіндегі бірлігі. лм (орысша) не lm. 1 люмен – жарық күші 1 



канделаға тең нүктелік жарық көзінің 1 стерадиан денелік бұрыш ішінде тарата-

тын жарық ағыны.



ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК ТАЛДАУ (латынша «лумен (луминис) – жарық» + 

«ескент – әлсіз») – әртүрлі нысандарды (объектілерді) олардың люминесценция- 



Лупаның оптикалық жүйесінің сұлбасы


л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



640

сын бақылай отырып зерттеу әдісі. Люминесценттік талдау кезінде зерттелетін 

нысандардың меншікті жарқырауы (мысалы, зерттелетін газдың буы) не зертте- 

летін  нысанды  өңдейтін  арнайы  люминофорлардың  жарқырауы  бақыланады. 

Көбінесе нысанның фотолюминесценциясы қоздырылады, бірақ кейбір жағдай- 

ларда люминесценттік талдау үшін катодтық люминесценция

радиолюминес-

ценция және хемилюминесценция қолданылады. Фотоқоздыру әдетте кварц-

ты-сынапты, ксенонды шамдар, электрлік ұшқындар, лазерлік сәулелер арқылы 

жүзеге асырылады. Люминесценция әдетте визуальды түрде не фотоэлектрондық 

аспаптар арқылы тіркеледі. 

Сан  жүзіндегі  және  сапалық  х и м и я л ы қ   талдау  кезінде,  көбінесе  заттың  

дербес жарқырауы тіркеледі. Сан жүзіндегі талдаудың сезгіштігі өте жоғары бо-

лады, 10

–10


 г/см

3

-ге дейін жетеді. Осы жайт бұл талдауды заттардың тазалығын 



бақылауға мүмкіндік береді. Газды лазердің сәулесімен жекелеген изотоптардың 

люминесценциясын  қоздырып  изотоптық  люминесценциялық  талдау  жасауға 

болады.

Сорттылық (сұрыптылық) люминесценциялық талдау люминесценциялық си-



паты бойынша бірдей болып көрінетін заттарды ажырата алады. Бұл талдау ауру 

түрлеріне диагноз қоюға (айғақтауға) (мысалы, адам ағзасының ұлпасы бойынша, 

микроспоруммен зақымдалуды ультракүлгін сәуленің жарқырау әсері бойынша 

айғақтайды), т.б. мақсаттарға қолданылады. 

Люминесценциялық  талдау  криминалистикада 

(құжаттардың  түпнұсқалығын  анықтау,  улы  заттардың 

іздерін табуға, т.т.с.), қайта қалпына келтіру жұмыстарда, 

дефектоскопияда және гигиенада (азық-түліктердің, ауыз 

судың,  ауадағы  қауіпті  заттардың  қоспаларын,  сапасын 

анықтауда) қолдау тапқан. 



ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК  ШАМ  –  доғалық  разрядтың 

ультракүлгін  сәулесін  люминофорлар  арқылы  ұзын 

толқында  (көрінетін)  сәулеге  түрлендірілетін  төменгі 

қысымды газ-разрядтық жарық көзі. Разряд пайда болған 

кезде буланатын біраз мөлшерлі сынапты және оның атом-

дарын қоздыруды жақсартатын инертті газ (мысалы, аргон) 

қосылған люминесценттік шам көп таралған. Бұл шамдар 

көбінесе цилиндр пішінді әйнек қабатпен қоршалып жа-

салады.  Әйнек  қабаттың  ішкі  бетіне  люминофор  қабаты 

жалатылған. Ұзын әйнек қоршама қабаттың ішкі жағындағы 



Люминесценттік  шам- 

ның  сұлбалық  кескі- 

ні: 1 – люминофор қа- 

баты;  2  –  ультракүл- 

гін  сәуле;  3  –  сынап 

атомдары;  4  –  элек- 

трон; 5 – электрод


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау